18
19
шектен шыға бастағанда-ақ сол шекпеніне қарап
бұрынғы халін есіне түсіріп: «Аяз би жолыңды біл,
құмырсқа әліңді біл», – деп өрекпіген көңілін сабасына
түсіріп, тәубесіне келіп отырады екен.
Үмбетіміздің
тарихында талай тақуалар,
ғұламалар, ұлы адамдар өз-өздеріне есеп беріп
отыруды ғұмырлық дағдыға айналдырған. Олай
болмағанның өзінде өзінің мінін бетіне басып айтатын
шыншыл адамдармен жолдас болған. Көптеген билікке
жеткен әділ әміршілер, байлыққа ие болған ақылды
бай-бағландар тақуадар ғалымдарға, би-шешендерге,
ақындарға өздерін бірде мақтатып,
бірде міндерін
айтқызып, даттатып отырған. Ондағы мақсаттары
нәпсілерінің жайына қанығу, имани-рухани ахуалын
сырт көз арқылы безбендеп, бағамдау. «Сырт көз
сыншыл»
дегендей, адамның өзі көре алмаған мінін
басқа біреу көреді. Сырт көзге сын айттыруы арқылы
ақылды адам өз мінін біліп, оны түзетуге тырысады.
Әділдігімен қара қылды қақ жарып Фаруқ
атанған Омар ибн Хаттаб (р.а.): «Бізге кемшілігімізді
көрсеткен адамға Алла рахым қылсын», – дейді екен.
Әбу Сүлеймен Дарани былай деген екен: «Дүние
мен ақыреттегі бүкіл ізгіліктің түп негізі – Алладан
қорқу. Дүниенің кілті – тою, ал ақыреттің кілті – аш
болу».
Алла
Тағала оразамызды қабыл алсын, Құран
мен сүннетке сай қайырлы іс қылуды нәсіп етсін.
Достарыңызбен бөлісу: