Парсыша сөздік кіріспе тіл — қоғамның ең қажетті қатынас құралы. Егер халқымыз «Өнер алды қызыл тіл»


д — араб алфавитінің сегізінші, парсы алфавитінің оныншы әрпі, сан мағынасында — 4. дад, дат



бет9/23
Дата15.06.2016
өлшемі2.35 Mb.
#136673
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23

дараб алфавитінің сегізінші, парсы алфавитінің оныншы әрпі, сан мағынасында 4.

дад, дат. Әділеттілік талап ету, мұң шағу, дауыстап жәрдемге шақыру мағынасында қолданылады. Ашуланба, ей патшам, айтайын дат: Алтын қақпа бермеді сізге рұқсат (Абай). Дат, — деді ханныц өжет Қараша-шы, Немере хан Кененің қарындасы. Ханыша, не датың бар?»—деді Кетте, Аңырып тұрып қалды айналасы (I. Жансүгіров).

дада*, дада*. 1. Әке 2. Аға. Ей, батыр, Арғын деген ағаң енді, Алдыңа жол салдырған дадаң енді, Ашулансам, желкецді жермен қиям. Шығарма дыбысыңды бәлем енді (Жамбыл). Ақша ап кеткеп Әзім дадаң, Мата ап кеткен Ғаппар молдаң... Ішт! Ішт! Ішт! Балақай! Қазақ малы талапай (І. Жансүгіров).

дадаш, дадаш. Ағайын, туған, туысқан, туғаным, бауырым.

дадхаһ, датқа (дад + хаһ, дат + қа). 1. Соттың әділдігін талап етуші, 2. Орта Азия халықтарында болған ең жоғары шенді қызметкерлердің атағы. Ханның бірі Абылай, Мақтаман оны асыра, өзім деген кісіні «Датқа» деп алған қасына (Жамбыл). Датқасы қапды балақ обыр-жебір. Құл-құлға, сорлы тұлға, сұр кедейге, Тұманды, тұңғиықты өткен өмір (Ж. Сыздықов).

І — дар, дар. Өлім жазасына бүйырылғандарды асып өлтіретін жіп байлаған ағаш. «Қайда менің тумаларым? Өзгерткен бе әлде мекеп! Жүрек, бұл пе тулағаның, Әлде дарға асты ма екен?» (Ә. Сәрсенбаев). Шәкірттер де, студепттер де, Дарға асылды тектен-текке. Бұларды біз ұмытпаймыз, Пок тәнге кір жуытпаймыз (Ғ. Тоқай).

ІІ — дар, дар. Адамның бір нәрседен дерегі (хабардар) барлығын, яки оны белгілі бір затқа ие екенін (мүлікдар) білдіретін жұрнақ.

Дарчин, даршын, талшын. Хош иісті дәмді қабық (ас демдеу үшін қолданылатын ыстық жақта өсетін кейбір өсімдіктердің кептірілген қабығы). Деген жастық мінеки, орыпдалды мұраты. Теңіздің маржан тасындай, Тіл үйірген талшындай (Н. Байғанин).

І — дару, дару. Ем, шипа, аурудан айықтыру, шарапатын тигізу. Бұл шал бөтен шал емес, Қыдыр еді, Ебін тауып даруға кезі келді. Сөзіне, ақылына, қылығына Разы болғаннан соң, бата берді (Абай). Бақытты өмір гүлдеді, береке, дарып елімде (Доскей). Зорлық пеи зұлымдықтың жоғалғанын, Жар күліп, дарығанын бақ пен ырыс (Жамбыл).

ІІ — дару, дәрі. Адамның ауруын емдейтін шипалық зат. Жаттың жері кімге дәрі, Қетсін сенің садағаңа (Д. Әбілсв). Бұл қылған зарым, Барса жардың маңына. Ол қылған дәрім Ғашығымның жанына (Абай)

III— Дару, дәрі. Мылтықтың оғын ату үшін пайдаланатын жарылғыш зат. Соры қалың, соққы жеген иышапамыз, Қайтып суып, жалғаннан күсе аламыз. Құр дәрімен атқанға өлмейді екен, Өмірі мақтаншаққа нысанамыз (Абай). Жарылғыш дәрі жотада Гүрс етті, шошып кеткендер, Тұрпайы теңеу болса да, Қаңқ етті дейін көк пен жер (X. Ерғалиев).



даруханә, дәріхана. Дәрі-дәрмек даярлап және оны сататын орын (аптека).

(п — қ) дару-дәрмек, дәрі-дәрмек. Ем-деуге керекті шипалы нәрсе. Дәрі-дәрмекті жұрт атам-заманнан бері қолданып келеді (Б. Сыздықов). Шымкенттегі химфарм заводы да дәрі-дәрмек жасайды (Ж. Еділбаев).



даругәр, дәрігер. 1. Дәріші, фармацевт. 2. емдеуші, дәрігер. Ауруды қарап жатқан дәрігерлер Шәрипаға басқадан гөрі жылы ұшырады (Б. Майлин). Көзінше күл боп шөгеді «Мейрімсіз ең неткен жасаған! Дәрігердің қайда көмегі? Уа, қайран босағам!» (Ә. Сәрсенбаев). Табиғаттың таңғы шапқұйын алған азасып, Жақсы дәрігер жанға ұсап, Тапқан жүрек дауасын (С. Мәуленов).

дастан, дастан. 1. Тарихи суреттеме, әңгіме, батырлар жыры, ертегі, поэма. 2. Күй, дн. 3. Кісі аттарында кездеседі: Дастан, Дастанбек, Дастанжаи. Қайта отырды жазуга, Ақын ұзақ дастаны. (А. Шамкенов) Ойландым мен мың қабат, Дастанда не айтарды (Т. Жароков).

дағ, дақ. 1. Таңба, белгі. 2. Ауыс. Азап, жан жарасы, қайғы, уайым, қасірет. 3. Дақ салу жүрекке ауыр жара салу. Шешегің болсып інжу, лағыл, ақық. Түспесін өңдеріңе дақ һеш уақыт (С. Мұқанов). «Өсіріңші сондай алма, Шипа болар ауру жанға, Беттеріне түспей бір дақ, Жасап ұзақ, өрбіп ұрпақ болсын, серік кең жалғанға» (Ә. Тджібасв).

дакд, дәке. 1. Жұқа кездеме, 2. Марлы, селдір мата. Ақ дәкемен бір шалған маңдайынан тер шып-шып шығып тұр (Ж. Арыстанов). Тұяқтың іші іріңдеген немесе қанаған болса, сол жерін таза дәкемен байлайды (М. Ермеков).

далан, далан. 1. Жабық өткел, дәліз, айуан. 2. Жабық пана (әскері). Далан-сенек, ауыз үй, кіре берістегі бөлме (Ә. Болғанбаев).

I — Дан, дан. «Ыдыс, сауыт» мағынасын білдіретін және «чемодан», «күлден», «шырақдан» тәрізді біріккен сөзберді жасауға қатысатын морфема. Чемодан парсы сөзі. Парсы тілінде джамә және дан... деген екі дербес сөздерден құралған (Н. Қарашева).



Дан, дан. Кісінің білімділігін, білгіштігін, адамгершілігін білдіретін қосымша (Қадыр-қадырдан).

дана, дана. Білгіш, ғалым, мағлұматты, ақылды адам. Ойлай берсең дана боласың, ойнай берсең бала боласың (Мақал). Абайдан басқаң сөзді не қыласың, Сол дана бұл заманда, биік заңғар! (Әріп). Қазақтың данасы, Жасы үлкен ағасы. Бар демес сендей бір Адамның баласы (Абай).

(п — қ) даналиқ, даналық (дана + лиқ, дана + лық). Кемеңгерлік, ақылгөйлік, данышпандық, білімділік. Жылылық күннің кезінде, даналық Ленин сөзінде (Мақал). Қарсы алып Москваның жаңа күнін, Еркіндеп, кең кешеде барады інім, Сен оның кеудесіне, зердесіне Мол күйдің Лениннің даналығын (С. Мәуленов.)



даниш, даныш. 1. Данышпан (данишмәнд) сияқты сөздерде келіп «білім, ғылым» деген мағынаны білдіреді. 2. Кісі аттарында кездеседі: Дәнеш, Дәнешгүл, Дәнешжан.

Данишмәнд, данышпан. Ақылды, дана, кемеңгер, ғалым (адам). Сардаланың сарнаған, Соқтырып қайта жүрегін. Өмірге сара жол салған, Данышпан ұлы Ленин (С. Мәуленов). һәмме ғалемге белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады (Абай).

(п — қ) дәнишмәнддиқ, данышпандық (дәнши + мәнддиқ, данышпан + дық). Данышпан адамда болатын ақыл-ой, парасаттылық, кемеңгерлік. Ленип өзімің кітабын болашақты болжаған осындай данышпандық сөздермен аяқтады («КПСС тарихы»). «Өнеге де, ұстаз да — өмір!», «Білім — өшпес жүректе жанған шырақ»—дегені неткен данышпандық, не деген ғұмыры ұзақ сез десеңізші! Міне, өлеңі сондай өміршең Рудаки қазір біздің де замандасымыз (Т. Нұртазин).

I — данә*, дән*. Өсімдіктің өнім беретін (аталық, аналық) ұрығы. Балбырап шыққан қызыл гүл, Көз тартқандай болады. Кім біледі дән сорып, Қандай мақлұқ қонады (С. Торайғыров). Түскі тамақтарын жаңа ішіп келген колхозшылар арбаға алтын дәнге толы қаптарды тией бастады (М. Иманжанов).

II — дәнә, дана. Бір келкі, бір түрлі заттардың дара саны. Абайдың өлеңдер жинағының бір данасы Галустденде бар екен (С. Мұқанов).



данеханә, дәнхана. Дән сақтайтын орын, қамба.

дәйд, дая. 1. Сүт ана, бала күтуші, 2. Даяшы.

(п — қ) дайдчи, даяшы (дайд + чи, дая + шы). Күтуші. Лосовский... даяшы боп түрған бурыл мұрт, имек бойлы стражникке: «Шәй әкелгіз. Ибраһим Қунанбаевич менің қонағым. Менімен бірге шәй ішсін»— деді (М. Әуезов). Көлді жағалай қонған ауылдарға қарай тарайтын жолдың торабында «қырғы сыйбаныың» бата оқырға келгендеріне жен сілтейтін даяшы тұр екен (С. Мұқанов).

(п — а) даимолла, дамолла, дамұлла (даи + молла, да + молла, да + мұлла). Аға молда, ұстаз молла (кейбір халықтар, мыс. өзбектер, молланы осылай деп атаған), қазір олар жалпы ұстаз адамды дамолла дейді.

Ол бұрын «дамұлла», қазір коммунист болса да, жасырын намаз оқитын (Ж. Арыстанов).



дохтәр, дуқтар. Қыз бала, бойжеткен, бикеш. Хат жаздым қолыма алып қалам, сия, Шири затдухтар шаһа гүл назия (Ақан сері). Ей, духтар (сұлу қыздардың еркелетіп айтқан сөзі), бұл жерге неге келдің? («Мың бір түн»),

доқтәрчә, дуқтарша. Жас қыз бала («дохтар» сөзінің кішірейтіліп айтылуы). Махат қыз, назарың сал хатқа мына, Кедейге жұпты болған Дуқтариша. Малы жоқ, патша қызын көрбан алған, Тиерсің мендей шалга жазса құда (Молда Мұса).

дәдил, дәділ. Батыл, шын жүректен, еркін.

дәр, дар. «Есік», «қақпа» мағынасында дарбаза (дәруазә), дәрбан (дәрбан) сөздерінің құрамында келеді.

дираз, дараз. Дурдараз (дур + о + дираз) сөзінің құрамында тұрып «ұзақ, ұзын» деген мағынаны білдіреді. Сол араздап әлі араз болып жүрміз дүрдараз (фольк).

дәрбан, дәрбан. Есік қарауылы (ескіше) есікші, қақпашы. Ол мепі сарайына отырғызып, дәрбандарына (қаланың күзетші әкімдеріне) тапсырып, ішін пыстырмай, әңгімелесіп отыруды сұрады («Мың бір түн»).

дәрхәққ, дархақ. Құдайдың арқасында. Отаның өзіңе хас болса есен, Шүкір-ақ, дархағыңда біз де шұндақ (Қаңлы Жүсіп).

дәрәхт, дарақ. Ағаш. Отырмыз табан аумай елімізде, Бабамыз мекен еткен жерімізде. Бір жерде кегереді дарақ деген, Салайын бұл нақылды кәңіліңізге (Нұралы). Бақтыбай, босқа желікпе, Еркек дарақ, біз бұтақ. Ахихаттасаң анықта, Әйел де адам баласы (Мәйке).

дәрд, дерт. 1. Ауру, сырқат, науқас, азап, 2. Мұң, қасірет, қайғы, уайым. Әлиф дек ай йузіңе ғибрат еттім, Би, бәлаи, дертіңе нисбат еттім... (Абай). Батыр билеп бай жайлап, Ханы қанап қан ішкен. Ішінен дерт, сырттан ерт Жарлыны жеп жегі құрт, Жайлағанда түгескен (I. Жансүгіров).

дорд, дәрет. Тұнба, қою (қазақтар әдептілік, сыпайылық түрде адамның нәжісін осылай деп айтады).

дорст, дұрыс. 1. Шын, рас, дәл. 2. Тура. Халық айтпайды, айтса — дұрыс айтады (Мақал). Е, дұрыс, мына біздің айтатынымыз да сол соғыс тоқталсып (І. Жансүгіров).

(а — п) дәрсханә, дәрісхана. 1. Сабақ алатын орын, сабақхана, класс, аудитория. 2. Мектеп. училище.



дәркар, дәркер (дәр + кар, дәр + кер). Керек, қажет, іске жарайтын, іске керек. Әрқашан екеуіміз де болсақ аман, Береке бостаншылық болар заман. Өзіме дүниенің дәркәрі жоқ, Қазына құлыптаулы жатыр тамам (Тұрмағамбет).

дәргаһ, даргаһ, дергаһ (дар + гаһ, дер + гаһ). 1. Табалдырық, ауыз үй. 2. Сарай, салтанатты сарай, әдемі салынған көрнекті үй (діни ұғым бойынша құдай үйі). Іс ету шариғатсыз өз бетімен, Наданның жұмысы ғой құр білімсіз. Бір алла Фазылымен жеткерер деп, Үміткер дарғаһыңнан біз бәндеміз (Назым). Дарғаһыңа бас ұрдым,— деді Төлегеннің шешесі («Қыз Жібек»).

дәргоман, дәркүмән. Күдік, шүбә. Мендағы жүргенім жоқ малдан күсіп, Айттым, балаң басыңа менрім түсіп. Ертең ерте мысыңмен дайын болып, Көңліңнін. Дәркүмәнін алшы шешіп (Абай).

дәрман, дәрмен. 1. Дәрі, дауа, шара, ем. 2. Қуат, әл. Бардың ісі порменмен, жоқтың ісі — дәрменмен (Мақал). Талай сезі аузына лықып келсе де бөгелуге дәрмен жоқ (Ғ. Мұстафин).

дуруаз, дарбаз (дарбазаның қысқа түрі). Кар. дарбаза.

дәруазә, дарбаза. Ашық есік, қаланың, бекіністің үлкен қақпасы. Азырақ жүре беріп зеңкиген үлкен дарбаза келді де, ғажамдықтардың тілімен айқайлады («Мың бір тун»). Болған заман, солған заман куәлі! Сенің зәулім сарайын мен дарбазаң (X. Ерғалиев).

(п — қ) дәруазәли, дарбазалы (дәруа + зә + ли, дарбаза + лы). Дарбазасы бар, қақпалы. Ауласы үлкен екен, ат қоюға лайықты болар деп Нұржан қос шабдарды қышпен қалаған, дарбазалы боз үйге тіреді (Ж. Молдағалиев).



дироугәр, діругәр (дироу + гәр, діру+гар). Орақшы, (егін миуа) жинаушы. Ей, пүсырман білемісің қасиетін мынау ағаштың? Кешір баба, түрік емес, қазақпын. Солдатымын совет атты Отанның... Е, діругәр!.. Онда мен де қош алдым... (Ә. Сәрсенбаев).

дәруиш, дәруіш (дәр + уиш, дәр + уіш). Диуана, қайыршы, кедей. Дәруіш парсының дәр — есік және уиш жатқан, яғни «есік алдында жатушы» деген сөздерінен жасалған дейді (Л. Будагов). Сағди нағыз ол кезбе дәруіш бола жүріп, халық жиналатын орындарды уағыз-насихат айтуымен шұғылданған «қасиетті дәуіш тостағанына» әркімнің тастаған тиын-тебен қайыры арқылы асыраған (Б. Наурызбаев).

I — дәрә, дара. Аңғар, алқап. 2. Тау асуы. 3. Ауыс. Есік, қақпа. Сонда: Шардара төрт алқап.

II — Дәрә, дүре. 1. Қайыс қамшы, шыбыртқы, қамшы. 2. Ауыс. Жазаның түрі (хандар, патшалар заманында дүре салу, қамшымен ұру жазасына бұйыру әдет болған). Шымшып өтіп молданың Қолындағы тобылғы, Қозғалтпайды жон жагым, Талай дүре соғылды (Жамбыл). Баланың бар киімін шешіп алды, Жүз қамшы арқасына дүре салды Қыңқ етіп бір дыбысты шығармады, Азырақ талмаусырап нашарланды (Абай).

дәри, дәри. 1. Тау сайларында, аңғар алап, алқаптарда мекендеуші. 2. Иранның сөйлеу және жазу тілінің ескі аты, Патша сарайындағы білімділер тобының әсем, көркем сөйлеу тілі болған. Дәри тілін (шығыс парсы тілі) қолданған тәжік әдебиеті мен мәдениеті осындан кескілескен күрестің үстінде өсіп, ер жеткен (Т. Нұртазин).

дәриа, дария. 1. Теңіз. 2. Үлкен өзен. 3. Кісі аттарында кездеседі. Ақыл — дария, көңіл дүлдүл (Мақал). Көңіл дария, сарқылмас ібір өзендей, Өзге елсе де, тірі қалар езі әлмей (А. Тоқмағамбетов).

дәричә, терезе. Үйге жарық түсу үшін қабырғадан тесіп жасалған рамалы әйнек. Ашық терезеден оқыс соққан салқын жел келді (М. Әуезов). Терезенің пердесін Кейде түріп қарайды. Боран әлі соғып тұр Еске салып талайды (С. Мәуленов).

дәриғ, дариқ1. Аяу, жаны ашу; өкіну, өкініш, қайғы. 2. Опық жеу, өкінушілік. Қорған ед айналасы салған тастан, Жер жүзі көрінбейтін, болмаса аспан. Бір кезде есін жиып, оны біліп, Өкініп: «уа, дарих», деп қатты сасқан (Тұрмағамбет).

дәриға, дариға 1. Өкініш, ренжу, арман сезімін білдіретін одағай ретінде қолданылады. Қап! Әттегене-ай, Қайран! 2. Ауыс. Арман. 3. Кісінің аты (Дариға). Дариға, туған елдіңлебі қандай, Қанар ма қанша жұтсаң бұл бал таңдай! (I. Әлімқұлов). Дал, дариға ғашық оты бермес аман (Абай).

I — Дәст, даст. 1.«Қол» деген мағынада. Дастархан, забардас, дәсмая және т. б. ұқсас сөздерде кездеседі. 2. Орын. 3. Рет. Алдымен қызға барды сенің дастың Әр қашан халыққа мәлім балант бастың. Ер болсаң еркін туған, батыр Жүсіп, Қиғаштап қыздан маған неге қаштың (Даңмұрын).

II — дәст, дес. Күш, қуат. Ол күнде қазақ мұндай жасармаған. Құл мен күң қожасынан аса алмаған. Жарлыға, жалғызға да дес берді ме, жыландай ысқырынған зәһар заман (І. Жансүгіров). Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім. Өзін де басқа шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім (Абай).

дәстар, дастар. 1. Қол орамал. 2. Сәлбе, шалма.

дәстархан, дастархан (дәстар + хан, дастар + хан). Тамақ жеу үшін жаятын орамал, тағам жаймасы. Шашақты, гүлді көкшіл дастарқанды жайды (С. Сейфуллин). Дастарқан — теңіз мысал, қайық, патнос, Бұл күнде әмбе халық қойған ықлас (Нұржан).

(п — а) дәструмал, дәсорамал, тәсторамал (дәст+румал, дэс + орамал). Қол орамал (бет-орамал). Еңкілдеп жылап тұрған келініме:—Қарағым,. Есіркепжан, аман ба өзі?—деппін. Әзірге аман Есіркебіңіз,— деп Жібек иығымнан басын жұлып алды. Бетін жуып тұрған көз жасын дәс орамалмен бір сүртіп өтіп еді, ендігәрі кірпігіне шық тұрсайшы. Қоңыр жүзі көк айызданып ар жағынан ашу теуіп келе жатқанын байқатты: (Ш. Шалқаров).



дәстмайә, дәсмая (дәст+майә, дәс + мая).. Қолындағы дүние, негізгі мал, айналмалы капитал, тұрақты капитал. Орайлы сауда деп осыны айтады. Бес мың алтынға үй-жайымен бір саудагердің қызын аласың. Бес мың алтының күрделі сауданың дәсмаясы — десті жанындағы саудагерлер («Мың бір түн»).

дәстүр, дәстүр. 1. Нұсқау, бұйыру. 2. Әдет, әдет-ғұрып, ереже, тәртіп, традиция. 3. Рұқсат ету. Осы соңғы күндерде Қекпай бір алуан жарыс үлгісін айтқан еді. Ол төрттік жырды төрт ақын болып, іліп-қағып айтатын бір дәстүр (М. Әуезов). Халық үшін, Советтік Отан үшін қызмет ету — осы ғой біздің дәстүр (М. Иманжанов).

дәстә, дәсте. 1. Топ, буда, байлам. 2. Тұтқа. Керілді керегінше бізбен кесте, Салынды баулығына орға десте (С. Керімбаев). Орақ түспей, десте жиналмай жатыр («С. Қ.»). Орнайды осы араға Ескерткіші Лениннің, Тұрады ол жаңа қалада Дестесін құшақтап егіннік (М. Светлов).

(п — қ) дәстәлау, дестелеу (дәстә + лау, десте + леу). Байлау, топ-тобымен бұу. Күй шіркін әуел құлаш салған еді, Шалықтап өрттей жүйткіп жанған еді. Дәстелеп Көкшетаудың ертегісін, Тізбектеп біраз жыр ғып алған еді (С. Сейфуллин).



дәшт, дәшт. 1. Дала, тегіс дала. 2. Шөл, шөл-жазира. Орыс тарихында Дәшті қыпшақ, ноғайлы хандықтары туралы кептеген деректер бар, бірақ бұның көпшілігі Алтын Ордамен байланысты айтылған (І. Есенберлин).

дошмән, дұшпан, дұсман. Жау, қас, дос емес. Алыстағы дұшпаннан қасыңдағы қас жаман (Мақал). Қараңғылық дұспаным, Долданбай дұшпан серпілмес, Надандық кектес тұс жауым (І. Жансүгіров). Еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып дүниеде әлгі айтылған ырысқа, дұспан болады (Абай).

(а — п) доғадар, дұғадар (доға + дар, дұға + дар). Дуагер, дуашыл (адам). Ақжелек айтты қарағым, ханмұнара болады, Халық дұғадар болады. Хан қайық болады, Халық теңіз болады. Теңіз егер шайқалса, Балық арық болады (Қ. Әзірбаев).

(а — п) доғагер, дуагер (доға + гер, дуа + гер). Дүғалаушы, сыйқыршы.

(а — п) доғагүй, дұғагөй (доға + гуй, дұға + гөй). Дұғашы, дұға оқушы, дем салушы, дұғамен ауруды емдеуші.

(а — п) дәғуа-джәнджал, дау-жанжал. Талас-тартыс, даушар, ұрыс-керіс. Ол екі мінезі қайсы десең, әуелі — ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көш-қонды болса, дау-жанжалды болса, билік соларда болады екен (Абай). Уа, көрші, сенің мұның қалай? Дау-жанжалың өзіңнен асып кесірің маған тиді («Мың бір түн»).

(а — п) дәғуакәс, даукес (дәғуа + кәс, дау + кес). Дау құмар, жанжалшыл адам. Өзі бай, өзі сараң, қара қазан, Түйме өтсе түйе алған даукес адам (С. Керімбеков). Әрі білері көп, әрі біреудің дауын сатьт алатын даукес адам ол (Ғ. Мүсірепов).

(а —п) дәгуагәр, даугер (дәғуа + гәр, дау + гер). Даулаушы, дау иесі. Бәтшағар — әкесі қара шалды ептеп... көзін жоғалтып... ендігі даугер өзі болмақ (Д. Досжанов). Қалада Құнанбай жағының сөзін сөйлеген қуғыншыл даугерлер тіпті көбейіп кетті (М. Әуезов).

(а — п) дәфтерчә, дәптерше (дәфтер + чә, дәптер + ше). Колжазба, кітапшасы, блокнот. Баймағамбет Ізтөлин жазған өлеңдерін қалыңдығы екі елідей, сопақша ақ дәптершеге тізе беретін (С. Мұқанов), Ал онан соң тағы бір кішкентай дәптерше болатын, оған ақшаны көбірек беретін (Т. Пулатов).



дигар, дигар. Бұл сөз пәруар сияқты сөздердің аяғында жалғасып құдай, тәңірі дегендей мағынаны білдіреді. Кар. Пәруәдигар, пәруадигар.

дил, діл. 1. Жүрек, рухани дүние. 2. Ой, пікір, ақыл. Киім, ат ерге болмас ақыл, білім, Жауабын қайтарармын барды тілім. Хикмәт, тағдыр хақтың өз қолында, Еншалла осы күнде толық ділім (Молда Мұса). Қалайша айтып жұмбақ сорғұшының, Кім білер неге қарар тұтқан ділі? Төрт ауыз тертеуіне жаздым мысал, Берерсіз құзырына жазып мұны (Қаңлы Жүсіп).

дилазар, тілазар. 1. Ренжітуші, кейітуші, қамықтырушы, қынжылтушы. 2. Мейірімсіз, қайрымсыз, тіл алмаушы. Әсіресе, ажар, кесек сөзді Оспан: Әй, Әйгерім, желегі басынан түспеген келін тілазар болғанын неше атаңнан кәріп ең? (М. Әуезов).

дилуәр, ділуар. Ер жүректі, батыл. Жетпесе өз зейінің ғажап емес; Шайырға Тұрмағамбет оқытып аш. Сан ердің сезін сынар сарабы сол. Білімге биік біткен ділуар хас (Каңлы Жүсіп).

дилбәр, ділбар. 1. Сүйкімді жүрекке жағымды, тартымды сұлу әйел.

(а — п) дәлилхур, дәлелқор (дәлил+хур. дәлел + қор). Себеп тапқыш, оылтауратқыш, дәлелдегіш.

Сөйлегенде дәлелқор, Біреуді жүреді қудалай. Кеудесін қағып менмен деп, Жағасын да жұлмалай (К. Қуанышбаев).

I — дәм, дем. Тыныс, леп. Дем алу. 1. Тыныс алу, ауа жұту. 2. Ауыс. Тынығу. Өмірің етіп кеткен, Ойласаңдар, Кірмейтін, шықса, қайтып дем секілді (Тұрмағамбет). Осы айтқан үгітімді үлкен-кішің, Қөріңдер, ауруыңа ем секілді. Пысық кім деп сұрасаң, Қалаға шапса дем алмай, Әтірік арыз көп берсе, Көргендерден ұялмай (Абай).

II — дәм, дем. Демде лезде, жылдам, тез, кірпік қаққанша. Кемпір мен Хадиша демнің арасында әкей-үкей болды да қалды (А. Тоқмағамбетов). Алғаннан соң ерікті, Жындар әбден желікті. Қонақтарды түрткілеп, Демде бәрін еліртті (Ә. Тджібаев).

дом, дүм. 1. Кұйрық, бір нәрсенің артқы жағы. 2. Бұлқын (руль). Мылтықтың дүміне шығыршықпеп ілінген қызыл баудың бір ұшы мойнында... бір жігіт келді (С. Мұқанов). Басында дулығадай сары қасқа, Забойшы тұр иығын кезеп дүмге (Қ. Бекхожин).

(п — қ) дәмалис, демалыс (дәм + алис, дем + алыс). Дем алатын мезгіл, уақыт. 2. Тынығу. Балалар жазғы демалысқа тарады (С. Көбеев). Бір қаладан бір қалаға жолаушы жүрген екеуіміз демалыс күні ерігіп отырдық та: Сен бүгін уақытты қалай өткізесің?—дедім мен оған (І. Жансүгіров).



дәмбәдәм, дембе-дем (дәм + бәдәм). Минут сайын, дайымы, қайта-қайта, үнемі.

(п — қ) дәм биру, дем беру. Күш беру, қуат беру, демеу, қайрау. Көздерінде шаршаған, Көмек етіп кәл саған, Жігер құйып жел саған, Дем бергендей тау саған (С. Мәуленов). Күллі еңбекші халықтың жүрегі болған — Москва, Шалдыққанға дем беріп, Тірегі болған —Москва (С. Омаров).



Дәм салу, дем салу. Ескіше ауруды түшкіріп емдеу (тэуіптіліктің, балгерліктің бір түрі). Ойбай-ау, өңі бұзылып барады ғой, дем салатын біреуді шақырсаңшы,— деді Айбол бұрынғыдан бетер үрейленіп (Ә. Әбішев).

(п — қ) домди, дүмді (дом + ди, дүм + ді). 1. Құйрықты, арт жағы жуан. 2. Ауыс, мықты, белді, күшті. Болыстың, старшынның, билердің бәрі — жуан, дүмді мырзалар (С. Сейфуллин). Балжанның айттырып қойған жері дүмді неме — алты ояздың үстінен губернаторға советник боп қызмет атқарған атақты Тұрлыбектің туысы (С. Мұқанов).



дәмгер, дімкәр, демгер. Балгер, сыйқыршы, дуа оқушы, дем салушы. Бәрінің де мінгені өңкей тұлпар, Келеді қыз алмаққа болып іңкәр. Бар құдай ер Достанға мәдет берсін, Қасында жолдасының бәрі дімкер Достан батыр»). Біздің ауылда бірдеме — Ғали кеп... Ол кездегі ауылда дімкәр адамдар да кеп (Ғ. Мүсірепов).

домбәбәррә*, домбыра* (домбә + бәррә, дом + быра). Екі ішекті музыкалық халық аспабы (домбыра парсының домбе «құйрық» және бәррә «қозы, тоқты» деген сөздерінен қысқартылып алынған,дейді Л. Будагов). Көк теңіздей толқын ата көпірген. Домбыра үні жетсе сізге эфирден, Қабылдаңыз Қазақстан күйлерін, Қуантушы бақытты Отан, үйлерін (Ә. Тәжібаев).

дәндан, дәндан. Үлкен азу тіс. Шашын дәнданменен тараған («Ер Тарғын»).

дәнек, дәнек. 1. Жемістің сүйегі. 2. Жеміс сүйегінің ішіндегі дәні. Аудармашылар кейбір жеке сөздердің ана тілінде ұрығын, дәнегін байқатар сөздер бола тұрса да, өзге тіл терминдерін алуға бейім (Ө. Айтбаев). Анам баласының атын аузынан тастамай «шырағым келіп қалар» деп жұма сайын, бір кезде Жұмажан әкеп берген құрма дәнегімен бал ашады (Б. Абдуллин).

денг, тең. 1. Байлам, бума. 2. Салмағы бірдей жүк. Үлкен бір тең көтеріп келе жатқан адам әйелді де, баланы да қабырғаға қысып, маған да «кейін» деп қалып кимелеп келеді (Ғ. Мүсірепов). Дауылдай қырдап-қырға көшпелі хан, Теңдерін асыл толған шешпеді хан (К. Бекхожин).

(а — п) дониахор, дүниеқор (дониа + хор, дүние + қор). Малқор, дүниеқұмар, дүниені жақсы көруші. Атам керіне дүниеқор бола бастады (М. Горький). Дүниеқор діншілдерге қарсы осыншама қатты батырып сөйлеу Жәми заманында тіпті де оңай мәселе болмаған (Ғ. Бердібаев).



ду, ду, дө, дү. «Екі, екінші» деген мағынада, дүдәмал (екі ұшты), дутар (екі шекті), дүйсенбі (екінші күн) дөрекі (будан), дүбара (екінші рет) тәрізді сөздердің құрамында кездеседі.

дүбәрә, дүбара (дү + бәрә, дү + бара). 1. Екіншірет, 2. Ауыс. Енжарлық, екі ұштылық. Ойдың да шикісі бар күлді-көмеш, Сүйкімсіз арам астай адам жемес. Дүмбілез, дүбәрасы бар оның да, әр-сәрі, не ол емес, не бұл емес (Ә. Оңалбаев). Ал Сапар кім? Суайт па, талант па? Біздіңше, екеуінің арасындағы дүбара (Қ. Уәлиев).

дутар, дутар. Екі шекті музыкалық аспап. Бердақ — Октябрь революциясынан бұрынғы қарақалпақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі. Киер киім, ішер асқа жарымаған жас бала дутарда ойнап, өлең айтуды үйренеді (0. Бекбаулов).

дучар, душар. Душар болу, кездесу, жолығу. Ғашықтық саудасына душар болып, Ақырда ол саудадан қаза кеткен (М. Сералин). Танып қал табиғатым, ұлығымды! «ішінен түйді қазақ бұл ұғымды: Шалқыта «Балбырауын» күйін тартып, Шаттыққа душар етті Ұлығыңды (X. Ерғалиев).

духабә, доқаба. Барқыттың жақсы түрі. Екі әиелдің кигені әшекей доқаба бешпент, белдерін кемер белдікпен қынап тастаған («Очерктер»).

дуд, дүд, түтін.

дудамал, дүдәмал. 1. Екі ұшты, екі бағытты, екі Мәнді. 2. Ауыс. Бұрма, белгісіз, түсініксіз, ұғымсыз, сенімсіз. Қазақ жұмыскерлерінің неден кешіккендерін біле алмай дүдәмал болып отырғанда Байшегір келді (Ғ. Мұстафин). Байғараудың өзі де дүдәмал, жақсы білмейді (І. Жансүгіров).

дур> дүр. «Алыс, қиыр» деген мағынада дүрбі (алыстан көрсетуші), дүрдараз тәрізді сөздердің құрамында кездеседі.

дурбин, дүрбі (дур + бин, дүр + бі). 1. Алыстан көргіш. 2. Алысты жақындатып көрсететін оптикалық құрал (бинокль). Таңбалы тастың биігінен дүрбімен қарап, бүкіл атырапты көріп, көп отырды (С. Бегалин). Есей дүрбімен көзін талдырып қалай сығаласа да, жау тылына бармай жұмыс бітпесін білді (Ә. Нұрпейісов).

дурәг, дөрекі. 1. Будан, дүбара, шатыс, қоспа, шала қанды. 2. Тұрпайы, анайы, топас. Түйебайдың дөрекі жаралған ойқы-шойқы үлкен денесі толы күш екен (Ә. Әбішев). Ұлбосынның түсінуінше — Оспан дөрекі... сөйлесе, бірдемені бүлдіріп алатындай адам (Б. Майлин).

(п — қ) дурәглау, дөрекілеу (дурәг + лау, дөрекі + леу). 1. Шалалау. 2. Тұрпайылау, анайылау. Оның үстіне, ешбір пайдалы қызмет істемей, қайдағы жоқ бір нәрселерді үнемі көріп отыратын, сезімім дөрекіленіп, ақылым топастанып барады (Ы. Алтынсарин).



дурәгә (й), дөрегей, дүрегей Будан (екі нәсілді, екі текті). Үй көлеңкесінде бөркімен шыбын қаққыштап, зерігіп, құтырып отырған Жұмабай пошта-байдың қасында дүрегей сары қасқа тазы ыссылап, тілін салақтатып, бүйірін соғып жатыр (Д. Әбілев). Екі дөрегей тебет ойда жоқ жерден пайда бола кетті де, өр-шеленіп арбадағы бізге тап берді («С. Қ»).

дүродираз, дүрдараз (дүр + о + дираз, дүр + дараз). 1. Алыс, ұзақ. 2. Үзын, ұзақ (бағыт). 3. Ауыс. Үзақ уақыттан бері араз (қарсы). Кдсімен дүр-дараз, Бұраңдап қылма наз, Малым түгіл басымды, Жолыңа берсем де аз (Абай). Ерміш екеуіміз дүрдараз боп жүрген күндердің бір кешінде, бір шеті мен бір шетіне көз жетпейтіи ұбақ-шұбақ, керуен кеп қалды (С. Мүқанов).

дуз, дыз. «Тігу, жамау, қайу» мағынасында жуалдыз тәрізді сөздерде кездеседі.

дузәк, дозақ, тозақ. Тамұқ (діни ұғым бойынша о дүниеге барғанда адамның тіршіліктегі күнәсі үшін жазалайтын, азаптайтын орын, жанып тұрған от). Біз тозаққа күйіп жатсақ, сендер қолдарыңның ұшын бермей-ақ қойыңдар!—деп, молдалардың ит терісін басына қаптады (С. Сейфуллин). Түзікті бейіске шығарамын деп, бұзықты тозаққа саламын деп... өзі құдайдың құдіретімен біреуін жақсылыққа бұрып, біреуін жаманшылыққа бұрып жіберіп тұрады екен (Абай).

дүзәхи, дозақы. 1. Дозақтық. 2. Дозақ жазасына бұйырылған.

дуст, дос. 1. Тілектес, тату, сырлас, жақын, ашына адам. 2. Кісі аттарында кездеседі (Досбай, Досберген, Досжан, Жандос). Ашу — дұшпан, ақыл — дос (Мақал). Н. Қ. Крупская Коммунистік партияның көрнекті қайраткері, В. И. Лениннің жан жолдасы, досы және көмекшісі («К. К»).

дуст-дошмән, дос-дұшпан. Дос және дұшпан. Біз дос-дұшпанды осындай таластың үстінде танимыз,— деді Мардан (І. Жансүгіров).

дуст-йар, дос-жар. Жора-жолдас, тату дос, ниеттес, көңілдес* жақын адамдар. Жырланды жоқтық, таршылық. Күрестен туған дос-жарлар. Қайғыдан адам аршылып, Хикая болды жоспарлар (X. Ерғалиев). Бір ғана мәжілістің бірге кешкен, Дос-жарға ой қалдырып орнап естен, Кетпестей ләззәтті ізі жатушы еді, Таралып, алуан сырлар ондай кештен (С. Бегалин).

дуст-йаран, дос-жаран (дуст + йаран, дос+жаран). Дос-жарлар, жора-жолдастар. Кенен әр кезде дос-жаранын жарқын жүзбен қарсы алып, «асына» Да тойғызды (С. Мұқанов). Туысынан табиғи дарыны мол Шымболат жайдары мінез, жақсы өнерімен орыс жігіттеріне де қадірлі, дос-жаран болыпты («Қ. Ә. Т.»).

(п — қ) дустиқ, достық (дус + тиқ, дос + + тық). Жақындық, ашыналық, достасу. Адамды адам сынау керек, алғашқы сынау достыққа шақыру болсын. Өйткені, достық тозбайды... («Мың бір түн»). Жәми достың шыншыл, әділ, әрі қамқор болуы қажеттігін айта келіп, достық жүгін әркім көтере алмайтынын, кей адамдар орта жолда сыр беріп, дос парызын ақырына дейін өтемейтінін көрсетеді (Р. Бердібаев).



душәнбә, дүйсенбі. 1. Екінші сенбі, қазіргі календаръ бойынша аптаның үшінші күнінің аты. 2. Кісі аттарында кездеседі (Дүйсенбі, Дүйсенбай, Дүйсенбск, Дүйсенқүл). Дүйсенбі күн сәскеде Қараспан тауды бөксеріп, Кешегі кеткен Қияқтың Қобыландыдай батырың Соңынан келіп жөнелді («Қобыланды»). Болғанша қыздың тойы үйге қайттым, Толғанша дүйсенбі күн зорға жаттым. Осындай бір әңгіме бастадым деп, Бәріне дос, құрбымның түгел айттым (Қ. Әзірбаев).

дуқ, лоқ,* лоқы.* Сес, күш. Қоқан лоққы жасау; қорқыту, үркіту, жүрегін шайлықтыру, дкіреңдсу, куш көрсету. Алайда өзара бақастық, сәбеке, алауыздық сияқты дерт жайлаған бұл рулардың қоқан лоққы ереуіл-дерін, қазақ даласының әр тұсына әсерлі бекініс салып тастаған ақ патша губернаторлары басып тастап отырды (І. Есенберлин).

дүланә, долана. Үсақ домалақ жемісті ағаш. Булдіргені аяқтай. Доланасы жүректей (Майкөт). Судың жағасына тал, мойыл, долана сияқты ағаштар есіпті (С. Мұқанов). Долана, ұшқат, шетен, ырғай, арша, Ақ сасық, қызыл қайың, барша шынар (І. Жансүгіров).

думбул, дүмбіл. 1. Пісуі жетпеген шикі. 2. Ауыс. шала, екі ұшты. Қамар сөзінің шын сырын Ахметке дүмбілдеу аңғарсын дегендей қылып қойып еді (С. Торайғыров).

диһ, дег, ди. Ауыл, дала. Ол дегдарға «ауыл бастығы», диқанға «шаруа, егінші» деген мағына береді.

дәһдар, дегдар, текдар. Ауыл, ел-жұрт бастығы. Бір сырың, сегіз қырың — бәрі өзіңде, Неткен жан жаман дейді ауызы барып! Шапақтың кешке батқан қызылындай, Төрт құбылаң тең жаралған дегдар шарып (Ақан Сері). Басыңда жастық болды, астың — көрпе. Бай — патша, болдың мырза дегдар ерке. Етті жеп, қымызды ішіп, бөртіп алып, Әңгіме соқтың қолды серпе-серпе (С. Дөнентаев).

дәһқан, диқан, дихан, 1. Шаруа, егінші, егін, бақша шаруашылығымен шұғылданушы. 2. Кісі аттарында кездеседі (Диқан, Дихан, Диқанбай, Диханбай). Диқан, диһан парсының дәһ — ауыл, қыстақ және хан үй-жай деген сөздерінен шыққан,— дейді Л. Будагов. Ақылға диқан кемеңгер (Бақтыбай). Арқырап айқай салған Кексу алып, Жазыққа шыға келсе үркіп ағып. Егінші, ылғи дихан Жалайырлар, Үлесед үй басына тоған алып (І. Жансүгіров).

дәһлиз, дәліз. Қоридор, ауыз үй, вестибюль. Онын дәлізінің (корпдор) қабырғасына жер жүзіндегі жыртқыш аңдар мен құстардың суретін салыпты («Мың бір түн»). Ауланың ішіндегі тал-теректердің бұталары көгілдір дәліз (коридор) тәрізді (Ш. Құсайынов).

дид, діт. 1. Көріну, көру. 2. Пайқау, қарау. 3. Қөзқарас, пікір, ой. Дітіңді білтелемей, білдіре айтшы, Саласың қандай қолқа тегі маған? (Жамбыл). Жыр таптым, кісі менен діт таппадым, іс дерлік ауызға алар күш таппадым. Сондықтан «ағаш ерге — жіп құйысқан» Жыр таптым, мақпал, құндыз еш таппадым (Жамбыл).

дидар, дидар. 1. Жолығу, кездесу, жүзін көзбен көру. 2. Бет, жүз, шырай, өң, түс, кейіп, кескін, рең, келбет, түр. 3. Кісі аттарында кездеседі (Дидар, Дидарбек, Дидаргүл). Кәз көріп, көңіл мас боп дидарыңа, Сындырдым сүйегімді ойран етіп (Әріп). Ақ сұңқардың дидарын кәремін деп, әдейі шығып едім сәлем бере (Орынбай).

(п — қ) дидарласу, дидарласу (дидар + ласу). Кездесу, жолығу, жүз көрісу. Қарадан хан боп туған шонжар еді. Ағайын не айтқанын қолдар еді. Таралғы-тартуменен тойға барып, Дидарлас патшаменен болған еді (Б. Майлин).



дәйм*, тәлім*. Суарылмайтын, жаңбырдың дым-қылымен шығатын егін. Тәлімі жерлерге егілген 20 мың гектар дәнді дақылды күтіп-баптау агротехникалық шараларға сай жүргізілді (Б. Әлібеков). Мұндағы жұрттың бәрі де колхозшылар, екі жүз гектар суармалы, үш жүз гектар тәлімі жеріміз бар (С. Айни).

(қ — п) димкәс, дімкес. Жарымжан, аурулы. Екеуің келе сала пұшықты алдың, Өкпесі өзі дімкес, қысып та алдың (Жамбыл).

(а — п) диндар, діндар (дин + дар, дін + дар). Діншіл, тақуа, таупықты. Діндар жаидарды қалай жск көрсе, Омар һәйзм құдайға да соидай қаны қас (К. Шаңғытбаев). Бір діндар түсінде Сииай тауына шығып, құдаймен әңгімелесіпті («Парсы әзілдерінен»). Діндарлардың сойқандығына білім күшін қарсы қояр қабілетімен де танылған Шынтас (Ғ. Кабышев).

(а — п — қ) диндарлиқ, діндарлық (дин + дар + лиқ, дін + дар + лық). Діншілдік, тақуалық. Жәмидің шығармаларында едәуір орын алатып сарын-сопылардыц жалған діндарлығын айыптау (Р. Бердібаев).

(а — п) диндармәнд, діндарман (диндар + мэнд, діндар + ман). Діншіл, дінге берілген, тақуашыл. Тұңғатар абыз болған алдалаған, Жимаған жұрттап малын қолдан алғап. Діндарман, шариғаттын шартын құптап, Аулына Асан дейтін молданы алған (I. Жансүгіров).

(а — п) динкар, дінкәр (дин + кар, дін + кәр). Діншіл. Тізесін бүкпей қалды тәкаппар жас, Махамбет мехрабқа имеді бас. Асасын қалды сілтеп сұм хазірет, Жүгірді өңшең дінкәр жайып құлаш. Мешітке тұтқын болған жас жігітті, Жабылып дінқор біткен жерге жықты (К. Бекхожин).

I — диу, дию, диу. 1. Шайтан бейнесіндегі дәупері, мейірімсіз рух. 2. Алып, балуан, дәу. Лермонтов, Пушкин айтқан ол күндегі Диюлар енді басқа қонар емес (I. Жансүгіров). Дәуменен найза салысқан. Диюменен жарысқан (Жамбыл).

II — диу, дәу. Алып, балуан. Көк долыдан дәу пері қашқан (Мақал). Қойқаптың емес пе еді жолы қиын, Дария, асқар, теңіз, орман, құйын. Айдаһар маймыл патша, жады кемпір, Жай, жайын, алып дәулер, жындар жиып (І. Жансүгіров).



диуар, дуал. Үйдің, қораның сыртын айнала (балшықтан соғылып, не кірпіштен қаланған қоршау). Қораны айнала қоршаған дуал да, жақтауларын оюлаған дарбазасы да биік (С. Мұқанов). Ішкі сыры болмаған еш жария Биік дуал, терезесін тар ұя бар еді ғой, Бар еді ғой есекпен Регистанда пітір жиған қария (X. Ерғалиев).

I — Диуан, диуан. Жинақ, өлеңдер жинағы. Бабырдың лирикалық өлеңдер жинағы «Диуан» ғашықтықты баяндайтын дәстүрлі ғазалдардан түрады (Б. Уақатов).

II — Диуан, думан, дуан. Тарих. 1. Мемлекеттік кеңес, уәзірлер жиналысы, мәжіліс. 2. Сот, трибунал. Неге ақырасың, сен дуандағы Петроның баласы емессің бе? (С. Омаров). Жалданып, дуандағы бай орысқа, Екеуі Егорменен мал да табад (Д. Әбілев).

III — Диуан, диван. Отыру, жату үшін жасалған жұмсақ мебельдің бір түрі. Шұжықтай тығыз, қазыдай қызыл-күрең, қарынсау Шойынқұлақ, барқыт тысты диваннан атып тұрып, қалбалақтады (І. Жансүгіров). Мирсай махорка түтінінен сарғайып кеткен саусақтарымен ұзын жирен шашын кейін қайырып, диванға шалқая отырды (М. Гумеров).



Диуанханә, диуанхана. Тарих. Мемлекеттік кеңес өткізілетін, сот болатын үй. Ентігіп, өңі қашып диуанханаға келгенде, бұл жерде аланда қалың топты көрді (Айбек).

диуанә, диуана, диуана. Ақылсыз, есалаң, жынды. Жарым, жақсы киім киіп, Келді жанға жылы тиіп. Диуана болды бұл кеңілім, Басылмай бір құшып, сүйіп (Абай). Жұрт мені диуана дейді, сен ғой нағыз диуана,— деді Шығаиақ (Ғ. Мұстафин).

(п — қ) диуанәлиқ, диуаналық (диуанә + лиқ, диуана + лық). 1. Қайыршылық, тіленушілік. 2. Жындылық, ақымақтық, есуастық. Жасымнан ұмытпаған ойда барсың, Әлқуат ақылымды алған жансың. Өзіме диуаналық әсер беріп. Ішіме сөнбейтін от салған жарсың (Әріп). Демендер өнбес іске жұбаналық, Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуанарлық. Қызды сүйсең, бірді-ақ сүй, таң-дап тауып, Көрсе қызар, күнде асық диуаналық (Абай).



диупәри, дәупері. 1. Діни ұғым бойынша алып денелі пері. 2. Ауыс. Өте күшті, аса зор сыйқырлы дулие. Көк долыдап дәупері қашты (Мақал). Күн еңкейіп ұясына кіріп бара жатқаида қос атпен «Дәуперіге» шаптырды (І. Жансүгіров).

диузадә, диузада. Диудан туған, диу баласы. Деп айтты Рүстемге: Ей, диюзада, Ойлап ем адам ғой деп аңқау, сада. Екенсің алып келген әскеріңді, Қылыш пен қолдарына беріп қада (Тұрмағамбет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет