«патофизиология – » пєнінен курс «жалпы медицина» мамандыѓы бойынша білім алатын студенттерге арналѓан ситуациялыќ есептер



бет44/95
Дата15.05.2024
өлшемі292.94 Kb.
#501185
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95
«ïàòîôèçèîëîãèÿ – » ïºí³íåí êóðñ «æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäûƒû áîéû

Есеп № 14
Науқас Д., 54 жаста, баспаханада теруші болып қызмет атқарады. Ауруханаға жалпы әлсіздікке, басының ауырсынуына, басының айналуына, ұйқысының нашарлауына шағымданып келген.
Қанын тексеру кезінде анықталғаны:
Эритроцит 3,2х /л
Гемоглобин 69 г/л
Түсті көрсеткіш 0,65
Лейкоциттер 6,1х /л
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 0
Таяқша ядролы 6%
Сегменттік ядролы 62%
Эозинофилдер 3%
Базофильдер 1%
Лимфоциттер 24%
Тромбоциттер 220х /л
Жұғындыда: гипохромия, микроанизоцитоз, аздаған полихромато-фильдер, нысана тәріздес эритроциттер, базофильдік түйіршікті эритроцит-тер, ретикулоциттер - 1,8%. Сарысулық темірдің деңгейі – 63 мкмоль/л.

  1. Бұл анализ қанның қандай патологиясын дәлелдейді?

  2. Анықталған қан патологиясының патогенезі қандай?



Есеп № 15
Ащы ішектің полипоздық зақымдануына байланысты жасалған резекциядан кейін 4 ай өткенде науқаста мегалобластық анемия дамыған.
Бұл жағдайда анемияның дамуы қай фактордың, В12 витаминінің, әлде фолий қышқылының жеткіліксіздігіне негізделген?


Есеп № 16
Науқас Д., 62 жаста, асқазан обыры диагнозымен ауруханада ем қабылдауда.
Ауруханаға түскен кездегі қан анализі:
Эритроцит 1,3 х 1 мкл-де
Гемоглобин 58 г/л
Түсті көрсеткіш 1,3
Лейкоциттер 2,8х 1 мкл-де
Лейкоцитарлық формула
Метамиелоциттер 1%
Таяқша ядролы 8%
Сегменттік ядролы 45%
Эозинофилдер 1%
Базофильдер 0
Лимфоциттер 40%
Моноциттер 5%
Тромбоциттер 120х 1 мкл-де
Жұғындыда: макроанизоцитоз, пойкилоцитоз, Жолли денешігі, Кебот жүзігі, полисегменттелген нейтрофильдер, ретикулоциттер - 0,1%.

  1. Шеткері қан құрамының өзгерісі қанның қандай патологиясына тән?

  2. Науқаста дамыған қан патологиясының мүмкін болатын механизімі қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет