Жартлай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметке мыналар жатады: - 1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
- 2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
- 3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
- 4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
- 5) емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- 6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық курорттық емделумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
- 7) қызмет алушыларды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен пайдалануға үйрету;
- 8) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек алуға жәрдемдесу;
- 9) әлеуметтік-медициналық мәселелер, оның ішінде жасына байланысты бейімделу мәселесі жөнінде консультация беру;
- 10) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу; - 11) денсаулыққа байланысты рәсімдерді (дәрі қабылдау, дәрі тамызу және басқа да рәсімдерді) жүргізу;
- 12) емдік-дене жаттығуларын орындауға көмек көрсету;
- 13) кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып), оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу және дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу;
- 14) қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескере отырып күтім көрсетуді қамтамасыз ету;
- 15) емдеу-сауықтыру іс-шараларын, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарында ұйымдастыру;
- 16) әлеуметтік-медициналық сипаттағы оңалту іс-шараларын, оның ішінде дәрі-дәрмексіз терапия қызметтерін жүргізу;
- 17) ТҚА бұзылған балаларға және мүгедектерге дене жаттығуларын орындауда көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |