Павлодар, 2008. 76 б. Орман тұқым ісі пәнінен курста оқылатын, типтік бағдарламаға сәйкес, дәрістер мен зертханалық жұмыстар жинағы келтірілген



Дата03.10.2019
өлшемі19.87 Kb.
лейменов А.А.

Орман тұқым ісі: 050807 Орман шаруашылығы ісі

мамандығына арналған оқу құралы. – Павлодар, 2008. – 76 б.

Орман тұқым ісі пәнінен курста оқылатын, типтік бағдарламаға сәйкес, дәрістер мен зертханалық жұмыстар жинағы келтірілген.

УДК 630.232.3 (075.8)

ББК 43.4 я73

© Сулейменов А.А., 2008

© С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университеті, 2008

Кіріспе
Орман тұқым ісі орман екпелері жұмыстарының негізі болып саналады және көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді: орманды тұқымдандыруды аудандастыру; өте жақсы ағаш формаларын сұрыптау; аналық-тұқымдық екпелерді қалыптастырып, құрып және оларды күту; фенологиялық байқаулар және болатын тұқым өнімдерін болжамдау; орман тұқымдарын дайындау және оны өңдеу технологиясын; тұқымдарды құжаттандыру, сақтау және тасымалдау; егістік сапаларын тексеру; бүрілер, жеміс және дәндердің аурулары және зиянкестерімен күресу және болдырмау шаралары.

Жоғары сапалы генетикалық құнды дәндерді алу – орман генетикасы, селекциясы және тұқым шаруашылығының басты мәселесі. Оны іске асыру кешенді шаралардың негізінде болады, яғни орман тұқым кешендерін құру, ол орман құрастыратын түрлердің гентикалық қорын тиімді қолданып сақтауға бағдарланады; ұзақ уақыттық орман тұқым базасын және дәндердің генетикалық банкін ұйымдастыру; сорт сынауды жүргізу және жақсартылған сорттық дәндерді өндіру.

Орманды көбейту және қалпына келтіру, дәндерді дайындаудан басталады, бірақта олардың сапасын тексеру керек. Дәндер сапасын, бүрілер мен жемістерді өңдегенде, сақтағанда және егуге дайындағанда да, бақылайды. Сондықтан дәндердің егістік сапаларын анықтау әдістерін орман тұқым станцияларының қызметкерлері білумен қатар, орманшылықтардың инженерлік-техникалық мамандарыда білу керек.

Селекциялық-генетикалық негізінде құрастырылған ұзақ мезгілдік орман тұқым базасын құрумен Қазақстандағы орман шаруашылықтарының жоғары сапалы дәндерге сұранысын қамтамасыз етуге болады.

1991-1992 ж.ж. орман тұқым ісінің деңгейін кеңінен көтеру негізінде, негізгі орман қалыптастыратын түрлердің генетикалық қорын табу, сақтау және көбейту, орман шаруашылықтарын селекциялық тұқымдық және екпелік материалмен қамтамасыз ету үшін, құрастырылатын екпелердің түрлік құрамын жақсарту ретінде Республикалық және Алматы ормандық селекциялық-тұқымдық орталықтар құралды.

Бұл оқу құралында, типтік оқу бағдарламасында қарастырылған дәрістік және зертханалық курс ескеріліп іске асырылған, сондықтан бұл курсты студенттер игеруге көп көмек береді деп ойлаймын.




1 Орман тұқымдарының дамуы мен классификациялануы
Ағаштар мен бұталардың тұқыммен көбеюі - ол түрді сақтау және әрі қарай дамытудағы күресте жиналған қасиет. Кейбір ағаш және бұта түрлерінің тұқымдары азық ретінде қолданылады (грек жаңғағы, самырсын, орман жаңғағы), өйткені дәмдік құндылығымен, жоғары пайызда майлар, ақ уыз, витаминдер болуымен бағаланады. Емен, талшын, т.б. дәндері мал азығы ретінде жиналады. Фармацевтика өндірісінде дәрі-дәрмек алуға кейбір түрлердің тұқымы қолданылады (долана, итмұрын, шырғанақ).

Ағаштар мен бұталардың дәндері әртүрлі дамиды. Қылқан жапырақтылар бүрі де дамығандықтан және сыртқы қабығы болмағандықтан жалаңаш тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ағаштар мен бұталар, дәндері жемістің ішінде дамығандықтан, жабық тұқымдылар деп аталады.

Жеміс - дәндердің ұясы, ұрықтанғаннан кейін түйіннен пайда болатын. Жеміс ұрықтанбай пайда болуы мүмкін, ол құбылыс апомикс деп аталады. Ол жағдайларда дәндер ұрықсыз болады.

Жемістер шын (нағыз), өтірік жеміс шоғыры болып бөлінеді. Егер жеміс, ұрыққабы ұрық жапырақшасынан қалыптасса, шын деп аталады. Егер жеміс қалыптасуға ұрық жапырақшасымен тағы гүл тұғыры, гүл серігі қатысса онда өтірік деп аталады. Гүл шоғырынан қалыптасқан жеміс, жеміс шоғыры деп аталады.

Жеміс ұрыққап қалыптасуы негізінде құрғақ және шырынды болып бөлінеді. Құрғақ жемістер ашылмаған ұрыққаппен (көп дәнді) немесе ашылған ұрыққаппен болады.

Құрғақ ашылған ұрыққаптыларға жатады:

-қаптама жеміс бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, бір жабықшасымен (ішкі) жарылады;

-бұршақбас бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, «арқа» және «ішкі» жабықшаларымен жарылады;

-қауашақ жеміс ұрық жапырақшасынан қалыптасып екі немесе бірнеше жерден жарылады;

Құрғақ ашылмаған ұрыққаптыларға жатады:

-жаңғақ және жаңғақша - бір дәнді жемістер, дән қабығымен жабыспаған, ұрыққабы ағаш тәріздес;

-қанатты жеміс - ұрыққабы қанатқа айналған жаңғақша.

Шырынды жемістер екі түрге бөлінеді:

-жидек - көп дәнді жеміс ұрыққабы ашылмайды, шырынды. Ол жемісті -жүзім, актинидия т.б. «Өтірік жидек» мына түрлерде: қарақат, қарлыған, ұшқат, т.б.

-сүйек жеміс - көпшілікте бір дәнді жеміс, ұрыққабы үш қабатты: сырты - қабық (экзокарпий), ортасы - еті (мезокарпий), іші - сүйекше (эндокарпий).

Дән - ұрықтанып өзгерген ұрық. Қалыптасқан дәнде үш негізгі бөліктер болады:

- тұқым қабығы - ұрықтанып өзгерген тұқым сырты;

- ұрық - ұрықтанып өзгерген жыныс жасушасы;

- эндосперм ұрықтың қоректік ұлпасы - ол өзгерген ұрықтан кейінгі екінші немесе ортаншы ұрықтың ядросы.

Дәннің маңызды бөлігі - ұрық, оның барлық бөліктері, жарнақтан басқасы, өсімдіктің вегетативтік органдарының бастаушысы және келесі бөліктерден құрылады:

- тамырша, аяғы тозаңқапқа қаралған;

- қысқаша бұташа;

- тұқым жарнағы.

Тұқым жапырағында негізгі қоректік заттар (крахмал, ақуыздар, көмірсулар), көп нуклеин қышқылдары , ауксиндер және басқа биологиялық белсенді заттар болады.

Егілген эндоспермдік дәндер (қылқан жапырақтылар, шаған, т.б.) өнгенде жарнақтары жер бетіне шығады және ассимиляцияланып жапырақтардың жұмыстарын атқарады. Көптеген түрлердің дәндерінде ұрық қалыптасқанда жарнақтар үлкейіп эндоспермді ығыстырып жіңішкертеді.

Дәнді қорғайтын ұлпалар дән ұрығы қабығынан қалыптасады: төменгі қабықтан қоңыр түсті ішкі қабық қалыптасады, ол тұқым қабығы, сыртқыдан - қатты ұлпа - дәннің сырты.

Ашық тұқымдылардың дәндерінің сыртынан тері (қарағай, шырша) немесе ағаш (самырсын) тәріздес ұлпа пайда болады, оны да қабық деп атайды.

Жабық тұқымдылардың дәндерін қабық және ұрыққап қорғайды. Сондықтан, ол бейімділік белгісі, дәндердің сақталуы және өміршеңдігі сонда.
Бақылау сұрақтары
1. Орман тұқым шаруашылығының негізгі мәселесі.

2. Жемістер классификациясы.



  1. Дән құрылымы.





2 Жеміс беру ерекшеліктері
Ағаштардың жеміс беруі әр түрлі жаста болады және жалғыз немесе топталып өсуіне байланысты, ағаш және бұта түрлерінің жеміс беруі биологиялық ерекшеліктерге (жасы, генотип) және өсетін жерінің экологиялық жағдайларына қарай. Орнықты жеміс беру үшін өсімдік бастапқы даму кезеңін өту керек, ол уақытта вегетативтік және генеративтік органдардың белсенді дамуы байқалады, сыртқы ортаның жайлы болуына байланысты.

Бірінші жылдары, өсімдік генеративтік кезеңге кіргенде, дәндер саны көп болмайды, ал сапасы орнықты жеміс беруімен жақсарады. Жасы үлкейе өнім де көбейеді, ол ағаштардың тек физиологиялық жағдайымен байланысты емес, сонымен қатар бөрікбасының үлкейуі және жеміс беретін бұталардың молайуы мен байланысты. Егер өсетін жағдайлар нашар болса, репродукциялық мүмкіншілігі төмендейді. Өспей қалған ағаштардың көлемдері төмендеп, бүрі мен дәндердің массасы азаяды, егістік сапалары төмендейді.Жас ағаштарға қарағанда, ескі ағаштардың тұқымы нашар дамиды.



Дәндердің пісу кезеңдері және пісу белгілері. Әр түрлерде дәндердің пісуі әр кезеңде болады. Ол түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, климаттық және ауа-райы жағдайларымен байланысты. Бұл жағдайларда дәндер біріншіден физиологиялық есейеді, сосын өнім беру мүмкіндігі болады.

Дәндер физиологиялық есейгенде ұрық өнуге дайын, бірақ та дәндер ағашта болғандықтан дамуын жалғастырады. Өнімділік пісуі болғанда дәндерде қоректік заттар жиналу тоқтайды, өмір сүрудің биологиялық процестері саябырлайды, дәндер тыныштыққа кетеді, сыртқы қабықтары қатайып, су және ауа өтуі саябырлайды, ылғалдылығы төмендейді, ал қолайсыз жағдайларды бастан кешу жоғарылайды. Морфологиялық өзгерістер (бояу) дәндердің есейу көрсеткіші және жинау уақытының белгісі . Бүрілер, жемістер әлде дәндердің өнімі піскенде, олар біраз уақыт ағашта болады (қарағай, шырша т.б.) немесе жерге түседі (қайың, терек, емен т.б.).

Ағаштардың жеміс беруіне сыртқы ортаның жағдайлары әсер етеді: климат, ауа-райы, экология. Экологиялық жағдайлар күрделі жағдайлардан тұрады, біріншіден – жарық түсу, температура, ауа ылғалдылығы, топырақ құнары, топырақтың микроклимат ерекшелігі.

Ауа температурасы - болашақ өнімге көп әсер ететін климаттық және ауа райы жағдайы. Температура жеміс беруге солтүстік аудандарда өте әсерлі, ал оңтүстікте көктемгі кеш түскен үсіктер қауіпті, өйткені ол ағаш өсімдіктерінің гүлдену уақытында келуі мүмкін. Қалыптасқан дәндердің саны мен сапасы жазғы температуралармен бітік байланысты. Ол байланыс әсіресе, шыршада байқалады, ол солтүстік және оңтүстікке жайылған.

Ауа ылғалдылығы да маңызды жағдай. Мысалы, ылғалды, жаңбырлы ауа райы болашақ өнімге кері әсер етеді, ал төмен ылғалдылық және жел гүлдердің тозаңын ұшырып жеміс байлануға оңтайлық жасайды. Күзгі ерте үсік, жазғы төмен температура өсімдік бүршігінің пісуін саябырлатады.

Ауа райының қолайсыз жағдайларында гүлдеудің белсенділігі төмендейді, тозаңданбаған гүлдер көбейеді. Көп түрлерде олар солып түсіп қалады, кейбіреулерінде дамығаннан кейін дәнсіз жеміс немесе ұрықсыз дәндер пайда болады. Бір жынысты жалғыз тұрған ағаштарда бос дәнділер көп болады. Ол ағашта генеративтік бүршіктер дұрыс орналаспағандықтан, өздігінен тозаңдануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бөлек тұрған ағаштар жемісті болады, өйткені олардың бөрікбасы өте жақсы жарықтанады.



Жарықтандырылу - негізгі, әлде гүлдеудің және дәндердің пісуінің ең басты жағдайларының біреуі. Ағаштың орынды жарық алуы ондағы дәндерде керек қоректік заттардың көп жиналуына әсер етеді. Ол заттар өнгіштігін көбейтеді. Жақсы жарықтандырылған ағаштардың қоректену көлемі көбейеді, топырақ микроклиматы жақсарады, өйткені топырақтың жылынуы жақсарады.

Ағаштардың жеміс беруіне энтомо-фитозиянкестерімен зақымдануы, антропогендік әсер және т.б. жағдайлар әсер етеді.



Әр ағаштың өнім қалыптасуға әсері бірдей емес, ең көп беретін ағаштар Крафттың өсу класы бойынша І және ІІ класс ағаштары. Өнім ағаштың діңімен, биіктігі және бөрікбасымен, тіктігімен байланысты. Жоғары класты ағаштар әрқашан ірі бүрілі және дәнді болады, ал сапасы да жоғары болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет