Оқулық Техникалық ғылымдар докторы, профессор А. Б. Николаев редакциясымен



Pdf көрінісі
бет41/218
Дата02.10.2024
өлшемі6.03 Mb.
#504239
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   218
Nikolaev-Avtomobil-k-ligindegi-avtomattandy-ry-l-an-bas-aru-zh-jeleri-A.B.Nikolae

6
4
Кейде ШҚЖҚ міндеттері тактикалық деңгейде, мысалы, 
жеткізушілерді таңдау және пайдаланушылармен келісімшарт 
жасасу кезінде шешіледі. Осындай мәселелерді шешуге ақпараттық 
жүйелер бағытталған (ААБЖ — MIS (Management Information 
Systems — ақпарттық басқару жүйелері), аталған жүйелерде 
тактикалық басқару деңгейі (орта мерзімді жоспарлау, талдау және 
жұмыстарды ұйымдастыру) қамтамассыз етіледі. Бұл топтағы 
міндеттерге регламенттілік (периодикалық тексерістер), нәтижелі 
құжаттар құру және де міндеттерді шешудің нақты белгіленгени 
алгоритмін құру тән. 
Ақпараттық – талдау жүйелерін деректерді талдау критериі 
бойынша екі категорияға бөледі: 

статикалық ШҚҚЖ, олар басшының ақпараттық
жүйелері ретінде (БАЖ) — Executive Information
Systems (EIS) белгілі және олардың ішінде алдын ала
анықталған көптеген сұраныстар болады, бірақ шешім
қабылдау барысында бұл сұрақтар күнделікті шолуға
жеткілікті болса да, бар деректер қорына қарамастан
сұрақтарға жауап бере алмайтын кез де болады;

динамикалық ШҚҚЖ, талдаушылардың деректерге
регламенттелмеген (ad hoc) сұраныстарды өңдеуге
бағытталған.
ШҚҚЖ жоғары деңгейдегі міндеттері тұрақсыз сипатқа ие, 
2.4-сурет. Ақпараттық-іздестіру жүйелерінің топтастырылуы 


6
5
оларға бар ақпараттың жетіспеушілігі, оның қайшылылығы, 
көмескілігі, сапалы бағалардың басымдылығы мен шектелгені
шешім қабылау алгоритмдерінің әлсіз құрылымы тән болады. 
Жалпылау жабдықтары ретінде әдетте аналитикалық есептерді 
жасаудың ерікті нысаны қолданылады, статикалық талдау әдіс-
тәсілдері, сараптамалық бағалау мен жүйелері, математикалық және 
еліктеушілік модельдеу қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге
ақпараттың жалпылама қоры, ақпараттық қоймалар, шешім 
қабылдау туралы ережелері мен моделдері ББ қолданылады. 
Шаруашылық операцияларды есепке алу және оперативті реттеу 
жүйесі құжаттарды өңдеу жүйесі ретінде (Electronic Data Processing 
— EDP) жайғасады.
Бұл бағдарламаларда стандартқа сәйкес құжаттарды дайындау 
жүзеге асырылады, сонымен қатар, сыртқы ортаға арналған құжаттар 
(есептер, жөнелтпе құжаттар, төлем тапсырмалары, жалақы есептеу, 
статистикалық есептеулер т.б.) да дайындалады. 
Бұл топтағы 
жүйелерде ақпаратты енгізу, сұрыптау, түзету функцияларымен 
қатар, оңтайландыру әдістерді қолданусыз математикалық есептерді 
орындайды, ал міндеттердің өзі итерактивтік, жүйелі сипатты 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   218




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет