Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет11/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

2-мәтін 
 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап 
беріңіз.
Ұрпақ заманынан озбаса... 
Мұрат үнемі әкесінен нені болса, соны сұрайтын. Әкесі де оған өте ыждағатпен 
жауап беретін. Бірде ол әкесінен: 

Әке, неге осы ат жүргенде алдыңғы аяқтары басқан ізінен артқы 
аяқтарының басқан ізі асып түседі? – деп сұрады. Әкесі: 

Балам, ол солай. Алдыңғы аяқтары басқан ізден артқы аяқтары басқан ізі 
озып түсіп отыратын қасиет тек жүйрік, бәйге аттарында ғана болады. Оны сен 
аңғарған екенсің, демек, сенен де бір ақылды адам шығар. Ол тағы: Бұрын 
шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз озатынының да белгісі, – деді. 
Бала: 

Бұрын шыққан құлақтан кейін шыққан мүйіз оза ма? Неге? – деп сұрады 
әкеінен. Әкесі: 

Иә, балам. Мәселен, құлақ туа бітеді. Ал мүйіз болса малдың төлі туғанда 
болмайды. Кейін; үлкейе келе, біртіндеп өсе келе құлақтан да озып, ұзарып 
кетеді. Өзің қарашы, ана ала тайыншаның туғанда мүйізі бар ма еді? Жоқ 
болатын. Ал құлағы ше? Құлағы бар болатын. Бір айдан кейін мүйіз шыға 
бастады. Келер жылы мүйізі құлағынан әлдеқайда үзын болып өседі. Сен 
ақылдысың. Демек, Ақбақайдың артқы аяғы алдыңғы аяғынан озып 
түскеніндей, ала тайыншаның туғанда жоқ мүйізінің туғанда бар құлағынан 
асқанындай, сен де үлкейгенде қатарыңнан озасың, балам. Олай етпесең, сенің 
менен туған ұрпақ болғаның қане? Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан 
озбағаны да. Мен сенің менен озғаныңды қалаймын, – деді әкесі. 
5. Әкесі неге риза болды?
A) Баласының аттың сырын білетіндігіне 
B) Баласының білімпаздығына 
C) Айтқан сөзін баласы жерге тастамағанына 
D) Жақсы мысал табылғанына 
6. Мәтіндегі әкенің соңғы сөзіне қатысты мақал 
A) Талайлымен таласпа. 
B) Жақсы бала – әкеге құт. 
C) Күш атасын танымас. 
D) Тілі тәтті – көңілі қатты. 
7.Баланың әкесіне атысты сипаттама 
A) Сабырлы 
B) Сымбатты 
C) Көңілді 
D) Адал 


23 
8. Әкесінің «Ұрпақ заманынан озбаса, қатарынан озбағаны да. Мен сенің менен 
озғаныңды қалаймын» деген сөзінің мағынасы 
A) Ақылы жасына сай болсын дегені. 
B) Өнер, білім таңдауда абай бол дегені. 
C) Қатарынан қалмай өссін дегені 
D) Барлық қырынан әкесінен де жақсы болып өссін дегені. 
9. Бірінші не шығады 
A) Мүйіз 
B) Құлақ 
C) Екеуі бірге шығады 
D) Екеуі де шықпрайды 
10. Баланың есімі кім? 
A) Мұрат 
B) Марат 
C) Мирас 
D) Жарас 


24 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет