Павлодар облысының білім беру басқармасы Аққулы ауданы білім беру бөлімінің «Жамбыл жалпы орта білім беру мектебі» кмм


Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң



бет4/6
Дата05.11.2022
өлшемі30.01 Kb.
#464098
1   2   3   4   5   6
қауіпсіздік ереже

Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң.
Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.
Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.
Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.
5. Мектеп маңайындағы тәртіп.
Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).
Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.


Нұсқаулық №5 Күзгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Күз мезгілінің ерте түскеніне байланысты өзендер мен көлдердің бетін жапқан мұздар өте қауіпті болып келеді. Бұл мұзды басуға болмайды. Күзгі мұз адам басқан салмағынан шатырлап, кауіп туралы ескертеді.
Су қоймасындағы күзгі мұзды басуға кауіпті. Желмен балалар және балық аулаушылар тұрған мұз үлкен бөлшектерге бөлініп жарылған жағдайлар да болған. Оларды құтқару үшін тікұшақ және кішкене кемелер пайдаланған. Күзде балаларға су қоймаларын кесіп өтуге тыйым салынады.Күзде өзендердің мұзы жарылып кету қаупі болады сондықтан балаларға ойнауға болмайды. Мұздан мұзға секіріп, жағадан алыстау өте қауіпті. Мұндай әрекет қайғылы жағдайға әкеледі. Осы себептен балалар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.


Нұсқаулық № 6 Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жүріс тұрысы
Қыс кезінде жолдағы қауіпсіздіктің негізгі ережесі – сақтықты жоғарлату және ықыласпен жолға қарау. Қыста күн қысқа. Ерте қараңғы түседі. Қараңғы уақытта жолда келе жатқан көліктің қашықтығын анықтау қиынға түседі. Себебі, жақындағы машиналар алыста, алыстағы машиналар жақын орналасқандай көрінеді. Қараңғыда және алакөлеңкеде аса мұқият болған жөн. Жолды тек қана бағдаршам орналасқан және жаяу өтетін жерлерден ғана өткен жөн.
Қар жауып тұрған кезде көздің көруі төмендейді, күртік карлар пайда болады, жаяу жүргіншілермен көліктердің қозғалысында қиындықтар пайда болады. Қар жаяу жүргіншінің көзін шағылыстырады және жолды бақылауға бөгет жасайды. 
Ашық күннің өзі кедергі. Себебі ашық күн сәулесімен ақ қар шағылысып, адамдар «соқыр» болып қалады. Сондықтан аса сақ болу қажет.
Қыс уақытында жаяу жүргіншілер бөлігінен өтетін кезде келе жатқан машинаны өткізіп барып немесе оның тоқтағаннын көргеннен кейін ғана өте қажет. Жүргінші бөліктен машина келе жатқанда ешқашанда жүгіріп өтпе! Ақырындап және аса сақтықпен өткен жөн.
Көктем уақытында қар ақырындап ери бастағанда жерде көлшіктер пайда бола бастайды. Және олардың астында ерімеген мұздар жатады. Жолдар өте тайғақ бола бастайды. Сондықтан жолдан өтер кезде, келе жатқан көліктерді жіберіп, асықпай жолдан өту керек.
Жылы қысқы киім адамның емін - еркін қозғалуына кедергі жасайды, адамның жүрісін баяулатады. Сүрініп қалғанда, мұндай ауыр салмақты киіммен теңдікті ұстау қиын болады.
Оталмай тұрған көліктің жанында тұрма! Көлікті итермеуге тырыс! Дөңгелектің астынан мұздың ұнтақтары немесе тастар шашырауы мүмкін. Ал ең бастысы- көлік қатты жылдамдықпен жүріп, өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет