Есеп № 10
Эксперимент жүзінде сау және ваготомия жасалған егеуқұйрықтардың асфиксия кезіндегі сыртқы тыныс алу бұзылыстарының сипатын зерттеген.
Екі егеуқұйрықтағы асфиксия кезіндегі сыртқы тыныс алу бұзылыстарының кезектілігі бірдей болады ма? Жоқ болса, неге және қандай ерекшеліктер болады?
Есеп № 11
Эксперимент жүзінде альвеолалық тыныс сипатын зерттеу кезінде, өкпенің СО2 үшін диффузиялық қысымы сынап бағанасы бойынша 6 мм тең екендігі анықталған.
Ағып келген қан құрамынан СО2-ның альвеола қуысына толық диффузиялануы үшін осы қысым жеткілікті ме?
Есеп № 12
Біреуі наркоз жағдайындағы екі егеуқұйрықты барокамераға отырғызып, гипобариялық жағдай туындатқан.
Қай егеуқұйрықта бірден өлім дамиды және неге?
Есеп № 13
Эксперимент жүзінде жануардың екінші мойын сегменті деңгейінде жұлынды жартылай кесіп тастаған кезде, тыныс алу актысына диафрагма мен зақымдалған жақтағы жарты кеуде клеткасының қатыспайтындығы байқалды.
Жартылай кесілген жұлын жағындағы сыртқы тыныс алу бұзылыстарын қайта қалпына келтіруге болады ма?
Есеп № 14
Тәжірибеде итті қоршаған ортаның жоғарғы температурасы мен оттегі жеткіліксіздік жағдайында ұстау арқылы, тыныс алу бұзылыстарын туғызған. Итте тыныс алудың қысқа уақытты тоқтау кезеңдерінен кейін, тыныс алу актысының біртіндеп тереңдігі мен жиілігінің өсуімен сипатталатын тыныс байқалды. Содан соң белгілі бір деңгейге жеткенде, қайта тыныс алу бәсендеп, тоқтауға дейін барған.
Эксперимент жүзінде сыртқы тыныс алу жеткіліксіздігінің қандай түрі алынды?
Есеп № 15
Эксперимент жүзінде сау иттерде өкпенің бір бөлігін немесе тұтастай өкпені алып тастау қан оксигенациясының бұзылысынсыз өткен, ал өкпенің бір бөлігін осы бөлікке тән бронхты бітеу арқылы желденуден шығарған кезде, артериялық қанның оттегімен қанығуының 5-6 пайызға төмендегені анықталған.
Өкпенің резекциясы мен пульмонэктомиясына қарағанда, сау өкпенің бір бөлігінің обтурациялық жеткіліксіздігі кезінде, қанның оксигенациясы неге төмендейді?
Достарыңызбен бөлісу: |