Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы істелген жұмысы туралы есебі



жүктеу 38.37 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі38.37 Kb.
Павлодар ауданы Рождественка ауылдық округі әкімінің

2015 жылғы істелген жұмысы туралы есебі
Рождественка ауылдық округіне үш елді мекен кіреді: Розовка, Рождественка, Максимовка ауылдары. Ауылдық округінің халық саны 2014 жылғы 01 қаңтарына 2260 адам құрайды, оның ішінде Розовка ауылында 1450 адам, Рождественка ауылында - 715 адам, Максимовка ауылында - 95 адам тұрады. Ауылдық округінде 20 ұлт өкілдері тұрады. Жалпы халық санынан әлеуметтік-демографиялық құрамы: зейнеткерлер - 300 адам, мүгедектер - 75 адам, студенттер - 110 адам, оқушылар - 326 адам, мектепке дейінгі жастағы балалар – 239 адам, өз ісімен айналысатындар-101 адам, жұмыс істейтіндер – 1089 адам, жұмыссыздар – 20, оның ішінде жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер – 8 адам.

Ауылдық шаруашылық Окгугте бір «Храмов» шаруа қожалығы қызмет етеді-бақшалық дақылдар өсіру және сатумен айналысады. Кирова» ЖШС – ауыл шаруашылығы дакылдарын және асыл тұқымды малды өсірумен айналысады. 400 га суарылатын телім бар. «Зерноград» ЖШС – бидай мен күнбағыс дақылдарын өңдеу және сақтаумен айналысады, қарақұмық өңдеу зауыты қызмет етеді, қара бидай үгетін тиірмен бар.

Кәсіпкерлік Округ аймағында 24 ЖК, оның ішінде 14 сауда орыны шаруашылық тауарларын және азық-түлік сатуын іске асырады, 2 кафе (жалға алынған). Халықтан сүт жинайтын 4 (төрт) пункт «Темиров» ЖК, «Дымура» ЖК, «Карандашов» ЖК, «Дымура» ЖК. «Попов», «Храмов» 2 ШҚ бар. «Колесник» ЖК-нен наубайхана жұмыс істейді, Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша Максимовка ауылының екі тұрғыны жеке қосалқы шаруашылығын дамыту бойынша несие алды.

Құқықтық тәртіп Телімдік полиция инспекторы Б.Т.Бидаевпен 168 әкімшілік хаттама құралды. Округ бойынша 25 қылымыс тіркелген, 12 қылымыс ашылған. «Сақшы» жасағы 10 адам есебінде құрылған. Рейдтер өткізіледі.

Білім Ауылдық округінің аймағында екі орта, бір бастапқы білім беру мектебі бар: Розовка ЖОББМ, Рождественка ЖОББМ және Максимовка БББМ. Мектептерде 326 оқушы оқиды. Максимовка ауылынан балаларды әкелу ұйымдастырылған – 5 оқушы, Рождественка ауылынан Ефремовка ЖОББМ - 5 бала тасымалданады. ҰБТ нәтижелері: Розовка ЖОББМ – 2014 ж. – 64,8 ұпай, 2015 ж. – 81,5 ұпай. Рождественка ЖОББМ – 2014 ж. – 57,4 ұпай, 2015 ж. – 51,4 ұпай. Жаңа оқу жылында Розовка ЖОББМ-де бастапқы мектеп негізінде гимназиялық сынып ашылды. Розовка мектеп интернатында 14 бала. **--р

Успенка отбасы үлгілі балалар үйінде 11 жастан 18 жасқа дейінгі 10 бала тұрады. Әлеуметтік мәртебесі бойынша – 3 жетім, басқалары – ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар. Мекемеде 7 адам жұмыс істейді.

Розовка сәбилер бақшасында 5 топ қызмет етеді, барлық бала саны - 73 бала.

Округте 2 ауылдық және 2 мектеп кітапханалары бар.



Денсаулық сақтау Розовка ауылында дәрігерлік амбулатория, Рождественка ауылында және Максимовка ауылында медициналық пункті қызмет етеді. Округ халықы үшін ауылдық дәрігерлік амбулаториясы әр түрлі алдын алу шаралар өткізеді, скрининг бойынша тексерістен өткен 1561 адам, флюрография - 832, Манту реакциясы - 261. Дәріхана пунктері жұмыс істейді.

Әлеуметтік сұрақтар Аудандық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыз ретінде 8 адам тіркелген.

Мемлекеттік тіл Округте мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Шаралар Округте екі ұлттық этномәдени орталығы әрекет етеді: 2006 жылдан бастап - украиндық «Ластивка» және неміс орталығы, ішінде аудан және округ шараларына қатысатын бий тобы «Лореляй». Концерттік бағдарламалар, мемлекеттік мерекелер және т.б. шаралар өткізіледі.

Спорт дамуы Округте мектеп қарамағында 2 спорт залы жұмыс істейді, балалар мен үлкендерге 11 спорттық секция ұйымдастырылған, онда 160 адам шұғылданады: шахмат-13, т.құм.-5, шаңғы-19, волейбол-17, волейбол БЖСМ - 15, баскетбол - 11, жеңіл атлетика БЖСМ -16, футбол-16, жалпы дене шынықтыру дайындығымен - 18 адам, оның ішінде 12 оқушы, аймақта бағытталу -15, волейболом - 43 адам, оның ішінде 20 ер, 8 әйел, 15 оқушы.

Округті абаттандыру Ауылдық округте қоқыс жинау мен шығару бойынша жұмыстар жүргізілді, барлығы 79 тонна қоқыс пен көң шығарылды. 810-ге тарта ағаш пен бұта отырғызылды. Көше комитетімен «Лучшая усадьба» атты сайыс ұйымдастырылып, өткізілді. Розовка ауылында баннерлер жаңартылды. Күніне 3 рет Павлодар - Рождественка маршруты әрекет етеді. Қысқы мезгілде елді мекен көшелері және кіреберіс жолдарын қардан тазарту жұмыстары жүргізіледі.

Байланыс Округте 2 байланыс бөлімшесі - Қазпочта және АТС жұмыс істейді.

Электржабдықтыру

Округ елді мекендері электрландырған. Округ торларының техникалық қалпы қанағаттандырлық. Ефремовка подстанциясы ауылдық округке қызмет көрсетеді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасын іске асыруға 2015 жылы 2 261 мың. тг. бөлінді. Осы қаражат балалар ойнайтын алаңқайды монтаждауға және 1052,3 тг. сомасы оны қоршау үшін жұмсалды, сонымен қатар көше жарықтандыруын қалпына келтіру мен жөндеу, электроқұрылғылардың энергетикалық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін 1061,2 тг. сомасы жұмсалды.

Барлық жұмыстар Рождественка ауылында жүргізілді.

Өзін-өзі басқаруға берілген ТКҚ бағдарламалары бойынша 1786 мың.тг. іске асырылды:


  • көше жарықтандыру – 939,4 тг.;

  • қоқыс үйіндісін күтіп ұстау – 199,8 тг.;

  • көму жерлерін күтіп ұстау – 82,0 тг.;

  • елді мекендерді абаттандыру:

1. баннер – 36,0 тг.

2. саябақ жер телімін ресімдеу – 63,4 тг. 202,8 тг.

3. саябақта ағымдағы жөндеу жүргізу – 78,4 тг.

4. сыр алу – 25,0 тг.



- автожолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 362,0 тг.
Жаңа 2016 жылда ауылдық округте келесі жоспарланады:

  • Розовка және Рождественка ауылдарында балалар ойнайтын алаңқай құру үшін жер телімдерін рәсімдеу;

  • балалар ойнайтын алаңқай құру және фонтанды қалпына келтіру;

  • Рождественка ауылында автобус аялдамасын құру;

  • Розвка ауылының Мәдениет үйінде электр-жылытуын құру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет