Процестері мен аппараттары


Тақырып 4 Жылу процестері.................................................................... 47



Pdf көрінісі
бет3/48
Дата03.10.2024
өлшемі1.73 Mb.
#504290
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
procester men apparattar

Тақырып 4 Жылу процестері.................................................................... 47 
4.1 Жылу алмасу процестерінің жалпы сипаттамасы........................... 47 
4.2 Жылу алмасу және буландыру аппараттарының құрылымы.............. 48 
4.3 Жылуалмасу аппараттарын зерттеу......................................................... 49 
4.4 Конденсация және суыту процестерін зерттеу................................ 54 
4.5 Бушықтыру аппараттарын есептеу........................................................... 56 
Тақырып 5 Массаалмасу процестері....................................................... 60 
5.1 Масса алмасу процестерінің жалпы сипаттамасы 
60 
5.2 Массаалмасу аппаратын есептеу............................................................... 62 
5.3 Абсорбция процесін зерттеу.............................................................. 65 
5.4 Экстракция процесін зерттеу............................................................. 67 
5.5 Айыру және ректификация процесін зерттеу................................... 70 
5.6 Қатты заттардың еру процесін зерттеу............................................. 73 
5.7 Кептіру процесін және қондырғысын зерттеу................................. 75 
Глоссарий ..................................................................................................... 81 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............................................................ 85 
 
 
 
 
 



Кіріспе 
Тағам өндірістерінің процестері мен аппараттары – тамақтану өнімдерін 
өндірудің технологиялық процестерін есептеу және ұйымдастыру принциптері 
туралы ғылым. Тағамдық технологияның процестері өте күрделі және 
гидромеханикалық, жылу, масса алмасу, биохимиялық және механикалық 
процестердің үйлесімі.
Кез келген технологиялық процесс белгілілі бір аппаратта жүретін өзара 
байланысты технологиялық кезеңдерді сипаттайды. Бірақ өнімнің сапасына 
қойылатын жоғары талаптар, өндірістің тиімділігі, энергия мен материал 
сыйымдылығын төмендету және қоршаған ортаны қорғау талаптары басқа 
саладағы осындай процестерден ерекшелігін көрсетеді.
Бұл пән процесті талдау мен есептеуге, қолайлы параметрлерді 
анықтауға, оны жүргізуге арналған аппаратты жасау мен есептеуге мүмкіндік 
беретін тағам технологиясының теориялық негізі. Онда зертханалық процестер 
мен аппараттардан өнеркісіптік процестер мен аппараттарға ауқымды өтуінің 
заңдылықтары зерттеледі. Тағамдық технологияның заманауи өнеркәсіптік 
процестерін жобалау және жасау үшін бұл заңдылықтарды білу қажет. 
Тағам 
өнеркәсібінің 
технологтары 
процестерді 
аппараттық-
технологиялық рәсімдеудің ғылыми принциптерін түсінетін, жабдықтардың 
негізгі технико-экономикалық сипаттамаларын бағалайтын және қолайлысын 
таңдай алатын жан-жақты маман болуы қажет. Сонымен қатар олар өндірістің 
тиімділігін көтеру үшін ғылыми зерттеу әдістерін меңгеруі қажет.
Сондықтан тағам өндірісінің процестері мен аппараттары пәні білім 
беруді негізге ала отырып, студентке нақты технологиялық процестерді 
талдауда, математикалық сипаттауда, есептеуде және аппараттарды 
құрылымдауда әрі қарай өз бетінше бейімделуге мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет