1-тапсырма. Мәтінді оқы. Қазақстан халқының бірлігі күні
1-мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүниежүзіне үлгі болып отырғанұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан Халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше маңызы зор құрылым. Бұл күн «Қазақстан» атты шаңырағымыздың астында жиналған 130-дан аса ұлттық мейрамы-Ынтымақтастың күні.
ІІ-тапсырма:Сұрақтарға жауап бер:
Халықтар бірлігі күнін қай күні атап өтеміз?
Халықтар Ассамблеясы қай жылы құрылды?
Бұл күнді қанша ұлт өкілдері тойлайды?
Еліміздегі өзің білетін ұлт өкілдерін атаңыз?
ІІІ-тасырма:жаңа сөздермен таныс және әр сөзбен сөз тіркестерін құрастыр: бірлігі күні – день единства
дүниежүзі – всемирный
құрылды – организовался
үлгі – пример
ерекше – особенный
16-сабақ: Жеңіс күні
І-тапсырма:Мәтінді мәнерлеп оқы. Міне Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына бірнеше жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш етіп тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды.
ІІ тапсырма:Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап бер. Жеңіс күнін қай күні тойлаймыз?
Соғыс неше жылға созылды?
Кеңес үкіметі кімдермен соғысты?
Осы мейрамды неге тойлаймыз?
Бауыржан Момышұлы кім?
Соғыс басталған соң ол қайда аттанды?
ІІІ тапсырма:Жаңа сөздермен таныс. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрсатыр: