Павлодар облысының білім беру басқармасы



бет2/4
Дата07.12.2023
өлшемі50.35 Kb.
#485735
1   2   3   4
Ауыл тарихы

Ауылым –алтын бесігім

Ақши – Қызылтас жері мен елі қандай бай болса да, тарихы да еш жерден кем емес,15 болыс елдің ішінен қазағының құрметі мен мақтанышына ие болған талай қасиетті ұл - қыздар шыққан. Қала берді қазақтың ғылымының іргетасын қалаған Қ.И.Сәтбаевтың анасы Әлима, әнші Жарылғапбердінің әніне арқау болған Ардақ апаларымыз Ақши ауылының тумалары екенің біреу білсе,біреу білмес.


Сөзге шешен ,ойға бай, «Шаппай жүйрік болған,сөйлемей шешен болған.» Қарқымбай Бабатайұлы шамамен (1820-1900ж.ж.) Алысай Мейірманұлы шамамен (1850-1920 ж.ж), Сабалақ Шортанұлы шамамен (1820-1880ж.ж.)Әмір Қабанұлы шамамен (1810-1875ж.ж.) Боржай (Тілеуберген) Малшыбайұлы шамамен (1865-1931) Ақши –Қызылтас өңірінің ардақтылары.
Бұл өңірде Бабатайұлы Қарқынбай, Мейірманұлы Алысай, Жарқынбайұлы Ержан қажы , Таңырық сыңды т.б. байлар қоныс теуіп, мыңғырған төрт түлік мал өргізген.
1876 жылы Ерейменде Күрсары Керей Сағанайдың асында 1350 ат қатысқан ат бәйгесі болғаны белгілі, Ақан серінің Құлагерімен бірге шапқан, Ержан қажы баптаған аты бәйгеден екінші келгенімен есепке алынбаған.
Шаруалары шалқыған байлар жиған тергенін ұқсата да білген. Сол дәулеттін зейнетін көру нәтижесінде мұсылмандықтын бес парызының бірі қажылықты осы елден Жарқымбайұлы Ержан қажы екі рет Меккеге барған , соңғы барғанында елге оралмай,сол жақта қайтыс болған.
Ақын Шаймардан Торайғырдың «Баян» дастанында:
Тұрыпты Дүйсен балуан елден артық
Күрестен бәйге алатын бәйге тартып
Алысса кісі алатын нар бураны
Қайырған шыбыртқымен бір-ақ тарпып,
деп сипаттаған алып күш иесі Жаманқараұлы Дүйсен балуан шамамен (1815-1895ж.ж.) елі де біздің ауыл.

4
Баянауыл өңіріндегі сұрапыл дауылдан кейінгі феодалдық қайта өрлеу жылы,бейім кезеңі іспетті болып көрінді.Ел ру –руымен ата қоңыс мекен –жайына орналасты.Бірақ 1822 жылы Орта жүзде,1824 жылы Кіші жүзде хандық биілік жойылып,жер-жерде батыраңқы басшылық орнады.Қыс қыстау,жаз жайлау,күз күзек үшін рулар арасындағы жер дауы өршіді. Оған дәлел қазіргі Қарабұлақ жеріндегі халық «Сымтас» деп атаған Дүйсен балуан тасы.


Солақай саясаттың қысымына қарамастан,діни ғұлама бабаларының ілімін сабақтастырып, алты алашқа аты мәлім болған Мәшһүр Жүсіптің соңғы шәкірт-терінің бірі ағын суды теріс ағызған Нөгербай емші молла ел ішін имандылықпен парасыттылыққа уағыздаған болатын.
1928-1929 жылдары он шақты үйден ауыл –ауыл болып отырған топтар Тоздарға бірікті.Осы өңірде екі жерде «Тоз» ұйымдасты. Біреуі «Таңталпақ», оның бастығы Шаншаров Мүтал («Елрова» концернінің президенті болған Елтай Әбенұлының туған нағашысы), екіншісі «Ақирек, Ақши, Амантау, Жоғары өзен» ауылдары екінші тозға бірікті.Оның бастығы Текебаев Төлеген болған. 1931 жылы екі тозды біріктіріп орталығы Ақши етіп «Ленин атындағы колхоз» - деп атады.1930 жылдары басталған үлкен нәубет – ашаршылық, Голощекиннің «Кіші Қазан» саясаты ауылды да айналып өткен жоқ, қолда бар малды қырып салып, халықтың көбі аштан қырылып, тірі қалғандары босып кетті. 1935 жылы Ленин және Теңдік колхоздары бірігіп, «Сарықамыс» ауылдық кеңесіне бірігеді. Кеңестің председателі болып Шакин Сартай бекітілді. Ленин колхозының бастығы болып Жабағин Төлеген (1935-1945) тағайындалды. 1935 жылы колхозда 1000 шақты қой, 100 ден ірі қара мал,аздаған жылқы, түйе болды.
1937 жылы бүкіл елде жаппай басталған қуғын-сүргін қасіреті Ақши жерінің азаматтарын қанды қуғынға іліктірді. Халқы шағын ауылдың осы жылдары көптеген азаматтар ұсталып,халық жауы деген айыппен тұтқындалды. Хабарсыз кеткендері қаншама...
Ұлы Отан соғысы жылдарында ауыл тұрғындары елі мен жерін қорғауға жанқиярлық пен қаһармандықтын үлгілерін көрсетті. Ауылдан 100 –ге тарта азамат Отан үшін қан майданға аттанып,70-ке жуығы майданнан оралмады. Ұлы Отан соғысының негізгі майдан ошақтары болған Москва,Ленинград,Сталинград, Курск,Брест т.б. шайқастарына қатысты. Солардың біразына тоқталып өтсек, Әлжанов Қ. Брест қамалында болған шайқасқа қатысып, елге үш жыл жаяу жүріп отырып келген. К.Омаров 900 күн мен түнге созылған Ленинградты қорғау шайқасына қатысқан, Тұрсынбеков Ж. Сталинград,Курск доғасы майданында болып, елге аман – есен оралады.
5
Темірболатов Р. Нұрбеков Ә. қанқұйлы Сталинград шайқастарына қатысқан. Б.Әбітаева (1923-2004 ж.ж.) Новосибирскіде әскери училищесін бітіріп, Ұлы Отан соғысы жылдары Тамбов, Воронеж,Варшава т.б.қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты. Соғысты майор шенінде аяқтайды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі колхоздың тыл еңбеккерлері де жеңіс сағаттарын жақындатуына еңселі еңбектерімен зор үлес қосты. Колхоздағы жүздеген түлікті (ірі қара – 464,қой – 1455, жылқы – 154, түйе – 50-60) шығынсыз өсіру,оның өнімдерін тиімді ұқсату,мал азығын әзірлеу бәрі де ер азаматтың орнын алмастырған әпкелерімізбен аналарымызға, қаусаған қарттар мен бұғанасы қатып үлгермеген отты жылдар балаларына түсті. Әпкелеріміз бен аналарымыз колхоз жұмысына араласып,қана қоймай Кеңес жауынгерлерін азық – түлікпен,жылы киіммен қамтамасыз етуге бар күш жігерлерін жұмсады. «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деген ұлы ұранның қалтықсыз орындалуына ат салысты.
Еліміздегі тың игеру жоғарғы Баянауыл аданының кескін келбетіне де айшықты бояуларын қалдырғаны мәлім. Соғыстан кейінгі жылдарда ауданда 25 колхоз болса, 1949 жылы бұл ұсақ колхоздар 13 ұжымға біріктірілді.Тың көтеру басталғанда ауданда Республика Министірлер Кеңесінің 1957 жылғы қаулысына сәйкес ауданымызда бінші 4 совхоз құрылды. «Ленин», «Киров», «Жанажол», «Қазақстанның 20 жылдығы» колхоздары негізінде «Шадыра» совхозы құрылды. 1959 жылы 19 маусымда шыққан қаулысымен кезіндегі жер көлемімен,мал басымен бұрынғы «Ленин» атындағы колхоз негізімен КПСС ХХІ съезі атындағы совхозы болып құрылды.Жер көлемі 180 га.,5000 –дай ірі қара,4000-дей жылқы және ауыл шаруашылығы техникасы болды. Оның директорлығына З.Молдахметов сайланды.
Кеншар құрылған күннен бастап, аудан көлеміндегі астықты шаруашылықтың бірі ретіндегі мәртебесін дәлелдей түсті. Жалпы егіс көлемі 25-30 мыңға жетті.Бұған қосымша суармалы алқапта мал азықтық дақылдар, картоп, көкеніс т.б өсірілді. Кеншар дихандары 1971,1979,1987,1992 жылдары Отан қоймасына миллион пұттан астық тапсырып,облыстағы егін өсіретін шаруашылықтардың көш басында болды. Осы жылдары қоғамдық мал басының саны да артып,қой30 мыңнан аса, ірі қара 5 мыңға тарта,жылқы 2,5 мыңға дейін өсті.
6
Кеншардың әлеуметтік - экономикасының артуына ауылымыздың тумасы Капен Төлеубеков 1964-1970 жылдары басқарған жылдары көп үлес қосты. Осы жылдары ауыл халқы үшін тұрғын үйлер , екі қабатты елу орындық аурухана, екі қабатты балабақша, мал маздары, 8 жылдық мектеп, клуб, орталық шеберхана (МТМ) тағы басқа құрылыс нысандары салынды. Электр жүйесі Қ.И.Сәтбаев атындағы Ертіс-Қарағанды каналының 15 насос станциясынан аудан бойынша ең бірінші рет біздің кеншарға электр жүйесі тартылды. Бұл электр жүйесінің тартылуына ауылымыздың тумасы Ахмаш Жаржанов ағамыз көп еңбек сіңірген.Сондай – ақ Кәпен ағамыздың басшылығымен ауыл сыртындағы ата - бабаларымыздың зираты таспен қоршалды. Мал басының саны да артып қой 25 мың, сиыр 4мың,жылқы 2,5 мыңға жетті. Кеншар тек мал өсірумен ғана айналыспай егін шаруашылығы да жақсы жолға қойылды.
Кеншар диқандары 1971, 1979 жылдары Мемлекет қоймасына миллион пұттан астық тапсырып, кеншар директоры В.Г.Сафронов Ленин орденімен марапатталды.
Бір кездері Қазақстандағы мал басын 50 миллионға жеткіземіз деген шұбар-таулықтардың бастамасымен біздің өңірде комсомол – жастар шопандар бригада-сы құрылып, қызу науқан болған еді. Мектеп бітірген түлектер «Аққу», «Жас-ұлан», «Достық» атты қой өсірушілер бригадаларын құрып, еңбектің дәмін татып көрді. Өмір жолын бастаған ұл – қыздар жоғары оқу орындарына түсіп, өмірден өз жолдарын тапты. Еңбек үшін берілетін ең үлкен атақтын иегері Социа-листік Еңбек Ері М.Жүнісбеков (1984) басқаратын «Аққу» комсомол жастар бри-гадасына 1985 жылы «Тыңның 30 жылдығы» атағы беріліп, 1985 жылы Ленин комсомол сыйлығының лауреаты атанды.
Құрмет белгісі орденінің иегері орденінің иегері Қ.Төлешев басқаратын «Жасұлан» комсомол жастар бригадасы тағы басқа кеншар шопандары Ақтаев А.Әбжанов С.Ибраев А.Ахметов Т. Нұрғалиев Ж.Сәрсенбеков Ш. Сәрсенбеков Қ.Асхабов И.шопан ата түлігінің өсуіне өз үлестерін қосты. Шопандар қауымы жылма-жыл мал қыстату науқанын жақсы аяқтап, мемлекетке ет,жүн тапсыру, әрбір жүз аналық қойдан жылда 95, 98 қозы алып отырды.
7
Кеншарды 1985-1995 жылдары А.Қ.Жортуылов басқарды. Бұл кісінің кезінде ауылымыздың экономикасы, халықтың әлеуметтік тұрмыс тіршілігі,әл ауқаты артпаса кеміген жоқ.Ұзынбұлақ пен Ақшидің арасында 12 шақырым жол кеншардың күшімен салынды.Ауылдың маңайында су бөгеттерін салдырып, шабындық алқабын жасады. Қазіргі мектеп үйі,тұрғын үйлер салынды.
Ауылды байланыс жүйесімен қамтамасыз ету үшін сым тарттырды. Макарон цехі, ұн тарту диірмені жұмыс істеді. Кеншар жұмысшыларын жиһаз,түрлі түсті теледидар,тоңазытқыш, газ плита, тағы басқа күнделікті тұрмысқа қажетті заттармен, азық-түлікпен,бау-бақша дақылдарымен қамтамасыз етті. Кеншар диқандары 1987, 1992 жылдары Отан қоймасына тағы да миллион пұттан астық тапсырып, облыстағы егін өсіретін шаруашылықтардың қатарында болды. Машина – трактор паркі жаңартылып көптеген жаңа техникалар сатып алынды. Малдың да саны артып кеншарда қой 30 мыңнан аса, ірі қара 5 мыңға тарта, жылқы 3мыңнан аса болды.

8



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет