Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет153/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

8 нұсқа 
 
Оқу сауаттылығы 
Қазақ тілі (Т1) 
 
 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша берілген 
тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу қазақ тілінде жүретін 
мектеп үшін (Т1) 
Мексика елінің кей тұрғындары сөйлейтін тіл жойылу қаупінде тұр. 
Себебі ол тілде сөйлейтін екі адам бір-бірімен сөйлесуден бас тарткан. 
Америка үндісінің Зуни тайпасы жапон тіліне ұқсас. Соңғы зерттеулердің 
корытындысы бойынша, олардың биологиялык сәйкестіктері расталған. 
Солтүстік Испания мен Оңтүстік Франция облыстарының тұрғындары 
ешқандай тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде сөйлейді. Баск тілі 
оқшауланған тілдер қатарына кіреді. Ол тілде тек баск жұрты ғана сөйлейді. 
Оңтүстік Африка Республикасында 11 ресми тіл бар. Бұл әлемде тіркелген ең 
көп ресми тілі бар мемлекетке жатады. Дағыстан елінің таулы аймағына өмір 
сүретін Арчи жұртының әр етістігі 1,5 миллион рет жіктелетін тілде сөйлейді. 
Испания кұрамына кіретін Канар аралдарының сөйлеу тілі толығымен 
ысқырықтан тұрады. Дүние жүзінде жалпы саны 7000 тіл бар. Мамандардың 
айтуынша, олардың 2400-і жойылып кетеді.
Статистика бойынша әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады екен. 
Бостван халкы 5 негізгі сыртылдақ дыбыстан тұратын тілмен тілдеседі. Папуа 
мемлекеті (Жаңа Гвинея apалы) 840 тілде сөйлейді. Бұл – жердегі тілдердің 1/7 
бөлігін алады. Француз тілінде «О» дыбысын 13 түрлі тәсілмен жазуға 
болады. Лингвистика профессоры Марк Окранд «Жұлдызды жол» (Звёздный 
путь) киносына арнап тіл ойлап тапқан. Ол өзінің 3 жастағы баласына осы 
тілді үйретеді, алайда бала ер жеткен соң тілді ұмытып қалған. Фриз тілі – 400 
мың халкы бар, нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. Ол ағылшын тілінде 
сөйлеуді үйренуге арналған ең жеңіл тіл болып саналады. Бугенвил aралын 
мекендейтін 4 мың адам ротокас тілінде сөйлейді. Ротокас тілі 11 әріптен 
тұрады. Бұл әлемдегі ең қысқа әліпби болып есептеледі. Ең ұзақ әліпби 72 
әріптен құралған. Ол – Кхмерс тілі. Оны Камбоджа мемлекетінің басым 
көпшілігі пайдаланады. Криптофазия – бір-біріне өте жақын адамдар 
сөйлейтін тіл. (Мысалы, егіздер). Барлық ұлтта өзіне тән тіл екпіндері (акцент) 
болады, соған сәйкес мылқау адамдардың да өздерінің тілдік екпіндері бар. 
Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды латын тілінде береді. Қытай тілінде 
шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. Газет-журналды еркін оқи алу үшін 
кемінде 2000-нан аса иероглиф білу керек.
1. Оңтүстік Франция облысының тұрғындары қай тілде сөйлейді?
А) француз 
В) ағылшын 
C) тілдік семьяға жататын еуропалық тілде 


346 
D) тілдік семьяға жатпайтын еуропалық тілде 
E) испан, ағылшын, француз тілдерінде 
2. Ротокас тілі қанша әріптен тұрады?
A) 72 
B)11 
C) 840 
D) 13 
E) 33 
3. Марк Окранд не үшін жаңа тіл ойлап тапты?
А) өзінің 3 жастағы баласы үшін 
B) Бугенвил аралын мекендейтіндер үшін 
С) туысына арнап хат жазу үшін 
D) газет-журналды еркін оқу үшін 
E) кино түсіру үшін 
4. Ең ұзақ әліпби ретінде танылған, 72 әріптен кұралған тіл?
А) фриз тілі 
В) ротокас тілі 
С) кхмерс тілі 
D) баск тілі 
E) испан тілі 
5. Қай жердің халқы ысқырықтан тұратын тілде сөйлейді?
А) Канар аралдарының халқы 
B) Бостван халқы 
C) Криптофазия халқы 
D) Дағыстан халқы 
Е) Папуа мемлекеті 
6. Мәтін қай стильде жазылған?
А) ауызекі сөйлеу 
В) ресми іс-қағаздар 
C) публицистикалық+ғылыми 
D) көркем әдеби
E) дұрыс жауабы жоқ 
7. Әлемде тіркелген ең көп ресми тілі бар мемлекет?
A) Қытай Республикасы 
B) Камбоджа Республикасы 
C) Оңтүстік Африка Республикасы 
D) Конго Республикасы 
Е) Ватикан елі 
8. Мәтінге сай келмейтін ақпаратты көрсетіңіз: 
А) Оңтүстік Африка Республикасында 13 ресми тіл бар. 
B) Криптофазия – бір-біріне өте жақын адамдар сөйлейтін тіл. 
F) Фриз тілі – нидерландықтар сөйлейтін ресми тіл. 
D) Қытай тілінде шамамен 50 мыңнан астам иероглиф бар. 
Е) Әр 14 күнде бір тіл өмір сүруін тоқтатады. 


347 
9. Мәтінде қай аймақ тұрғындарының тілдері туралы айтылмайды? 
A) Ватикан аймағы 
В) Дағыстан елі 
C) Папуа мемлекеті 
D) Австралия аймағы 
E) Бугенвил аралы 
10. Ватикан елінің банкоматтары нұсқауды қай тілде береді? 
А) тіл екпіні 
В) нидерланд тілі 
C) латын тілі 
D) тіл дыбысы 
Е) ағылшын тілі 


348 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет