Абайтану тарихының жүз жылдан астам даму жолына назар салсақ, әр кезеңнiң
тарих сахнасына келген жаңа ұрпақтары Абайды танып бiлуге, бағалауға өз үлесiн қосып
келе жатқан рухани көш тiзбегiн көремiз. Абайтанудың М.Әуезов дәуiрiнен кейiнгi ұрпақ
өкiлдерi де Абай мұрасын өзiнше танып бағалаған еңбектерi молынан жарияланыпты.
Ал, ендiгi кезек яғни Абайды тереңнен танып бағалау, өзiнше пiкiр толғау кезегi
Қазақстан Республикасы өз тәуелсiдiгiн жариялаған заманда дүниеге келген жаңа буын
жас толқын ұрпақтың иығына түсерi анық.
Әдебиеттер тізімі:
1. М.Әуезов. «Абай жолы». 12 томдық, 4-том. 1968, 137-бет
2. М.Әуезов «Абай жолы» 1-кітап, 1997. 286-бет
3. Әуезов М.О. Абай Құнанбаев. Алматы: Ғылым, 1967, 213-б.
4. Абай шығармаларының бір томдық толық жинағы. Алматы: Жазушы. 1961, 578-б.
5. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. Жауапты редактор Ә. Нысанбаев.
Алматы: Ғылым, 1995. 182 бет
40
Лекция № 5.
М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ.
АБАЙДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ
1. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының жазылуы, бұқара халық тынысы мен әлем
әдебиетіндегі орны.
«Абай жолы» ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі.
(Луи Арагон)
1. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының жазылуы, бұқара халық тынысы мен әлем
әдебиетіндегі орны.
«Эпопея» - грек тіліне аударғанда - жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |