Павлодар облысы ақсу қаласын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспары



жүктеу 418.71 Kb.
бет1/3
Дата22.02.2016
өлшемі418.71 Kb.
  1   2   3





Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 354/12 қаулысына

қосымша






ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚСУ ҚАЛАСЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫ

2015 жыл

МАЗМҰНЫ


АҚСУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫНЫҢ ПАСПОРТЫ


3

1-БАҒЫТ. Брендинг, Ақсу қаласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу


7

1. Экономикалық әлеуетті және перспективалы жаңа мамандандыруларын анықтау

7


1.1 Қаланың жалпы сипаттамасы

7

1.2 Әлеуметтік-демографиялық жағдайы

7

1.3 Еңбек нарығы

8

1.4 Кадрларды даярлау

9

1.5 Тұрғындарды әлеуметтік қорғау

10

1.6 Әлеуметтік инфрақұрылым

11

1.7 Өрт қауіпсіздігі

12

1.8 Экологиялық жағдай

12

2. Қала бюджетінің негізгі көрсеткіштерін талдау. SWOT талдау

13

3. Қаланың бас жоспарын түзету.

15

2- БАҒЫТ. Ақсу қаласының экономикасын әртараптандыру және шағын және орта баизнестідамыту

15

1. Қаланың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру

16


2. Ұлттық холдингтердің Ақсу қаласында, оның ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыру

17


3. Қала құраушы кәсіпорындардың Ақсу қаласында, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыру

18


4. Ақсу қаласында бұрынғы мамандандыруларды қайта қалпына келтіру.

18

5. Шағын және орта бизнесті дамыту

19

3-БАҒЫТ. Ақсу қаласының инфрақұрылымын дамыту

21

1. Жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау

21

2. Электрмен жабдықтау

22

3. Тұрғын үй қорының жағдайы

22

АҚСУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖөНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

24


Ақсу қаласын дамытудың

2015-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының

ПАСПОРТЫ


Атауы

Павлодар облысы Ақсу қаласын дамытудың кешенді жоспары.

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы «2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасын бекіту туралы» № 728 қаулысы


Негізгі

әзірлеушілер

Павлодар облысының әкімдігі

ДКЖ мақсаттары

Ақсу қаласын орта және ұзақ мерзімді перспективада орнықты әлеуметтік-экономикалық дамыту. Тұрғындарды және капиталды экономикалық өсу орталықтарында шоғырлануын ынталандыру арқылы Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау

ДКЖ міндеттері


1. Брендинг, Ақсу қаласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу;

2. Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту;

3. Ақсу қаласының инфрақұрылымын дамыту.


Іске асыру мерзімі

2015-2017 жылдар

Негізгі іс-шаралар, басты инвестициялық жобалар


I. Брендинг, Ақсу қаласын дамытудың кешенді жоспарын әзірлеу

Іс-шаралар:

1) Ақсу қаласының ұзақ мерзімді перспективаларды және жаңа мамандандыруларды анықтау бойынша талдау жүргізу;

2) 2017 жылға дейін Ақсу қаласын дамытудың кешенді жоспарын өзектендіру.

II. Экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту

Іс-шаралар:

1. Қала экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру:

1-жоба. «Қызылжар-Құс» ЖШС бройлер құс етін өндіру бойынша құс фабрикасын қайта жаңғырту.

2-жоба. «Болаттан тік жікті құбырларды өндіруді ұйымдастыру».

2. Ұлттық холдингтердің Ақсу қаласында, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыру

Жергілікті компаниялардың мүмкіндіктерін анықтау мақсатында Павлодар облысының аумағында, соның ішінде Ақсу қаласында орналасқан ұлттық холдингтардың және компаниялардың филиалдарымен тиісті тауар, жұмыс және қызмет көрсетулерді өндіру бойынша тауарларды, жұмыс және қызметтерді сатып алуына талдау жүргізіледі.



3. Қала құраушы кәсіпорындардың Ақсу қаласында, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыру Тапсырыстарды орналастыру бойынша шағын және орта бизнестің субъектілердің ұсыныстары қарастырылады («Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ қала құраушы кәсіпорын).

«Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ үшін тамақ қызметін қамтамасыз ету, арнайы киіммен қамтамасыз етуді шағын бизнестің өкілдері жүзеге асырады («Арлан» ЖШС - сүт өнімдерді өндіру, 60 жұмыс орны құрылды, «Қайсар-Ақсу» ЖШС - арнайы киім тігу және зауытта жөндеу жұмыстарын жүргізу, 40 адам жұмыс істейді), «АksuTransLogistiс» ЖШС - «Қазхром» ТҰК «Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ жүк тасымалдау бойынша қосалқы қызмет көрсету.



4. Ақсу қаласында бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.

Қолданыстағы мамандандырудың дамуын жалғастыруына байланысты қалада бұрынғы мамандандыруды қайта қалпына келтіру талап етілмейді.



5. Шағын және орта бизнесті дамыту:

Кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мөлшерлерін ұлғайту;

Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;

Жаңа өндірістер құруға 1,5 млн. теңгеден 3,0 млн теңгеге дейінгі мөлшерінде гранттар беру;

Жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтылған халық үшін бизнес ашу және кеңейтуге 3,0 млн. теңгеге дейінгі мөлшерінде микрокредиттер ұсыну;

Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында кәсіпкерлерге косультациялық қызметтер ұсыну.



III. Ақсу қаласының инфрақұрылымын дамыту.

Іс-шаралар (жоспарға сәйкес):

- тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына қатысты реконструкциялау және (немесе) салу (сумен-, жылумен-, электрмен-, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникация);

- аварияларға, апаттарға және зілзала апаттарға қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту;

- мына жұмыс түрлері бойынша қаланы жайғастырудың бірінші кезектегі мәселелерін шешуді қамтамасыз ету: көшелерді жарықтандыру және абаттандыру, тұрғын-үй қорларын сақтау және қоқыстарды шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, қатты тұрмыстық қалдықтарды және мал көмінділерінің полигондарын жайластыру, аулаларды, скверлерді, көшелерді жайластыру, балалардың аула ойын алаңдарын орнату, жылыту жүйелерін әлеуметтік объектілерді жөндеу, су құбырларын, кәріз, қала - ішілік автомобиль жолдарын жөндеу, табиғат қорғау іс-шаралары.



Мақсатты индикаторлар

2017 жылға (2013 жылмен салыстырғанда)

  1. Тұрғындардың жан басына шаққанда негізгі капиталға салынатын инвестицияларды 447,2 мың теңгеге ұлғайту (2013 жыл - 425,0 мың теңге);

  2. Жұмыссыздық деңгейін 4,8%-ға дейін төмендету (2013 жыл – 4,8%);

  3. АӘК алушылар санынан еңбекке қабілетті тұрғындар үлесін 28,0%-ға дейін төмендету (2013 жыл – 35,0%);

  4. Жылумен жабдықтау желілерінің тозуын 50,0%-ға дейін төмендету (2013 жыл – 66,0%).

  5. Электрмен жабдықтау желілерінің тозуын 50,0%-ға дейін төмендету (2013 жыл –70,0%).

Қаржыландыру көздері және көлемі

Ақсу қаласын ДКЖ іс-шараларын қаржыландыру көлемі 2015 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңге барлығы 16 531,5 млн. теңгені құрайды, соның ішінде: 2015 жылға – 6 394,3 млн. теңге, 2016 жылға – 2 447,6 млн. теңге, 2017 жылға – 7 689,7 млн. теңге.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен – 12 799,2 млн. теңге, соның ішінде:

2015 жылы – 3 909,8 млн. теңге;

2016 жылы – 1 991,0 млн. теңге;

2017 жылы – 6 898,4 млн. теңге.



Жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 1 542,3 млн. теңге, соның ішінде:

2015 жылы – 484,5 млн. теңге;

2016 жылы – 266,6 млн. теңге;

2017 жылы – 791,2 млн. теңге.



Кәсіпорындардың меншікті қаражаты –

2 190,0 млн. теңге, соның ішінде:

2015 жылы – 2000,0 млн. теңге;

2016 жылы – 190,0 млн. теңге;

2017 жылы – 0,0 млн. теңге.




* Қаражат көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту және нақтылау кезінде анықталады.

1. БРЕНДИНГ, АҚСУ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ КЕШЕНДІ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕУ
1. Экономикалық әлеуетті және перспективалы жаңа мамандандыруларын анықтау
1.1 Ақсу қаласының жалпы сипаттамасы

Ақсу қаласы – Павлодар облысының өнеркәсіптік дамыған өңір. Ақсу қаласы Павлодар қаласынан 50 шақырым қашықтықта Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Қала аумағы – 8 мың шаршы шақырымды құрайды. Қала 1961 жылы құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен Ақсу қаласы дамытудың жоғарғы әлеуеті қалаға жатады.

1997 жылы Ақсу ауданын әкімшілік-аумақтық бағынысқа берілуіне байланысты қала ауылшаруашылық бағытын да алды.

Қала тұрғындарының саны ауылдық елді мекендерді қоса алғанда 2014 жылғы 1 қаңтарға 69,4 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 46,2 мың адам.

Ақсу қаласының экономикалық мамандандырылуы индустриалық сипатта және ұзақ мерзімді перспективада дамытудың жоғары әлеуетіне ие. 2014 жылдың қорытындысы бойынша қаланың үлесіне облыстың өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінен шамамен 30%, облыс өнеркәсібінің негізгі қызметі - персонал саны 20% құратын болады.

Қаланың өнеркәсіп құрылымында кен өндіретін өнеркәсіп – 0,2%-ды, өндіруші өнеркәсіп - 76,7%-ды, электрэнергиясының өндірісі - 22,6%-ды құрады.

«Ақсу ферроқорытпа зауыты» АҚ (ферроқорытпа өндіру) және «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (электрэнергиясын өндіру) негізгі қала құраушы кәсіпорындары болып табылады.


1.2 Әлеуметтік-демографиялық жағдай

2011-2013 жылдар ішінде тұрғындардың тұрақты саны ауылдық аймақты қоса алғанда 1,0%-ға өсті және 2015 жылғы 1 қаңтарға 69,9 мың адамды құрады.

Қала тұрғындары санының өсімі табиғи өсім есебінен болды. Туушылық коэффициенті 1000 адамға шаққанда 2014 жылы 18,02 (2011 жылы – 18,36), өлім-жітім – 11,22 (2011 жылы – 11,85), табиғи өсім – 6,91 (2011 жылы – 6,4) құрады.

Қалада көші-қон жағдайы келгендердің санынан (2145) кеткендердің саны (2082) басым екендігін сипаттайды. Көші-қон сальдосы 2014 жылы +63 адамды құрады.


1-кесте

Қала тұрғындары санының болжамы


Көрсеткіштері

Өлш. бір.

2011

2012

2013

2014

2015*

2016*

2017*

Тұрғындардың жалпы саны

мың адам

68,4

69,0

69,3

69,9

70,2

69,7

69,8

соның ішінде:

























қалалық

мың адам

45,6

45,9

45,9

46,2

46,5

46,1

46,2

ауылдық

мың адам

22,8

23,1

23,4

23,6

23,7

23,6

23,6

* осы көрсеткіштер болжамды болып табылады, күнтізбелік жыл басталғаннан бастап түзетілетін болады


1.3 Еңбек нарығы

Еңбек нарығындағы жағдай экономикалық белсенділік деңгейінің өсімімен, өзін-өзі жұмыспен қамтылған тұрғындар санының және жұмыссыздар деңгейінің төмендеуімен сипатталады.

2014 жылы өңір тұрғындарының экономикалық белсенді саны 41,8 мың адамды немесе тұрғындардың жалпы санынан 59,8%-ды құрады.

Еңбек нарығында жұмыспен қамтылғандардың саны жыл сайын көбеюде, осы көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда (37,5 мың адам) 6,1%-ға өсті және 39,8 мың адамды құрады. Жұмыспен қамту деңгейі 95,1%-ға жетті.

Жұмыспен қамтылған тұрғындардың 44,6%-ы жалдамалы жұмыскерлер (31,2 мың адам) және 12,3%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар (8,6 мың адам).

Жалдамалы жұмыскерлердің саны 2011 жылмен салыстырғанда (29,8 мың адам) 4,9%-ға өсті. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар саны (8,6 мың адам) 9,8%-ға өсті.

Жұмыссыз тұрғындардың саны 2014 жылы 2,0 мың адамды құрады. Қала бойынша жұмыссыздар деңгейі 2011 жылмен салыстырғанда (6,7%) төмендеді және 4,8%-ды құрады.

Индустрияландыру картасы, «Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» шеңберінде инвестициялық жобаларды, сондай-ақ «зәкірлік» мәртебесі бар жобаларды іске асыруды назарға ала отырып, Ақсу қаласы тұрғындарын келесі жұмыспен қамту болжануда (2-кесте).

Мына кәсіпорындарда:

«Қызылжар – Құс» ЖШС – 2017 жылы – 150 жұмыс орнын;

«ДАНиЕР ӨСҚФ» ЖШС 2017 жылы - 70 жұмыс орнын құру есебінен жұмыспен қамтылған тұрғындар санының өсімі.

2-кесте
Ақсу қаласының жұмыспен қамтылған тұрғындар санының болжамы




 

2011

2012

2013

2014

2015*

2016*

2017*

Экономикалық белсенді тұрғындар, соның ішінде:

40292

40938

42903

41803

42160

42460

42680

 

Жұмыспен қамтылған тұрғындар, соның ішінде:

37573

38458

40853

39830

40160

40502

40780

 

 

Жалдамалы жұмыскерлер, соның ішінде:

29763

30190

32759

31251

31781

32537

32959

 

 

Қала құраушы кәсіпорындарында

13200

13398

13598

13802

14009

14309

14610

 

 

ШОБ

5045

5105

5171

5222

5291

5369

5430

 

 

басқалар

11518

11687

13990

12227

12481

12859

12919

 

 

өзін-өзі қамтыған

7810

8268

8094

8579

8379

7965

7821

 

Жұмыссыздар

2719

2480

2050

2030

2000

1958

1900

Жұмыссыздық деңгейі

6,7

6,1

4,8

4,8

4,7

4,6

4,5

* осы көрсеткіштер болжамды болып табылады, күнтізбелік жыл басталғаннан бастап түзетілетін болады
  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет