Павлодар облысының білім беру басқармасы



бет3/4
Дата07.12.2023
өлшемі50.35 Kb.
#485735
1   2   3   4
Ауыл тарихы

Қорытынды

Ауыл экономикасы өркендетуімен бірге кеншарды сәулеттендіру, тұрғындарға білім беру,оларға денсаулық сақтау,сауда қызметтерін көрсету мәселелері де кешенді түрде шешілді.


Шаруашылықтың өсіп өркендеуіне осы жылдары ҚАЗКСР Жоғарғы Кенесі-нің депутаты Республикалық дәрежедегі зейнеткер К.Төлеубеков, В.Г.Сафронов, А.Қ.Жортуылов т.б. басшылық қызметтегі азаматтар мен ауыл еңбеккерлері көп еңбек сіңірді.
1999 жылы нарықтық экономикасының қыспағына шыдамай және елімізде болып жатқан әр түрлі реформаларға байланысты кеңшар таратылып, жеке шару қожалықтарына бөлінді.Олар негізінен мал және егін шаруашылығын өркендеуімен айналысып,тәуелсіз елемізідің экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.
«Дала - дәулет, ауыл құт» дегендей Ақшидің қасиетті топырағынан «Елім, жұртым» дейтін ұрпақ өсіп, ауылдың өрісі кеңейіп,көркейе беретініне сеніміміз мол.

9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1.Баянаула, Астана 2001 жыл


2.Ж. Тілеке, Ертіс – Баянаула өңірі, Павлодар 1995 жыл
3.Ж.Мұқанов, Дүйсен Балуан әңгімелері, Қарағанды 2007 жыл
4.Қ.Рахимов, Өткен өмір елестері, Қарағанды 2005 жыл
5.Е.Төлеутай, Буырыл аттың баяны, «Баянтау» газеті. 22 маусым 2021 жыл,№45
6.М.Шәріпқызы, Кешкі самал, Қарағанды 2006 жыл

Мектеп – мәңгілік жастықтың, балалық бал шақтын,білім мен өнерді – қайнар бұлақтың бастау алар киелі орыны. Олай болса қаймағы бұзылмаған іргелі Ақши ауылының тап ортасында маздап жанған шырақтай білім нұрын сеуіп тұрған осы мектептің қысқаша арғы бергі тарихына тоқталып өтейік.


Қазан төңкерісінен кейін ауылдарда ауқатты дегендері мұғалім жалдап, балаларын жаңаша оқыта бастады. 1928 жылы « Жарық» дейтін жерде мектеп ашылып, оған соның маңайындағы «Қарабұлақ», «Күпікүйген», «Сарытөбе», «Ақирек», «Бестөбе» ауылдарының балалары жиналады. Балаларға білім берген алғашқы мұғалім Лекеров Қуан деген кісі. Сол кісіден білім алған, « Ленин» атындағы колхоздың алғашқы мұғалімі болған Рахымұлы Тақу ата жасынан ұстаздықты армандағанынан ба, Қуан ұстазынан үйренгенін, ауылдан барып оқуға мүмкіндігі жоқ ересектеу балаларды Смағұл деген кісінің үйінде үйретіп жүргенін айтады. Осы кезеңде «Ақиректегі» ауылға Костя дейтін орыс мұғалімі келеді. Ақиректе Ақай деген ауқатты би болған адам. Ақайдың Жабағы,Қабағаш деген ұлдары болған. Қабағашы осы Костя мұғалімнен оқып, орсша тіл сындырады. Қабағаш тілге біраз жаттыққан соң Қарағанды қаласына барып ,орыс мектебінде оқиды. Содан орысшаға жетік, білімді болсак керек, Қазақбаев Әбдісәмет Қарағанды облысы атқару комитетінің төрағасы болып істейді, Қабағаш ағамыз сол кісінің қол астында қызмет жасап жүреді. Қазақбаев Әбдісәмет 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес президумының төрағасы қызметіне жоғарылап, өзімен қызметтес болған Ақаев Қабағашты Қазақ КСР жоғарғы Кеңес президумының хатшысы етіп тағайындайды.

Мектеп – мәңгілік жастықтың, балалық бал шақтын,білім мен өнерді – қайнар бұлақтың бастау алар киелі орыны. Олай болса қаймағы бұзылмаған іргелі Ақши ауылының тап ортасында маздап жанған шырақтай білім нұрын сеуіп тұрған осы мектептің қысқаша арғы бергі тарихына тоқталып өтейік.


Қазақ елінің тарихына атандық ізін салып кеткен сонау қазақтын аса бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару қанды оқиғасы қарсанында 1929 жылы Ақши ауылында ең алғашқы мектеп үйі ашыл-ды. Мектеп аса ірі бай емес, ауқаттылау Тұрсынбектің екі бөлмелі үйі Мектептің алғашқы мұғалімі Хасенұлы Суғанберді.( Доцент, Республикаға еңбегі сіңген фармацевт, КСРО жазушылар және журналисттер одағының мүшесі Сәлкен Суғанберлин мен мен жазушы Үшкілтай Суханберлинаның әкесі.) Бірақ ол кісі ұзақ тұрақтамай ауысып кетеді. Оның орнына Қоқымбай деген мұғалім болады. 1933 жылы Қоқымбай мұғалім кенет ауырып, қайтыс болады. Қоқымбай мұғалім орнына Ризанов Солтан мұғалім болып келеді. Бұл кезде 1939 жылы оқығандар бастауыштың төртінші сыныбына көшіп, сынып саны өседі. «Майқуырғанның» шығыс жағында Боржай бидің төрт бөлмелі үйін мектеп қылады. Кейіннен ол үй кеңейтіліп жетіжылдық, одан соғыс жылдары орта мектеп болады. Ризанов Солтан мен бірге Нұрахметов Тайжан деген кісі мұғалім болып істейді. 1936 жылы Ризанов Солтан басқа жерге ауысып, оның орнына Рахимов Тақу мұғалім болып келеді. Бұл кісі Ақши-Амантау өңірінің талай ұл-қыздарын білім нәрімен сусындатып, зейнеткерлікке шықты. Орта мектеп кезінде ауданымыздың ағарту саласының саңлақтары мұғалім болды. Шүлембаев Шапағат(қазақ тілі және әдебиет), Байшалов Бораш (математика), Билялов Шиш (математика), Хасенов Мүбарак (математика) , Әбілдин Шапу, Жүсіпбаев Әнбия(қазақ тілі және әдебиет), Әбілдин Шайхы(қазақ тілі және әдебиет), Рахметов Дүйсенбай , Тұрысбеков Нұртаза, Жөкішов Шәкім (орыс тілі), Есботин (биология), Ахмедин Ақлия (математика), Нұрбеков Әбдіғаппар (бастауыш сынып).
Бұл мектептен дәріс алған ауыл азаматтары және ұстаздық еткен ұстаздардың көбісі Ұлы Отан соғысы басталғанда қан майданға аттанып,соғыста қаза тапты немесе хабарсыз кетті. Солардың біразына тоқталып кетсек: Нұрахметов Тайжан, Ахмедин Ақлия, Нұрбеков Әбдіғаппар Жөкішов Шәкім соғыста хабарсыз кетті.
1939-1940 жылдары мектеп директоры болып Рахметов Дүйсенбай қызмет істеді. 1940 жылы мектеп жеті жылдық мектеп болып қайта құрылып,мектепте жетпістен астам бала оқыды.Мектепте Шәріпов Мақтай,Еңсебаев Талғат деген мұғалімдер дәріс берген.
Соғысқа қатысып, соғыстан кейін Тұрысбеков Нұртаза мектеп директоры болып жұмыс істесе Қасмағанбетов Қыдырғали, Байдилдин Мұқан аталарымыз мұғалім болып жұмыс істеді.. Ленин атындағы мектепте Төлегенов Ш., Омарқасов Т., Асқаров М., Төкенов І.(1971-1984 жж.), Мұрсалов І.(1987-1992 жж.), Мұзафаров Қ. (1992-1995жж.), Қаспақов Қ.(1995-1996 жж.), Төлеубекова Д.(1996-2006 жж.) директор болып істеді. Қазіргі кезде мектепті Қаспақов Қайрат Халелұлы басқаруда.
Кейінгі жылдары мектепте Жұмабеков Қ., Омаров Қ., Ахмедин Ж.,Қайырбекова М.,Сланбекова М., Әкижаева М., Мұқантаева З., Ибраева Г.,Нахабаева Н., Төлеуова Ш., Шаймерденова Р., Қыстаубаева М., Абдуова Қ., Ибраева Р. тағы басқа аға-апаларымыз оқушыларды білім нәрімен сусындатты.
Сол кездегі мектептің оқушылары кейін жоғары білімді,әр мамандықтың иесі, болып еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуына өздерінің үлестерін қосты. Атап айтсақ С.Түсіпбеков,А.Жаржанов,Ш.Омарбеков, К.Төлеубеков, Р.Олжа-баев,А.Шәріпов,А.Мәжікенов,А.Нұрымов,З.Көпейұлы,А.Ержанов, сияқты ағала-рымыз бар.
Жаппай сауаттандыру саясатына негізделіп, жаңаша оқыту әдісімен ашылып тамаша жарқын із қалдырған ірі тұлғалары бар,Ақши ауылының жас ұрпақтары алдыңғы толқын ағалар салған сара жолмен өсіп өнуде.Бүгінгі таңда Ақши мектебінен әр жылдар білім алып түлеп ұшқан қарлығаштар еліміздің білім,ғылым,медицина,спорт,өндіріс,мәдениет ,заң, қаржы,бизнес және т.б. салаларда жемісті еңбек етуде.
90 жылдан аса тарихы барАқши мектебінен 1 академик,4 ғылым докторы,15 жуық ғылым кандидаты,5 құқық қорғау қызметкерлері,1 Социалистік Еңбек Ері сонымен қатар ақын – жазушылар,қаржы қызметкерлері мен дәрігерлер шыққан.

Солардың біразының есімдерін ілтипатпен атап өтетін болсақ, Е.Маке-шов, Б.Ибраев Павлодар,Қарағанды қалаларында заң қызметкерлері. С.Әб-дуалиев,А.Ташкенбаев,С.Рахымбаева қаржы саласында, Манкенов А М.О.Акилова Қарағанды қаласында колледж директорының оқу ісінің орынбасары. С.Т.Каримов С.Сұлтанов атындағы облыстық ауурухананың дәрігері. Қ.Қ.Талипов - Ибраева А. аудандық білім бөлімінің маманы, Каримов Е. - Ахметов Б. Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетінің декан орынбасары. маманы. Т.Әбітаева ҚарМУ-ні қызыл дипломмен аяқтап, Орталық Қазақстан Университетінде аға оқытушы болып еңбек етуде.еңбек етуде.


Семейде мұғалімдік курсты бітіріп, жұмыс істеп жүріп,інісі Әбділді (Бозкенді) өзімен ертіп, оқуға алып кетеді. Семейде әскерге шақырылып, 1939 жылы Фин соғысына, одан Ұлы Отан соғысына қатысады. Ең соңғы хатында Полтава майданына бара жатқанын жазады. Содан кейін хат хабар болмайды. Біраздан соң «хабарсыз кетті» деген қағаз жетеді.



1. Ж.С.Ержанов (1922-2002 ж.ж.) - қазақтың тұңғыш механигі,техника ғы-лымдарының докторы,профессор, Қазақстан сейсмология ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ғылым қайраткері.(1971ж.) 1970 жылдан Қ.Р Ұлттық ҒА академигі.180 нен -астам ғылыми еңбектің және 11 монография авторы.
2. С.Түсіпбеков 1936 – 2012 ж.ж. Медицина ғылымының докторы, профес-сор. Ұйқы безінің науқасын анықтауда тың жаңалық ашқан. Республикалық дәрігерлер мамандығын жетілдіру институтуның кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды.
3. Ғ.Құдайбергенов (1906-1997 ж.ж.) 1935 жылы Москваның К.И.Тимирязев атындағы ауыл шаруашылық академиясына оқуға түсіп, оны «агроном - экономист» мамандығы бойынша 1940 жылы аяқтаған. 1941-45 жылдары Ұлы Отан соғысына басынан аяғына дейін қатысып, Германияның Бреслау қаласында аяқтаған. 1949-55 ж.ж. ҚКСР ауыл шаруашылық институтының аға ғылыми қызметкері.
4. Б.Әбітаева (1923-2004 ж.ж.)Новосибирск әскери училищесін бітіріп, Ұлы Отан соғысы жылдары Тамбов, Воронеж,Варшава т.б.қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты.
5.А.Қ. Жаржанов (1929-1992 ж.ж.) 1947-53 жылдары Москва Энергетика институтында оқыған,мамандығы инжинер – электрик.1960 жылы Кеңес Одағы мамандарының құрамында Мысыр елінде Ассуан су қоймасында Өзбекстанда,Моңғолия,Гвинея – Бисау, Лаос Куба т.б. елдерде электр станцияларын салуға қатысты.Еңбек қызыл ту орденімен,ВДНХ – ның алтын және күміс медальдарымен марапатталған.
6. М.Шәріпқызы 1928 жылы 1 қаңтарда туған. 1965 жылы Қазақ КСР халық оқу – ағарту ісінің озық қызметкері.Қазақстан Республикасының оқу ағарту ісінің үздігі атағының иегері. Баянауыл ауданының «Құрметті азаматы» «Жапырақ ғұмыр сыбдыры» 2002 ж. «Кешкі самал» 2005 ж. жинақтарының авторы.
7. А.Талапкеров 1929-1979 ж.ж. 1948 жылы Қарағанды қаласындағы Н.Нұр-мақов атындағы №2 мектепті алтын медальмен бітіріп, Алматы тау –кен институтын қызыл дипломмен бітірген.Техника ғылымдарының кандидаты.
8.М.Шәріпов 1935 жылы туған ҚР ҒА Орталық Қазақстан бөлімшесінде ғылым қызметкері
9. М.Шәріпов 1942-1997 ж.ж. 1961 жылы Қарағанды қаласындағы Нұрмақов атындағы № 2 мектепті алтын медальмен бітірген. Химия ғылымдарының докторы,професор.
10.Е Қайырбеков 1935-2017 жж. жылы туған.Қарағанды Мемлекеттік Педагогикалық Институтын аяқтаған.1960 жылыҚазақстан мұғалімдерінің ІІІ съезіне қатысып, «Қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 1964 жылы мемлекеттік қауіпсіздік органына қызметке шақырылды. 1981 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы МҚК бастығының орынбасары болып, 1990 жылы ҚРҰҚК полковник шенінде зейнеткерлікке шықты. КСРО – ның 10 медалімен марапатталған.
11.Ш.Т.Қуанғанов1938 жылы туған. Инженер - механик . Мәскеудің Горячкин атындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген.Техника ғылымдарының кандидаты. «Бұхар - Жырау» 1992 ж. «Ғұн немее Арғын тарихы туралы»1998 ж. жинақтарының авторы.
12.Р.Олжабаев 1926-1985 ж.ж. 1967 жылдан Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасында бөлімше басқарушы болып полковник шенінде зейнеткерлік-ке шықты.
13. Е.Ерботин 1940-1992 ж.ж. балалар жазушысы. Көптеген жылдар Павлодар облыстық,Республикалық радио,теледидар ақпарат мекемелерінде қызмет атқарды. «Өрнек»1975, «Өнеге»1977, «Серік пен Берік»1981, «Менің досым»1984, «Бабалар бала болғанда»1987, «Далаға саяхат»1991 атты кітаптары жарық көрді.
14.У.Ж.Садықова 1931 жылы туған. Қазақтың қыздар педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиет факультетін өте жақсы деген бағамен бітірген. 1975-77 жылдары Қаз.КСР мәдениет министірінің орынбасары. Қазақстан мәдениеті тарихы бойынша кандидаттық ғылыми еңбек жазды.
15.С.М.Әшірбеков 1947-1996 ж.ж. футболдан спорт шебері.Қарағандының «Шахтер»футбол командасының құрамында КСРО чемпионатында 344 матч өткізген. 1982-1983 ж.ж. «Шахтер» командасын жаттықтырып, КСРО чемпионатының ІІ лигасының сегізінші зона бойынша қатарынан екі жыл бойы бірінші орын алған.
16.Р.Т.Келтенова 1947 жылы туған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты,Алматы халық шаруашылығы институтының доценті,профессор, 45 тен аса ғылыми еңбектің және 5 оқулықтың авторы.
17.Т.Ержанов 1931 жылы туған.Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ –нің биология факультетінің деканы болып істеген.Химия биология ғылымдарының докторы,професор.
18.Р.Ғ.Төлеубекова 1960-2021 ж.ж. Торайғыров атындағы ПМУ –нің оқытушысы болып жұмыс істеді. Филология ғылымдарының кандидаты.
19.Г.Т.Каримова 2001 жылы КарМУ - нің тарих факультетің қызыл диплом-мен бітірді.С.Торайғыров атындағы ПМУ – нің аға оқытушысы. «ХІХ ғасырдағы қазақ мәдениеті» тақырыбындағы жұмыспен шұғылдануда.
20.Т.А.Әбітаева 2001 жылы ҚарМУ – нің Педагогика және психология факультетінің қызыл дипломмен бітірді. ҚарМУ – нің магистранты.

Қорытынды


Жаппай сауаттандыру саясатына негізделіп, жаңаша оқыту әдісімен ашылып тамаша жарқын із қалдырған ірі тұлғалары бар,Ақши ауылының жас ұрпақтары алдыңғы толқын ағалар салған сара жолмен өсіп өнуде.Бүгінгі таңда Ақши мектебінен әр жылдар білім алып түлеп ұшқан қарлығаштар еліміздің білім,ғылым,медицина,спорт,өндіріс,мәдениет ,заң, қаржы,бизнес және т.б. салаларда жемісті еңбек етуде.
Солардың біразының есімдерін ілтипатпен атап өтетін болсақ, Е.Маке-шов, Б.Ибраев Павлодар,Қарағанды қалаларында заң қызметкерлері. С.Әб-дуалиев,А.Ташкенбаев,С.Рахымбаева қаржы саласында, Манкенов А Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Рахымбаева Ж. Павлодар облысы білім бөлімінде әдіскер, М.О.Акилова Қарағанды қаласында колледж директорының оқу ісінің орынбасары. С.Т.Каримов С.Сұлтанов атындағы облыстық ауурухананың дәрігері. Қ.Қ.Талипов Баянауыл ауылдық округ әкімі, Аханов А. Талипова Б..Қалиев Н. Баянауыл ауылдық округ маманы, А.Төлешова, Э.Саликова Ш.Айманов атындағы мектепте директордың тәрбие ісінің меңгерушісі, Ибраева А. аудандық білім бөлімінің маманы, Каримов Е. Халыққа қызмет көрсету орталығында сектор меңгерушісі. Ахметов Б. Колледж маманы.Ә.Талипова,С.Әбітаева ҚарМУ-ні қызыл дипломмен аяқтап, бизнестің түрлі саласында еңбек етуде.

Оспанұлы Төлеу, Хасенұлы Базылбек , Смағұлұлы Сопай, Баймағанбет ұлдары Нұрмағанбет, Ермағанбет, Баймаханов Қайыржан мен Нұрғалы,Темірболатұлы Рахымбек,Сабыров Әшім, Әбділ, Әйпетұлы Әбжан, Мамытұлы Шалабай, Ахметұлы Игіш, Сәрсенбеков Жәнәбіл мен Көшербай, Нұржанов Ахмет, Мұса, Иса, Жақыбайұлы Хасен, Әбікейұлы Садық, Мырзабаев Ақылбек,Нұрбеков Рахымжан,Жанқұлов Ильяш, Текебаев Әбжан,Аулабаев Қали,Акімұлдары Қылаң мен Кәржан,Бекбатыров Жылқыбай, Мұқанов Төлеубек, Бейсекеев Жәнібек, Садақбайұлы Нұрбек, Қашарбекұлы Әлдеш,Кенжеболатов Серғали, Ержанов Мәжікен, Мусызбай мен Ыбырай, Қаспақов Әбітай, Ербота,Төкен, Доскейұлы Ақтай, Бижанұлы Боранбек, Қуанбаев Жәмін, Қайыржан,Исабек, Рахымбайұлы Төлеш,Макешов Шаймерден, Құдайбергенов Жаржан, Мұқыш, Әбен, Текебайұлы Бүркітбай,Тәжікбайұлы Балтабай,Әбділдәұлы Шилібай Айтжанов Төлеубек, Нұрбеков Әбдір, Омаров Көкіжан,Талапкерұлдары Шәріп, Кенжебек, Кәрім, Байділдә ұлдары Жолдасбек,Мұқан, Таліпов Қазкен,Сембекұлы Жүнісбек, Жанабаев Әкіл, Әшірбеков Түсіпбек, Мағзұмов Қазкен,Жанбота, Метбекұлы Қайырбек. Иманбеков Сланбек (колхоздың тұңғыш сатушысы әрі қойма меңгерушісі) т.б.


Ұлы Отан соғысының қарсаңында (1939) оқушы балалар саны өсіп, мектеп үйі Майқурғанға төрт бөлмелі үйге көшеді.Бұл мектепте Ризанов Солтан, Нұрах-метов Тайжан, Рахимов Тақу, Шүленбаев Шапағат, Байшалов Бораш, Хасенов Мүбарак, Әбілдин Шайқы,Рахметов Дүйсенбай,Ахмедин Ақлия,Жөкішов Шәкім, Әбілдин Шәпу,Тұрсынбеков Нұртаза т.б. ұстаздар еңбек етті. Бұл мектептен дәріс алған ауыл азаматтар және ұстаздық еткен ұстаздардың көбісі Ұлы Отан соғысы басталғанда қан майданға аттанып,соғыста қаза тапты немесе хабарсыз кетті.


Кіріспе
Ақсақалдық жасқа қадам басқан білімнің қара шаңырағынан қаншама шәкірттер ұшып шығып, өмірден өз орнын тапты. Ұл қыздарға саналы тәрбие, сапалы білім берем деп қаншама ұстаздардың самай шашы ағарды. Небір ақыл – ойы телегей – теңіз, білімді мәдениеттіұстаздарымыз қарттық жасқа жетпей жатып, бұл фәниден көшіп кетті. Өкініштісі сол, марқұм ұстаздарымызға тірі кезінде әрбір шәкірт жүрегіне бір – бір шырақ жағып кеткенін айта алмадық. Өмір көшінде бізбен бірге ілесіп жүре беретіндей көріппіз. Бүгін міне ардақты ұстаздарымыз білім берген алтын ұямыз туралы біраз сөз қозғамақпыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет