Павлодар облысында жылқы гастерофилезінің таралуы (ұсыныс)



жүктеу 389 Kb.
Дата12.06.2016
өлшемі389 Kb.


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеті
Биология және экология кафедрасы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛҚЫ ГАСТЕРОФИЛЕЗІНІҢ ТАРАЛУЫ

(ұсыныс)

Павлодар


Кереку

2010


ӘОЖ 619:616.33:636.1(574.25)(083.13)

КБК 48.73.(5Каз)

П12
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті химялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің

оқу-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:

Ұлықпан Қаманұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор;

Мағаш Аятханұлы – биология ғылымдарының докторы, профессор.

Құрастырушылар: Ж. М. Есімбек, Р. Ж. Нүрғожин

П12 Павлодар облысында жылқы гастерофилезінің таралуы (ұсыныс)

/ құраст. : Ж. М. Есімбек, Р.Ж . Нүрғожин.– Павлодар : Кереку,

2010. – 29 б.


Бұл ұсыныста қарын бөгелектерінің жалпы сипаттамасы, олардың санын реттуге бағытталған шаралар жүйесі, зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне негізделген мал шаруашылықтарында жүргізетін күрес шаралары мен құралдар сипаттамалары келтірілген.

Бұл ұсыныс мал шаруашылығы мен ветеринария, сонымен қатар ЖОО ауылшаруашылық мамандықтарының студенттеріне арналған.
ӘОЖ 619:616.33:636.1(574.25)(083.13)

КБК 48.73. (5 каз)

© Есімбек Ж. М., Нүрғожин Р. Ж ., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе
Адам өмірінде мал шаруашылығының маңызы өте зор. Біріншіден халқымызды ең жоғарғы сапалы тағамдармен қамтамасыз етсе, екіншіден, жеңіл өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етеді, әрі бұл сала маңызды органикалық тыңайтқыштарды да өндіреді.

Отанымызды азық – түлікпен қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығының маңызы өте зор.

Мал шаруашылығының тиімді саласы – жылқы шаруашылығы. Басқа мал түлігінің ішінде жылқының алатын орны ертеден-ақ ерекше болатын. Өндіргіш күштер мен техниканың мыңдаған жылдар бойы жетілуіне орай жылқының мән-маңызы да өзгерді. Бірақ адамның жылқыға деген сүйіспеншілігі өзгерген жоқ. Қайта жылқы шаруашылығы бұрынғыдан да жетілдіріле түсті. Жылқының шаруашылыққа пайдалы қасиеттері ұшан-теңіз. Ол мінсе – көлік, сүті – қасиетті диеталық сусын, еті – дәмді тағам. Осы қасиеттеріне былай қойғанда ертедегі диқандар оны жер өндеуге пайдаланып, еңбек өнімділігін арттырған. Жылқыны спорт пен әскерге пайдалану да оның маңыздылығын күшейтіп, мәнінің артуына зор ықпалын тигізді.

Қазақстанда жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының ішіндегі дәстүрлі және көп сырлы салалардың бірі. Бұл саладан өндірілетін бағалытағамдармен қатар, жылқы терісі жеңіл өнеркәсіптік былғары бұйымдарына, вакцина және қан сарысуына (сыворотка) жасауға кеңінен пайдаланылады.

Өткен жыл қорытындылары көрсеткендей, облысымыздың ауыл шаруашылық саласында тындырымды істер жүзеге асырылды. Ол - ең алдымен мемлекеттік бағдарламаның оң бағытта іске асырылатынын белгісі. Әсіресе, мал басының өсу тенденциясы байқалды. Облыс тұрғындарының санына байланысты жан басына шаққанда 1,51 бас мал. Былтырғы жылы бұл көрсеткіш 1,23 басқа теңескен. Соңғы деректер жылқы 58 595 басқа жеткен. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі жағдай бойынша бұл іс Ақсу, Екібастұз қалаларының ауылды аймақтарында ойдағыдай, Баянауыл, Май аудандарында көңілден шығарлықтай. Алдыңғы екеуінде жан басына шаққанда 2,06; 2,00 бастан, Баянауыл ауданында 1,98 бас, Май ауданында 1,93 бас, Павлодар ауданында 1,81 басқа тең.

Бірақ, жылқы шаруашылығының ілгері дамуына бөгет болатын көптеген факторлардың бірі – жылқылардың түрлі инвазиялық аурулары. Табынды жылқы шаруашылығының жоғары деңгейде ветеринар-санитарлық және зоотехниялық қызмет көрсетудің жетіспеушілігінен жылқылар арасында әр түрлі этиологиялы аурулардың таралуы, оның ішінде гасетрофилездің де етек алуы байқалуда.

Жылқы арасында гастерофилез барлық табиғи аймақтарда кең таралған және жылқы щаруашылығына келтіретін зияны орасан зор.

А.В. Решетниковтің (1988) мәліметтері бойынша Якутияда бұл аурудың салдарынан бір басқа келетін экономикалық зиян 30,0 - 44,2 рубльді құрайды [1]. Жылқы гастерофилезі Беларусияда, Ресейде, Орта Азия Республикаларында (Өзбекстан, Қырғызстан), Қазақстанның шығыс және солтүстік аймақтарында жан-жақты зерттелген. Бұл зерттеулер нәтижесінде гастерофилездің экстенсивтілігі 95-100%, ал интенсивтілігі бір басқа 153 тен 435 дернәсілге (кейде 1000 астам) жететіндігі анықталған [1,2,3,4,5].

Қазақстанда ертеректе жылқы гастерофилезі оңтүстік-шығыс аймақтарында зерттеп тауып [6], одан соңғы жылдары жылқының бұл ауруына көңіл бөлінбеді. Тек соңғы жылдары Республиканың солтүстік аймақтары мен шығысында гастерофилезге көңіл бөліне бастады [7,8]. Бірақ Павлодар облысында, бұл мәселенің өзектілігіне қарамастан, соңғы уақытқа дейін қарын бөгелектерімен олар туғызатын жылқы ауруына көңіл бөлінбей келеді.

1 Қарын бөгелектерінің және жылқы гастерофилезінің жалпы сипаттамасы
1.1 Бөгелектердің морфологиялық ерекшеліктері

Жылқылардың қарын бөгелегі Gastrophilidae тұқымдасының Gastrophilus туысына, Diptera, Brachycera қысқа мұртты қос қанатты насекомдар отрядына жатады­. Деректер бойынша бөгелектер мамыр – маусымда, ал Европаның солтүстігінде – тамызда пайда болады да, дернәсілдерінің ІІ сатысы қарында - қаңтар – ақпанда, ал ІІІ сатыдағысы – ақпаннан сәуірге дейін, қуыршақтануы - наурыз - сәуірде байқалады. Қуыршақ сатысы 26 - 33 тәулікке созылған [6].

Бөгелек басын, төс және қарнын түк қаптаған, денесінің кейбір жерлерінде қою және ұзын, ал кейбір жерлерінде сирек және қысқа. Денесінде, сонымен қатар кеудесінде қылдары болмайды.

Басының бүйір жақтарында екі ірі, жалаңаш (түксіз), күрделі көздері орналасқан (1 сурет). Жай көздері, Gastrophilus Leach тұқымдасының барлық түрлерінде жақсы дамыған, көздері ерекше склеритте үшбұрыш тәрізді орналасады, олар көздік үшбұрыш деп аталады және де қара түсімен ерекшеленеді. Көздік үшбұрыш екі көздің ортасында, желке мен маңдайдың шекарасында орналасқан. Маңдайы бастың жоғарғы жартысында орналасқан, көздің ішкі шеті арасында, және маңдай жолақ түзеді, әдетте түсімен және де екі жақ бөлімдері – шарасымен ерекшеленеді. Маңдай жалпақтығы бөгелектің әр тұқамдасында әр түрлі, бірақта көбінесе бастың жалпы ені бойынша 1/6 бөлігін құрайды (Gastrophilus рecorum F. аталығында басының ені ең кішкентай), сонымен қатар аналық бөгелектерде маңдай бөлігі аталықтарға қарағанда жалпақ. Маңдай жолағы төменгі жағынан доға тәрізді тігіспен шектелген, ірі, ішке қарай созылған маңдай көпіршігі (птилинум), ол тек қана масаның қуыршақтан шығу кезінде қызмет атқарады. Бүйір жақтағы доға тәрізді тігіс астынан және ішкі жағынан жақ сүйектерін шектейді, ал сыртқы жағынан көздің ішкі қырымен шектелсе, үстінгі жағынан көздің шарасына бекінеді.

Егерде бөгелектің бас бөлігін көзге елестеткіңіз келсе, кәдімгі шыбынды есіңізге түсіріңіз. Ақырғыларында доға тәрізді тігістің үстінгі жағы мен мұртшаларының негізі арасында қуысты аңғаруға болады. Бас бөлігіндегі беттің ортасы қуыс пен езу арасы жақтау (клипеус) деп аталады. Клипеустің үстіңгі жағында үшбунақты мұртшалар орналасқан. Клипеус бүйірлерінен көтеріңкі кішкене біліктермен шек қойылған. Әдетте, ақырғылардың үстіңгі бөлігі шұңқыр жақ бөліктерімен қосылады. Ортаңғы қуыстың астыңғы бөлігі бет қырына бағытталған, ол мұртшаның негізін бөліп және клипеустің үстіңгі жағын оң және сол жаққа бөледі. Бет қыры кейде шұғыл төмендеп, клипеустің үстіңгі бөлігінде орналасады. Бас бөлігінің қыр жағы көзінің астыңғы жағынан бастап езуге дейін беті болып есептеледі. Басының әрбір жағында - бет аралығында, жақ сүйектерінде, қыр бөлігінде медиана орналасқан, ол кейде түсімен ерекшеленеді.

Gastrophilus Leach туысының барлық түрлерінде мұрттары қысқа, олардың ұзындығы бет биіктігінен кемірек, олар мұртша қуысында терең орналасқан. Мұртшаның бірінші бунағы өте кішкентай, екінші бунақ көптеген түрлерде айтарлықтай қысқа дөңгеленіп келген үшінші бунаққа қарағанда; тек қана G. рecorum-да екінші бунағы ұзын және үшінші бунақтың ұзындығынан артық. Үшінші бунақ ариста негізінде ұзын, жалаңаш, үстіңгі жағы қалың. Ауыз мүшелері жоқ немесе екі рудиментарлы шар тәрізді қармалауыштары бар. Басында қылдары жоқ, бірақ шаштары бар; бөгелек аталықтарында бет бөлігінде шаштары қалың және ұзын.

Алдыңғы кеудесі және артқы кеудесі нашар дамыған және үстінен қарағанда көрінбейді. Алдынғы кеудесінде алдынғы аяқтары орналасқан, артқы кеудесінде артқы аяқтары мен ызылдауықтары, екі қос қанатына рудиментті болып табылады. Ал, ортаңғы кеудесі өте жақсы дамыған. Онда қос қанат, ортаңғы қос аяқтарын, артқы бөлігінде екі кеуде қабыршақтары орналасқан; ақырғылары үлкен емес. Үстінен қарағанда тек қана ортаңғы кеудесінің арқасы (ортаңғы арқа) көрінеді, мұнда екі иық төмпешігін айыруға болады, әдетте олар ашық түсті, екі қанат артқы төмпешік, артқы бөлігінің ортаңғы арқасында дөңгелектенген қорған және қорған асты орналасқан, бірақта нашар дамыған. Ол осы түрдің көбінде кездеседі.

Бірақта, G. veterinus-та және G. nigricornis-та қорған асты жақсы дамыған, оның ұзындығы еніне қарағанда тек 3 есе кем. Ортаңғы арқасы көлденен тігіспен екі бірдей бөлікке бөлінеді, ортасында кең үзілген. Көлденең сызықтағы үзінділер тек осы түрге ғана жатады. Ортаңғы кеуде бүйірінде бірнеше жақсы дамыған склериттен тұрады, мұнда қатты қылдары жоқ, бұл қылдар диагностика үшін маңызы зор. Ортаңғы арқа және ортаңғы кеуде бүйірі қалың түкпен қапталған, бүйір жағында түгі әлдеқайда ұзынырақ. Кеуденің бүйір жағында алдыңғы кеуде мен ортаңғы кеуде арасында алдыңғы демтесігі, ал ортаңғы кеуде және артқы кеуде арасында артқы демтесіктері орналасқан.

Қанаттарының құрылысында сүтқоректілерде паразиттелуден туындаған регрессивті белгілер байқалады. Басқа түрлерде арқауында айырмашылықтар болатын болса, Gastrophilus Leach түрінде ешқандай айырмашылық жоқ. Қанатының алдыңғы жағында костальді (с) талшық бар, ол тек қана қанатының шыңына жетпейді (2 сурет). Костальді талшыққа параллельді өте жұқа субкостальді (sc) талшық, костальдіге қосылып немесе еркін бітеді. Субкостальді талшықтан кейін радиальді талшық орналасқан, оның өзі бойлай орналасқан 3 талшыққа бөлінеді, олардың белгілері r1, r2+3 және r4+5; бұл 3 талшықтар соңында костальдіге қосылады, олардың ақырғысы, яғни r4+5 әрқашанда қанаттың шыңына келіп бітеді. Келесі 3 талшықтар – медиальді (m), кубитальді (cu) және анальді (an) – олар бір-бірінен бойлай талшықпен және радиальдіден бөлек орналасады.

Қанаттарында 4 немесе 5 көлденең орналасқан талшықтар бар:

1) иық (h), қанатының негізіне қарай орналасқан және де радиальді талшықпен костальдіні қосады; иық талшығынан субкостальді талшық басталады;

2) радио-медиальді (rm), қанатының ортасында орналасқан және де r4+5 пен m қосады;

3) негізгі медио-кубитальді (mcu), қанатының негізгі жартысында орналасқан және m мен cu қосады;

4) астыңғы көлденең (tp), кейде болмайды, rm-ға жақын немесе қанатының шыңына жақын орналасқан; ол cu мен an қанатының негізіне жалғайды.

Тік және көлденең орналасқан талшықтар қанатта 3 (tp болмағанда) немесе 4 кестемен шектеледі, қанаттың шетіне шықпайтын:

1) алдыңғы негізгі, қанатының негізгі жартысында орналасқан және де r4+5, rm және m талшықтарымен шектеледі;

2) артқы негізгі, қанаттың негізімен және m, mcu, cu-мен шектелген;

3) дискоидальді, m және cu арасында жатыр, шеткі кестенің негізінде және tp болмағанда көрінбейді;

4) анальді кесте, қанаттың негізінде орналасқан және cu, cu 2 және an талшықтарымен шектелген.

Берілген түрдің талшықтарының негізі болып:

1) түзу немесе m артқа қарай кішкене иілген, өз түріне байланысты қанаттың алдыңғы жағында шұғыл иілгіші жоқ – үстіңгі көлденең талшық;

2) әр түрде tp-ның әр қалыпта болуы, әр тұқымдастың бір түрінде басқалармен салыстырғанда талшықтары нәзік болып келеді, ал кейбір түрлерде мүлдем болмайды. Бұл tp талшықтары қарын бөгелектерінде жоғалып кетуі мүмкін.




Сурет 1,2 – G. рecorum F. және G. іntestinalis De Geer. бөгелектерінің имаголары


Кейбір қарын бөгелек түрлерінде қанаттары жақсы көрініп тұр және де қара дақтары бар. Қанатының ұзындығы денесінің ұзындығымен тең. Қанатының артынғы шетінде, негізіне жақын, терең кесікпен бөлініп тұрған кішкентай қанат орналасқан, ол қабыршақпен байланысып тұр (3 сурет).

Сурет 3 – Gastrophilus intestinalis De Geer қанатының құрылысы
Gastrophilus Leach бөксесі үстіне қарай кішірейіп келеді. Қол бунағының ұзындығы әр түрде әр түрлі болып келеді және бір түрдің әр жынысында да қол ұзындығы бірдей емес, сонымен қатар бұл қарама-қайшылық диагностика үшін тиімді. Тырнақтары өте жақсы дамыған, бірақ Gastrophilus Leach түрінің аналықтарының кейбір түрлерінде алдыңғы тырнақтары қысқа, ортаңғы және артқы тырнақтарға қарағанда. Эмподилері нашар дамыған.

Қарнында біршама өзіндік ерекшеліктері болады, осымен Gastrtrophilidae тұқымдасы басқа қос қанаттылардан ерекшеленеді. Қарын құрайтын бунақтар негізгі және үстінгі (сыртқы жыныс аппараты) болып екіге бөлінеді. Әрбір жақсы дамыған қарын бунағы арқа склериті (тергит), ол бунақтың үсті мен бүйірінің жабындысы және қарын склеритінен (стернит) тұрады. Тергит және стернит арасында жарғақпен жалғанған, егерде осы жарғақ жақсы дамыған болатын болса, онда тергит пен стерниттің арасы алшақ болады, ал егерде, керісінше жарғақ дамымаған болса, онда аралары тар болып бүйір қырлары тергит пен стернит қосылып кетеді немесе бір-бірінің үстіне жабысады. Әрбір бунақта, үстінгі бунағын алмаса, бір жұп тыныс жолдары бар, олар тергитте немесе жарғақта орналасқан. 1 тергит әрдайым 2 тергитпен қос келеді; 1 стернит қалады. Келесі төрт жақсы дамыған бунақтың жиынтығы қарынның пішіні мен мөлшерін құрайды; одан кейін бірнеше өте қатты өзгерген бунақтар оранласады, олар сыртқы жыныс аппаратын құрайды, аталықтары жақсы зерттелген болатын. Аталықтарының жыныс аппаратының күрделілігі оның филогенін және диагностикада қолданылуына мүмкіндік берді.

Аналықтарының жұмыртқа салғышы ұзын, қатты, түтік тәрізді, кейде қысқа болып келеді. Жұмыртқа салғыш түтігі VI - VII бунақта орналасқан.
1.2 Бөгелектердің жұмыртқа және дернәсілдік кезеңдерінің ерекшеліктері

Жұмыртқалары. Қарын бөгелектерінің жұмыртқалары шығарда түсіп қалатын дөңгеленген қақпақшасымен, арнайы бекітілген жатыры және арнайы микроқұрылыммен ерекшеленеді. Бекіну тәсіліне қарай бекітілетін жатырдың екі түрі болады. Кем мамандандырылған тәсіл жұмыртқаны жалпақ субстратқа салғанда көрінеді – түктен айырылған теріде және шөптесін өсімдіктердің жапырақтарында (G. рecorum). Бұл жағдайда бекітілген жатырдың түрі түтік тәрізді болып келеді. Жұмыртқа салған уақытта түтік желім тәріздес секретпен жағылып, жұмыртқа жалпақ субстратқа тігінен немесе көлденең жабысып орналасады (4 сурет). Басқа түрлері жұмыртқаларын жануардың түгіне бүйір жағынан келген екі жалған аяқтарымен бекінеді, осы жалған аяқтары артқа қарай жалғасады. Ал ауада болған кезде бұл жалған аяқтары ішіне қарай оралып, түкті қармап алады. Бұл жалған аяқтары болған кезде секреттің бөлінуіне маңызы жоқ, бірақта бұл секреттің бөлінуі аналықтарда өте жақсы дамыған. Бұл бездер рудимент болып саналуы мүмкін. Зерттеу кезінде аналықтардың жануарларға шабуыл жасаған кезде, олар суға кіріп шабуылдан құтылады. Яғни, ылғалды ауада жұмыртқалардың жалған аяқтары кеппейді, сонымен қатар түкті қармап ала алмайды. Сондықтан да бөгелек аналықтары осындай жағдайда жұмыртқаларын сала алмайды [9].

Сурет 4 – Gastrophilus ресоrum F., имагосының жұмыртқа салу кезеңі


I сатыдағы дернәсіл. Дернәсілдің денесі туғанда 13 бунақтан тұрады: псевдоцефал, 3 кеуде және 9 қарын; артқы желбезектерден трахеялық тармақтары IX қарын бунағының ұшы артқа қайырылады. Дене тұрқы ұршық тәрізді, ал G. veterinus өзгеше, оның дене пішіні цилиндр тәрізді және ұзын, артқа қарай қайырылған қылдары болады.

Қозғалмалы псевдоцефал оң және сол бөлікке бөлінген, олардың ұшында бір-бірден орналасқан ірі сензорлы мүше бар. Әр бөліктің қарын жағында екінші ауыз тесігінің үстінде G. іntestinalis De Geer, G. іnermis Br., G. рecorum F. дернәсілдерінде пигментті шеттерінде тісі бар пластинка орналасқан.

Ауызжұтқыншақ аппараты: оральді бөлігі екі ауыз ілмегінен тұрады. Гипостомальді бөліктің ұшына қарай бөлшентенген және ұзын, алға бағытталған ортаның үшкір гипостомальді склериттің арасында орналасқан ауыз ілмектері өте қозғалмалы. Алға бағытталуы мүмкін немесе ауызжұтқыншақ аппаратының осьіне перпендикуляр орналасады, ақырғы жағдайда ауыз ілмектерінің ұшы арқа бөлігіне бағытталған. Гипостомальді бөлік екі арқа қанаттары мен біршама қысқа, жұпсыз қарын қанатынан тұратын фарингеальді бөлікпен қосылған (5,6 сурет).


Сурет 5 – Gastrophilus veterinus GL, І және ІІ сатылы дернәсілдері мен Gastrophilus intestinalis ІІІ сатылы дернәсілі


Сурет 6 – Gastrophilus Leach ІІІ сатыдағы дернәсілдерінің ауыз ілмектері: 37 – G. pecorum; 38 – G. haemurrhoidalis I;
39 – G. intestinalis Dt Geer; 40 – G. veterinus CI.; 41 – G. incrmis Br.
Денесінің ілмектері өте күшті дамыған, әр бунақта артқа бағытталған алдыңғы ілмектер аймағынан тұрады, G. іnermis Br. түрлерінен басқаларында.

I кеуде бунағынан VII қарын бунағына дейін. Бунақты ілмектер аймағы қоршап тұр.

I кеуде бунағының қарулануы – фартук деп аталады және дернәсілдер иесінің ілмектерінде қозғалуын қамтамасыз етеді. Ілмектер фартукта шахматты түрде орналасады және қарын бөгелегінде 6 немесе одан да көп қатар құрайды. Артқа қарай және арқа бөлігіне қарай ілмектердің пішіні кішірейеді. Фартуктағы бірінші қатардағы қарын бөлігіндегі ілмектер өте ұзын, тік, ұшына қарай жіңішкеріп, ілмек тәрізді артқа қайырылған. Қалған ілмектер тырнақ тәріздес, олардың пішіні бірте-бірте кішірейеді, сондықтан алтыншы немесе жетінші қатарда ілмектердің пішіні бірінші қатардағы ілмектерге қарағанда өте кішкентай.

Басқа қаруланған бунақ ілмектер аймағы 2, 3 қатардан тұрады. Ілмектер шахматты ретпен орналасып, әр қатар сайын шұғыл кішірейіп отырады. Барлық бунақтар аймағы 4 бөлікке бөлінген: қарын бөлігінде жіңішке екі бүйірінен және арқа бөлігінің ортасында. Кейбір түрлердің дернәсілдерінде II – III кеуде бунақтары мен I қарын бунағының қарулануы ерекше тырнақ тәрізді ілмектердің болуымен ерекшеленеді.

Қарын жағындағы барлық кеуде бунақтары 3 қысқа ілмектерден тұратын Кейлин мүшесінің бір жұбы бар, сондай ақ кішкентай дөңгелек түрінде сензорлы мүшелер бар.

II сатыдағы дернәсіл. Денесі дөңгелек, ұзынша, алдыңғы жағы үшкірленген, он екі бунағы бар. Дернәсілдерінде ұршық тәрізді бүйір дөңестері бар, олар I – II бунақтан басталып V – VII қарын бунақтарымен аяқталады, сонымен қатар дернәсілдің әрбір жағында 5 ұршық тәрізді төмпешік, оның ішінде алдыңғы 4 қатар бір қатар тікендермен қорғалған.

Псевдоцефалында екі сенсорлы мүше жұбы бар, екеуі де құрылысы бойынша әртүрлі болады. Осы мүшелер мен ауыз ілмектерінің арасында екі ұсақ тобы бар.

Ауызжұтқыншақ аппараты: оральді бөлігі орақ тәрізді ірі ауыз ілмектерінің жұбынан және параллельді тігіс пластинка жұбынан тұрады. Бұл пластинканың болуы II – III сатыдағы дернәсілге тән қасиет болып табылады. Гипостомальді бөлік фарингеальді бөлігімен қосылған бір склериттен тұрады.

Дернәсілдердің қарулануы артқа қарай бағытталған ұсақ тікенектер аймағынан тұрады. I кеуде бунағы барлық жағынан 10 қатар құрайтын тікенектерден құралған. Келесі бунағының қарулануы 3 – 5 тікенек қатарын құрайды. Тікендері шахматты ретпен орналасқан, бірақта бұл рет бұзылған болатын, өйткені тікендердің пішіні кеміп, қатарлар бір-біріне жақын орналасқан.

Артқы желбезек пластинкалары қосылған, оның оң және сол бөлігінде екі параллельді тыныс алу тесігі бар, олар тік орналасқан және де сәл доға тәрізді сыртына қарай иілген. VIII құрсақ бунағында терең қуыста артқы желбезектері орналасқан, олар 2 горизонтальді (үстінгі және астынғы) жапқыштардың көмегімен герметикалық жабылады. Сыртқы жапқыштың үстінде бір қатар орналасқан төрт сензорлы нүкте бар.

III сатыдағы дернәсіл. III сатыдағы дернәсілдің құрылысы II сатыдағы дернәсілге ұқсас. Денесі сопақ, ұзынша келген, алды үшкір, арты дөңгелек, он екі бунағы бар. Сонымен қатар, дернәсілдің әрбір жағында 5 ұршық тәрізді төмпешіктері бар, олардың ішіндегі алдыңғы төртеуі бір қатар тікенмен қорғалған.

Ірі псевдоцефалында екі пигменттелген сензорлы мүше жұбы бар, әр жұп ерекше емшек ұшында орналасқан. Бұл емшектер кесілген шошақ тәрізді және сензорлы мүшені ашық түсті сақина қоршайды. Сенсорлы мүшелер мен ауыз ілмектерінің арасында екі ұсақ тікендер тобы бар.

Ауызжұтқыншақ аппараты II сатыдағы дернәсілдікімен бірдей, склериті болмайды. Мұнда тек фарингеальді бөлігі қысқа болып келеді.

Дернәсілдердің қарулануы артқа бағытталған ірі тікенектерден тұрады. I кеуде бунағын ұсақ тікендер қоршаған, олар қарын бөлігінде он қатар құрайды, арқа бөлігіне қарай тікендері азая береді. Келесі бунақтардың қарулануы 1 немесе 2 қатар тікендерден тұрады.

Егерде қорғандары бір қатардан көп болатын болса, онда олар шахматты ретпен орналасады және де келесі қатардағы тікендер пішіні кішкентай болып келеді.

Алдыңғы жел безектері өте ірі, бірақ терінің астына терең енгендіктен көрінбейді. Олар ұзын,массивті тыныс алу түтігінен тұрады, ұшында көптеген тыныс алу тесіктері орналасқан.

Артқы желбезектері бір пластинкаға қосылған , оларда үш тыныс алу тесігі бар. Артқы желбезектер VIII қарын бунақтары ұшында терең кеңістікте орналасқан және II сатыдағы дернәсіл сияқты жоғары және төменгі горизонтальді жапқыштардың көмегімен генметикалық тұйықталады. Сыртқы жапқыштың үстінде 4 сензорлы нүктелер бар, олар бір қатар орналасқан, оның ішінде астыңғы жабындыда әдетте ірі болады, басқаларға қарағанда. Gastrphilus Leach түрлерінің барлық дернәсілдерінде жабындысының ішкі жағанда шашқа ұқсас нәзік тікендер орналасқан.
1.3 Бөгелектердің таксономиялық ерекшеліктері және биологиясы

Қазақстанның әртүрлі табиғи аймақтарында қарын бөгелектерінің таралған 6 түрі белгілі. Олардың 4 түрі Республиканың солтүстік аймақтарымен (Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды), солтүстік-шығысында кездеседі. Олар экологиялық иілімдігі өте эоғары, барлық табиғи жағдайларға бейімделген, кең ареалды түрлер (G. intestinalis, G. pecorum, G. haemоrrhoidalis, G. veterinus) [7,8].

Gastrophilus intestinalis - қарынның үлкен бөгелегі. Жылқы бөгелектерінің ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 13-16 мм, сары қоңыр түсті. Басы үлкен және түкті. Басында екі күрделі жөне 3 қарапайым көздері орналаскан. Қүрсақ жағында денесін дақгар басқан. Жүмырткасы сары түсті, ұзындығы 1,2 мм айқын көрінетін көлденең жолақгары бар. I сатыдағы дернәсілдердің ұзындығы 1,05-1,1 мм, ақ түсті. Бас жағында екі ілмекті аузы бар.

ІІІ сатыдағы дернәсілдердің дене тұрқы 20мм, пішіні сопақ. Денесінің әр буылтығьшда екі қатар тікенектері бар, біреуі екіншісінен ірірек.

G. haemorroidalis- қызыл қүйрық бөгелек, күрең түсті, дене түрқы 9-11 мм, қүрсақ жағының түсі үш түрлі: алдыңғы жағы ақ, орта түсы -қара, қүйрық жағы - жирен, сондыктан оны қызыл қүйрық бөгелек деп атаған. Қанаттары түссіз, жұмыртқалары қара-қоңыр. I сатыдағы дернәсілдердің 13 буылтығы бар, ұзындығы 0,58 мм, ақ түсті, II сатыдағы дернәсілдердің ұзындығы 14 мм. III сатыдағы дернәсілдің үзындығы 18,5 мм, әр буылтығында ұсақ екі қатар тікенектері бар.

G. рecorum- шөгі бөгелегі. Ұрғашылары күрең түсті, дене тұрқы 16 мм, еркектерінің түсі сәл анықгау, дене түрқы 13 мм. Басы кеудесінен сопақгау, мандайы тар, басы түкті. Кеудесі қоңыр, оның орта шенінде - қара түсті, ашық екі жолағы бар. Құрсақ жағы қара қоңыр, кеудесінен кеңірек. Жұмыртқалары қара түсті, ұзындығы


0,9 мм, ірі сопақ қақпақшасы бар. I сатыдағы дернәсілдердің ұзындығы 0,30-0,95 мм, ақ түсті. II сатыдағы дернәсілдердің ұзындығы 12 мм, ал III сатыдағы дернәсілдері – 20 мм. Буылтықгардың бірінші қатардағы тікенектері екіншісінен екі есе ірі.

Өсіп-өнуі. Қарын үлкен бөгелегінің ұрғашылары жүмыртқаларын бір-бірден, жылқының аяқ, иық кеуде түктеріне желімдейді (7 сурет).

Ал, қызыл құйрық бөгелек жүмыртқаларын жылқының ерніндегі түкке салады.

Шығыс бөгелегі жүмыртқаларын шөптің сабағына, жапырағына және атқазықка салады. Олар жем-шөп арқылы жылқының аузына түседі. Жылқының әр жеріне салынған жұмыртқалардан 4-10 тәуліктен соң I сатыдағы дернәсілдер өсіп шығады. Олар теріні қышытқандықтан, жылқы ернімен және тісімен қасынып, тері үстінде жыбырлап жүрген дернәсілдер тіліне және еріндеріне жұқтырып алады. Ауызға енген дернәсілдер тілдің, ұрттың және қызыл иектің кілегей қабығына еніп кетеді. Ауыз ішінде олар 3 аптадай болып, стоматит немесе ауыз уылу ауруын туғызады. 3-4 аптадан соң дернәсілдер түлеп, азыкпен бірге жұтылып, өздерінің негізгі орны-қарынға жөне ішекке баръш орналасады. Сонда олар түлеп 9-10 ай тіршілік етеді.

Келесі жылы жазғытүрым күн жылынғанда III сатыдағы дернәсілдер жылқының тезегімен жерге түсіп, топырақгың үстіңгі кабатына еніп қуыршақ сатысына айналады. Куыршақ ішіиде 20-50 тәулікте бөгелектің ересек, яғни имаго сатысы дамып өседі. Сонымен, жылқы бөгелегінің жүмыртқадан ересек сатысына дейін өсіп дамуьша 1 жыл уақыт керек (8 сурет).

1 – үлкен қарын бөгелегі; 2 – мұрт бөгелегі; 3 – он екі елі ішектік бөгелек


Сурет 7 – Жылқының денесіне қарын бөгелектерінің жұмыртқа салу орындары

1 – жұмыртқа; 2 – қарындағы дернәсілдер; 3 – қуыршақ;
4 – қуыршақтан шығып жатқан имаго; 5 – имаго.
Сурет 8 – Қарын бөгелегінің даму циклінің схемасы
1.4 Гастерофилез ауруының сипаттамасы

Гастерофилез - тақ тұяқтылардың (жылқы, есек, қашыр) асқазан жолдарын, таз қарнын мекендейтін Gastrophilidae түқымдасының Gastrophilus туысьша жататын бөгелек балаң құрттары туғызатын энтомоз ауруы. Індет ауру малдың ас қорыту процесі бүзылуымен, жануарлардың бірте-бірте арықтауымен, гастритке, гастроэнтеритке шалдығуымен сипатталады.

Аурудың дамуы, патогенді мен клиникалық белгілері ішке түскен қарын бөгелек дернәсілдерінің санына байланысты. Ғылыми деректерге сүйенсек үлкен қарын бөгелек дернәсілдерінің саны көптеген аймақтарда 300-500 дейін болады [9], ал олардың ұрғашылары 431 ден 541 дейін жұмыртқа салады [10]. Осындай өсімталдығының нәтижесінде көптеген аймақтарда 100% жылқы басы ауруға шалдығады.

Эпизоотологиялық деректер. Жылқы гастерофилезін таратушы осы ауруға шалдыққан мал. Инвазия жылқыға, есекке, кашырға жаз айларының ыстық күндерінде жүғады. Әсіресе қуаңшылық жылдары гастерофилез көптеп кездеседі. Жауын - шашынды жылдары ылғалдың молдығымен жерге түскен дернәсілдер саңырауқүлақшалармен зақымдалып, бір қатары қуыршақ сатысына көшпей-ақ қырылып калады.

Павлодар Ертіс өңірі мен Баянауыл таулы аймағының табиғи жағдайлары бөгелектердің өсіп-өнуіне өте қолайлы. Сондықтан жылқы арасында гастерофилездің экстенсивтілігі мен интенсивтілігі неғұрлым жоғары болса, бөгелек шыбындарының популяция қалындығы көтеріледі де, жаз айларында жылқылардың зақымдану деңгейі өседі.



Ауру белгілері. Аурудың клиникадық белгілері жылқының асказанындағы дернәсілдердің санына байланысты. Егер олардың саны бірен-саран болса, ауру астыртын байқаусыз өтсді. Бөгелек дернәсілдерімен көптеп зақымдалған жылкы бірте-бірте арыктайды, түгі үрпиіп, жылтырын жоғалтады. Кілегей қабықтары бозарыңкы, тәбеті төмсндеп, созылмалы гастроэнтерит белгілсрі байқалады. Азыктын қарыннан он скі елі ішекке өтуі қиындайды. Жылкыньщ ішегі түйнеп, шыгынга ұшырауы мүмкін. Бөгелек дернәсілдері көмей немесе жұмсақ таңдайда болған кезінде, жылкы жөтеледі, суарганда мүрыннан су қайта ағады, жем шайнауы және жұтуы қиындайды. Қызыл қүйрық бөгелектің дернәсілдері кектемде тік ішекке көп жиналып, оның айналып түсуінс себеп болады. Тік ішекке жиналып, оның кілсгей қабығына жабысып тұрған дернәсілдер мал күшенгенде, қызарып көрініп түрады.

Диагнозы немесе ауруды анықтау тәсілдері. Аурудың ең алгашкы кезеңін, жылқының түгіне жабысып тұрган жүмырткаларды тауып аныктауға болады. I сатыдағы бөгелек дернәсілдері көбінесе күз айларында, ауыз ішінен және көмекейден көреміз. Әдегте олар ұрттың және қызыл иектің кілегей қабығына еніп, стоматит ауруын туғызады. Соңғы уақытта жылқы гастерофилезінің иммунобиологиялық әдістермен анықтауы іздестірулуде.
2 Зерттелу аймақтың физико-географиялық сипаттамасы
Павлодар облысы Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан және 135,3 мың шаршы км. жерді алып жатыр.

Табиғи жағдайлардың әртүрлілігі облысқа тән ерекшелік болып табылады. Бұған оның меридиональды (батыстан шығысқа қарай 450 км-нен астам) да, ендік (оңтүстіктен солтүстікке қарай 700 км-ге дейін) бағытта да едәуір ұзақтығы жағдай жасайды. Павлодар облысы негізінен екі географиялық ендік немесе табиғи зоналарда - далалы және шөл-далалы зоналарда орналасқан. Ол бірнеше аймақшалардан тұрады. Осы аймақшалар топырақ жағдайлары, жердің рельефі және өсімдік жамылғысы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Сонымен қатар Баянауыл тауларының маңында ерекше таулы орман-дала зонасы бар. Оған таулы-орманды топырақтағы қарағай ормандарының болуы мен таулы қара топырақта аралас-боз даланың болуы тән ерекшелік (9 сурет).

Павлодар облысының территориясында ұзындығы 720 км созылатын Ертіс өзенінің орта ағысының телімі жатыр. Ертіс аңғарын үш ландшафтты топтарды бөлуге болады. Олар интразональды табиғи аймақпен - жайылмамен - бірге солтүстік орманды далаға, оңтүстік орманды далаға (Батыс Сібірдің орманды даласының жалғасы ретінде), ормансыз далаға, жайылмаға және ұсақ шоқыларға анық бөлінеді.

Ертіспен тікелей байланыста болып, жайылма өзенмен бірге бүкіл облысты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Омбы облысына дейін (Ресей) кесіп өтеді. Жайылма сол жағалаудың бойымен оңтүстікте Қазақ ұсақ шоқылармен, батыста және солтүстікте - ормансыз даламен шектеседі. Ал оң жағалауда оңтүстікте оған Алтай тауларының беткейлері мен оңтүстік орманды даланың ормандары жақын орналасады. Батыста жайылма тікелей ормансыз даламен, ал солтүстікте оған солтүстік орманды даланың шіліктері өте жақын орналасқан. Жайылманың ені біздің облысымыздың оңтүстігінде Семейге жақын жерде 4-5 шақырым болса, жайылманың ең кең жері Ертіс өзенінің орта ағысында байқалады. Павлодар қаласының маңында ол 20 км-ге дейін жетеді. Ал Омбы облысымен шектесетін жердің маңында жайылманың ені тарылып 8 шақырымнан аспайды. Топырақтың құрғақшылық кезеңінде де айтарлықтай ылғалды болуы жайылмаға тән ерекшелік. Бұл Ертістің тасқынынан кейін жайылма рельефінің барлық төмен орналасқан телімдерін тамызға дейін су басады. Бұның нәтижесінде көптеген уақытша және түрақты су айдындар, батпақты өзендер («қарасу»), шөп шығып кетіп батпақтарға айналған көлдер (лягтар), Ертіс салаларының өзендері мен көлдері қалыптасады.

Олар қос қанатты қансорғыш жәндіктердің жаппай көбеюі мен өсуіне қолайлы жағдай жасайды.

Жайылманың өсімдіктері орманды, бұталы және шалғынды өсімдіктерден тұрады. Жайылманың ормандары Ертіс жағаларының, оның тармақтарының, ескі арналардың, көлдердің ең биік жерлерге тұстастырылған жэне ақ теректен құралады, ал тегіс рельефі бар, тармақтары кесіп өтпейтін, байтақ жалпақ төменгі жерлерде қара теректерден құралады. Орманға да, жалпақ төменгі жерлерге де тән бұталардың жас өскіндердің ішінде қара қарақат, қан қызыл долана, сынғақ итшомырт, татар бөріжидегі, итмұрындар жиі кездеседі. Шөптесін жамылғысы әртүрлі шалғынды астық тұқымдастардан, өлеңдерден, бүршақ тұқымдастардан, қарабүлдіргеннен және аралас шөптерден құралады (10 сурет).

Жалпақ ойпат түріндегі, тегістеу келген жоғары кеңістіктермен шектесетін төменгі жерлерде ну ақ тал таралған. Оның шөптесін жамылғысында астық түқымдастар, өлеңдер және т. б. аралас шөптер кездеседі.

Шағын өзендердің, көлдердің, ескі арналардың, тармақтардың жағалауларында, сонымен қатар жайылманың тостаған түріндегі төменгі жерлерде, аралдарда жэне террасалық аймақтардың алдындағы жерлерде қара тал мен ақ тал кең көлемді алады, қайын мен көк терек кездеседі. Олардың шөптесін жамылғысында әртүрлі өлеңдер жэне бидайық басым болып келеді.

Ірі шалғындардың өсімдіктері бидайықтың, өлеңнің, жоңышқаның, беденің, қоңырбастың, иманжапырақтың, қымыздықтың және т.б. аралас шөптерге жататын өсімдіктерден құралған. Су айдындардың және батпақты жерлердің жағалаулары ну қамыспен және әртүрлі ну қоғалармен жабылған. Жағалаулардан алыс жатқан ұсақ су айдындарында сугүлдер, түңғиықтар, Әртүрлі мүйізжапырақтар, шалаңдар және басқа гидрофиттер көптеп өседі.

Суды және судың қасында өсетін өсімдіктері бар уақытша және тұрақты су айдындардың барлық типтері қансорғыш қосқанаттылардың, ең алдымен, соналардың жұмыртқа салуға және суды фазалардың дамуына қолайлы экожүйені жасайды.

Көптеген экотопиялық жағдайлары бар жайылманың орманды және ашық кеңістіктердің экожүйесі ксерофильді, мезофильді және олигофильді жағдайларға бейімделген қосқанатты қансорғыш жәндіктердің белгіліл бір топтарын қалыптастырады. Сондықтан Ертіс өзенінің жайылмасы қосқанатты қансорғыш жәндіктердің ғана шоғырланатын жері болып табылмайды. Бұл жерлер ең шұрайлы мал жайылымдары болғандықтан, бөгелектердің негізгі өсіп-өнетін биотоптары болып табылады.



Сурет 9 – Баянауыл орманды-таулы алқабындағы жайылым




Сурет 10 – Ертіс өзеңінің су жайылған шалғынды жайылымы


3 Қарын бөгелектерінің түр құрамы мен экологиясы
Жылқының қарын бөгелектерімен зақымдану деңгейін 2006-2008 ж. Баяеауыл ауданыны шаруа қожалықтарында және Павлодар ауданы бойынша (Заря, Кеңес, Кенжекөл және Ленинский ауылдары) малды сойғанда немесе өздігінен өлгенде, ас қорыту жүйесін жарып тексеріп, дернәсілдерін жинау арқылы анықталды.

Қарын бөгелектерінің түр құрамын анықтау белгілі әдістемелермен арнайы анықтағыштарды [9] пайдаланып, МБС – 10 стереомикроскопы арқылы зерттеліп, анықталды. Түрлердің дұрыс анықталғандығын профессор Ж.М. Исимбеков тексеріп, растады.

Барлығы зерттелген 30 жылқыдан ІІ және ІІІ дәрежелі 3612 дернәсіл жиналды.

Жиналған дернәсілдерді тексеру нәтижесінде Баянауыл орманды-таулы алқабында және Павлодар ауданының далалы аймағында бөгелектердің 4 түрі таралғандығы анықталды. Олар: Gastrophilus veterinus - он екі елі ішек бөгелегі, Gastrophilus intestinalis - үлкен қарын бөгелегі, Gastrophilus nigricornis - қара мұртты бөгелегі, Gasrtophilus pecorum - шөп бөгелегі. Тақ тұяқтылардың қарын бөгелектері дернәсілдерімен зақымдалуы ИЭ (инвазия экстенсивтілігі) және ИИ (инвазия интенсивтілігі) көрсеткіштері бойынша бағаланды.


1-кесте – Баянауыл және Павлодар аудандары бойынша жылқы бөгелектерімен зақымдану деңгейі



Жылқылардың жас бойынша топтары

Саны

Зақымдалуы

Баянауыл ауданы

Павлодар ауданы

ИЭ, %

ИИ, (саны)

ИЭ, %

ИИ, (саны)

1жастағы (жабағы)

4/3

82,4 %

42-129

79,4 %

32-106

2 жастағы (тай)

3/3

65,2 %

77-158

84,4 %

54-80

3-4 жастағы

(құнан, байтал)



6/4

84,5 %

43-167

89,1 %

59-108

5 жастан аса

2/5

88,7 %

51-162

91,8 %

62-112

Барлығы:

15/15

80,2 %

53.25 – 154

86,17 %

51,75-101,5

Кестеге назар аударсақ Павлодар ауданының далалық аймағында Баянауыл орман-дала аймағымен салыстырғанда гастерофилез жылқыда кең таралған ауру деп есептеуге болады. Жылқы қарын бөгелектері дернәсілдерімен зақымдану экстенсивтігі Павлодар ауданы бойынша 86,17 %, ал Баянауыл ауданы бойынша 80,2 % құрады. Демек екі аудан арасында зақымдану интенсивтілігінің айырымы 5,97 % тең (1 кесте).


2-кесте – Баянауыл және Павлодар аудандары бойынша жылқы бөгелектерінің түр құрамы мен басымшылық индексі (БИ)

Бөгелек түрлері

Ландшафты аймақтар

Баянауыл орман – далалы аймақ

Павлодар жайылым –далалы аймақ

БИ, %

Ұшы кезеңі

БИ, %

Ұшу кезеңі

Gastrophilus veterinus - он екі елі ішек бөгелегі

30,3

22.V-3.IX

38

18.V-9.IX

Gastrophilus intestinalis - үлкен қарын бөгелегі

66,4

20.V-28.IX

58,44

2.VI-8.IX

Gastrophilus nigricornis - қара мұртты бөгелегі

0,7

11.V-3.IX

0,4

14.V-11.IX

Gasrtophilus pecorum - шөп бөгелегі

2,6

22.V-4.IX

3,15

14.V-8.IX

Баянауыл ауданының орман – далалы аймағында бөгелектердің ұшу мерзімі мамыр айының ІІ декадасынан бастап қыркүйек айының ІІІ декадасына дейін жалғасады, ал Павлодар жайылым – далалы аймағыда бұл көрсеткіш мамырдың ІІ декадасынан басталып қыркүйек айының ІІ декадасына дейін созылады (2 кесте).

Екі аймақтық жағдайларда да сандық жағынан басып болып келетін Gastrophilus intestinalis - үлкен қарын бөгелегі. Басымшылық индексі орман – далалы аймақта 66,4 % болса, жайылым – далалы аймақта 58,44 % құрады. Осы аймақта Gastrophilus veterinus - он екі елі ішек бөгелегінің сан жағынан көрсеткіші 38 % болса, орман – далалы аймақта біршама аздау, яғни 30,3 % құрады. Сандық жағынан аздап кездесетіндері Gasrtophilus pecorum - шөп бөгелегі (орман – далалы аймақта 2,6 % болса, жайылым – далалы аймақта 3,15 % құрады) және сирек кездесетіні (орман – далалы аймақта 0,7 % болса, жайылым – далалы аймақта 0,4 % құрады) - G. nigricornis .

Олардың жазда жаппай ұшып, жылқыға жабылулары нәтижесінде жылқының орман – далалы жағдайында 80,2 %


(65,2-88,7 %) және жайылым – далалы аймақта 86,17 % (79,4-91,8 %) гастерофилез ауруына шалдығады да, әрбір жылқының қарны мен ішегінде орта есеппен 90,12 қарын бөгелегінің дернәсілдері 9-10 ай тоғышарлық тіршілік жасайды.
4 Қарын бөгелектерінің зияндылық әрекеті мен санын азайтуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру
4.1 Қарын бөгелектеріне қарсы қорғау шараларын өткізу мерзімі

Қорғау іс-шаралары мерзімін бөгелектердің жаппай шабуыл жасаған уақытында жануардың жүн-тері жабындысын инсектицидті эмульсиялармен бүріккен жөн. Қарын бөгелектерінің жаппай ұшу уақыты маусымның екінші жартысы мен тамыз айының басы. Бірақ табиғи-климаттық жағдайлардың ерекшеліктеріне сәйкес бөгелектердің қуыршақтан шығу мен жаппай санының көп болуы ерте немесе кеш болуы мүмкін. Осыны ескере отыра, бөгелектердің фенологиялық және санының маусымдық ерекшеліктеріне сәйкес Павлодар-Ертіс өңірінің жылқыларын қарын бөгелектерінен қорғау мақсатында инсектицидтермен бүркеуді келесі мерзімдерде өткізуді ұсынамыз:

Баянауыл ауданының орман - далалы аймағында – бірінші бүркуді маусымның ІІ - ІІІ декадасы аралығында, ал екінші бүркеуді – шілденің ІІ-ІІІ декадасы аралығында;

ал Павлодар жайылым – далалы аймағыда – бірінші бүркуді маусымның І - ІІ декадасы аралығында, ал екінші бүркуді – шілденің І-ІІ декадасы аралығында;


4.2 Жылқыларды қарын бөгелектерінен қорғау

Жылқы гастерофилезімен табысты күрес жүргізу үшін, алдымен қоздырғышының даму циклін бұзу қажет. Ол тек барлық қорғау шаралары кешенді жүргізілгенде ғана мүмкін болады: жылқыларды бағу тәртібін өзгерту, жылқыларды күндізгі уақытта жақсы желдетілетін жоғары жайылымдарда бағу, зиянкестерге қарсы жазғы уақытта қорғау инсектицидтермен бүркуді ұйымдастыру, экологиялық қауіпсіз болатын ерте химиопрофилактика өткізу. Химиопрофилактика мақсатында көптеген түрлі препараттардың топтары қолданылған. Соңғы жылдары жылқы гастерофилезі кезінде жоғары тиімділікті көрсеткен жем-шөппен араласытырып әр 24 сағаттан кейін екі рет берілетін 0,1 мг/кг (АДВ бойынша) мөлшерінде жануардың салмағына шаққандағы универм болып табылады; эквисект пастасы - 1 тәуліктен кейін екі рет қайталап ішке 1г/100кг мөлшерінде жануардың салмағына шаққандағы; фармацин


(аверсект-2) - тері астына, 1мл/50кг мөлшерінде жануардың салмағына шаққандағы, екі рет; ивомек - тері астына, 1мл/50кг мөлшерінде жануардың салмағына шаққандағы, бір рет; эквалан пастасы - бір рет қайталап ішке 1г/100кг мөлшерінде жануардың салмағына шаққандағы [1,2,3,4,7,8].

Тиімділігі жоғары шприцтағы эквалан пастасы жануардың 200мг/кг массасына. Эквалан ауызға, тілдің түбіне егіледі. Жылқыларды құртқа қарсы егу қазан-қараша айларында жүргізіледі.

Алдын алу жануарларды дернәсілдерден арылту мен ауру жылқылардың инвазия таратуының алдын-алуды көздейді. Ұшу кезінде жануарларды түнде, таңертең жайылымға шығару қажет. Жазда жұмыртқаны жарып шыққан дернәсілдерден құтылу үшін 0,0005 % декаметрин, 0,03-0,04 % циперметрин, 0,05 % фенвалерат сулы эмульсияларымен жылқыларды ересектеріне 500 мл, жастарына 250 мл 7-10 күн сайын түгін домдайды. Ол үшін арнайы қондырғы - жауындатқыш ШГРШ, ГРУ қолданылады.

Кейде емдік диагностика әдісін қолдануға болады. Қыста немесе көктемнің бас кезінде ауруға күндікті жылқыға 6-8 мл мөлшерде күкіртті көміртек немесе 40-80 мг/кг мөлшерде 2 % хлорофос ерітіндісін бергеннен кейін асқазандағы дернәсілдер өліп нәжіспен сыртқа шығады.

Мезгіл-мезгіл жылқының үстін тазалау, түгіне жабысып тұрған бөгелек жұмыртқасын өткір пышақтың жүзімен, түкжығылған жағына қарай қозғап, қырып тастау керек. Мұндай желімді затпен жабысып тұрған жұмыртқалар жерге түсіп қалады.

G. veterinus Cl. – жақсы күрес үшін күкіртті көміртек қолдануға болады. G. intestinalis De Geer дернәсілі G. veterinus Cl. дернәсіліне қарағанда зиянды заттарға төзімді болып келеді. Егерде G. intestinalis De Geer дернәсілінің өлімі 98% болса, G. veterinus Cl дернәсілінің өлімі тек 40% болды. Бұл жағдайды былай түсіндіруге болады: G. veterinus Cl дернәсілі он екі елі ішекте болуы, мұнда зиянды заттардың енуі қиыншылыққа соғады. Шет елдерде мынадай әдісті ұсынған: жануардың басын жүйелі түрде температурасы 45-48ºС сумен жуу керек, себебі жұмыртқалары жуылып кетіп дернәсілі жұмыртқасынан шығады деген.

G. іntestinalis De Geer - қарындағы дернәсілдерінен құтылу үшін күкіртті көміртек (CS2) қолдану керек. Ересек жылқыларға – 18 см³, үш рет бір сағат үзіліспен және екі сағат ашығу керек; жас малға мөлшері екі есе кем. Бұл зиянсыз және дернәсілдердің 98 % өліміне әкеледі. Пышақтын немесе зімпаралы(наждачная) қағаз көмегімен жылқының терісінің үстіндегі жұмыртқаларды он күнде бір рет тазалау жақсы профилактика болып табылады. Үйір жылқыларды дернәсіл мен жұмыртқадан сақтау үшін жайылым жерін ауыстыру қажет, қайта оралуы тек 2 айдаң соң.

G. nigricornis Low - бөгелегінің ұшуы кезінде түңгі жайылым немесе жылқыларды үйірмен түнде жаю керек. Жылқылар дернәсілмен жұқпауы үшін айына бір рет бас бөлігін тазарту қажет, ол үшін синтетикалық пиретроидтар (циперметрин-цимбуш, сумицидин, фенвлиперат, к-отрин) эмульсиясымен (жоғарыда көрсетілген) эмульсиясымен домдап-шылау керек.

G. рecorum – күкіртті көміртек тек дернәсілдерін жояды. G. рecorum ұшу кезінде жайылымдарды әр 15 тәулік сайын ауыстыру қажет. Зақымдалған малдардың ауыз қуысы мен тіл түбірін екі рет
(2-3 минут интервалымен) төртхлорлы көміртекке 25 % соляр майын қосып жағу тиіс.

Сонымен қатар ертеден белгілі шаралар да жеткілікті. Гастерофилездің емі I сатыдағы дернәсілдерді жоюдан басталады. Бөгелектердің көптеген түрлері жұмыртқаларын теріге салатын болғандыктан жылқыны 1 % хлорофос ерітіндісімен әрбір 20 тәулік сайын бүрку әдісімен емдеу жақсы нәтиже береді. Әр малға 1,5-2 л есебімен хлорофос ерітіндісін ДУК, ЛСД машиналары және т.б. себелеу қондырғылары көмегімен шашады.

Сондай-ак, I сатыдагы дернәсілдер 3-4 аптадай ауыз ішін мекендейтінін ескере отырып, оларды жою үшін ауыз қуысын 2 % хлорофос ерітіндісімен шаяды.

Ішек-карынға түскен II және III сатыдагы дернәсілдерге қарсы зонд аркылы жылкыга мынадай дәрілер беріледі: тролен 90 мг/кг мөлшерінде, амидофос - 48 мг/кг мөлшерінде, үшхлорметафос-3


48 мг/кг мөлшерінде немесе хлорофосты 40 мг/кг мөлшерінде жемге косып, 3 тәулік удайы береді. Гастерофилезді күзде емдеген тиімді, себебі бұл әлі аурудың асқынбаған кезі.

Қазақстанда өткізілген зерттеулер нәтижелері көрсеткендей, жылқылардың гастерофилезбен зақымдауды, жазғы уақытта инсектицидті препараттармен бүркеу маңызды жағдай жасайды [9].

Осыны ескере отыра, Павлодар облысы жағдайында жылқы гастерофилезін алдын алу мақсатында, осыдан бұрын жылқы гастерофилезіне қолданылып көрмеген инсектоакарицидті препарат - дельцидті сынап көрдік.

Дельцид - бұл эмульгацияланатын концентрат (э.к.), әрекет жасайтын зат ретінде құрамында (ӘЗ) 4% дельтаметрин - (S) - α - 1 - циано - 3 - феноксибензил - (IR) - цис - 3 - (2,2-дибромвинил) - карбоксилат, қосалқы компоненттері және толықтырғыштар бар. Сыртық көрінісі бойынша біртекті майлы мөлдір сары-қоңыр түсті сұйықтық, өзіне тән әлсіз иісі бар, сақтауда тұрақты, сумен араластырғанда тұрақты ақ түсті эмульсия түзеді.

Фармакологиялық қасиеттері бойынша дельцид жануарлардың арахноэнтомоз қоздырғыштары - жәндік пен кенелерге және қан сорғыш қос қанаттылар, трансмиссивті инфекция мен инвазия қоздырғыштарын тасымалдаушыларға қарсы инсектицидті және акарицидті кең ауқымды әрекеті бар препарат.

Жылықанды жануарларға дельцид улылығы орта препарат, ұсынылған мөлшерде және дұрыс тәртіппен пайдаланғанда еш тітіркендіргіш және дене түршіктіргіш қасиет көрсетпейді және адамға қауіптілігі жағынан үшінші класқа жатады (біркелкі қауіпті зат). Балықтар мен араларға улы.

Дельцид белгілі мөлшерде қапталған сыйымдылығы 0,05-тен 20,0 дм3 болатын шыны, металл немесе полимерлі құтыларда, банкілерде, флакондарда және канистрлерде шығарылады.

Жылқылар қарын бөгелектеріне қарсы 0,125 % (ӘЗ бойынша 0,005 %), 0,2 % (ӘЗ бойынша 0,008 %) және 0,3 % (ӘЗ бойынша


0,012 %) концентрациялы дельцидтің сулы эмульсиясы (с.э.) автомакс (АО-2) көмегімен кішікөлемді ұсақтамшылы бүркумен бір жануарға шақанда 100 см3 мөлшерде өткізілді.

3-кесте – «Дельцид» препаратының жылқыларды қарын бөгелектерінен қорғаудағы тиімділігі («Дәулет» жеке ш/қ Баянауыл ауд., Павлодар обл., 2009ж.)



Мал саны

с.э.

конц-иясы



ә.з бойынша конц-иясы, %

1 басқа шақандағы с.э. көлемі, мл

Қ.Ә.К %

Қорғау әрекетінің уақыты, сағ.

20

0,125

0,005

100

100

1,0

94,7

3,0

87,0

6,0

81,2

9,0

71,3

12,0

68,0

15,0

63,3

24,0

57,7

36,0

55,9

48,0

20

0,2

0,008

100

100

1,0

96,4

3,0

89,3

6,0

85,4

9,0

81,0

12,0

79,2

15,0

77,6

24,0

76,5

36,0

74,8

48,0

20

0,3

0,012

100

100

1,0

96,2

3,0

90,3

6,0

86,5

9,0

86,1

12,0

80,4

15,0

75,8

24,0

75,6

36,0

73,8

48,0

Зерттеулердің нәтижесі бойынша дельцидтің 0,125 % (ӘЗ бойынша 0,005 %) концентрациялы су эмульсиясы (с.э.) жылқыларды қарын бөгелектерінің имаголарынан бір сағат бойы толық қорғайды. Препараттың қорғаныш әрекетінің коэффициенті (ҚӘК) қарын бөгелектеріне қарсы қанағаттанарылқтай деңгейде (88,3-72,4 %)


15 сағат аралығында сақталды.

0,3 % (ӘЗ бойынша 0,012 %) концентрациялы су эмульсиясы да (с.э.) жылқыларды қарын бөгелектерінің имаголарынан бір сағат бойы толық қорғайды, ал (ҚӘК) қарын бөгелектеріне қарсы қанағаттанарылқтай деңгейде (75,6 %) 36 сағат аралығында сақталды.

Бірақта, жылқыларды бөгелектердің шабуылынан ұзақ уақытқа қорғай алатын дельцидтің 0,2 % сулы эмулсиясы минималды тиімді концентрацияны көрсетті. Жылқылардың толығымен қорғалу уақыты бір сағат. Препараттың қорғаныш әрекетінің коэффициенті (ҚӘК) 90,4 - 77,6 % деңнейінде 24 сағат аралығында сақталды. Қарын бөгелектеріне қарсы қанағаттанарлықтай деңгейде (76,5-74,8 %)
48 сағат аралығында сақталды. Кейінгі күндерде қарын бөгелектерінің саны біртіндеп бастапқы қалпына келеді. Толығымен қалпына келуі
5-6 тәулікте орнығады.

Дельцидті пайдалану нәтижесінде сыналған топта жылқылардың зақымдануы 82 % төмендейді.

Демек, дельцид жоғары тиімді препарат ретінде жазғы уақытта жылқыларды қарын бөгелектерінен қорғауда, жайылым жағдайында профилактикалық құралы ретінде қолдануға болады.
5 Дельцидтің су эмульсиясын (с.э.) дайындау тәсілдері

Дельцидтің жұмыс эмульсиясын міндетті түрде қолданар алында ғана даярлайды. Ол үшін өндеуге қажетті препарат мөлшерін судың 2-3 көлемімен ақ түсті қаймақ тәрізді консистенциялы эмульсияға дейін мұқият араластырады, содан аз-азадап араластыра отыра сумен қажетті көлем мен концентрацияға дейн жеткізеді.

Делцидтің 0,125 %-ды (ӘЗ бойынша 0,005 %) концентрациялы
1 дм3 көлемде су эмульсиясын (с.э.) даярлау үшін препатарттың
1,25 см3 көлемі қажет, 0,2 %-ды (ӘЗ бойынша 0,008 %) концентрациялы 1 дм3 көлемде су эмульсиясын (с.э.) даярлау үшін препатарттың 2 см3 көлемі қажет, ал делцидтің 0,3 %-ды (ӘЗ бойынша 0,012 %) концентрациялы 1 дм3 көлемде су эмульсиясын (с.э.) даярлау үшін препатарттың 3 см3 көлемі қажет.
5.1 Препаратпен жұмыс атқаруда қауіпсіздік ережелері

Инсектоакарицидті препаратпен жұмыс істеу кезінде ережелерге сәйкес қауіпсіздік шараларын сақтаған жөн:

- жануарларды жаппай өндеу кезінде (бүрку, шомылдыру) желдің бағытын ескере отыра, суару, тамақтану және сауын жерінен, сонымен қатар сауын ыдыстары мен сүт сақтайтын орындарынан
50-100 м ара қашықтықта өткізіледі;

- әр жұмыс атқарушы арнайы киім мен жеке қорғау құралдарымен (халат, бас киім, алжапқыш, рәзіңке етік, қолқап, көзілдірік, Ф-62 (ШМ) 4-2К, «Астра-2», «Лепесток», «Лепесток-5» маркалы шаңғақарсы респираторлар мен қамтамасыз етіліуі және пайдалануы тиіс;

- жұмыс орындарында қатал жеке бас гигиенасын сақтау - тамақтану, ішімдік ішу, темекі шегуге тиым салынады. Препаратпен жұмыс істеу тәулігіне 6 сағаттан аспауы тиіс;

- жұмыс аяқталғаннан кейін бет-қолды жылы сабынды сумен жуу, ауыз қуысын шаю, арнайы киімдерді сумен шайып тазалау;

- егер препарат тері мен кілегей қабаттарға тиіп кетсе, оны су ағынымен шайып, кейіннен әлсіз сілтілі ерітіндімен өңдеу, егер препарат ауыз қуысы арқылы ағзаға түссе, онда бірнеше стақан су беріп құсық шақыртады, кейіннен белсендендірілген көмір таблеткаларын беруге болады;

- дельцид болған ыдыстарды аспен бірге сақтауғы тиым салынады.



Әдебиеттер
1 Решетников А. В. Желудочные оводы лошадей северо-востока Якутской АССР. Авторефер. дисс., канд. биол. наук. – Самарканд, 1988. – С. 22

2 Ятусевич А. И., Стасюкевич С. И. Распространение гастрофилеза лошадей в Республике Беларусь и меры борьбы с ними / Материалы сборника научных работ / Всероссийский научно-исследовательский институт ветеринарной энтомологии и арахнологии. – Барнаул, 2001. – Т. 49. – С. 335.

3 Некрасов В. Д. Гастрофилез лошадей, меры борьбы и профилактика в Алтайском крае : авторефер. дисс., канд. биол. наук. – Тюмень. 2004. – С. 12–13.

4 Исраилов А. А. Желудочные ововды юга Киргизии и меры борьбы с ними: авторефер. дисс., канд. биол. наук. – Алма-ата, 1991. – С. 21

5 Енилеева Н. Х. Биология желудочных ововдов и меры борьбы с ними в Узбекистане : автореф. д-ра биол. наук. – М., 1989. – С. 36.

6 Целищева Л. М, Кривко А. М. Желудочные оводы и полостные оводы сельскохозяйственных животных Казахситана / Материалы 4-й Международной региональной конференции стран Азии по паразитарным болезням животных. – М., 1959. – С. 303–314

7 Ибраев К. Б. Гастерофилезно-параскариозная инвазия лощадей в северном Казахстане: авторефер. дисс., канд. биол. наук. – Алматы, 1995. – С. 26

8. Исимбеков Ж. М. Система мероприятий по профилактике гастерофилеза лощадей в Казахстане / Мал эмнэлэг биотехнологийн сургуулийн эрдмийн бүтээл. – Уланбатор, 2006. – С.42–45.

9 Грунин К. Я. Желудочные оводы (Gastrophilidae). Фауна СССР. Насекомые двукрылые. – М.-Л. : Изд-во АН СССР, 1957. – Т. 17.
– Вып.1. – С. 39

10 Раабе И.Ю. Оводы маралов и меры борьбы с ними в Горном Алтае : автореф. канд. биол. наук. – Ташкент, 1991. – С. 21





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет