169
Тапсырма 2
Ертіс өзені
Ертіс өзені Қазақстан үшін тұщы судың маңызды көзі болып табылады,
ол
Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Семей, Павлодар, Екібастұз және Теміртау
қалаларын сумен қамтамасыз етеді. Жалпы ауданы – 1643 мың км
2
. Ол Қытай
(525 км), Қазақстан (1700 км) және Ресей (2010 км) аумағы арқылы ағып өтеді.
Өзеннің көзі Моңғолия мен Қытай елдерінде, Алтай жотасының шығыс
беткейінде орналасқан. Қазақстанға Қара Ертіс деген атпен еніп, Зайсан көліне
құйылады.
Көлден шыққан соң, қазақтың құрғақ даласы арқылы солтүстік-
батысқа қарай бағыт алады. Ары қарай, Ресейдің аумағына өтіп, Обь өзеніне
құйылады. Орталық Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, бірақ бұл аймақта
су өте аз. Жазда құрғап кететін бірнеше кішкентай өзендер, халықтың өсіп келе
жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады. Сол себепті, 1974 жылы
ұзындығы 458 км-дан асатын үлкен Ертіс-Қарағанды каналы салынды.
Арнаның екінші кезеңі Жезқазғанға дейін созылған. Ол
Павлодар және
Қарағанды облыстарын сумен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, өзеннің
алқабында орналасқан көптеген табиғи ескерткіштер, тарихи орындар,
туристік маршруттар және археологиялық ескерткіштер,
оның танымал
демалыс орнына айналуына себеп болды.
1. Ертіс өзенінің жалпы ұзындығы
A) 4248 км
B) 3598 км
C) 7328 км
D) 6914 км
E) 4821 км
2. Сол жақ саласы Ертіс өзені болып табылатын өзен
A) Есіл
B) Тобыл
C) Объ
D) Лена
E) Еділ
3. Ертіс өзенінің сол жақ саласының бойында салынған қала
A) Павлодар
B) Өскемен
C)
Семей
D) Нұр-Сұлтан
E) Петропавл
4. Ертіс өзені бойындағы «Қаздың қайтуы» палеонтологиялық табиғи
ескерткіші орналасқан облыс
A) Шығыс
Қазақстан облысы
B) Павлодар облысы
C) Солтүстік Қазақстан облысы
D) Ақмола облысы
E) Қарағанды облысы