Ауылымыздың атақты адамдары.
1. Ж.С.Ержанов (1922-2002 ж.ж.) - қазақтың тұңғыш механигі,техника ғы-лымдарының докторы,профессор, .
2. С.Түсіпбеков 1936 жылы туған.Медицина ғылымының докторы, профес-сор.
3. Ғ.Құдайбергенов (1906-1997 ж.ж.) 1935 жылы Москваны К.И.Темерязев атындағы ауыл шаруашылық академиясына оқуға түсіп, оны «агроном - экономист» мамандығы бойынша 1940 жылы аяқтаған.
4. Б.Әбітаева (1923-2004 ж.ж.)Новосибирскіде әскери училищесін бітіріп, Ұлы Отан соғысы жылы Томбов, Воронеж,Варшава т.б.қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты.
5.А.Қ. Жаржанов (1929-1992 ж.ж.) 1947-53 жылдары Москва Энергетика институтында оқыған,мамандығы инжинер – электрик.
6. М.Шәріпқызы 1928 жылы 1 қаңтарда туған. Көп жылдар Қарағанды қаласында мұғалімдік қызмет атқарған.
7. А.Талапкеров 1929-1979 ж.ж. 1948 жылы Қарағанды қаласындағы Н.Нұр-мақов атындағы №2 мектепті алтын медальмен бітірген.
9. М.Шәріпов 1942-1997 ж.ж. 1961 жылы Қарағанды қаласындағы Нұрмақов атындағы № 2 мектепті алтын медальмен бітірген.
10.Е Қайырбеков 1935 жылы туған. Полковник.
11.Ш.Т.Қуанғанов1938 жылы туған.ИнжЕнер - механик Мәскеудің Горячкин атындағы ауыл шаруашылығын механикаландыру институтын бітірген.
12.Р.Олжабаев 1926-1985 ж.ж. 1967 жылдан Қарағанды облыстық ішкі істер басқармасында бөлімше басқарушы болып полковник шенінде зейнеткерлік-ке шықты.
13. Е.Ерботин 1940-1992 ж.ж. өмір сүрген, балалар жазушысы.
14.У.Ж.Садықова 1931 жылы туған. Мәдениет қызметкері.
15.С.М.Әшірбеков 1947-1996 ж.ж. футболан спорт шебері.
16.Р.Т.Келтенова 1947 жылы туған. Физика-математика ғылымдарының кандидаты,
17.Т.Ержанов 1931 жылы туған.Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ –нің деканы болып істеген.Химия биология ғылымдарының докторы,професор.
18.Р.Ғ.Төлеубекова 1960 жылы туған. Торайғыров атындағы ПМУ –нің оқытушысы.Филология ғылымының кандидаты.
19 .М.Жүнісбеков Социалистік Еңбек Ері. «Аққу» комсомол- жастар бригадасының жетекшісі.
20 Қуанбаев Н. Ағын суды теріс ағызған атақты молла, емші.
Рахимов Т,.Төкенов І., Жұмабеков Л., Қайырбекова М. көптеген жылдар мектебімізде ұстаздық қызмет атқарған.
Жаппай сауаттандыру саясатына негізделіп, жаңаша оқыту әдісімен ашылып тамаша жарқын із қалдырған ірі тұлғалары бар,Ақши ауылының жас ұрпақтары алдыңғы толқын ағалар салған сара жолмен өсіп өнуде.Бүгінгі таңда Ақши мектебінен әр жылдар білім алып түлеп ұшқан қарлығаштар еліміздің білім,ғылым,медицина,спорт,өндіріс,мәдениет ,заң, қаржы,бизнес және т.б. салаларда жемісті еңбек етуде.
Солардың біразының есімдерін ілтипатпен атап өтетін болсақ, Е.Маке-шов, Б.Ибраев Павлодар,Қарағанды қалаларында заң қызметкерлері. С.Әб-дуалиев,А.Ташкенбаев,С.Рахымбаева қаржы саласында, Манкенов А Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Рахымбаева Ж. Павлодар облысы білім бөлімінде әдіскер, М.О.Акилова Қарағанды қаласында колледж директорының оқу ісінің орынбасары. С.Т.Каримов С.Сұлтанов атындағы облыстық ауурухананың дәрігері. Қ.Қ.Талипов Баянауыл ауылдық округ әкімі, Аханов А. Талипова Б..Қалиев Н. Баянауыл ауылдық округ маманы, А.Төлешова, Э.Саликова Ш.Айманов атындағы мектепте директордың тәрбие ісінің меңгерушісі, Ибраева А. аудандық білім бөлімінің маманы, Каримов Е. Халыққа қызмет көрсету орталығында сектор меңгерушісі. Ахметов Б. Колледж маманы.Ә.Талипова,С.Әбітаева ҚарМУ-ні қызыл дипломмен аяқтап, бизнес-тің түрлі саласында еңбек етуде.
Шаруашылықтың өсіп өркендеуіне осы жылдары ҚАЗКСР Жоғарғы Кенесі-нің депутаты Республикалық дәрежедегі зейнеткер К.Төлеубеков, В.Г.Сафронов, А.Қ.Жортуылов т.б. басшылық қызметтегі азаматтар мен ауыл еңбеккерлері көп еңбек сіңірді.
1999 жылы нарықтық экономикасының қыспағына шыдамай және елімізде болып жатқан әр түрлі реформаларға байланысты кеңшар таратылып, жеке шару қожалықтарына бөлінді.Олар негізінен мал және егін шаруашылығын өркендеуімен айналысып,тәуелсіз елемізідің экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.
Кеншар құрылған күннен бастап, аудан көлеміндегі астықты шаруашылықтың бірі ретіндегі мәртебесін дәлелдей түсті. Жалпы егіс көлемі 25-30 мыңға жетті.Бұған қосымша суармалы алқапта мал азықтық дақылдар, картоп, көкеніс т.б өсірілді. Кеншар дихандары 1971,1979,1987,1992 жылдары Отан қоймасына миллион пұттан астық тапсырып,облыстағы егін өсіретін шаруашылықтардың көш басында болды. Осы жылдары қоғамдық мал басының саны да артып,қой30 мыңнан аса, ірі қара 5 мыңға тарта,жылқы 2,5 мыңға дейін өсті.
Кеншардың әлеуметтік - экономикасының артуына ауылымыздың тумасы Капен Төлеубеков 1964-1970 жылдары басқарған жылдары көп үлес қосты. Осы жылдары ауыл халқы үшін тұрғын үйлер , екі қабатты елу орындық аурухана, екі қабатты балабақша, мал маздары, 8 жылдық мектеп, клуб, орталық шеберхана (МТМ) тағы басқа құрылыс нысандары салынды. Электр жүйесі Ертіс-Қарағанды каналының 15 насос станциясынан аудан бойынша ең бірінші рет біздің кеншарға электр жүйесі тартылды. Сондай – ақ осы кісінің басшылығымен ауыл сыртындағы ата - бабаларымыздың зираты таспен қоршалды. Мал басының саны да артып қой 25 мың, сиыр 4мың,жылқы 2,5 мыңға жетті. Кеншар тек мал өсірумен ғана айналыспай егін шаруашылығы да жақсы жолға қойылды.
Колхоз шаруашылығын дамытуда үлес қосқан адамдардың аттарын атасақ , Оспанұлы Төлеу, Хасенұлы Базылбек , Смағұлұлы Сопай, Баймағанбет ұлдары Нұрмағанбет, Ермағанбет, Баймаханов Қайыржан мен Нұрғалы,Темірболатұлы Рахымбек,Сабыров Әшім, Әбділ, Әйпетұлы Әбжан, Мамытұлы Шалабай, Ахметұлы Игіш, Сәрсенбеков Жәнәбіл мен Көшербай, Нұржанов Ахмет, Мұса, Иса, Жақыбайұлы Хасен, Әбікейұлы Садық, Мырзабаев Ақылбек,Нұрбеков Рахымжан,Жанқұлов Ильяш, Текебаев Әбжан,Аулабаев Қали,Акімұлдары Қылаң мен Кәржан,Бекбатыров Жылқыбай, Мұқанов Төлеубек, Бейсекеев Жәнібек, Садақбайұлы Нұрбек, Қашарбекұлы Әлдеш,Кенжеболатов Серғали, Ержанов Мәжікен, Мусызбай мен Ыбырай, Қаспақов Әбітай, Ербота,Төкен, Доскейұлы Ақтай, Бижанұлы Боранбек, Қуанбаев Жәмін, Қайыржан,Исабек, Рахымбайұлы Төлеш,Макешов Шаймерден, Құдайбергенов Жаржан, Мұқыш, Әбен, Текебайұлы Бүркітбай,Тәжікбайұлы Балтабай,Әбділдәұлы Шилібай Айтжанов Төлеубек, Нұрбеков Әбдір, Омаров Көкіжан,Талапкерұлдары Шәріп, Кенжебек, Кәрім, Байділдә ұлдары Жолдасбек,Мұқан, Таліпов Қазкен,Сембекұлы Жүнісбек, Жанабаев Әкіл, Әшірбеков Түсіпбек, Мағзұмов Қазкен,Жанбота, Метбекұлы Қайырбек. Иманбеков Сланбек (колхоздың тұңғыш сатушысы әрі қойма меңгерушісі) т.б.
1937 жылы бүкіл елде жаппай басталған қуғын-сүргін қасіреті Ақши жерінің азам аттарын қанды қуғынға іліктірді. Халқы шағын ауылдың осы жылдары көптеген азаматтар ұсталып,халық жауы деген айыппен тұтқындалды. Хабарсыз кеткендері қаншама...
Ұлы Отан соғысы жылдарында ауыл тұрғындары елі мен жерін қорғауға жанқиярлық пен қаһармандықтын үлгілерін көрсетті. Ауылдан 100 –ге тарта азамат Отан үшін қан майданға аттанып,70-ке жуығы майданнан оралмады. Ұлы Отан соғысының негізгі майдан ошақтары болған Москва,Ленинград,Сталинград, Курск,Брест т.б. шайқастарына қатысты. Солардың біразына тоқталып өтсек, Әлжанов Қ. Брест қамалында болған шайқасқа қатысып, елге үш жыл жаяу жүріп отырып келген. К.Омаров 900 күн мен түнге созылған Ленинградты қорғау шайқасына қатысқан, Тұрсынбеков Ж.Сталинград,Курск доғасы майданында болып, елге аман – есен оралады. Темірболатов Р. Нұрбеков Ә. қанқұйлы Сталинград шайқастарына қатысқан. Б.Әбітаева (1923-2004 ж.ж.)Новосибирскіде әскери училищесін бітіріп, Ұлы Отан соғысы жылдары Тамбов, Воронеж,Варшава т.б.қалаларын неміс басқыншыларынан азат етуге қатысты. Соғысты майор шенінде аяқтайды.
Ұлы Отан соғысы кезіндегі колхоздың тыл еңбеккерлері де жеңіс сағаттарын жақындатуына еңселі еңбектерімен зор үлес қосты. Колхоздағы жүздеген түлікті (ірі қара – 464,қой – 1455, жылқы – 154, түйе – 50-60) шығынсыз өсіру,оның өнімдерін тиімді ұқсату,мал азығын әзірлеу бәрі де ер азаматтың орнын алмастырған әпкелерімізбен аналарымызға, қаусаған қарттар мен бұғанасы қатып үлгермеген отты жылдар балаларына түсті. Әпкелері-міз бен аналарымыз колхоз жұмысына араласып,қана қоймай Кеңес жауынгерлерін азық – түлікпен,жылы киіммен қамтамасыз етуге бар күш жігерлерін жұмсады. «Бәрі де жеңіс үшін, бәрі де майдан үшін» деген ұлы ұранның қалтықсыз орындалуына ат салысты.
Достарыңызбен бөлісу: |