“Павлодар облысы Ақсу қаласының 2015-2019 жылдарға арналған



жүктеу 290.46 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі290.46 Kb.

“Павлодар облысы Ақсу қаласының

2015-2019 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық даму болжамы туралы” Ақсу қаласы әкімдігінің

2013 жылғы № қаулысына

қосымша



Павлодар облысы Ақсу қаласының 2015-2019 жылдарға

арналған әлеуметтік-экономикалық

даму болжамы

Кіріспе
Павлодар облысы Ақсу қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесі және мерзіміне, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы “Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауына сәйкес әзірленді.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының үрдістері мен басымдықтарын, бес жылдық кезеңге негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің параметрін, бюджет саясатының негізгі бағыттарын, үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжанатын көлемдерін қамтиды.

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы 2015-2017 жылдарға арналған жергілікті бюджетті әзірлеу, аумақтарды дамыту бағдарламасына өзгерістер және толықтырулар енгізу үшін негіз болып табылады.
Ақсу қаласының 2013 жылғы экономикалық даму үрдістері туралы

Қаланың өнеркәсібі 2013 жыл ішінде 255592,1 млн. теңге сомасына (2012 жылғы ұқсас кезеңге 102,0 %) өнім шығарды. Көмір шығару көлемі 20362,3 мың тонна құрады (100,3 %). Ақсу ферроқорытпа зауытымен ферроқорытпа өндірісі 1300189,0 тонна құрады (101,9 %). Қаланың энергетиктерімен 15156,9 млн. кВт/сағат электр қуаты (106,3 %) өндірілді. Жылу энергиясының 1280,2 мың Гкал электр қуаты (102,1 %) өндірілді. Негізгі капиталдың инвестициясы 29450,3 млн. теңге немесе 57,7 % құрады. Экономикадағы инвестициялық белсенділік кәсіпорынның өз қаражаттарын салудың өсуінен байланысты.

Индустрияландыру картасы шеңберінде облыста 2010-нан 2013 жылға дейін 230,2 млрд. теңгеге 53 жоба енгізілді, соның ішінде 2013 жылы – 75,3 млрд. теңгеге 5 жоба.

Ақсу қаласының агроөнеркәсіп кешенінің негізгі бағыттары мал шаруашылығы және суармалы егістерде картоп және көкөністерді өсіру бойынша дамыған саласымен өсімдік шаруашылығы болып табылады. Мақсаты - өңірдің өнімдік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағам өнімдерін нарықтық бағалардан төмен бағалармен қамсыздандыру үшін ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін шығару болып табылады. Ауыл шаруашылығында оң серпін байқалады. Табиғи өнімнің көлемі 10,8 млрд. теңгені немесе 2013 жылға 116 % құрады.

Қолайлы ауа райы-климаттық жағдайдайларының қатарына агротехнологияларды қолдану нәтижесінде жиналған дәнді дақылдар өнімінің көлемі 2013 жылы 2012 жылмен салыстырғанда 3,4 есеге (барлығы – 5,4 мың тонна), майлы дақылдар – 6,5 есеге (150 тонна), картоп – 17,3 % (85,5 мың тонна), көкөністер – 38 % (27 мың тонна), бақша дақылдары – 3,5 есе (1,73 мың тонна) ұлғайды.

Мал шаруашылығы сласында ет өнімінің көлемі - 0,6 %, сүт – 0,3 % ұлғайды.

Тауар сатысының өндірісін дамыту және кеңейту оны тұқымдас және тиімді сапасын жақсарту мақсатында, “Сыбаға” бағдарламасы бойынша фермерлік шаруашылықтармен 2013 жылы 62,5 млн. теңге сомаға 280 бас ІҚМ аналық мал басы және 43 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынды.

Қалада 3 базар, 3 әлеуметтік дүкен, 4 сауда үйі, 227 дүкен, 13 дәріхана, 11 автоқұю бекеті, 25 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары, 37 қызмет саласының объектілері жұмыс істейді.

2013 жылғы қыркүйек айының соңына Ақсу қаласында 1675 шағын кәсіпкерлік субъектілері белсенді жұмыс істеуде. Жалпы шағын кәсіпкерлік субъектілері көлемінде: 148 - заңды тұлғалар, 1325 – ЖК және 202 – ШҚ. Жұмыспен қамтылғандар саны 5335 адамды құрайды (өткен жылғы кезеңге сәйкес 105,0 %). Өндіріс және қызмет көлемі 518,3 млн. теңгені құрайды. Бюджетке 988,4 млн. теңге салықтар төленді. Бөлшекті саудада азық-түліктің негізгі түрлеріне күн сайынғы бағаға мониторингі жүргізіледі.

Қалада және ауылдық өңірлерде 35 мектеп (23 орта жалпы білім беру мектептері, 2 негізгі мектеп, 9 бастауыш мектептер, 1 түзету) және 13 балабақша жұмыс істейді. Мұғалімдер саны 1,2 мың адамды құрайды.

Балалардың заңды мүдделерін және құқығын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру және білім берудің сапасын, қол жетілімдігін жақсарту мақсатында мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған балалар санының қарқыны 100 % құрады. Өңірдің білім беру мекемелерінде, соның ішінде балабақшалар жоғары және бірінші дәрежелері бар жоғары білікті педагогикалық қызметшілермен және тәрбиешілермен қамтылған. “Дипломмен ауылға” бағдарламасы бойынша ауылдық елді мекендерге 79 әлеуметтік саланың мамандары келді. Тұрғын үй сатып алу үшін 25 маман бюджеттік кредит алды. Бюджеттік кредиттің берілген жалпы сомасы 64 787,7 мың теңге, көтерме жәрдемақы 6 301,0 мың теңге соманы құрайды.

Материалды-техникалық базаларды нығайтуға жергілікті бюджеттен 120227,0 мың теңге, одан мектептер үшін 103533,1 мың теңге, мектепке дейінгі үшін 11836,0 мың теңге, мектептен тыс мекемелер үшін 4195,0 мың теңге бөлінді, 1 қаңтарға 99,9 % игерілді.

9 компьютерлік сыныптар сатып алуға 2013 жылы 9 мектепке жергілікті бюджеттен 8491,0 мың теңге бөлінді. 1 қаңтарға барлық мектеп мекемелері компьютерлік техникамен жабдықталған және 100% құрайтын кең жолақты Ғаламтор желісіне қол жеткізе алады.

Оқулықтардың жаңа буынын сатып алу үшін 2013 жылы жергілікті бюджеттен 41501,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде ауыл мектептеріне 20501,7 мың теңге, 1 қаңтарға игеру 99,9%.

2014 жылғы 1 қаңтарға республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттер бойынша жоспарды орындау пайызы 96,8 % құрады.

ҰБТ жүргізуге жергілікті бюджеттен 789,0 мың теңге тамақтануға, тұру және ауыл өңірінің мектеп түлектерінің тестілеу орнына дейін жол жүруіне бөлінді. ҰБТ Ақсу қаласының № 2 ОМ базасында 2013 жылғы 5, 7 маусымда өткізілді. Қатысқандар Ақсу қаласынын және ауыл аймақтарынан 255 бала. ҰБТ орташа балы 80,74 %. Облыстық рейтингте Павлодар қаласынан кейін 2 орынды иеленді.

“Ақсу қаласының білім бөлімі” ММ өз жұмысында Ақсу қаласының ҚІІБ-мен қызметтеседі. Қызметтестік жұмыс “Жасөспірім”, “Шолғын”, “Қамқорлық” мақсатты шұғыл-тәжірибелік іс-шаралар, кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылық тәжірибесі бойынша шаралар кешенін іске асыру жүргізіледі. Білім беру мекемелерін “Өзін-өзі тану” пәні бойынша оқу материалдарымен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұдан әрі өңірдің білім беру жүйесін іске асыру, облыстық және республикалық деңгейлердің іс-шараларында жоғары нәтижелерге қол жеткізу бойынша кең масштабты жұмыстар жалғасын табатын болады.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асырудың шығындары 2013 жылда 99,8 млн. теңгені құрайды, 2013 жылғы 131 желтоқсандағы жағдай бойынша 99,7 млн. теңге немесе 99,9% игерілді. 2013 жылдың ішінде 954 жаңа жұмыс орындары құрылды, олардың ішінде 375- тұрақты сипаттағы, 579-уақытша маусымдық. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың негізгі нысаны қоғамдық жұмыстар болып қалады. Жыл басынан бастап 1039 жұмыссыз жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінді, соның ішінде 373 ауылдық жерлерде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздар деңгейі 4,8 % құрады.314 мұқтажға үйге барып арнайы қызметтер көрсетіледі 114 адам ауылда), соның ішінде қарттар және мүгедектер, 18 жастан жоғары психоневрологиялық аурумен ауырытын тұлғаларға.

Емханада 30 төсекке арналған күндізгі стационар жұмыс істейді, онда қан айналымы, асқорыту жүйесі және несеп-жыныстық және нерв жүйесімен ауыратын “Д” есебінде тұрған аурулар емдеу мен сауықтыру алады. Туберкулезбен ауыратындар 100 мың халыққа 78,6% құрайды (2012 жылғы ұқсас кезеңге – 85,4 % құрайды).

Өңір бойынша демографиялық көрсеткіш бойынша 2013 жылғы туу 1000 тұрғынға 17,43 % (2012 ж.-16,93%) құрады, 2013 жылы бір жасқа дейінгі қайтыс болған балалар – 15 (2012 ж. -7). 2013 жылы қайтыс болғандар барлығы – 730 адам (2012 ж. -825), жалпы өлім 1000 тұрғынға 2013 жылы – 8,6 % (2012-12,06%). Нәресте өлімі 1000 туылғанға 2013 жылы – 12,41 (2012-5,98%) құрады. Тұрғындардың нақты өсімі 2013 жылы – 6,91 (2012 - 4,87) құрады.

Есепті кезең ішінде мәдениет саласында 11037 мың теңге сомаға 538 іс-шаралар өткізілді. 2013 жылы “Жұмыспен қамту – 2020” бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1 транш бойынша 21618,0 мың теңге бөлінді, олардың ішінен Жолқұдық ауылының “Луч” кинотеатрдің бұрынғы ғимаратын күрделі жөндеуге 17513,0 мың теңге. Спорттық жарыстарға қатысушылардың санын ұлғайту мақсатында ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдығында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар үшін 15 селолық округтерде жасанды жабумен шағын футбол алаңшалар салынды. ТҚҚОЗ мүгедектер саны арасында маусым айында Баянауыл ауылына барумен спорттық іс-шаралар өткізілді. Өңірде 38 спорттық залы жұмыс істейді. Ондағы шұғылданатындардың саны 20681 адамды құрайды. Спортпен белсенді түрде шұғылданатын азаматтардың үлесі тұрғындардың жалпы санынан 29,8% құрайды.
2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму үрдістері туралы
2014 жылғы қаңтар-тамыздағы облыстың әлеуметтік-экономиклық даму қорытындысы негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақты серпінімен сипатталады.

Өндірістік өнім көлемі 196749,7 млн. теңгені құрады, өндірістік өнімнің табиғи көлемінің индексі – 102,4 % (2013 жылғы ұқсас кезеңге) өндірілді.

Көмірді өндіру көлемі 2013 жылғы қаңтар-тамызға қатысты 6,7% төмендеді және 12162,8 мың тоннаны құрады, бұл коммерциялық сұранымды қысқартуға байланысты.

Ақсу зауытында ферроқорытпа өндірісі 863276,0 тоннаны (2013 жылғы ұқсас кезеңге 102,4%) құрады.

Өндіріс ұлғайтылды: ферроқорытпа – 2,4 % (863,3 мың тонна), тігісі жоқ құбырлр – 12,3 % (86,7 мың тонна).

Қаланың энергетиктерімен 10679,0 млн. кВт/сағат электр қуаты (2013 жылғы ұқсас кезеңге 106,3 %) өндірілді. Жылу энергиясы 783,6 мың Гкал (2013 жылғы ұқсас кезеңге 109,3 %) өндірілді. Негізгі капиталға инвестициялар 49146,4 млн. теңгені немесе 152,6% құрады. Экономикадағы инвестициялық белсенділік кәсіпорындардың өз қаражаттарын салу өсімінен тәуелді.

Бөлшек тауар айналымының өсу қарқыны 2014 жылғы қаңтар-тамыз ішінде 6698,0 млн. теңгені құрады (2013 жылғы ұқсас кезеңге 186,7%). 2014 жылы сауда көлемінің өсімі 104,1% күтіледі.

Индустрияландыру картасы шеңберінде облыста 1340 млрд. теңгеге 94 жоба іске асырылуда. Одан 959,3 млрд. теңгеге 5 жоба республикалық Индустрияландыру картасына, 345,9 млрд. теңгеге 80 жоба - өңірлік, 38,2 млрд. теңгеге 9 жоба – үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің мониторингісіне қосылды.

Ағымдағы жыл басынан 4,8 млрд. теңге инвестиция көлемімен 4 жоба қосылды, жұмыс орын саны – 152.

Ағымдағы жылдың соңына дейін 38,6 млрд. теңге инвестиция көлемімен 10 жобаны іске асыру жоспарлануда, жұмыс орын саны – 933.

2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің табиғи көлемінің күтілетін индексі 2013 жылға 102,0 % құрайды, соның ішінде электрмен жабдықтау – 105,0 %, өңдеу өнеркәсібінде – 100,3 %.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2014 жылғы қаңтар-тамызда 2260,8 млн. теңгені немесе 2013 жылғы ұқсас кезеңге 100,1 % құрады. Жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдерімен бзарларды ұлғайту және толтыру бойынша шаралар қолданылуда. Ағымдағы жылдың басынан 20,5 мың тонна сүт және 2,3 мың тонна ет дайындалды.

Барлық тауарлар мен қызметтерге инфляция деңгейі 2014 жылғы тамыз ішінде 106,3 % құрады, соның ішінде азық-түлік тауарлары - 104,8 %, тағамдық емес тауарлар - 106,5 %, ақылы қызметтер - 107,9 %.

Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтынушылар құнының индексі 2014 жылы 2013 жылғы желтоқсанға инфляциялық дәліз 6%-8% көтерілмейді деп күтілуде.

Инфляция өсімін болдырмау үшін ішкі нарықта бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін іске асыру жолымен азық-түлік тауарларына бағаны ұстау бойынша шаралар қолданылатын болады.

Жыл басынан барлық жеке нысанның кәсіпорындарымен және ұйымдармен 167,1 млрд. теңге немесе 2013 жылғы кезеңге 107,9 % инвестицияланды. Кәсіпорындардың жеке қаражаты бұрынғы қалпында қаржыландыру көздерінің құрылымында негізгі үлесті (45,1%) құрайды.

Негізгі капиталға инвестиция 2014 жылы 21500,0 млн. теңге, ТКИ – 80,0 % көлемінде күтіледі.

Жыл басынан орындалған құрылыс жұмыстары өсті және 11944,4 млн. теңге немесе 2013 жылғы ұқсас кезеңге 576,7% құрады.

Білім саласында мектепке дейінгі ұйымдарды кеңейту есебінен балалардың мектепке дейінгі ұйымдарында кезектерді қысқарту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Ағымдағы жылы Ақсу қаласының ауыл аймағындағы Қалқаман ауылында 300 орынға арналған мектеп құрылысы басталды.

Денсаулық сақтау саласында 2011-2015 жылдарға арналған “Саламатты Қазақстан” атты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ана мен бала өлімін төмендетуге, сондай-ақ негізгі әлеуметтік маңызды аурулардан қайтыс болатындарды төмендетуге бағытталған іс-шараларды іске асыру жалғасуда.

2015 жылы Жолқұдық ауылында дәрігерлік амбулатория салу жоспарланды.

Облыста еңбек нарығындағы жағдай тұрақты.

Облыстың жұмыспен қамту органдарындағы есепте барлығы 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке 136 жұмыссыз тұр.

Жұмыссыздарды төмендету және жұмыспен қамтуды тиімді қамтамасыз ету бойынша жұмыстар Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде жүзеге асырылады.

2014 жылдың басынан Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы бойынша Бағдарламаға қатысу мәселесі жөнінде Тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына 828 адам жүгінді, одан 693 адам Бағдарлама қатысушысы құрамына енгізілді.

2011-2012 жылдардан бастап кәсітік даярлықты 36 адам жалғастыруда. Кәсіптік оқуға бағдарламаның 30 қатысушысы бастады (соның ішінде қайта даярлау – 10, даярлау – 20). Кәсіптік оқуды 32 адам аяқтады (2011-2012 жылдардан ауысқандарды есепке алғанда), одан жұмысқа орналасқан – 22 (68,7 %).

2014 жылдың басынан әлеуметтік жұмыс орындарына 119 адам жұмысқа орналастырылды, жастар тәждірибесіне Бағдарламаның 21 қатысушысы жіберілді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыру жұмыссыздар деңгейін 4,8 % шегінде сақтауға мүмкіндік береді.

Өңірлік саясат “Өңірлерді дамыту”, Моноқалаларды дамыту” бағдарламалары және бес жылдық кезеңге Аумақтарды дамыту бағдарламасымен анықталған басымдықтар негізінде қалыптасатын болады.


2015-2019 жылдардағы Ақсу қаласы экономикасының даму факторлары және шарттары
Экономикалық жағдайдың жақсарғанына қарамастан, экономиканың өсуін бәсеңдететін бірқатар шектеулер сақталуда.

Дамытудың сыртқы шарттары. Өңірдің экспортқа бағдарланғанын ескере отыра, оның дамуына сыртқы факторлар едәуір маңызды ықпал етеді.

Әлемдік нарықта металлдың бағасы түскен жағдайда “Қазхром” ТҰК АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауыты” өндіріс көлемін азайтуға, жұмыскерлердің санын қысқартуға мәжбүр болады. Осының бәрі бюджетке салықтың түсуіне әсерін тигізеді.

Агроөнеркәсіптік саланың табиғат-климаттық жағдайдан тәуелділігі маңызды фактор болып табылады. Ауа-райы жағдайларының ауытқулары ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігіне, олардың өндіріс көлеміне және болжамдалу көрсеткіштердің қол жеткізу дәрежесіне әсер ете алатын мал шаруашылығын азықтық ресурстарымен қамтамасыз етуге едәуір маңызды ықпалын тигізеді. Саланың табиғат-климаттық жағдайдан жұмыс істеу тәуелділігі, сондай-ақ оның инвестициялық тартымдылығын төмендетеді.

Дамытудың ішкі шарттары. Сыртқы даму жағдайының әсерін ескере отыра 2015-2019 жылдары өңірдің экономикасы мына:

қолайлы инвестициялық ахуалды, шикізат салаларындағы жоғары экономикалық белсенділікті сақтау;

экономиканы әртараптандыруға және бәсекеге қабілеттілік өсімін қамтамасыз ететін басымдықты секторларды дамыту факторларының әсерінен дамитын болады.

Жаңа жоғары технологиялық өндірістерді жаңғырту және техникалық қайта жарақтауды енгізуге бағытталған Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасады.


Ақсу қаласының 2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары және болжамы
(алдағы жылға %)

Индикатор







Болжам







2015

2016

2017

2018

2019

Өнеркәсіп өнімінің көлемі

102,5

104,6

104,7

104,8




Ауыл шаруашы-лығының жалпы өнімі

104,0

105,0

106,0

107,0

108,0

Құрылыс

110,0

110,0

110,0

110,2




Жұмыссыздық деңгейі, экономикалық белсенді тұрғынға %-бен

4,8

4,7

4,7

4,4

4,0


Өнеркәсіп. Өнеркәсіпті дамыту бағыттарының бірі жаңа жоғары технологиялық өндіруші кешендерді құру, жаңалау және ұлғайту өндіруші базалары бар арқылы жаңа бәсекеге қабілеттілік өнімдерін шығару болып табылады.

Негізгі шарттар өңірдің экономикасының мына басымды секторларының дамуына шоғырланатын болады:

Өңдейтін өнеркәсіпте басым көрсетушілік рөлді Ақсу ферроқорытпа зауыты өнімдерінің өндірісі алып отыр, өңдейтін өнеркәсіптегі өнімнің жалпы көлемінде оның үлесі 98,8 %-ды құрайды.

Кәсіпорынмен өндірілген өнімнің 100 %-дай экспортталады. Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті ферросиликомарганец, ферромарганец болып табылады. Сондықтан Ақсу өңірі үшін осы өндірісті дамыту басымды бағыттардың бірі болып табылады.

Қалдықтарды оңтайлы пайдалану, шығарымдарды төмендету, алдағы шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту мақсатында Ақсу қаласының ферроқорытпа зауытында 350 мың тонна агломерат (кен, жылу өңдеуі өткен) алу қуаттылығымен агломерациялық фабрикасы пайдалануға енгізілді. Болашақта жылына 40 мың метрикалық тонна қуаттылығымен төмен көміртекті феррохром шығарумен № 4 цехтың пешін қайта жаңғырту, № 6 цехты қайта жаңарту, № 45-46 цехтардың газтазартқыштарын салу бойыншша жұмыстар жоспарлануда.

Тау-кен өндіруші өнеркәсіп. “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ “Восточный” кешенінде циклдық-толассыз ашпалы кешен пайдалануға енгізілді.

Электр энергетикалық сала. “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ қолданыстағы жабдықтар жағдайларында электр станциясын қайта жаңғырту кешенді бағдарламасы негізінде энергоблоктардың қуаттылығын көтеру мақсатында техникалық қайта қаруландыруды жүзеге асырады.

Іске асырылған инвестициялық жобаларды тұрақты электрмен қамтамасыз ету қолданыстағыларды ұлғайту мен қайта жаңғыртумен байланысты болады.

Электр энергиясы қажеттілігінің өсуі энергия өндірісін ұлғайту бойынша бұдан әрі шаралар қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты электр станцияда қолданыстағыларды жаңарту және қуаттылығын қалпына енгізу бойынша инвестициялық бағдарлама әзірленді. № 2 энергоблогты қайта қалпына келтіру нәтижесінде қосымша 325 МВт электр қуаттылығы енгізілді.

Шағын кәсіпкерлік. 2016 жылы кәсіпкерліктің даму көрсеткішінің ұлғайуы:

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің активтік көлемі 2012 жылы 1936 бірліктен 2016 жылы 2140 бірлікке дейін, 10,5 % деңгейге өсуі;

- жұмыспен қамту саны 2011 жылы 4993 адамнан 2016 жылы 5291 адамға дейін, 5,9% деңгейге өсуі;

Ауыл шаруашылығы. Жергілікті өндіріс өнімін бәсекеге қабілеттілігін көтеру және оның үлесін ішкі нарықта ұлғайту үшін ауыл шаруашылық өнімдерін (сою алаңдарының құрылысы, майлы дәнді дақылдарды қайта өңдеу бойынша цех құрылысы, сүт-тауарлары фермасын құру және т.с.с) жүзеге асырылатын өңдеу объектілерін жаңалау есебінен даярлау пунктерінің желісін дамытуға жәрдемдесу қамтамасыз етілетін болады.

Ауылшаруашылық өнімдерін шығаруды әрі қарай ұлғайту мақсатымен несиелер, субсидиялар түрінде мемлекеттік қолдауды, сонымен қатар өңір экономикасының аграрлық сектордың барлық салаларын дамыту үшін жеке меншік капиталды пайдалануды жалғастыру қарастырылған.

Өсімдік шаруашылығында жоғары рентабельді дәнді-дақылдарды егуді ұлғайту есебінен егістік жерлер құрылымын оңтайландыру қарастырылған.

Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2017 жылы 2014 жылға 106,0 %, өсу деңгейі 107,0 %.

Мал шаруашылығы салаларында келесі бағыттарды дамыту көзделеді:

сүтті мал шаруашылығында - негізгі өткізу базарларының маңайында “сүт шеңберін” дамыту;

етті мал шаруашылығында – жем-азық базасын нығайтуды және азықтық дәнді-дақылдарды (фураждық, көпжылдық шөптерді) егу алаңдарын кеңейтуді ескере отырып, ауылшаруашылық құрылымдарында тауарлық өндірісті дамыту.

Шошқа шаруашылығында – сауда желісі арқылы сату үшін соңғы өнімнің дайындығына дейін жеткізумен шошқа етін өңдеу бойынша жоғары технологиялық жабдықтармен “Достық” кешенін дамыту.



Дайындау және қайта өңдеу. Қуаттылықтарды жаңарту, жаңа технологиялық желілерді енгізу, сапасын арттыру, шығарылатын өнім қорабының дизайны және ассортиментін кеңейту есебінен өнімнің тұтынушылық сапасын сақтауға мүмкіндік беретін ауылшаруашылық өнімдерін дайындаудың ұтымды жүйесін ұйымдастыру көзделеді.

Өнімді дайындау және өткізу бойынша мыналар:

стационарлық дайындау пункттерін технологиялық жабдықтармен және зертханалық құрал-жабдықтармен жасақтау және желісін кеңейту көзделіп отыр.

Майлы дақылдарды қайта өңдеу бойынша – ауыл шаруашылық кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен цех құрылысын ұйымдастыру.



Көлік және байланыс. Көлікті дамытудың негізгі бағыттары мыналар:

жолаушылар бағыттарының қолданыстағы желілерін дамыту;

серпінді дамып келе жатқан теңдестірілген көлік жүйесін, халыққа сапалы қызмет көрсетулерді және экономика қажеттілігін қамтамасыз ететін көлік тиімді әрі технолгиялық жаңартылған кешенді құру;

көлік құрайтын қызмет көрсетулердің өз құнын азайту кезінде халықтың көліктік қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.

Автожолдарды тиісті жағдайда ұстап тұру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

2015-2019 жылдарға қаланың кәсіпорындарымен (жеке кәсіпкерлерлер және “МежГорТранс- Ақсу” ЖШС) қолда бар бағыттардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қолда бар жылжымалы құрамды тиісті техникалық жағдайда ұстап тұру жоспарланып отыр.



Автомобиль жолдары.

Негізгі күш-жігер бар автомобиль жолдары жүйесінің тиісті жай-күйін қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сонымен бірге автожолдарды, жол құбырларын жөндеуді жүргізу жоспарланып отыр.



Телекоммуникация мен пошта байланысын дамыту.

“Қазақтелеком” АҚ мыналарды:

нарық қажеттіліктерін, экономикалық тиімділікті және компанияның әлеуметтік міндеттемелерін ескере отырып, жалпы пайдаланатын телекоммуникация желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту;

абоненттердің қалааралық және халықаралық байланысқа автоматты түрде шығуын қаматамасыз ету;

үлестіруші желілер саласында перспективті технологияларды қолдану;

жалпы пайдаланымдағы телекоммуникациялар желісін толық цифрлау;

деректерді тапсыру желісін дамыту көзделіп отыр.

Негізгі капиталға арналған инвестициялар. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен экономика салаларындағы инвестициялық салымдардың негізгі басымдықтары жұмыс істеп тұрған қуаттылықтарды қолдау, жаңа технологияларды енгізу және инновациялық жобаларды іске асыру үшін жөндеу-қайта қалпына келтурі жұмыстары болады.

Өңдеуші өнеркәсіп пен өндірісте электр қуатын үлестіруде инвестициялар көлемі өседі. Ақсу ферроқорытпа зауытында, “Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы” АҚ-дағы қолданылып жүрген жабдықтарды жанарту жоспарланып отыр.



Құрылыс. Салынған тұрғын үйге халықтың неғұрлым кең жігі үшін қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құнын төмендетуге және құрылыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру мыналарға:

тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік желілерді, ғимараттар мен энергокөздерін салуға және жайғастыруға;

қолданыстағы инженерлік желілерді, ғимараттар мен энергокөздерін қайта салуға және жөндеуге;

кезекте тұрғандарға және жас отбасыларына тұрғын үйлер салу;

әлеуметтік нысандарының құрылысына бағытталатын болады.



Әлеуметтік сала.

Халықты жұмыспен қамту саласында жыл сайын жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланады, ол 2013 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 2100 адамға халықтың жұмыспен қамтылатын санын ұлғайтуға әсерін тигізеді. Бұл ретте жалдамалы жұмыскерлер өсімі 93,6% құрайды. Жаңа өндірістерді күшіне енгізу есебінен экономика саласында жұмыспен қамту ұлғаяды.

Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздардың деңгейі 2018 жылы жұмыссыздар саны 29,2 % төмендеу жоспарланады, жұмыссыздар деңгейі экономикалық белсенді халыққа 4,0 % аспайды.

2014 жылғы тамыз айында орта айлық жалақы төлемі 114894 теңгені құрайды және 2013 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 1,0 % (113500 теңге) көбейтілді.

2015-2019 жылдарға арналған Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы қосымшамен ұсынылды.

Павлодар облысы Ақсу қаласының 2015-2017 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер болжамы
Кіріс түсімдерінің болжамы. 2015-2017 жылдарға арналған жергілікті бюджетінің кірісі заңнаманың өзгерістерін ескере отыра және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің әдістемелеріне, Ақсу қаласы бойынша Салық басқармасының 2015-2017 жылдарға арналған Ақсу қаласының кіріс түсімдерінің болжамына сәйкес орта мерзімді кезеңге арналған макроэкономикалық параметрлердің болжамды базасында анықталды.

Салықты болжамдаған кезде өңірдің мемлекеттік органдарының саны мен еңбекақы қоры туралы 2013 жылғы және 2014 жылғы ағымдағы кезеңдегі мағлұмат, 2013 жылғы салық декларациясының деректері және 2013-2014 жылдардағы салық салынатын базаның өзгеруі пайдаланылды.

(млн. теңге)

Көрсеткіштердің атауы


2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Кірістер

6328,0

7205,0

8141,0

салықтық түсімдер

6321,8

7198,5

8134,0

салықтық емес түсімдер

5,7

5,9

6,4

негізгі капиталды сатудан алынатын түсімдер

0,5

0,6

0,6

Қалалық бюджеттің негізгі табысы түсімнің жалпы көлемінен 2015 жылы – 44,0 %, 2016 жылы – 43,4%, 2017 жылы –42,9% құрайтын төлем көзінен салынатын жеке табыс салығы болып табылады.



Қала бюджетінің болжамдары.

2015-2017 жылдары жүргізілетін шығыстар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықты бағыттарын іске асыруға, бюджеттік шығыстарды, оларды түпкілікті нәтижеге бағдарлау тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлау сапасын жақсартуға бағытталатын болады.

Қала бюджетінің шығыстарын болжаған кезде Мемлекет Басшысының “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты”, “Дағдарыстан - дамуға”, “Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері”, “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” атты жыл сайынғы Жолдауларында берілген тапсырмаларын іске асыруға арналған шығыстар ескерілді.

Алдағы орта мерзімді кезеңде өткізілетін шығыстар саясаты да бірқатар шектеулер ескеріле отырып, анықталатын болады:

бюджет шығыстарының теңгерімділігін қамтамасыз ету;

бюджеттік қаражатты орынды тұтыну және үнемдеу;

тұрғындарды әлеуметтік қорғау кепілдігін сақтау.

2015-2017 жылдары қала бюджетінің шығыстары басымдықты тәртіпте білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және қаланы сумен қамтамасыз ету жүйелерін дамытуға бағытталатын болады.

Бюджеттік инвестициялық саясат аса маңызды бағдарлануы бар инвестициялық жобалардың белгіленген басымдықтарын дамыту шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Орта мерзімді кезеңде бюджет тапшылығы болжанбайды.

2015-2017 жылдарға арналған қала бюджетінің шығыстар болжамы қосымшада келтірілді.





Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына

қосымша




Ақсу қаласының әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің негізгі көрсеткіштерінің болжамы
1. Бес жылдық кезеңге арналған


р/с

Көрсеткіштердің атауы

2014 ж. бағалау

Болжам

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж

1

2

3

4

5

6

7

8

Нақты сектордың көрсеткіштері

1.

Өнеркәсіп өндірістерінің табиғи көлемінің индексі (бұдан әрі ТКИ),

өткен жылға қарағанда %-бен



102,5

103,5

103,8

104,0

104,1

104,3

2.

Тау-кен өнеркәсібінің ТКИ,

өткен жылға қарағанда %-бен



96,3

96,5

96,8

96,9

97,0

97,1

3

Көмір өндірудің ТКИ, өткен жылға қарағанда %-бен

94,0

94,2

94,4

94,6

94,8

94,9

4.

Өңдеу өнеркәсібі өндірістерінің ТКИ,

өткен жылға қарағанда %-бен



101,6

101,8

101,9

102,0

102,1

102,2

5.

Металлургиялық өнеркәсібі өндірісінің ТКИ, өткен жылға қарағанда %-бен

102,1

102,3

102,6

102,8

102,9

103,0

6.

Электр энергияны өндіру, тарату және үлестірудің ТКИ, өткен жылға қарағанда %-бен


107,2

107,4

107,6

107,8

108,0

108,2

7.

Ауыл шаруашылығы






















Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млн. теңге

10574

10997

11547

12240

13097

14145




өткен жылға қарағанда %-бен

103

104

105

106

107

108




өсімдік шаруашылығы өнімдері, млрд. теңге

6600

6864

7249

7727

8313

9074




өткен жылға қарағанда %-бен

104

104

105,6

106,6

107,6

109




мал шаруашылығы өнімдері, млрд. теңге

3974

4133

4298

4513

4784

5071




өткен жылға қарағанда %-бен

101,5

104

104

105

106

107

8.

Құрылыс жұмыстарының ТКИ,

өткен жылға қарағанда %-бен



426,9

126,7

126,9

130,0

130,2

130,4

9.

Ақпарат пен байланыс қызметтерінің ТКИ, өткен жылға қарағанда %-бен

119,3

119,5

119,7

119,9

120,0

120,2

10.

Бөлшек тауар айналымының ТКИ, өткен жылға қарағанда %-бен

197,7

112,4

112,6

112,8

112,9

113,1

Әлеуметтік саланың көрсеткіштері

11.

Халық саны, мың адам

69,5

69,9

70,2

70,5

70,9

70,9

12.

Экономикалық белсенді халық саны, мың адам

41,9

42,2

42,5

42,7

42,9

42,9

13.

Жұмыспен қамтылғандар саны, мың адам

39,8

40,2

40,5

40,8

41,2

41,2




оның ішінен жалдамалы жұмысшы, мың адам

31,2

31,8

32,5

32,9

33,1

33,1

14.

Жұмыссыздар саны, мың адам

2,0

2,0

2,0

1,9

1,7

1,7

15.

Экономикалық белсенді халыққа қарағанда жұмыссыздық деңгейі, %-бен

4,8

4,7

4,7

4,4

4,0

4,0



2. 2015 – 2017 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің бюджеттік параметрлері
(млн. теңге)


р/с

Көрсеткіштердің атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

жоспар

болжам

1

2

3

4

5

6

Ақсу қаласының бюджеті

1.

Кірістер (трансферттерді есептемегенде)

8049,1

6328,0

7205,0

8141,0

2.

- салықтық түсімдер

4957,4

6321,8

7198,5

8134,0

3.

- салықтық емес түсімдер

5,5

5,7

5,9

6,4

4.

- капиталмен жасалған операциялардан алынған кірістер

0,5

0,5

0,6

0,6

5.

Трансферттердің түсімдері

3085,7

0

0

0

6.

Бюджеттік кредиттерді өтеу

11,5

20

20

2

7.

Мемлекетке қаржы активтерін сатқаннан түсімдер

124,6

0

0

0

8.

Шығыстар

8180,5

6328,0

7205

8141

9.

өткен жылға қарағанда %-бен

95,5

77,3

113,8

113

10.

Бюджет тапшылығы (дефицит)

-4780,6

0

0

0





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет