Процестері мен аппараттары


 Сұйық жүйелерді араластыратын аппараттарды зерттеу



Pdf көрінісі
бет16/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
procester men apparattar

 
2.6 Сұйық жүйелерді араластыратын аппараттарды зерттеу 
Сұйық орталарды араластыру бірнеше тәсілдермен жүргізіледі: 
пневматикалық, циркуляционды, статикалық және механикалық. 
 невматикалық араластыру араластырылатын сұйық қабатынан 
өткізілетін қысылған газ (көбінесе жағдайларда ауа) көмегімен жүргізіледі. 
Сұйық қабатында бірқалыпты бөлінуі үшін газ араластырғышқа барботер 


32 
арқылы беріледі. Ол шеңбер немесе спираль бойы араластырғыш түбінде 
орналасқан саңылау қалдырылған құбырлар қатары болып табылады.
Араластыру 
қарқындылығы 
аралстырғыштағы 
сұйықтың 
бос 
жазықтығының бірлігі арқылы уақыт бірлігінде өткізілетін газ санымен 
анықталады.
Пневматикалық араластыруды сирек қолданады. Оны араластырылатын 
сұйықтың газбен өзара әрекеттесуі жіберілетін жағдайларда қолданады. 
Циркуляционды араластыру араластырғыш → насос → араластырғыш 
тұйық жүйе бойынша сұйықты айдайтын насос көмегімен жүзеге асрылады.
Циркуляционды 
араластырудың 
қарқындылығы 
циркуляция 
қысқалығына байланысты болады. 
Статикалық араластыру (тұтқырлығы жоғары емес сұйықты және 
сұйықты газбен араластыру) сұйық немесе газдың кинетикалық энергиясы 
есебінен статикалық араластырғыштарда жүргізілді.
Статикалық араластырғыштарды құбыр өткізгіштерде реактордың немесе 
басқа аппараттың алдында не тікелей реакционды аппаратта орнатады. 
Қарапайым статикалық араластырғыштар - әртүрлі құрылымды 
бұраңдалы қоспамен қоңдырғы. 
7-суретте (а) газ бен сұйықты араластыруға арналған цилиндрлі 
статикалық аралатырғыштың құрылымы көрсетілген. Онда қоспа элементтері 
ретінде тот баспайтын құрыштан жасалған әртүрлі бұралған пластиналар 
қызмет атқарады.
Статикалық араластырғыштарды эмульсия алу үшін де қолданады. 8 
суретте (б) майсызданған сүттен майлыфосфадты эмульсияны алуға арналған 
құйынды эмульсор көрсетілген. Құйынды эмульсор 0,3...0,36 М Па қысым 
кезінде эмульгирлеудің жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді және жасау мен 
пайдалануда қарапайым болып келеді.
 
Механикалық араластыруды әртүрлі араластыру қоңдырғыларының 
көмегімен сұйық – сұйық, газ – сұйық және газ – сұйық – қатты дене 
жүйелерінде гидромеханикалық, жылу мен массаламасу және биохимиялық 
процестерді үдету үшін қолданылады. 
7-сурет. Статикалық араластырғыштар: 
а – цилиндрлі қоспа элементімен (1-фланец; 2-корпус; 3-араласатын элементтер); б 
эмульсор 


33 
Тамақ 
өнеркәсібінде 
қолданылатын 
барлық 
араластырғыш 
қоңдырғыларды үш топқа бөлуге болады:
- қалақты; 
- пропеллерлі; 
- турбиналы. 
Араластырғыш қоңдырғылар жұмыс органының айналу жиілігі бойынша 
акырын және жылдам жүретін болып бөлінеді.
Қалақты араластырғыштар (8-сурет а, б) ақырын жүретінге жатады. 
Олардың айналу жиілігі минутына 30...90, ал тұтқырлы сұйықтар үшін қалақ 
шетіндегі шеңберлік жылдамдығы 2...3 м/с.
Қалақты 
араластырғыштардың 
артықшылықтары 
қоңдырғының 
қарапайымдылығы және құнының төмендігі болыа табылады. Кемшіліктеріне 
жасалатын сұйықтың әлсіз өстік ағыны жатады. Бұл араластырғыштың барлық 
көлемінде толық араласуды қамтамасыз етпейді. Өстік ағынды күшейтуге білік 
өсіне 30
0
қалақты қисайтқан кезде жетуге болады.
Жылдам жүретіндерге проперлерлі және турбиналы араластырғыштар 
жатады. Олардың айналу жиілігі минутына 100...3000, ал шеңберлік 
жылдамдығы 2...3 м/с құрайды. 
8-сурет. Араластырғыш типтері 
а – үшқалақты; б – екіқалақты; в – пропеллерлі; г – ашық турбиналы; д – қиғаш қалақты 
ашық турбиналы; е – жабық турбиналы. 


34 
Пропеллерлы араластырғыштарды (8-сурет в) екі немесе үш 
пропеллерлермен жасайды. Олар насостық эффектіге ие және сұйықтың 
қарқынды циркуляциясын жасайды. Оларды тұтқырлығы 2 Па∙с дейінгі 
сұйықтарды араластыру үшін қолданады.
Турбиналы араластырғыштарды (8-сурет г, д, е) турбина дөңделектерінің 
пішініндей жалпақ, қиғаш және қисық сызықты қалақтармен дайындайды. Олар 
ашық және жабық типті болады. Жабық араластырғыштар ортасында сұйықтың 
өтуі үшін арналған тесігі бар екі дисктен тұрады. Радиалды және өстік ағынды 
біруақытта жасау үшін қиғаш қалақты турбиналы араластырғыштарды 
қолданады. Олар араластырғыштың барлық жұмыс көлемінде қарқынды 
араластыруды қамтамасыз етеді. Сұйықтың айналмалы қоғалуын төмендету 
үшін араластырғышта шағылдыру қалқаларын орнатады.
Турбиналы араластырғыштарда тұтқырлығы 500 Па∙с дейінгі сұйықтарды 
және суспензияларды араластыру үшін қолданады.
Араластырғыш қоңдырғысы бар типтік араластырғыштың негізгі 
элементтері – қақпақты корпус, жетек және араластырғыш (9-сурет). 
9-сурет. Араластырғыш 
1 – жетек; 2 – жетек бағанасы; 3 – нығыздалу; 4 – білік; 5 – корпус; 6 – жейде; 7 – 
шағылдыру қалқасы; 8 – араластырғыш; 9 – құбыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет