Есеп № 16
Иттің өкпе тініне 3 мл ыстық стерильді су жіберу арқылы өкпенің жедел қабыну үрдісін туғызған.
3 күн өткенде сыртқы тыныс алу көрсеткіштерін зерттеген. Осы кезде артериялық қанның оттегімен қаңығуы төмендегендігі, ал қандағы СО2 мөлшерінің өзгермегендігі анқыталған.
Эксперименттік иттегі өкпенің газ алмасуының бұзылуы неге тек гипоксемия түрінде айқындалды, неге гиперкапния байқалған жоқ?
Есеп № 17
23 жасар науқасты жасанды тыныс алуға көшірген. Қанның газдық құрамын зерттеген кезде, артериялық қанда оттегінің қысымы сынап бағанасы бойынша 85 мм, ал көмір қышқыл газы – 45 мм с.б. тең болған.
Бұл жағдайда сыртқы тыныс бұзылысының компенсациялану деңгейі жеткілікті ме?
Есеп № 18
Отқа төзімді кірпіштерді нығыздау жұмысын атқаратын, 20 жылдық стажы бар, 43 жасар науқас жұмыс жасаған кезде ентігудің пайда болуына байланысты еңбекке қабілеттілігі төмендейтінің айтып шағымданды.
Объективтік зерттеу кезінде терісінің бозарғандығы, кеуде клеткасының дұрыс формасы, екі жағынында тыныс алу актысына бірдей белсенді қатысуы байқалды. Бірақ өкпенің керілу шекараларының шектелгендігі, қатаң тыныс, құрғақ, таралған сырыл байқалды.
Рентгенография кезінде - өкпе суреті ошақтық пневмосклероз типі бойынша өзгерген.
Сыртқы тыныс алу нәтижесінің біршама төмендегені анықталды – артериялық қанның оттегімен қаңығуы 74 % құрайды.
1. бұл жағдайда тыныс алу жеткіліксіздігі тыныс алу жүйесінің қандай қызметінің бұзылуы салдарынан дамып отыр?
2. Ентігудің тек жұмыс жасағанда ғана байқалуын қалай түсіңдіруге болады?
Есеп № 19
42 жасар Г. деген науқас кеудесінің оң жақ бөлігіндегі Х және ХІ қабырғаларының жабық сынуы бойынша ауруханада жатыр, тексеру кезінде өкпе тінінің зақымданбағаны анықталған.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тыныс алу жиі – минутына 13 рет және беткейлік. Тыныс алған кезде кеуде клеткасының оң жақ жартысының қалып қоятыны байқалған.
Жалпы спирография кезінде анықталғаны: тыныс алу көлемі 83 %, тыныс алудың минуттық көлемі 82 %, өкпенің тіршілік сыйымдылығы 90 %.
Бұл жағдайда өкпе ветиляциясының қандай бұзылу түрі байқалады?
Достарыңызбен бөлісу: |