Патофизиология рк 2


Айқын асцит дамыған науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты алу үшін



Pdf көрінісі
бет4/31
Дата05.04.2023
өлшемі0.75 Mb.
#471788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
ПАТФИЗ РК 2 (каз)

Айқын асцит дамыған науқасқа құрсақ қуысындағы сұйықтықты алу үшін 
пункция жасалған. Бұл шараның 15-інші минутында 5 л сұйықтықты 
алғаннан кейін науқас бас айналуына, әлсіздікке және жүрегінің айнуына 
шағымданады. Тағы 1,5 л сұйықтықты шығарғанда науқас есінен танып 
қалды. Осы жағдайдың негізінде перифериялық қанайналым бұзылысының 
қайсы типтік түрі жатыр: 
мидың артериялық гиперемиясы 
мидың веналық гиперемиясы 
мидың ишемиясы 
мидың тромбозы 
эмболия 
*** 
Науқас А., 20 жаста, протромбин генінің мутациясы бар, салдарынан 
қайталанбалы тромбоздор байқалады. Көк іріңді таяқшадан туындаған несеп 
жолдарының инфекцияларынан кейін науқаста септицемия дамыған, ал екі 
аптадан кейін түрлі ағзаларда көптеген инфаркттар пайда болған. Осы 
жағдайда инфаркт анықталмайтын ағзаны атаңыз: 
бас миы 
бүйректер 
жүрек 
бауыр 
көк бауыр 
*** 
Жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын науқасты тексергенде қанның 
тұтқырлығының жоғарылауы байқалған. Эритроциттердің агрегаты тығыз 
орналасқан, 
мөлшері 
әртүрлі, 
дөңгелектенген. 
Науқаста 
дамыған 
микроциркуляция бұзылысының типтік түрін атаңыз: 
сладжтың аморфты типі 
сладжтың билиарлы типі 
сладжтың классикалық типі 
сладжтың декстранды типі 
сладжтың гранула тәрізді типі 
*** 
Эндогендік флогогендік факторларға жатады: 
қышқылдар 
риккетсиялар 
электр тоғы 
ауыр металдардың тұздары 
антиген-антидене кешендері 
*** 
Сепсистік қабыну дамуының себебі болуы мүмкін: 
тіннің некрозы 
пиогендік бактериялар 


тінге қанның құйылуы 
веналық тамырлардың тромбозы 
стерильді бөгде ақуызды енгізу 
*** 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет