Павлодар облысы білім басқармасының «Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы» ҚММ



Pdf көрінісі
бет93/183
Дата16.04.2024
өлшемі6.15 Mb.
#498805
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   183
ББЖМ тест жинақ МОДО тест 2022 (1)

3 нұсқа 
 
Оқу сауаттылығы 
Қазақ тілі (Т1) 
 
Нұсқаулық: 
Мәтінді мұқият 
оқып, 
мазмұны бойынша 
берілген 
тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Оқытылу қазақ тілінде жүретін 
мектеп үшін (Т1) 
Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен 
жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте 
пайдалану. «Биотехнология» деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр 
ғалымы К.Эреки енгізді. 
Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты – өсімдіктердің жаңа 
сорттарын, 
жануарлардың 
асыл 
тұкымын, 
микроорганизмдердің
штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін 
биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және 
өндірістің 
сапасы 
деп 
қарауға 
болады. 
Ата-әжелеріміз 
ежелден 
микроорганизмдерді қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік 
жасауға, нан пісіруге, тері илеуге, т.б. қажетті заттарды дайындауға 
пайдаланған.
Қазіргі 
биотехнологияның 
мынадай 
негізгі 
бағыттары 
бар: 
микробиологиялық өндіріс,жасушалық инженерия және гендік инженерия. 
Биотехнологияда биохимия,микробиология,молекулалық биология, генетика 
ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді 
заттар – гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық 
қышқылдар – сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады.
Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен 
150-ден астам биологиялық заттардың түрлері синтезделді. Мысалы, адамда 
және кейбір жануарлар организмінде синтезделмейтін аминқышқылы лизинді 
тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар организмінде лизин 
жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді 
жануарлардың жем-шөбіне қосып береді.
Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан 
тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен 
тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды 
қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді. Металл 
қалдықтарымен (уран, мыс, кобальт, т.б.) ластанған суларды тазарту үшін 
оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады. 
Сонымен биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қатысады. 
Үндістанда, Қытайда, Филиппинде үйлерді жылытуға және тамақ 
дайындауда биогаз – метан мен көміркышқыл газдың қоспасын пайдаланады. 
Ол үшін арнаулы контейнерлерге малдың қиын, қант өндірісінің, ауыл 


204 
шаруашылығы заттарының калдықтарын жинап, оларға бактерияның арнайы 
себіндісін қосады. Осы қоспадан биогаз алады. 
https://ulagat.com/  
1.Жануарлар денесінің өсуіне әсер ететін биологиялық қоспа 
А) Фермент 
B) Витамин 
С) Лизин 
D) Антибиотик 
Е) Гормон 
2. Биотехнологияның басты мақсаты туралы айтылған азатжол 
А) 1 
B) 4 
C) 3 
D) 5 
E) 2 
3. Металл қалдықтарымен ластанған суларды тазарту үшін нені пайдаланады? 
A) Ауыл шаруашылығы заттарының калдықтарын 
B) Қалдықтарды жинайтын бактерияның арнайы себіндісін 
C) Өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін 
D) Ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларын 
E) Генетикадағы өте бағалы биологиялық белсенді заттарды 
4.Үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда пайдаланатын биологиялық 
қоспа 
A) Метан 
B) Биогаз 
С) Пропан 
D) Малдың қиы 
Е) Көмірқышқыл газы 
5. Биотехнологияда биохимия,микробиология,молекулалық биология, 
генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық 
белсенді заттар... алынады. Артығын тап. 
A) Фермент 
B ) Антибиотик 
С) Гормон 
D) Көмірқышқыл 
Е) Витамин 
6. Экологиялық мәселелерді шешуге қатысатын биотехнологияның 
биологиялық әдістері туралы айтылатын азатжол 
А) 1 
B) 4 
C) 3 
D) 5 
E) 2 


205 
7. Биологиялық заттардың 150-ден астам түрі ненің көмегімен синтезделді 
A) Ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен 
B) Оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың көмегімен 
C) Өте бағалы биологиялық белсенді заттардың көмегімен 
D) Белсенді органикалық қышқылдардың көмегімен 
E) Ауыл шаруашылығындағы заттардың калдықтары көмегімен 
8. Жануарлар организмінде лизин жетіспесе не болады? 
A) Денесінің өсуі тоқтайды 
B) Түрлі ауруға шалдығады 
C) Денесінің өсуі баяулайды 
D) Жануарлар арықтайды 
E) Барлық жауабы дұрыс 
9. Қазіргі биотехнологияның негізгі бағыттары. Дұрысын тап. 
A) Молекулалық биология 
B) Биохимиялық инженерия 
C) Биологиялық генетика 
D) Органикалық биология 
E) Гендік инженерия 
10. Мәтін мазмұнына сай қорытынды пікір 
A)Микроорганизмдерді зерттеудің бағыттары 
B) Биотехнология жетістіктерінің пайдасы зор 
C) Биотехнология экологиялық мәселелерді шешеді 
D) Биотехнологияның даму кезеңдері 
E) Биотехнологиядағы биологиялық әдістерді зерттеу 


206 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет