98-НҰСҚА
Айнабұлақ! Мыңбұлақ!
Өміргетұңғышкелгенімдедүниедетеңдесіжоқнәрлісуыменменішомылдырған,
меніжуындырғанбұлақ. Мен алғашсуынішкен, меніәлдилепсүйген, мағансенген,
туғанжерімМыңбұлақ... Біз де сүйек, еттенжаралғанжанбыз.
Біздіңжанымыздытебірентесоққанжүрекболаттанқұралғанемес, бірақбіздіңжүрек –
оттыжүрек. Оныңотыболаттыерітіп, жаңқадайжандыратын от.
Біздіңжүрегіміздеқауіп-қатердікөтеріп, өлімдіжеңетінбіржарық – анасүтінақтап,
ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
612
туғанелді, Отанымыздысүюсезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өміртасы – халық, ел
намысы – ер қолында. Бізнамыстыелдіңұлымыз. Жеңілмескүшімізсонда.
1. Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?
A)Айнабұлақ
B)Мыңбұлақ
C)Махаббат
D)Намыс
E)Жүрек
2. Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?
A)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас
B)Ерлік пен еңбек – егіз
C)Ерлік тәрбиеден туады
D)Талапты ерге нұр жауар
E)Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі
Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі
125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі
қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз
болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте
қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.
Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның
оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім,
аязға өте төзімді жануар.
Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың
арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем
мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-
15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз
туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.
Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-
жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан
Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен
будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.
3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?
A)Мүйізі үлкен болғандықтан
B)Суыққа төзімді болғандықтан
C)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан
D)Меринос қойымен будандастыратындықтан
E)Егіз төл беретіндіктен
4. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?
A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады
ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
613
B)Арқардан төрт түлік түрін шығарды
C)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді
D)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті
E)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады
5. Арқар қандай жерлерді мекендейді?
A)Шөлейт жерлерді
B)Құмдауыт ойпаттарды
C)Жазық даланы
D)Егіс алқаптарын
E)Тау бөктерлерін
6. Арқардың негізгі жауы нелер?
A)Қос аяқтылар.
B)Үй жануарлары.
C)Шөп қоректілер.
D)Ет қоректілер.
E)Сүт қоректілер.
1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол
себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.
2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның
мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы,
талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің
қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған
балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ
болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен
ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді.
Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім
таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.
3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал,
әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы
жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі.
Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық
тән.
5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп
ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты
қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін
айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай,
мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық,
ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
614
ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз
оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып
өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы,
өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою
– өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты
болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады.
7. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
B)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
C)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
D)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
E)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
8. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A)Сөздердің тіркесуін
B)Есімнің әдемілігін
C)Әріптердің санын
D)Сөздің жаңалығын
E)Есімнің дыбысталуын
9. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A)Қыс-жаз
B)Қыс-көктем
C)Көктем-күз
D)Жаз-күз
E)Күз-қыс
10. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер
A)Есімі мағынасы мен дыбыс саны
B)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы
C)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы
D)Ауа райы мен жыл мезгілі
E)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы
11. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз
A)Жібек, Меруерт
B)Қайсар, Батырхан
C)Дана, Сабыржан
D)Қымбат, Әсем
E)Жамал, Ақылгүл
12. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?
A)барлық мезгілде
ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
615
B)көктемде
C)жазда
D)күзде
E)қыста
Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне
бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың
куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл
кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап
біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан
қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға
көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза
бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе
алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған
үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге
болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін
білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты.
Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта
отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің
үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы
сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына»
кірісті.
Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің.
Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға
мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл
жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын
жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.
Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді
өзінен көрсін деуші едік. Ал ендімынабалаларға не айтуғаболады?! Адам ата-
ананытаңдапалмайды.
Солбіржауапсызжандардыңкесіріненбақыттышақтарынкөшеденазықіздеуменалмас
тырыпжүргендеріөтеөкінішті-ақ...
Оқушыбіткенжазғыдемалыстыңаяқталмауынтілеуде. Ал,
мынабалалардыңекеуімектептерінаңсапжүр.
Арнаулымектепкебаратындардыңолжердекиеркиіміұқыпты, тамақтарытоқ,
жатарорны таза. Мектеп жасынатолмағанқалғанекеуіше? Олар не күнкөреді?
Жазда, жарайды, әрбірқарағашоларғасая, кез-келгеншүбереккиім. Қысташе?
Қақағанаяздаүсіпөлсе, бұлардыіздейтінжан бар ма? Жоқәлде, көмусізаң-
құстыңазығынаайналармаекен? Бұлтұстақылыштыкімгесілтерімді де
білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анағама, жоқәлде тек
ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
616
екеудіқамқорлығынаалғанүкіметкеме? Ата-анадан ендіқайыржоқ, олбелгіліжайт!
Үкіметендімынаекеуді де далағақаңғытпайқарамағынаалсаекен.
Мендегіжалызтілек осы!
13. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен.
Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?
A)Балалардың өміріне алаңдау
B)Балаларға жақсы тілек айту
C)Балалардың тағдырын шешу
D)Үкіметке үміт арту
E)Балаларға қол ұшын беру
14. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?
A)Саябақтағы оқиға
B)Мейірімсіз ана
C)Жас балалар
D)Қараусыз қалған балалар
E)Азық іздеген төртеу
15. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -
тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем
кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.
A)Жек көрушілігі
B)Өкініші
C)Сенімділігі
D)Жиіркеніші
E)Шарасыздығы
16. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас
кімнің атынан айтылады?
A)Демалушылардан естиді
B)Өздері қатарлас балалар айтады
C)Жергілікті тұрғындар айтады
D)Саябақтың күзетшісі айтады
E)Қаңғыбас адамдар айтады
17. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?
A)Әлеуметтік орталық өкілдеріне
B)Балалардың әке-шешелеріне
C)Мектеп мұғалімдеріне
D)Қоғамдық ұйым басшыларына
E)Үкімет басындағы азаматтарға
18. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?
A)Балаларға қол ұшын беру үшін
ПРОГРЕСС – ОНЛАЙН ДАЙЫНДЫҚ ПОРТАЛЫ ҰСЫНАДЫ!
https://vk.com/progress_ent
- басқада мәліметтер таба аласыз!
ҰБТ-ға дайындау бойынша – Үздік Топ!
87476969810 (Шпаргалка, Тест кітапша керек болса)
617
B)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен
C)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан
D)Балалардың кім екендігін анықтау үшін
E)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан
19. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз
A)Жолы болмаған балалар
B)Саябақ
C)Тұрақты мекен
D)Шынайы тілек
E)Күнкөріс
20. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.
A)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?
B)Кішкентайқызтоғынарықтағысуменбасты.
C)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.
D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.
E)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |