Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет17/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

2 мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз.
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт 
қуып жетеді. Ол келе жатып: 
– Ата, жолды қысқартайық,– дейді. 
Қарт: 
– Жол қалай қысқарады?– дейді. 
Жігіт: 
– Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ 
болғаны,– дейді. Шал ішінен: 
– Япырым-ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай 
арқалайды? Өзін қалай арқаламақшымын?– деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп: 
– Ата, мына егін сіздің елдікі ме?– дейді. Қарт: 
– Иә,– дейді. Жігіт: 
– Олай болғанда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе?– дейді. 
Қарт тағы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынаның бір 
сөзінен бір сөзі сорақы болды-ау! Бұл не айтқаны?» – деп ойлайды. 
Жолда бір елге кездеседі. Бұл елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге 


37 
апара жатыр екен. Жігіт: 
– Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?– деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
– Өлмесе жерлемейді ғой!– деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт 
үндемейді. Олар қабірге бірге барады. Шыққаннан кейін: 
– Ата, әлгі кісі өлмеген екен, – дейді. «Я, құдай, жерленген адам қалай тірі 
болады?» – дейді қарт ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді. Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын 
шақырып алып: 
– Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар. Сөзінде 
кесапаты зор адам, – дейді. Қыз қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. 
Қыз: «Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы кісі ме екен?» – деген оймен әкесіне 
келеді де: 
– Әке, сізбен неше кісі келді? – дейді. 
Әкесі: 
– Жалғыз, – дейді. 
Қыз: 
– Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат 
көрдіңіз? – дейді. 
Қарт: 
– Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ. Әуелі ол: «Жол 
қысқартайық», – деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» – деп едім. Ол: «Бірімізді-
біріміз кезек арқалап отырайық», – деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған 
егінді көріп: «Ата, мына егін желініп қойған ба, желінбеген бе?» – деп сұрады. 
«Орылмай тұрған егінді кім жеп қояды?» – дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір 
ауылдан қаза тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» – 
дейді. Онан шығып келе жатыр едік: «Ата, жаңағы адам өлмеген екен», – деді. 
Міне, мен оның осындай төрт кесапатты сөзін естідім, – дейді. 
Сонда қыз тұрып: 
– Әке, бұл сөздер зор мағыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне түсінбеген 
екенсіз. Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол 
қысқарсын», – дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» – дегені. 
Байдікі болса – өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін 
ертең өзі алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы 
тұқымды несиеге сатып алады, жерді көлік жалдап дыртады, түскен өнімі 
борыштан аспайды. Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. 
Үшіншісі: «Баласы бар ма?» – дегені. Балаларын көрген ол: «Өлмеген адам 
екен», – дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, – деген соң, 
қарт қателігін мойындап, жігіттің қолын алып: 
– Мен сенің айтқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. 
Олай емес, сен ақылды жігіт екенсің, – деп, қызын соған беріпті. 
5. Байдың егініне сипаттама 
A) Борышты өтеуге берілетін егін 


38 
B) Желінбеген егін 
C) Көлікті жалға алып жыртатын егін 
D) Тұқымы қарызға алынған егін 
6.Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі бар» деуінің себебі 
A) Жігітті жақтырмағандықтан 
B) Қызын сақтандырғандықтан 
C) Жас жігіт болғандықтан 
D) Әңгімесін түсінбегендіктен
7. Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай 
A) Қызының ақылдылығы 
B) Жігіттің көңілділігі 
C) Қызының өтініші 
D) Қазақтың қонақжайлылығы 
E) Шаһар жолының ұзақтығы 
8. Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні 
A) Баласы жоқ адам екен 
B) Ауылдастары көп екен 
C) Туысы жоқ адам екен 
D) Артында тұяқ қалған адам 
9. Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс-әрекетіне қатысты нұсқа 
A) Көңілсіз жұмыс – өнімсіз 
B) Жолаушыны жол сынайды 
C) Қысқа жіп күрмеуге келмейді 
D) Сабақты ине сәтімен 
E) Жер тозса – тақыр, ер тозса – пақыр 
10. Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 
A) Тынығып, демалу 
B) Басқа жолмен жүру 
C) Бір-бірін арқалау 
D) Бір-бірімен әңгімелісу 


39 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет