Павлодар облысының білім беру ұйымдарында қазақ тілі мен әдебиет кабинеттерін ресімдеу жобасы



Дата26.06.2016
өлшемі42.07 Kb.
#159402
Павлодар облысының білім беру ұйымдарында

қазақ тілі мен әдебиет кабинеттерін ресімдеу

жобасы
Қазақ тілі мен әдебиет кабинеттеріне қойылатын

талаптар мен ұсыныстар

Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыруда, білім беру үрдісінің жағдайын жақсартуда оқу кабинетінің рөлі өте маңызды.

Мемлекеттік тілді меңгертуде қазақ тілі мен әдебиет кабинетінің тиімділігі зор. Тілді үйретудегі басты мақсат: сауатты да білімді, мемлекеттік тілді меңгерген, отансүйгіш, дені сау, қазіргі заман талаптарына сәйкес қарым-қатынас жасай алатын дара тұлға тәрбиелеу болғандықтан, қазақ тілі мен әдебиет кабинеттерін жабдықтағанда осы талаптарды ұстануды ұсынамыз.

Оқу кабинетінің жабдықталуы, безендіру эстетикасының қазіргі талапқа сай болуы кабинет жетекшісіне жүктеледі.




  1. Кабинетті жабдықтау:

  • техникалық оқыту құралдары: телевизор, DVD, аудио-, бейнетаспалары

  • интерактивті тақта

    • электронды оқулықтар

    • мультимедиалық оқу бағдарламалары

  • лингафондық құрылымдар (лингафондық кабинет).




  1. Құжаттардың тізімі:

- нормативтік құжаттар

- кабинеттің паспорты

- кабинеттің перспективтік даму жоспары

- картотека, оқу-көрнекi құралдарын жүйелеу (электрондық картотекалар)

- техника қауіпсіздігі мен санитарлық-гигиеналық норма ережелерiн сақтауды қамтамасыз ететін құжаттар

- үйірме, факультатив, элективті курстар құжаттары

- мониторингтік папка (оқушылардың бiлiм сапасының мониторингiсі).
III . Кабинеттің оқу-әдістемелік кешені

Кабинеттегі көрнекі құралдар тілді (сөйлеу тілін) дамытуға ықпал етуі тиіс, дидактикалық, таратпа, анықтама материалдары жеткілікті көлемде болып пән бойынша бағдарламаны орындауды қамтамасыз етуі қажет.



Стендтер: тұрақты және ауыспалы (безендірілу мәдениеті, материалдарының тартылымдығы, мазмұны сай болуы қажет)

1. Тұрақты стендтер:

1) Тақтаның сол жағында, тақтадан биік немесе қатарлас бір деңгейде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері ілінуі тиіс (лицензиялы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік ұсыныстары басшылыққа алынады)

2) Тақтаның үстіңгі жағына тілге қатысты нақыл сөз жазып ілуге болады.

Тілден артық қазына жоқ.

Тілден артық қасиет жоқ.

Н.Назарбаев.

Тіл мен сөз — көңілдің айнасы.

Ж.Баласағұн.

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

Ш.Айтматов.

«Әдебиет – адамды өз ырқына жетелеп алатын қасиетті дүние»

М.Әуезов.

Ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың «Отыз бірінші» қара сөзі ақынның портретімен безендірілуі ұсынылады. «Отыз бірінші» қара сөздің берілу себебі: оқушыларға төрт тағылымдық, тәрбиелік мағынасы бар, әрі оқығанды есте сақтау үшін не істеу керектігі туралы айтылған.

«Біріншіден, көкірегі байлаулы берік болмақ керек.

Екіншіден, сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек.

Үшіншіден, сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып, көңілге бекіту керек.

Төртіншіден, ой кеселді нәрселерден қашық болу керек».

3) 5-11 сынып аралығындағы оқу бағдарламасына енген ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерінің портреттері хронологиялық тәртіпте ілінеді.



Ақын, жазушылар:

- А. Құнанбаев

- Мәшһүр-Жүсіп Көпеев

- Ж. Аймауытов

- А.Байтұрсынов

- М. Дұлатов және т.б.



Билер:

- Әйтеке би

- Төле би

- Қазыбек би

4) Қазақ тілі жазбаларының тарихынан:

- руналық жазба

- араб жазбасы

- кириллица жазбасы

- латын жазбасы.

2. Ауыспалы стендтер:

- бүгін сабақта

- грамматикалық анықтағыштар

- есте сақтаңыз! (мысалы: жатыс септік: қайда? неде? қашан? сұрақтарына жауап беріп -да,-де,-та,-те жалғаулары жалғанады ...)

- мерейлі күндерге арналған.

IY. Дидактикалық материалдар жүйесі:

- жаңа бағдарламаның үш аясы бойынша оқушылардың білім

әрекеттерін ұйымдастыруға арналған материалдар

- дидактикалық материалдар

- бақылау жұмыстарының өлшем бірліктері

- тақырыптық карточкалар

- деңгейлік тапсырмалардан құрастырылған таратпа материалдары

- олимпиада материалдары (мектепiшiлiк, қалалық, облыстық,)

- тест жинақтары, диктант, мазмұндама жинақтары

- дарынды оқушылармен жұмыс түрлері

- үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері

- рефераттар, баяндамалар (оқушылардың шығармашылық жұмыстары).


Y. Кабинеттің кітапханасы:

- сөздіктер (орфографиялық, түсіндірмелі, синонимдер, тұрақты

сөз тіркесі, диалектикалық және т.б.)

- көркем әдебиет

- ғылыми-әдістемелік журналдар

- анықтамалық-ақпараттық әдебиет

- кесте-плакаттар

- сыныптан тыс жұмыстарға арналған әдебиет



- мерзiмдiк басылымдар.
Павлодар облысының білім беру ұйымдарында

қазақ тілі кабинеттеріне қойылатын талаптарды

сараптау бойынша жұмыс тобы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет