Есеп № 13
Аурухананың қабылдау бөліміне ес-түссіз науқасты алып келген. Науқаста терең, шулы тыныс, терісі мен кілегей қабаттарының құрғауы байқалған. Тыныс шығарғанда ацетон иісі шығады. Қандағы қант – 25 ммоль/л, кетондық денелер – 0,57 ммоль/л.
Мұндай жағдай қалай деп аталады?
Осындай жағдайлар қандай гормонның жеткіліксіздігі кезінде дамиды?
Науқаста кетондық денелердің тым артық өндірілуінің механизмі және клиникалық көріністердің патогенезіндегі маңызы қандай?
Есеп № 14
Шизофрениямен ауыратын А. деген науқаста инсулиндік шокпен ем алғаннан кейін қантты диабет ауруы дамыған. Қосымша тексеру кезінде, науқастың қан сарысуын тәжірибелік жануарға бір уақытта инсулинмен бірге енгізген кезде, инсулиннің гипогликемиялық әсері жойылатыны анықталған.
Науқаста инсулиндік шокпен емделгеннен кейін қантты диабеттің дамуын қалай түсіндіруге болады?
Есеп № 15
48 жасар А. деген науқас 7 жылға жуық акромегалиямен аурады. Соңғы кездері ауызының құрғауы, шөлдеу, полиурия байқалған, соған байланысты дәрігерге келген. Тексеру кезінде науқаста гипергликемия, глюкозурия анықталған.
Бұл жағдайда мұндай симптомдардың дамуы неге негізделген?
Есеп № 16
Қалқанша безінің дерті дамыған науқасты радиоиммундық анализ әдісімен тексеру кезінде қан сарысуында тироксин (Т4), үшйодтиронин (Т3) және тиреотроптық гормондар (ТТГ) анықталған. Қан сарысуындағы Т4 және Т3 мөлшері төмендеген, ал ТТГ базальдық деңгейі жоғарлаған.
Бұл алынған мәліметтер қалқанша безінің гипер- немесе гипофункциясын айқындайды ма?
Есеп № 17
9 жасар витя деген баланың қалқанша безінің көлемі өскен. Тексеру кезінде қанында тироксин және үшйодтиронин деңгейінің төмендегені, ал тиреотроптық гормондардың жоғарлағаны анықталған. Радиобелсенді йод сынамасынан изотоптардың күшті және жылдам сіңірілуі айқындалған.
Бұл жағдайдағы тиреоидтық гормондар синтезінің төмендеу механизмі қандай?
Баланың қалқанша безі көлемінің өсу механизмі қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |