Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық
География
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тест тапсырмаларына дұрыс
жауап беріңіз.
1 тапсырма
Тектоникалық қозғалыстар
Жер қыртысы үнемі қозғалыста болады. Жер қыртысының
тектоникалық қозғалыстары - бұл тектоникалық күштер мен ауырлық күшінің
әсерінен қабаттардың, блоктардың және геологиялық ортаның кез-келген
басқа бөлігінің қозғалысы, бұл жер қыртысының тау жыныстарының пайда
болуына, олардың физикалық қасиеттері мен құрамының өзгеруіне әкеледі.
Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарына: дрейф, коллизия, субдукция,
спрединг жатады.
Жердің әртүрлі бөліктеріндегі және оның әртүрлі деңгейлеріндегі
қозғалыстардың себептері әртүрлі.
1. Тау жыныстарының қалыптасуының және олардың физикалық
қасиеттерінің өзгеруіне әкелетін жер қыртысының қозғалыстары:
A) тектоникалық
B) геологиялық
C) географиялық
D) климаттық
E) толысу
2. Мұхиттың орта-мұхиттық жоталарында және мұхиттың басқа рифтік
аймақтарындағы плиталардың дивергентті шекараларында мұхит түбінің өсуі:
A) дрейф
B) коллизия
C) спрединг
D) субдукция
E) опырылымдар
3. Тектоникалық қозғалыстардың пайда болуының себебі:
A) адамның әсері
B) Жер шарының Күнді айналуы
C) литосфералық плиталардың көлденең қозғалысы
D) тұрақты желдердің бағыты
E) органикалық үгілу
4. Литосфералық плиталардың қозғалысындағы субдукция үдерісін
көрсетіңіздер:
A) Наска және Оңтүстік-Америкалық
B) Үнді-Австралиялық және Евразиялық
C) Солтүстік-Америкалық және Оңтүстік-Америкалық
D) Антарктикалық және Оңтүстік-Америкалық
196
E) Африкалық және Евразиялық
Достарыңызбен бөлісу: |