Патофизиология кафедрасы



бет17/17
Дата09.06.2016
өлшемі1.48 Mb.
#124908
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Тиреотоксикоз, микседема, Аддисон ауруы, Иценко-Кушинг ауруларында ауыз қуысындағы өзгерістер.

  • Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі. Остеогенді жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылыстары. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезінде кәлций, фосфор алмасуының рөлі.

  • Тірек қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар (тұқымқуатын және жүре пайда болған) туралы түсінік, этиологиясы және патогенезі.

  • Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.

  • Тері ауруларының жалпы этиологиясы мен патогенезі. Тері аурулары патогенезіндегі ішкі және сыртқы этиологиялық жайттардың сипаттамасы. Терінің зақымдануға төзімділігі.

  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің анықтамасы. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің патогенезіне, зақымдану орнына, қанның газдық құрамының өзгерістеріне қарай жіктелуі. Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі. Ұяшық-қылтамырлық мембранадан газдардың диффузиясының бұзылу себептері, механизмдері

  • Өкпе вентиляциясының бұзылыстары, себебі, патогенезі, түрлері. Өкпе гиповентиляциясының обструкциялық түрі. Себептері, патогенезі, жоғары және төменгі тыныс жолдарының обструкциясында өкпе көлемдерінің өзгерістері. Стоматологиялық ауруларда тыныс жолдарының обструкциясы.

  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрі, өкпеішілік және өкпеден тыс себептері, патогенезі, өкпе көлемдерінің өзгерістері..

  • Сыртқы тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі. Өкпелік гпертензия мен гипотензияның себептері мен патогенезі. Вентиляциялық-перфузиялық арақатынастың бұзылыстары, тыныс жеткіліксіздігі патогенезіндегі маңызы.

  • Сыртқы тыныс реттелуінің бұзылыстары (тыныс орталығының зақымдануы, афферентті және эфферентті тетіктер), этиологиясы мен патогенезі.

  • Тыныс ырғағы, жиілігі, тереңдігі бұзылыстарының тетіктері және себептері. Брадипноэ, тахипноэ, гиперпноэ, апное, даму тетіктері. Үзілістік тыныстар, түрлері, даму тетіктері. Ақтық тыныс түрлері.

  • Ентігу, анықтамасы, даму тетіктері. Ентігудің түрлері, патогенезі. Тұншығу туралы түсінік, себептері, сатылары және олардың патогенезі.

  • Респираторлық дистресс-синдром, этиологиясы мен патогенезі

  • Жүрек ырғағы бұзылыстарының жіктелуі. Синустық тахикардия, синустық брадикардия, синустық аритмия, экстрасистолия, ұстамалы тахикардия, толық және жартылай атриовентрикулалық бөгеттердегі ЭКГ-дағы өзгерістері және гемодинамиканың жағдайы. Қарыншалар жыпылығы туралы түсінік. Жүректің дефибрилизациясы.

  • Жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, анықтамасы, жіктелуі.Зорығудан болатын жүрек қызметінің жеткіліксіздігі, түсінігі, көлеммен зорығу (жүрек алдылық жүктеме) және кедергімен зорығу (жүрек соңылық жүктеме) себептері.

  • Ф.З.Меерсон бойынша жүректің патологиялық гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияға ұшыраған кардиомиоциттердің ерекшеліктері.

  • Коронарогенді емес жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің миокардиалды түрі. Кардиомиопатиялар түрлері, себептері, патогенезі.

  • Жүрек қызметі көрсеткіштерінің өзгеруі және жүрек қызметі жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері.

  • Артериялық гипертензиялар туралы түсінік, түрлері. Алғашқы артериялық гипертензияның этиологиясы мен патогенезі.

  • Әйгіленімдік гипертензиялар, түрлері, артериялық қысым көтерілуінің патогенезі. Артериялық гипертензиялардың емдеу және алдын алу ұстанымдары.

  • Артериялық гипотензиялар, жіктелуі. Біріншілік артериялық гипотензияның (гипотониялық ауру) патогенезі. Қауырт гипотензия туралы түсінік. Естен тану, коллапс, патогенезі.

  • Ас қорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы, себептері. Асқорыту жеткіліксіздігі туралы түсінік. Асқазан мен ішектегі асқорыту үрдістері мен ауыз қуысы, сілекей бездері дерттері арасындағы өзара байланыс және өзара әрекеттесу. Тәбеттің бұзылыстары (анорексия, гиперрексия, парорексия) себептері, патогенезі, салдарлары.

  • Сілекей бөліну бұзылыстары. Гипер- және гипосаливация, себептері, патогенезі, салдарлары. Сиалоаденит, сиалолитиаз туралы түсінік. Шайнау құралы мен ауыз қуысы тіндері дерттерінде сілекей бездері қызметінің маңызы.

  • Дисфагия синдромы дамуының себептері мен патогенезі. Шайнау мен жұтудың бұзылыстары, себептері, салдарлары.

  • Асқазандық диспепсия синдромы дамуы себептері мен патогенезі. Асқазанның сөл бөлу қызметінің бұзылыстары, себептері, даму тетіктері.

  • Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруы, «Озбырлық жайттары» мен «қорғаныстық жайттарының» асқазанның ойық жара ауруы патогенезіндегі маңызы.

  • Қуыстық және іргелік асқорыту бұзылыстары, этиологиясы мен патогенезі. Алғашқы және салдарлық мәлабсорбция туралы түсінік.

  • Ішектің қимылдық қызметі бұзылыстары (іш өту, іш қату, ішектің өтпеуі), этиологиясы, патогенезі.

  • Бауыр жеткіліксіздігі, анықтамасы, этиологиясы, түрлері. Бауыр жеткіліксіздігінде ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістер.

  • Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі зат алмасу, физиологиялық жүйелер қызметтері өзгерістері, патогенезі. Бауырлық кома, патогенезі.

  • Сарғыштанулар, түсініктемесі, түрлері. Гемолиздік, механикалық, ұлпалық сарғыштану , себептері, негізгі көріністердің патогенезі. Холемия және ахолия, салдарлары.

  • Бүйректің негізгі қызметі бұзылыстарын тудыратын себептер. Бүйрек шумақтары зақымдануының негізгі тетіктері. Шумақтық сүзілудің азаюы немесе артуы, себептері, даму жолдары, салдарлары

  • Өзекшелік кері сіңірілудің бұзылыстары. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі. Зәрдің салыстырмалы тығыздығының өзгерістері (гипер-, гипо-, изостенурия), даму жолдары

  • Зәр құрамының сапалық өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, патогенезі. Полиурия, олигоурия, анурия, түрлері, даму жолдары.

  • Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі, этиологиясы, сатылары, патогенезі. Уремия туралы түсінік, уремиядағы организмдегі өзгерістердің патогенезі.

  • Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі, этиологиясы, сатылары, патогенезі. БСЖ тіс – жақ жүйесі тіндеріндегі өзгерістер.

  • Қауырт қансырау, қансыраудың ауырлығын анықтайтын жайттар. Жедел теңгерілу жолдары

  • Эритроцитоздар, анықтамасы, организм үшін маңызы. Анемия аныктамасы, анемияларда эритроциттердің сапалық өзгерістері, жіктелу негіздері.

  • Постгеморрагиялық анемияның этиологиясы мен патогенезі. Анемияларда ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістері.

  • Гемолиздік анемиялар, этиологиясы мен патогенезі, тамырішілік, тамырдан тыс эритроциттер ыдырауының себептері мен даму жолдары, қандағы көрінісі.

  • Дизэритропоэздік анемиялар (витаминВ12,-фолий тапшылықты, темір тапшылықты, аплазиялық), себептері мен даму жолдары, қантүзілу бұзылыстарының, клиникалық көріністерінің патогенезі.

  • Лейкоцитоз, анықтамасы, жіктелуі. Лейкоцитоз кезіндегі лейкоциттік өрнектегі өзгерістер. Ядролық солға жылжу туралы түсінік. Ядролық солға жылжудың түрлері.

  • Лейкоцитопениялар, аныктамасы, жіктелуі. Агранулоцито туралы түсінік (гранулоцитопения), себептері, түрлері, лейкоциттік өрнектегі өзгерістер, организмдегі өзгерістер. Агранулоцитозда ауыз қуысы тіндеріндегі өзгерістер.

  • Лейкоздардың этиологиясы мен патогенезі, жіктелуі

  • Қауырт және созылмалы миело- және лимфолейкоздарда қан түзілуі бұзылысы мен қан көрінісі. Лейкоздар кезіндегі анемиялық, уыттанулық, геморрагиялық, метастаз беру, жұқпалық синдромдардың патогенезі. Лейкоздардағы ауыз қуысы тіндерінің өзгерістері.

  • Гемостаз анықтамасы, компоненттері, сипаттамасы. Гемостаз бұзылыстарының жіктелуі. Геморрагиялық синдромның даму жолдары. Вазопатиялар туралы түсінік, түрлері, даму механизмдері

  • Тромбоцитопениялар, пайда болу себептері, шығу тегі бойынша түрлері, қанағыштықтың патогенезі. Тромбоцитопатиялар, анықтамасы, себептері, патогенезі. Қанағыштықтың патогенезі. Геморрагиялық диатездердегі ауыз қуысындағы өзгерістердің патогенезі.

  • Тромбоздық синдром, даму механизмі, артериялық және веналық тамырлардағы тромбоздардың салдарлары

  • Коагуляциялық гемостаз бұзылыстары, тұқым қуатын (гемофилия А, В, С, Вилебранд ауруы) және жүре пайда болған коагулопатиялардың патогенезі.

  • Стоматологиялық ауруларда сілекей қызметі (коагуляциялық және фибринолиздік қасиеті) өзгерістеріндегі гемостаз бұзылыстары




  • беттің беті




    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет