Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық География Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тест тапсырмаларына дұрыс жауап беріңіз. 1 тапсырма Ауа температурасы – ауаның жылыну деңгейі, ауа райы мен климаттың
негізгі сипаты. Күн сәулелері – Жер бетіндегі жылудың негізгі көзі. Осы
күннен келетін сәулелер атмосфера қабатынан өте отырып, алдымен жер бетін
қыздырады, содан кейін жылы ауа жоғары қарай таралады. Нәтижесінде
биіктеген сайын ауа температурасы төмендей береді. Әрбір 100 м биікке
көтерілгенде температура орта есеппен 0,6˚С-ге төмендейді. Жер бетіндегі ауа
температурасы тәулік ішінде 4 рет өлшенеді. Ауа температурасын өлшейтін
құрал термометр деп аталады.
Ауа температурасы бірқалыпты күйінде қалмайды, ол тәулік және жыл
ішінде өзгеріп тұрады. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақытта тура келеді.
Амплитуда – температураларды көрсететін сандардың жай айырмасы
емес, олардың бір-бірінен алшақтығы. Мысалы, тәуліктің ең жоғары
температурасы
+25˚С,
ең
төменгі
температура
+15˚С.
Тәуліктік
амплитуда+10˚С-ге тең.
1. Ауа температурасын өлшейтін құрал
A. Термометр
B. Барометр
C. Гигрометр
D. Психрометр
2. 12 қарашада ауа температурасының көрсеткіштері: түнгі сағат 01.00-де
+7˚С, таңғы 07.00-де -4˚С, күндізгі 13.00-де +12˚С, кешкі 19.00-де +11˚С.
Тәуліктің орташа температурасын анықтаңыз
A. +26˚С
B. +6,5˚С
C. +6˚С
D. -6,5˚С
3. Еліміздің орташа температурасы арасында үлкен айырмашылық бар.
Айрмашылық себебін анықтаңыз
A.
Жердің төсеніш бетінің альбедосына байланысты
B.
Еліміздің оңтүстік-шығысында созылып жатқан таулар ауа массасының
алмасуына өз ықпалын тигізгендіктен
C.
Иран таулы қыратында қалыптасатын циклондар қыста суық ауаның
ұлғаюына ықпал еткендіктен
D.
Аумақтың солтүстіктен оңтүстікке созылмалылығы
364
4. Жетісу Алатауының етегінде температура +18˚С болса, оның шыңындағы
температураны анықтаңыз
A. +6˚С
B. -2,3˚С
C. -9,7˚С
D. -11,9˚С