«Павлодар ауданының психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті» кмм баяндама


слайд Логопед сабақтарында қолданылатын құммен ойындар



бет2/4
Дата02.01.2022
өлшемі20.53 Kb.
#452061
1   2   3   4
Павлодар ауданының психологиялық

5 слайд

Логопед сабақтарында қолданылатын құммен ойындар

«Сезгіш алақандар» (Т.Д. Зинкевич - Евстигнеевна) 

- алақандарынды құмға салып, көздеріңізді жұмыңыздар, құмның қандай екенін сезіңіздер.

- көзіңізді ашып, не сезгендерңізді айтыңыз.

- дәл осы әрекетті алақандарыңызды аударып қайталаңыз.

- сезімдерңіз жайлы айтып беріңіз.

- құм бетімен жылан немесе көлік сияқты жылжыңыз.

- алақандарыңызбен піл, кішкентай піл, жылдам қоян сияқты жүріп өтіңіз.

- алақанның, жұдырықтың, алақан қырының іздерін қалдарыңыз.

- ою және суреттер салыңыздар – күн, көбелек, А әрібі немесе толық сөз.

- оң және сол қол саусақтарымен кезек – кезек жүріп өтіңіз.

- саусақтар арасына құмды електен өткізіңіз немесе құммен жол салып өтіңіз.

- құмның үстіне құрылымы мен өлшемдері әртүрлі тастарды және табиғи материалдарды ерекше логикалық ретпен орналастырыңыз.

- құм жол-лабиринтімен фигураларды жүргізіп өтіңіз.

- фишкалардың көмегімен геометриялық фигураны құрастырыңыз.

- құмсалғышты құмның арасына көмілген пластмастан жасалған ұсақ заттарды, әріптерді табу үшін қолдануға болады.

- құмда тығылған әріптерді тауып, олардан буын, сөз құрастырыңыз.

- құмға алдымен саусақпен, сосын таяқшамен жазбаша және баспа әріптерімен сөздер жазуға болады. Құм баланың жұмысқа қабілеттілігін ұзақырақ сақтауға көмектеседі. Құмдағы қателерді қағаздағыға қарағанда түзету оңай. Бұл балаға өзін табысты екенін сезінуге жағдай жасайды.

6 слайд

Аромотерапияны сабақтарымда баланың жүйке жүйесін тыныштандыру, назарды шоғырландыру, сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында қолданамын. Хош иісті майшамдар, қытай таяқшаларын қолданамын.



7 слайд

Түсті терапия элементтерін қолдану әр баланың көңіл – күйін және жеке жағдайын жақсырақ түсінуге, сабаққа деген позитивті қатынасты дамытуға, сөйлеу белсенділігін және коммуникативті мүмкіндіктерін арттыруға септігін тигізеді.



8 слайд

Кинезиологиялық жаттығуларды қолдану есте сақтау, зейін, ойлау, кеңістікте бағдарлануды дамытады, балаға өз денесін басқаруға көмектеседі, сөйлеу белсенділігін арттырады, қарым – қатынаста бастама білдіруге жағдай жасайды.

Логопедиялық тәжірибеде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану біршама артықшылықтарға ие:


  • Сабаққа ынтаның артуы;

  • Балалардың әрекеті мен дамуын объективті бақылауды ұйымдастыру;

  • Дәстүрлі ойын әрекетіндегі сюжеттік толықтыруларды кеңейту;

  • Өз дидактикалық материалдарды тез құрастыру мүмкіндігі;

  • Тілдің акустикалық құраушыларын визуалдандыру;

  • Вербальды емес тапсырмалар спектірін кеңейту;

  • Балаға байқатпай ойын әрекетінен оқу әрекетіне өту;

  • Жоғарғы эмоционалды тонус арқасында оқылған материалды ұзақ мерзімде еске сақтауға тезірек көшіру.

АКТ қолданудың оңтайлы тәжірибесін ескере отырып, логопедиялық «Дэльфа» тренажеры белсенді қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет