Электромагниттік тербелістер кеңістікте толқын түрінде таралуы үшін
ашық тербелмелі контурлар пайдаланылады. Ол үшін жабық контурлардағы
конденсаторлардың астарларының ауданын азайтып, ал катушкалардың орам
санын кеміту керек. Шекті жағдайда катушкалар бірте-бірте түзу
өткізгіштерге айналып, ал олардың тақау
ұштары конденсаторлардың
қызметін атқаратын болады.
Мұндай құрылғы ашық тербелмелі контур деп аталады. Контурлардағы
тербелістер өшіп қалмау үшін конденсаторлардың астарларын үнемі зарядтап
отыру қажет. Ол үшін арнайы лампалы немесе транзисті генераторлар
қолданылады.
1894ж. Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын
қондырғыларға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың
жақсаратынын
байқады.
Осылай
радиотаратқыштар
мен
радиокабылдағыштардың маңызды бөлігі болып
табылатын антенна ойлап
шығарылды. Антенна ашық тербелмелі контур болып табылады.
Оның электромагниттік өрісі кеңістіктің үлкен бөлігін қамтиды.
Сондықтан антенна электромагниттік толқындарды жақсы шығара да,
қабылдай да алады. Тұрмыста және техникада, сондай-ақ ғылыми мақсаттар
үшін антенналардың көптеген түрі қолданылады. Олардың параболоидалық
табақ түрінде жасалған құрылғылары алыс ғаламдардан элек-тромагниттік
толқындарды қабылдай алатын радиотелескоптарда пайдаланылады.
1967 жылдың жаз айында радиотелескоптың жәрдемімен Кембридж
университетінің ғылыми кызметкерлері ғарыш кеңістігінен келіп жеткен
радиосигналдарды тіркеді. Бұл сигналдар периодты түрде әрбір 1,33730113 с
сайын қайталанды, ал импульстің ұзақтығы 10
—
20 мс уақытқа созылған.
Таң-тамаша болған зерттеушілер де, басқа ғалымдар да бұл сигналдарды
әуел баста алыс ғаламдағы саналы тіршілік иелерінің аспан кеңістігіне әдейі
жіберіп отырған хабары деп пайымдады.
Алайда кейінірек олардың сыры белгілі болды. Бұл радиосигналдардың
көзі
—
кейінірек пульсарлар мен квазарлар деп
аталған ерекше объектілер
болып шықты.
Қазіргі кезде пульсарларды аса ірі жұлдыздардың қартайған шағындағы
жарылыстан қалған сарқыншағы деп есептейді. Пульсардағы заттың
тығыздығы ғаламат шамаға (~1016 кг/м3) жетеді және оның диаметрі
баржоғы 10-100 км төңірегінде болады.
Диаметрі кішкентай болғандықтан, пульсарлар өз осінің төңірегінде 1-2
с ішінде толық бір айналып шыға алады. Бұндай пульсарлардың бетінде
радиотолқындарды өте жіңішке конус түрінде шығаратын ыстық дақтар
болуы мүмкін. Осындай ыстық дақтардан
таралатын радиотолқындар Жер
бетіне де келіп жетеді. Пульсармен қоса оның бетіндегі ыстық дақтар да
периодты айналысқа түседі. Сөйтіп, ыстық дақтардан шығатын
радиотолқындардың кеңістікке таралу бағыты пульсардың айналуына
байланысты өзгеріп отырады. Бір период уақыт өткеннен кейін
5