Патенттану рк2



Дата25.02.2016
өлшемі221 Kb.
#19648
Патенттану РК2
$$$ 1

Патенттану дегеніміз – бұл:



  1. Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі теориялық және практикалық зерттеулермен айналысатын ғылымның бір саласы

  2. патенттер мен олардың шығу процедураларын зерттейтін ғылым

  3. патенттелген өнертабысқа байланысты субъектінің іс-әрекеті

  4. мемлекеттік мекемеде жұмыс атқарушының патенттерді беру және оларды тіркеу жөніндегі іс-әрекеттері

  5. берілген патенттерді талдау және оларды өндірісте қолдану

$$$ 2


Қазақстан Республикасы қатысатын Еуразиялық патенттік конвенцияға сай келесілер берілуі мүмкін:

  1. елдердің өтінім тізімінде белгіленген тауарлы белгі бойынша еуразиялық патент

  2. елдердің өтінім тізімінде белгіленген өнертабыс бойынша еуразиялық патент

  3. елдердің өтінім тізімінде пайдалы модель, өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі бойынша еуразиялық патент

  4. елдердің өтінім тізімінде белгіленген елдердің қайсысында болмасын өнертабыс бойынша ұлттық патент

  5. елдердің өтінім тізімінде белгіленген өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі бойынша ұлттық патент

$$$ 3


Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы қай жылы дипломатиялық конвенциямен қабылданды:

  1. 1825 ж.

  2. 1883 ж.

  3. 1990 ж.

  4. 1925 ж.

  5. 1967 ж.

$$$ 4


Өнертабысқа берілетін патент келесілерді куәландырады:

  1. өзі ойлап тапқан өнертабысқа айырықша құқықты

  2. патент иеленушінің өнертабысқа деген құқығын

  3. мемлекеттің өнертабысқа деген айырықша құқығын

  4. өнертабыстың авторы жұмыс жасаған мекеме немесе кәсіпорынның осы өнертабысқа деген айырықша құқығын

  5. патент иеленушінің өнертабыс авторының өтімі бойынша өнертабысты іске асыру құқығын

$$$ 5


Өнертабысқа (өнеркәсіптік үлгіге) Қазпатентпен берілген патент:

А) өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына қосылған Париж одағының үшесі болатын барлық мемлекеттерге айырықша құқық береді

В) аймақтық патенттік келісімге, яғни Еуразиялық патенттік конвенцияға кіретін мемлекеттерге айырықша құқық береді

С) тек қана Қазақстан Республикасының аймағында ғана айырықша құқық береді

D) тек қана өнертабыс ойлап шығарылған аймаққа (облысқа, қалаға) ғана айырықша құқық береді

Е) тек қана өнертабыс ойлап шығарылған өнеркәсіпке (кәсіпорынға) ғана айырықша құқық беріді


$$$ 6

Қазақстан Республикасының Патент заңына сәйкес өнертабыстың патентке қабілеттілік критерийінің бірі:



  1. өзгешілдігі

  2. қандай да болмасын айырмашылықтың болуы

  3. өнеркәсіпте қолдану мүмкіндігі

  4. пайдалылығы

  5. айырмашылықтық қабілетінің болуы

$$$ 7


ҚР-да өнертабысқа патент алу үшін шетелдік өтінушілер өтінім материалдарын Қазпатентке міндетті түрде кім арқылы беруі тиісті:

  1. ҚР –ғы сәйкес елдің елшісі арқылы

  2. өтінім берушінің еліндегі ҚР-ң консулы арқылы

  3. ҚР нотариусы арқылы

  4. тікелей өзі, басқаларға жүгінбей

  5. ҚР патентке сенімді өкілі арқылы

$$$ 8


ҚР-ң патенттік ведомствосы келесілерді іске асырады:

  1. өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгі, ноу – хау, тауарлы белгілерге өтінім қабылдап, сараптама жүргізеді де патент береді; берілген патентті ресми түрде жария етеді

  2. өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша өтінім қабылдайды да сараптама жүргізіп, патент береді; берілген патентті ресми түрде жария етеді

  3. өнертабыс, ашылым, тауарлы белгі бойынша өтінімдерді қабылдап, сараптама өткізеді де, патент береді; берілген патентті ресми түрде жария етеді

  4. өнертабыс бойынша өтінім қабылдап, сараптама өткізеді де, патент береді; берілген патентті ресми түрде жария етеді

  5. өнеркәсіптік меншік бойынша өтінім қабылдап, сараптама өткізеді де, патент береді; берілген патентті ресми түрде жария етеді

$$$ 9


Өнертабысқа берілетін ҚР патенті негізінде құқықтық қорғау көлемі мыналармен анықталады:

  1. сызба немесе фотосуретпен

  2. өнертабыс сипаттамасымен

  3. рефератпен

  4. өнертабыс формуласымен

  5. аннотациямен

$$$ 10


Қандай жағдайда өнертабысты ҚР – да патенттеген кезде патенттік баж салығын төлеу өтінушіден керек етілмейді:

  1. өнертабысқа өтінім бергені үшін

  2. патентті өз күшінде сақтағаны үшін

  3. сараптаманы өз затына сай етіп өткізгені үшін

  4. патент бергені үшін

  5. бекітілген уақытта өтінім берген материалдарға сараптама жүргізу шараларына себепті қарсылық көрсеткені үшін

$$$ 11


Патент иеленушінің келесідей заң жағынан маңызды іс-әрекеттер үшін, өнертабыстың алуы мен құдыретін сүйемелденгеніне байланысты, ҚР патенттік баж салығын төлеу тиісті:

  1. өтінім беруші атына сенімхатты куәландырғаны үшін

  2. берілген уақыт аралығында өтінім материалдарға сараптама жүргізу шараларына қарсылық көрсеткені үшін

  3. патентке патентиеленушінің аты өзгергеннен кейін белгілі бір өзгерістер енгізгені үшін

  4. патенттің әрекет мерзімінен бұрын тоқтатқаны үшін

  5. өтінімді қайтарғаны үшін

$$$ 12


Егер қызметкер жасалған құпия өнертабыс болмаса, егер ол «қызметтік» деп саналса, онда ҚР Патент заңына сәйкес бұндай қнертабысқа патентті алу құқығы кімге беріледі:

  1. мемлекетке

  2. патент ведомствосына

  3. өнертабыстың авторы болып саналатын қызметкерге

  4. қызметкермен келісім шартқа отырған жұмыс берушіге

  5. қызметкермен келісім шартқа отырмаған жұмыс берушіге

$$$ 13


ҚР Патент заңына сәйкес автор - қызметкердің өнертабысты ойлап тапқаны туралы мәліметінен соң жұмыс беруші Қазпатентке қай мерзім аралығында өтінім беруі тиіс немесе бұл құқықты басқа біреуге беруі құқығы бар немесе бұл өнертабысты құпия сақтап белгілі уақыттан кейін бұл автордың өзіне өтуі мүмкін:

  1. 15 күн ішінде

  2. 1 ай ішінде

  3. 4 ай ішінде

  4. 6 ай ішінде

  5. 1 жыл ішінде

$$$ 14


Өнертабыс формуласы:

  1. өнертабыс объектісіне қысқаша сипаттама, өнертабыстың құқықтық көлемін анықтау үшін ешқандай мән бермейді

  2. математикалық белгілеу, ол техникалық процесті немесе іс-әрекет принціпін ұғындыру үшін келтіріледі

  3. өнертабыс объектісінің сөздік сипаттамасы, ол өнертабыстық құқықтық көлемін анықтау үшін қолданылады

  4. өнертабыстың бір бөлігінің сипаттамасы, ол өнертабыс сипаттамасына тікелей әсер етпейді, тек өнертабыстық құқықтық көлемін анықтайды

  5. белгіленген ережелер бойынша құралған қысқаша сипаттама, ол өнертабыстың техникалық мәнін және өтінім берілген объектке деген құқық көлемін анықтайды

$$$ 15


Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенцияға сәйкес тауар белгісіне өтінім беру үшін арналған конвенционды басымдылық мерзімі:

  1. 3 жыл

  2. 5 жыл

  3. 10 жыл

  4. 15 жыл

  5. үзартуға жатпайды

$$$ 16


Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес өнертабысқа берілетін өтінімнің конвенционды басымдылықтың мерзімі:

  1. 6 ай

  2. 10 ай

  3. 12 ай

  4. 18 ай

  5. 2 жыл

$$$ 17


Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес өнеркәсіптік үлгіге берілетін өтінімнің конвенционды басымдылықтың мерзімі:

  1. 6 ай

  2. 10 ай

  3. 12 ай

  4. 18 ай

  5. 2 жыл

$$$ 18


Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясына сәйкес пайдалы модельге берілетін өтінімнің конвенционды басымдылықтың мерзімі:

  1. 6 ай

  2. 10 ай

  3. 12 ай

  4. 18 ай

  5. 2 жыл

$$$ 19


Келісім бойынша бір жақтың басқа жаққа өндірістік жекеменшік объектіні қолдануды ұсынушы:

А) патент иесі

В) лицензиар

С) лицензиат

D) дистрибьютор

Е) инвестор


$$$ 20

Келісім бойынша бір жақтың басқа жақтан өндірістік жекеменшік объектіні қолдануды алушы аталады:

А) патент иесі

В) лицензиар

С) лицензиат

D) дистрибьютор

Е) инвестор
$$$ 21

ҚР өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу жүйелері келесідей:



  1. көріну-тексеру

  2. көріну

  3. тексеру

  4. қоя тұрған

  5. классикалық

$$$ 22


‡шінші жаққа сублицензияны беру кезінде мынадай жағдайларда лицензиатқа шектеулер қойылады:

  1. оған патент құқығын қайта бергенде

  2. патенттелген өнертабысты қолдануға лицензияны толық алған кезде

  3. патенттелген өнертабысты қолдануға айырықша лицензия берілгенде

  4. патенттелген өнертабысты қолданғанда қарапайым лицензия берілгенде

  5. шектеулер жоқ

$$$ 23


Лицензионды келісім шартқа отырған кезде нақты бекітілген бағамен лицензиарға лицензиаттың төленетін ақысы қалай аталады?

А) паушальды төлем

В) роялти

С) аралас төлем

D) келісім түрінде

Е) алдын-ала жартылай төлем ақы төлеу арқылы


$$$ 24

Есеп периодынан кейін (жылдың аяғында) лицензионды келісімде бекітілген мөлшерде лицензиарға лицензиат марапатталып периодты төленуі аталады:

А) паушальды төлеммен

В) роялти

С) комбинирленген төлеммен

D) келісіммен

Е) аванс түріндегі төлеммен
$$$ 25

ҚР азаматтық заңдылығына сай, санаткерлік шығармашылық жұмыстың нәтижесін қолдану және құралдарды жекелендіруді (мысалы, атау) қолдану мына келісім болса ғана жүзеге асады:



  1. құқығы бар адамнан

  2. автордан

  3. ҚР үкіметінен

  4. автормен жұмыс істейтін мекемеде немесе кәсіпорында

  5. ешкімнің келісімі қажет емес

$$$ 26


Бірінші жақтың өндіріске кіру және патенттелген жаңа өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы моделге қолдануы үшін шарт қойып алады. Екінші жақтың бұл үшін белгілі ақшалы сый немесе басқа компенсация төлеу келісімі қалай аталады:

  1. ноу-хауды басқа тарапқа келісімі

  2. патентті басқа тарапқа беру келісімі

  3. лицензионды келісім

  4. лизинг жөніндегі келісім

  5. жалға беру жөніндегі келісім

$$$ 27


ҚР заңдылығына байланысты патентті келісімге сай лицензионды келісімнің күшіне енуі үшін:

  1. Қазпатентте лицензионды келісімді тіркеу қажет

  2. Қазпатентте лицензионды келісімнің тіркелуі немесе нотариуста бекітілген келісім болуы қажет

  3. Қазпатентте лицензионды келісімнің тіркелуі қажет емес немесе келісімнің нотариуста бекітілуі қажет емес. СМИ-да хабарлау жеткілікті

  4. Юстиция министірлігінде лицензионды келісімнің тіркелуі қажет

  5. мемлекеттік органдарда лицензионды келісімнің тіркелмеуі, бірақ келісімнің нотариуста бекітілуі қажет

$$$ 28


Келісім бойынша бір жақтың басқа жаққа өндірістік жекеменшік объектіні қолдануды ұсынушы:

А) патент иесі

В) лицензиар

С) лицензиат

D) дистрибьютор

Е) инвестор


$$$ 29

Келісім бойынша бір жақтың басқа жақтан өндірістік жекеменшік объектіні қолдануды алушы аталады:

А) патент иесі

В) лицензиар

С) лицензиат

D) дистрибьютор

Е) инвестор
$$$ 30

Алдын-ала лицензионды келісім бойынша потенциалды лицензиаттың қажетті объектінің технологиясымен не лицензиясымен танысу қалай аталады?



  1. ноу-хау ауыстыру келісімі

  2. ниеті бойынша келісімі

  3. опционды келісім

  4. лизинг бойынша келісім

  5. жалдау бойынша келісім

$$$ 31


Патентті зерттеу сәтінде объектімен белгілі аумақта және ұқсас техникалық аумақта функцияларының орындалуы мен ұқсас қасиеттері бар техникалық шешім қалай аталады?

  1. техника объектісі

  2. аналог

  3. прототип

  4. өнертабыс

  5. патент

$$$ 32


Өнертабыс ҚР патент заңына сәйкес жаңа деп саналады, егер:

  1. оның аналогтары болмаса

  2. ол туралы өтініш уақытында хабарланбаса

  3. мамандар үшін техника жағдайы айтылмаса

  4. кеңінен қолдануға жарамды болса

  5. техника деңгейі жөніндегі мәліметтерден белгілі болмаса

$$$ 33


Өнертабыс ҚР патент заңына сай өндірісте қолдануға жарамды деп саналады, егер:

  1. өндірісте қолданылуы мүмкін болса

  2. өндірісте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтауда т.б. қолданылуы болса

  3. адамдар қолдана алса және міндетті түрде қажет болса ғана

  4. өндірісте, ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтау т.б. органдарда қолданылып, тек пайда әкелсе ғана

  5. оны адам өміріне қолдана алса

$$$ 34


Өнертабысты патенттеуге байланысты Қазпатентке жіберілетін өтініш құжаттары өтініш пен басқа патенттік баж салығын төлеу туралы куәлік құжатынан басқа келесілерден тұруы керек:

  1. өнертабыстың сипаттамасы, өнертабыс формуласы, жұмыс сызбасы, реферат

  2. өнертабыстың сипаттамасы, формуласы, сызбасы және т.б. өнертабыс мәнін түсіну үшін керекті материалдар, реферат

  3. өнертабыстың сипаттамасы, формуласы, фотосуреттері, реферат

  4. өнертабыстың сипаттамасы, формуласы, сызбасы және т.б. өнертабыс мәнін түсіну үшін керекті материалдар, сенімхат, реферат

  5. өнертабыстың сипаттамасы, формуласы, реферат

$$$ 35


Патенттеуге өтініш материалдарын дайындаған кезде өнертабыстың сипаттамасының құрылымына келесілер кіруі керек:

  1. авторлардың аты-жөні, мекен жайы

  2. өнертабысты колдану үшін экономикалық тиімділігінің есебі

  3. өнертабыстың халықаралық жіктеу рубрика индексі

  4. өтініш берушімен тіркеу жазба жүргізуішінің мекен жайы

  5. сызбалар

$$$ 36


ҚР- да қабылданған ережелер бойынша өнертабыс формуласының пункты былай талданады:

  1. қанша сөзден тұрса да бір сөйлем болуы керек

  2. логикалық байланысқан жай сөйлемдерден, сөздер көлемі шағын болуы қажет

  3. сөз мөлшері саналатын бір сөйлемінен

D) фотосурет, сызба, формуласы бар текст түрінде

E) математикалық символдары бар есептеуден


$$$ 37

Патенткеқабілеті –бұл техника объектінің заңды қасиеті, ол келесіге негізделген:



  1. техника объектісін сатуға болады, себебі оның техникалық, немесе конструкторлық шешіміне айырықша құқығы жөнінде қорғау құжаты берілген

  2. белгілі технико-конструкторлық шешім белгілі объект үшін айырықша құқығы жөніндегі қорғау құжатын алуға болады

  3. белгілі техника объектісіне лицензия алуға болады

  4. белгілі техника объектісіне лицензия сатуға болады

  5. белгілі техника объектісі белгілі мемлекетте, оның құқықтарын бұзбай қолданылып және де үшінші жаққа тиісті болады

$$$ 38


Патентті тазалық – бұл техника объектінің заңды касиеті, ол келесіге негізделген:

  1. белгілі техника объектісін сатуға болады, себебі оның техникалық және конструкторлық шешіміне айырықша құқығы жөнінде қорғау құжаты берілді

  2. белгілі технико-конструкторлық шешім белгілі объект үшін айырықша құқығы жөніндегі қорғау құжатын алуға болады

  3. белгілі техника объектіне лицензия алуга болады

  4. белгілі техника объектіне лицензия сатуға болады

  5. белгілі техника объектісі белгілі мемлекетте, оның құқықтарын бұзбай қолданылып және де үшінші жаққа тиісті болады

$$$ 39


Патентті зерттеулер дегеніміз келесі мақсатпен жүргізілетін жұмыс кешені:

  1. техника объектісінің техникалық деңгейін жетілдіру, жоғарлату үшін және лицензия бағасын анықтау үшін

  2. техника объектісінің техникалық деңгейін қамтамасыз ету, патенткеқабілетін және патент тазалығын анықтау үшін

  3. лицензия бағасын анықтау, әзірленген техника объектісін патенттеу қажеттілігін анықтау үшін

  4. жаңа өнімге жарнамалық жұмыстарын дайындау, патенттазалығын анықтау үшін

  5. лицензионды келісім мен ноу-хау ауыстыру келісімі бойынша келісім құру, лицензия бағасын анықтау

$$$ 40


Қазақстанда техника объектісін өндіріске қою мақсатында және оның патенттік тазалығын анықтау үшін патенттелген техникалық шешімдерге патенттік ізденіс жүргізу тереңдігі қанша болуы керек?

  1. 1 жылдан 3 жылға дейін

  2. 5 жылдан 15 жылға дейін

  3. 20 жылдан 25 жылға дейін

  4. 50 жылдан аз емес

  5. 100 жыл

$$$ 41


Айырықша авторлық құқықтың иесі өзінің құқықтарын жариялау үшін келесі белгіні қолдана алады:

А) шығармаға айырықша авторлық құқығы бар мекеменің толық немесе қысқаша атауы, автордың толық атын қамтитын белгі

В) келесі үш элементтен тұратын белгі: шеңберге енгізілген латын «С» әрпі, айырықша авторлық құқық иесінің аты (атауы), шығарманың алғашқы жарияланған жылы

С) шығарманың стандартқа сәйкестігін көрсететін белгі

D) келесі екі элементтен тұратын белгі: шеңберге енгізілген латын «R» әрпі, шығарманың алғашқы жарияланған жылы

Е) автордың толық атауын көрсететін тауарлық белгі


$$$ 42

Отандық өнертабыстардың шетелде патенттеу мақсаты неде?



  1. экспорт өнімнің қорғалуы және инвестицияны шетелдік фирмалардан алуға тырысу

  2. лицензияны сату, қанағаттану

  3. ішкі нарықта бәсекелестігін қамтамасыз ету

  4. экспорт өнімін қорғау, шетелде лицензионды сатуды жүргізу

  5. өнімнің бәсекелестігін қамтамасыз ету

$$$ 43


Патентке сенім білдірген өкіл деп кімді айтамыз?

  1. кәсіптік меншік объектілерін патентке байланысты патент кызметін іске асыратын заңды тұлға

  2. өндірістің, ұйымның, фирманың патент бөлімінің жұмысшысы

  3. өнертабысқа, тауарлық белгілерге патент бөліміне түсетін өтінімдерді сараптау жүргізетін патент ведомствосының жұмысшысы

  4. азаматтық сотта патентиеленушіні көрсететін, кұкық кәсіптік меншік сұрақтарына байланысты кеңес, кәсіптік меншік объектілеріне патент өтінімін құрастыру және іс жүргізуімен айналасатын физикалық түлға

  5. патентиеленушіні азаматтық сотта көрсететін тұлға

$$$ 44


Контрафакты тауарлар- бұл...

  1. өндірішулермен өндірілген, ережелерді бұзып, басқа мемлекетке заңсыз жолмен енгізілген тауарлар

  2. өндірілген және тауарлы белгімен белгіленген үшінші тұлғаның құқығын бұзып өндірілген тауарлар

  3. өндірілген күні койылмаған тауарлар

  4. пайдалану сапасы төмен тауарлар

  5. пайдаланушының денсаулығына зиян келтіретін тауарлар

$$$ 45


Патентиеленушінің айырықша құқығын бұзушылық:

  1. алынған лицензия негізінде қорғалатын өнертабыстарды пайдаланып жасалған, өнімдерді өндіру

  2. патентиеленушінің құқығын бұзып жасалған, өнімді сатуға берілген өтініш

  3. басқа тұлғаға тиісті, өндірістің қаржысын өзіне тартып алу

  4. өнеркәсіптік меншік объектісін құрайтын ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерді жүргізу

  5. өнеркәсіптік меншік объектілерін құрайтын құралдарды колдану

$$$ 46


Қандай жағдайда Қазпатентпен өнертабысқа берілетін өтінімге мәні бойынша сараптама жүргізіледі?

  1. өтінушіден сұраным алу негізінде

  2. үшінші жақтан сұраным алу негізінде

  3. өтінуші мен үшінші жақпен алынған сұраным алу негізінде алдын ала патентті беру жөніндегі мәліметтер хабарланған соң, бірақ белгіленген уақытқа дейін

  4. өтінім материалдарының сараптамасы қажет емес, себебі Қазпатентпен жүргізілетін сараптаманың екінші сатысында материалдардың сараптамасы жүргізіледі

  5. өтінім берген уақыттан бастап үш жылға дейін үшінші жақ немесе өтінім берушінің сұранымы алу негізінде

$$$ 47


Алдын ала қолдану құқығы дегеніміз:

  1. өтінім берушінің атына патент берілгенге дейін оған өнеркәсіптік меншік объектісін басқа адамға қолдану құқығын бергені үшін марапаттау құқығына ие болуы

  2. өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенция қатысқан елдің патенттік ведомствосы басымдылық конвенциясына сәйкес өнертабысқа өтінім берген уақыттан бастап өтінім беруші басымдылық орнату құқығына ие болуы

  3. өнеркәсіптік меншік объектісін қолдану үшін патент иеленушінің алынған лицензия туралы хабардар ету құқығы

  4. өнертабысқа патенті бар тұлғаның бұл өнертабысты басқа тұлғаның қолдану құқығы

  5. өтінім берушімен өтінімді қайтарып алып, жаңа өтінім беруге құқығы

$$$ 48


Өнертабысқа, пайдалы моделге, өнеркәсіптік үлгіге Қазпатентте патенттеуге өтінім берген соң шет елдерде осы өнертабысты, пайдалы моделді, өнеркәсіптік үлгіні патенттеуге рұқсат алу үшін және өтінім беруші мен мемлекетке ешбір зиян келтірмейтін құжат алу үшін қайда жіберіледі:

A) Әділет министрлігіне

B) Сауда мәселелерімен айналысатын министірлігіне

C) Қазпатентке

D) кеден комитетінің басқару бөліміне

E) арнайы рұқсат құжатын алу қажет емес


$$$ 49

Санаткерлік меншікті қорғау жөніндегі халықаралық ұйымның атауының қысқаша аты қандай?

A) МОТ

B) ВОЗ


C) МАГАТЭ

D) ВОИС


E) МВФ
$$$ 50

Лицензионды келісімнен ерекшелінетін ноу-хауды ауыстыру жөніндегі келісімнің міндетті шарты қандай?

А) лицензиардың лицензиатқа техникалық жағынан көмектесу міндеті

В) лицензиаттың лицензиарға төлем жасау міндеті

С) осы келісімге отырған кезде келісім мәтінінде келісімнің басталуы мен аяқталуын көрсету

D) келісімнің заңды тұлғаларын көрсету

Е) ноу-хау жөніндегі мәліметтердің құпиялылығын сақтау шарттарын екі жақта да сақтау міндеті
$$$ 51

Жоғары деңгейде бәсекелестік қабілеті бар өнімді өндіруге қажетті патенттелмеген өнертабыстар, білім мен тәжірибесі жөніндегі мәліметтердің құпиялы жиынтығы қалай аталады?

А) өнертабыс

В) инновациялық ұсыныс

С) новаторлық ұсыныс

D) рационализаторлық ұсыныс

Е) ноу-хау
$$$ 52

Қазақстан Республикасында патентпен қорғалатын өнертабысты (пайдалы моделді, өнеркәсіптік үлгіні) қолдануға құқықты беретін келісімнің әрекет мерзімі қанша?

А) уақытта белгілі шектеулер жоқ, себебі екі жақ лицензиялық келісімге отырған кезде шектеу орнатылмайды

В) 5 жыл


С) 10 жыл

D) патенттің қалған әрекет мерзімі, егер патентиеленушінің оған құқығы сақталынса

Е) лицензиялық келісімді тіркеу кезінде Қазпатентпен орнатылған мерзім
$$$ 53

Қазақстан Республикасында өнертабысқа патенттерді беру туралы және олардың әрекет етуін тоқтатуы туралы мәліметтері бар патенттік құжаттамаға не жатады?

А) «Дүниежүзі елдердің өнертабыстары» атты реферативті журнал

В) Қазақстандық мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институтымен шығарылатын реферативті журнал

С) Қазақстан Республикасының «Өнеркәсіптік меншік» атты ресми бюллетені

D) «Патенттер және лицензиялар» атты журнал

Е) «Қазақстанның ғылыми жаңалықтары» атты реферативті журнал
$$$ 54

Егер лицензиялық келісімде лицензияның түрі белгіленбеген болса, онда осы келісімге сай қандай құжат беріледі?

А) қарапайым, айырықша емес лицензия

В) толық лицензия

С) айырықша лицензия

D) патентті басқа тарапқа беру құжаты

Е) ғылыми-техникалық құжаттаманы беру туралы құжат
$$$ 55

Өнертабыс ретінде ұсынылатын қондырғалардың сипаттамаларына келесі қасиеттер қолданылмайды:

А) конструктивті элементтің бар болуы

В) элементтер арасындағы қатынастың бар болуы

С) элементтердің өзара орналасуы

D) элементтің немесе қоңдырғының орындау формасы, жеке алғанда геометриялық формасы

Е) уақыт ішінде әрекеттерді орындау тәртібі
$$$ 56

Өнертабысты патенттеу кезінде өтініш материалдардың «Өнертабыстың мәні» атты бөлімінде келесі мәліметтер болуы керек:

А) қасиеттері жағынан өнертабысқа жақын аналогты таңдап алып, өтініш берушіге белгілі өнертабыстың аналогтары жайындағы мәліметтер

В) суреттердің тізімі және әр суретте оның қысқаша белгіленуі

С) техникалық нәтижесі көрсетілген өнертабыстың шешімін толық ашатын мәселе

D) өнертабыстың атауы және өнертабыстардың халықаралық жіктеу индексі

Е) өнертабыстың сипаттамасының құрылымында жоқ мәліметтер
$$$ 57

Меншіктің үш түрі бар: жылжымалы, жылжымайтын және ...

А) жекеменшік

В) өнеркәсіптік

С) авторлық

D) санаткерлік

Е) патентті
$$$ 58

Қазақстан Республикасында санаткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау ненің салдарынан шығады?

А) оларды құру дерегінің күшінің нәтижесінен

В) уәкілетті мемлекеттік органға құқықтық қорғауды беру салдарынан

С) Әкімшілік кодексінде көрсетілген тәртіпке сәйкес

D) оларды құру дерегінің күшінің және уәкілетті мемлекеттік органға құқықтық қорғауды беру салдарынан

Е) өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенцияда көрсетілген тәртіпке сәйкес
$$$ 59

Өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіпте қолдануға жарамды деп саналады, егер ол...

А) бұйымды дайындау жолымен шығарылса

В) бұйымды дайындау жолымен бірнеше рет шығарылса

С) техника деңгейі мәліметтерінен оның маңызды қасиеттерінің жиынтығы белгілі болмаса

D) ол өнеркәсіпте, ауыл-шаруашылығында және денсаулық сақтауда қолданыла алса

Е) оның маңызды қасиеттері бұйымның эстетикалық ерекшеліктерінің шығармашылық сипаттамасын анықтаса
$$$ 60

Санаткерлік меншікке анықтама қандай Халықаралық конвенцияда берілген?

А) МОТ

В) ВОЗ


С) ВТО

D) ВОИС


Е) Еуразиялық патентті конвенцияда
$$$ 61

Патенттік зерттеулердің мақсаты неде?

А) жаңа өнімді дайындап шығарудың қажеттілігінде

В) МПК рубрикасын анықтауда

С) библиографиялық мәліметтерді сәйкестендіру үшін

D) ИНИД кодтарын анықтау үшін

Е) құқықты мойындау үшін
$$$ 62

Патенттік-ақпараттық зерттеулерді жүргізу неден басталады?

А) анықтаманы толтырудан

В) тапсырманы құрудан

С) шешімдерден

D) ізденіс мемлекетін анықтаудан

Е) ізденістің тереңдігін анықтаудан
$$$ 63

Патентті зерттеулерді жүргізу кезінде патентті емес құжаттамаларды қолдануға бола ма?

А) иә

В) жоқ


С) егер тапсырмада көрсетілсе

D) ізденістің тереңдігіне байланысты

Е) дипломдық (курстық) жұмыстың тақырыбына байланысты
$$$ 64

Қандай құжат РГКП «¦лттық санаткерлік меншік институтына» патентеуге өтінімді жіберуге құқықты растайды?

А) лицензиялық келісім

В) опционды келісім

С) авторлық куәлік

D) өнертабыс формуласы

Е) растау керек етілмейді
$$$ 65

Лицензияның қандай түрі мүлдем болмайды?

А) толық

В) толық емес

С) айырықша

D) айырықша емес

Е) ашық
$$$ 66

Инновациялық патентті және патентті беретін өтінімде келесі мәліметтер көрсетілмейді:

А) берілген құжаттардың тізімі

В) авторлардың мекен-жайы

С) өнертабыс формуласы

D) өнертабыстың атауы

Е) патентке сенім білдірген өкілдер туралы мәліметтер
$$$ 67

Патентті құжаттамада ақпараттың қандай түрі беріледі?

А) библиографиялық

В) техникалық

С) библиографиялық және техникалық

D) патентті-технологиялық

Е) негізгі және қосымша
$$$ 68

Өнертабыстың сипаттамасының қандай бөлімінде өтініш берушіге мәлім өнертабыстардың аналогтары жайында мәліметтер берілген және олардың ішінен қасиеттер жиынтығы бойынша өнертабысқа жақын болып келетін аналогты іріктеп алуы берілген?

А) техника саласы бөлімінде

В) техника деңгейі бөлімінде

С) өнертабыстың мәнінде

D) өнертабыс формуласында

Е) рефератта
$$$ 69

Өнертабыс туралы ақпарат, яғни өнертабыстың сипаттамасының мазмұнын қысқаша баяндалуы, оған оның атауы, техника саласының сипаттамасы, өнертабыс мәнінің сипаттамасы қайда көрсетіледі?

А) оның сипаттамасында

В) оның формуласында

С) рефератта

D) сызбаларды және басқа материалдарда

Е) сенім хатта
$$$ 70

Лицензияның қай түріне сай патентиеленуші лицензия объектісін қолдануға өзінің монополды құқықтарын басқа тарапқа бере алады және осымен оның келісімдегі әрекет мерзіміне құқықтарынан айырылады?

А) қарапайым

В) айырықша

С) толық

D) толық емес

Е) сублицензия
$$$ 71

Өнеркәсіптік меншік объектісінің иесі бермей лицензиат беретін лицензия қандай түрге жатады?

А) қарапайым

В) айырықша

С) толық

D) толық емес

Е) сублицензия
$$$ 72

Патентті-ақпаратты зерттеулерді жүргізген кезде ақпарат көздері ретінде қолданылатын көздер№

А) тек қана патентті құжаттама

В) патентті құжаттама және ғылыми-техникалық әдебиет

С) патентті құжаттама және ғылыми-техникалық әдебиет және конъюнктуралық ақпарат

D) тек қана ғылыми-техникалық әдебиет

Е) тек қана конъюнктуралық ақпарат
$$$ 73

Жоғары техникалық деңгейді, патенткеқабілеттілік және техника объектілердің патентті тазалығын қамтамасыз ету мақсатында ғылыми ашылуларға және техникалық шешімдерге жататын патентті және ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, таңдау, іріктеу, талдау жөніндегі жұмыстардың жиынтығы қалай аталады?

А) патентті зерттеулер

В) конъюнктуралық зерттеулер

С) маркетингтік зерттеулер

D) сапа менеджмент жүйесі

Е) ақпараттық зерттеулер
$$$ 74

Патентті-ақпараттық зерттеулерді жүргізген кезде міндетті түрде ақпаратты дүниежүзіндегі елдерден ізденіс арқылы табады, осы міндетті тізімге қай елдер жатады?

А) Кеңес Одағы, Ресей және ТМД елдері

В) Кеңес Одағы, Франция, Норвегия

С) Жапония, үшінші жақ елдері

D) АҚШ, Германия, Чили, Алжир

Е) Жапония, Швейцария, Кеңес Одағы (Ресей), АҚШ, Франция, Германия, ¦лыбритания
$$$ 75

МПК А бөлімі қалай аталады?

А) Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру

В) Әртүрлі технологиялық процестер

С) Химия және металлургия

D) Текстиль, қағаз

Е) Құрылыс, тау жұмыстары
$$$ 76

МПК В бөлімі қалай аталады?

А) Механика, жарық, жылу, насостар, қару-жарақтар, жарылыс жұмыстары

В) Физика

С) Жарық

D) Химия және металлургия

Е) Әртүрлі технологиялық процестер
$$$ 77

МПК С бөлімі қалай аталады?

А) Физика

В) Химия және металлургия

С) Механика, жарық, жылу, насостар, қару-жарақтар, жарылыс жұмыстары

D) Текстиль, қағаз

Е) Әртүрлі технологиялық процестер
$$$ 78

МПК D бөлімі қалай аталады?

А) Жарық

В) Әртүрлі технологиялық процестер

С) Физика

D) Текстиль, қағаз

Е) Химия және металлургия
$$$ 79

МПК Е бөлімі қалай аталады?

А) Құрылыс, тау жұмыстары

В) Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру

С) Жарық

D) Физика

Е) Химия және металлургия
$$$ 80

МПК F бөлімі қалай аталады?

А) Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру

В) Механика, жарық, жылу, насостар, қару-жарақтар, жарылыс жұмыстары

С) Жарық

D) Текстиль, қағаз

Е) Физика
$$$ 81

МПК G бөлімі қалай аталады?

А) Физика

В) Механика, жарық, жылу, насостар, қару-жарақтар, жарылыс жұмыстары

С) Жарық

D) Химия және металлургия

Е) Текстиль, қағаз
$$$ 82

МПК Н бөлімі қалай аталады?

А) Механика, жарық, жылу, насостар, қару-жарақтар, жарылыс жұмыстары

В) Адамның өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру

С) Физика

D) Химия және металлургия

Е) Жарық
$$$ 83

Монографиялар, әдебиеттік шолулар, журналдық мақалалар, ҒЗЖ бойынша есептер қандай әдебиеттерге жатады?

А) ғылыми-техникалық әдебиеттерге

В) патенттік әдебиеттерге

С) конъюнктуралық ақпарат көздеріне

D) патенттік құқық көздеріне

Е) жарнама материалдарына
$$$ 84

Өнертабыстарға берілетін патенттердің сипаттамалары, патенттік ведомствовалардың бюллетендері, өтініштерге сипаттамалар қандай әдебиеттерге жатады?

А) ғылыми-техникалық әдебиеттерге

В) патенттік әдебиеттерге

С) конъюнктуралық ақпарат көздеріне

D) патенттік құқық көздеріне

Е) жарнама материалдарына
$$$ 85

Фирмалық анықтамалар, каталогтар қандай әдебиеттерге жатады?

А) ғылыми-техникалық әдебиеттерге

В) патенттік әдебиеттерге

С) конъюнктуралық ақпарат көздеріне

D) патенттік құқық көздеріне

Е) жарнама материалдарына
$$$ 86

Өнертабыстың жаңашылдығын анықтау мақсатымен жүргізілетін патенттік-ақпараттық зерттеулердің ізденіс тереңдігі қанша?

А) 50 жылдан аспайды

В) 1 жылдан 3 жылға дейін

С) 20 жыл

D) 5 жылдан 15 жылға дейін

Е) 100 жыл
$$$ 87

ҚР Патент заңына сәйкес өнертабысқа патентті сұрау кезінде қорғауқабілеттілігінің критериялардың біріне не жатады?

А) локалды (жергілікті) деңгейдегі жаңалық

В) әлемдік деңгейдегі жаңалық

С) пайдалылығы

D) әртүрлі қабілеттіліктің бар болуы

Е) ерекшелігі
$$$ 88

Өнеркәсіптік меншік объектісін әртүрлі әдіспен қолдануға патентиеленушінің жекеменшік құқығы қалай аталады?

А) азаматтық құқық

В) авторлық құқық

С) айырықша құқық

D) конституциялық құқық

Е) айырықша емес құқық
$$$ 89

Патентке сенім білдірген өкілдер дегеніміз кім?

А) өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеуге байланысты патенттік қызметтерді орындайтын заңды тұлғалар

В) кәсіпорынның, мекеменің, фирманың патенттік бөлімінің жұмысшылары

С) патенттік ведомствоға өнертабыстарға, пайдалы моделдерге, өнеркәсіптік үлгілерге және тауарлық белгілерге берілетін өтінімдерге сараптауды жүргізетін қызметкерлер

D) Қазпатент алдында Патент заңдылығына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға құқық бере алатын Қазақстан Республикасының азаматтары

Е) патенттің нақтылығы жөніндегі мәселелерді азаматтық сотта патентиеленушіні ұсынушы тұлғалар
$$$ 90

Заңда көрсетілген өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау шарттарына жататын шарттар.

А) лицензионды келісім шарттары

В) өзара-алмасушылық шарттары

С) патенкеқабілеттілік шарттары

D) авторлық құқықты қолдану шарттары

Е) тауарлық белгілерді және тауардың шығу тегін қолдану шарттары
$$$ 91

Өтінім беруші дегеніміз кім?

А) өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеуге байланысты патенттік қызметтерді орындайтын заңды тұлғалар

В) шығармашылық еңбекпен шығарылған жеке тұлға

С) шығарманы ойлап табуға өзіне міндет болып алған жеке немесе заңды тұлға

D) тауарлық белгіні тіркеуге өтінім берген заңды немесе жеке тұлға

Е) жекеменшік құқықтары бар жеке немесе заңды тұлға

$$$ 92


Қызметтік міндеттерді орындау кезінде жұмысшымен дайындалған өнеркәсіптік меншік объектілеріне не жатады?

А) пайдалы моделдер

В) өнеркәсіптік үлгілер

С) фирмалық атаулар

D) қызметтік өнертабыстар

Е) тауарлық белгілер


$$$ 93

Қазақстан Республикасында авторлық және сабақтас құқықтарын бұзатын фонограммаларды немесе шығарма даналарын өндіру және оларды тарату қалай аталады?

А) фонограммалар

В) шығарманың даналары

С) фонограмма даналары

D) көшірмелер

Е) контрафактты даналар
$$$ 94

Евразиялық патенттік конвенцияға сәйкес қандай қорғау құжаты (тары) беріледі?

А) тауарлық белгіге евразиялық патент

В) өнертабысқа евразиялық патент

С) өнертабысқа, пайдалы моделдерге, өнеркәсіптік үлгілерге евразиялық патент

D) өтінімде көрсетілген елдердің өнертабыстарға, пайдалы моделдерге, өнеркәсіптік үлгілерге ұлттық патенттер

Е) өтінімде көрсетілген елдердің өнертабыстарға ұлттық патенттер

$$$ 95


Аталған объектілердің ішінен өнертабыс объектісіне қайсысы жатпайды?

А) ғылыми теория

В) қоңдырғы

С) өсімдік пен жануарлардың жасушаларының культуралары

D) зат

Е) микроорганизмдер штаммалары


$$$ 96

ҚР Патент заңына сай өнертабыстың патенткеқабілеттілік критерияларының бірі:

А) өзгешілдігі

В) маңызды ерекшеліктердің бар болуы

С) жаңашылдығы

D) пайдалылығы

Е) әртүрлі қабілеттілігінің бар болуы
$$$ 97

ҚР Патент заңына сай пайдалы моделдің патенткеқабілеттілік критерияларының бірі:

А) өзгешілдігі

В) маңызды ерекшеліктердің бар болуы

С) ойлаптабу деңгейінің бар болуы

D) пайдалылығы

Е) әртүрлі қабілеттілігінің бар болуы
$$$ 98

Өтінім берілетін объектінің құқық мөлшерін анықтайтын және өнертабыстың техникалық мәнін белгілейтін белгілі ережелер бойынша құрылған қысқаша сипаттама қалай аталады?

А) өнертабыстың формуласы

В) өнертабыстың рефераты

С) өнертабыстың сипаттамасы

D) өнертабыстың аннотациясы

Е) сызбаға түсіндірме
$$$ 99

Евразиялық патенттік конвенцияға сәйкес қандай қорғау құжаты (тары) беріледі?

А) тауарлық белгіге евразиялық патент

В) өнертабысқа евразиялық патент

С) өнертабысқа, пайдалы моделдерге, өнеркәсіптік үлгілерге евразиялық патент

D) өтінімде көрсетілген елдердің өнертабыстарға, пайдалы моделдерге, өнеркәсіптік үлгілерге ұлттық патенттер

Е) өтінімде көрсетілген елдердің өнертабыстарға ұлттық патенттер
$$$ 100

Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы қашан қабылданды?

А) 1825 ж.

В) 1883 ж.

С) 1990 ж.

D) 1925 ж.



Е) 1967 ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет