Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы



Дата07.07.2016
өлшемі112.44 Kb.
#183726
Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына конкурс жариялайды:

Пошталық мекенжай:140000, Павлодар қаласы, Ленин көшесі 59, 406-бөлме, “Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы” ММ.

Тел. (7182) 32-58-16, факс (7182) 32-96-88, e-mail: kense.dtt@pavlodar.gov.kz

1) Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы (1 бірлік), cанаты DО-3.

Білімі: Жоғары қаржылық, экономикалық, заңгерлік.

2) Заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы (1 бірлік), cанаты DО-3.

Білімі: Жоғары заңгерлік.

3) Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыстың техникалық бөлімінің басшысы (1 бірлік), cанаты DО-3.

Білімі: Жоғары құрылыстық, сәулеттік, техникалык

4) Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыстың техникалық бөлімінің бас маманы

(2 бірлік), cанаты DО-4.

Білімі: Жоғары: техникалық, құрылыстық, сәулеттік. Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: техникалық, құрылыстық, сәулеттік.

5) Күрделі құрылыс бөлімінің бас маманы (2 бірлік), cанаты DО-4.

Білімі: Жоғары: техникалық, құрылыстық, сәулеттік. Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: техникалық, құрылыстық, сәулеттік.

6) Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы (2 бірлік), cанаты DО-4.

Білімі: Жоғары техникалық, қаржылық, экономикалық, заңгерлік. Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: техникалық, қаржылық, экономикалық, заңгерлік.

7) Заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы (1 бірлік), cанаты DО-4.

Білімі: Жоғары заңгерлік. Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: заңгерлік.

8) Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы (1 бірлік), cанаты DО-4.

Білімі: Жоғары: қаржылық, экономикалық. Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: қаржылық, экономикалық.

9) Ішкі бақылау мәселелері бойынша бас маман (1 бірлік), cанаты DО-4.

Білімі: Жоғары: экономикалық. Ортадан кейінгі білім экономикалық рұқсат етіледі.

10) Экономикалық талдау, бюджеттік жоспарлау және ақпарат бөлімінің бас маманы (1 бірлік), cанаты DО-4.

Білімі: Жоғары: қаржылық, экономикалық. Ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі: қаржылық, экономикалық.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек өтіліне қарай 84563 теңгеден 114032 теңгеге дейін (cанаты DО-3).

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек өтіліне қарай 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейін (cанаты DО-4).



Іс жүзіндегі тәжірибесі (cанаты DО-3): Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес; 2) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; 4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.



Іс жүзіндегі тәжірибесі (cанаты DО-4):

Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.



Кәсіби біліктілігі (cанаты DО-3): Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Кәсіби біліктілігі (cанаты DО-4):

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.



Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін ұйымдастыру, бөлімнің атқарушылық және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру; Басқраманың құрылымдық бөлімдерімен ұсынылған тауар, жұмыс және қызметтер тізіміне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын Ережелерге және мемлекеттік сатып алу саласына қатысты Қазақстан Республикасының басқада қолданыстағы заңнамаларына сәкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырумен байланысты Басқарма басшысының бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау; мемлекеттік сатып алудың ресми веб-порталына реестрді енгізу; мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті құрастыру; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, әкімнің тапсырмаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерін, басқарма басшысының тапсырмаларын және бұйрықтарын орындау; бақылаудағы құжаттардың, хаттардың және өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуын бақылау.



Заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімі басшысының функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін ұйымдастыру, басшылық жасау, бөлімнің атқару және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, әкімнің тапсрымаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын және тапсырмаларын уақытымен және сапалы орындауды жүзеге асыру; Басқарма Ережесін және құрылымын әзірлеу; Басқарманың құқықтық жұмысы мәселесі бойынша өз құзіреті аясында шұғыл шара қолдану, бақылау және үйлестіру; Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Басқарма қызметкерлерімен дайындалған құқықтық құжаттар, Басқармамен жасалған азаматтық-құқықтық келісім, шарттар және басқа келісімдер жасауға заңды қорытынды дайындау; Басқарма мүддесін сенімхатқа сәйкес құқықтық мәселе бойынша барлық инстанциялардың соттарында, басқа органдарда және ұйымдарда қорғау; мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың дұрыстығы туралы заңды негіздеме дайындау; Қазақстан Республикасының заңнамаларын түсіндіру.



Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыстың техникалық бөлімі басшысының функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін ұйымдастыру, бөлімнің атқару және еңбек тәртібін бақылауды жүзеге асыру. Бөлім құзырына қатысты мәселелер бойынша қалалар мен аудандар құрылыс бөлімдерінің қызметін үйлестіру. Облыс аумағындағы объектілер мен кешендер құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және бекіту жөніндегі қызметті үйлестіру. Жобалау-сметалық құжаттаманы келісу бойынша жұмыстарды жүргізуді бақылау. Сәулет-құрылыс инспекциясынан құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу үшін материалдар дайындау. Пайдалануға тапсырылатын объектілерді (кешендерді) белгіленген тәртіпте тіркеу және қабылдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Облыс әкімдігінің отырысына, Әкім мен оның орынбасарларының қатысуымен өтетін мәжілістерге материалдар дайындау. Бөлімнің құзыретіне қатысты стратегиялық жоспарды, аумақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу. Азаматтардың хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарау. Бақылаудағы құжаттардың, хаттар мен өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуын бақылау.

Басқарма басшылығы анықтаған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.

Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыстың техникалық бөлімінің бас маманының функционалдық міндеттері:

Құрылыс объектілері бойынша жобалау алдындағы және жобалау жұмыстарын жүзеге асыруды үйлестіру. Жобалау-сметалық құжаттаманы келісу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, мердігерлерге жұмыс өндірісіне беру. Өз құзыры шеңберінде жобалау және құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асыру. Техникалық және авторлық қадағалау қызметтерін үйлестіру. Азаматтардың хаттарын, өтініштері мен шағымдарын қарау. Басқарма басшылығы және бөлім бастығы анықтаған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.



Күрделі құрылыс бөлімінің бас маманының функционалдық міндеттері:

Құрылыс аумағының шекарасына осьтар мен ғимараттың жоғарғы белгілерін жергілікті жерге орналастырумен шығару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу; құрылыс сапасын бақылауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асыру; бөлімнің құзыретіне қатысты стратегиялық жоспарды, аумақтық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; бөлімнің құзыретіне қатысты аумақтық бағдарламаларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша нормативтік-құқықтық актілер дайындау; азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау; басқарма басшылығы және бөлім басшысы анықтаған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.



Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманының функционалдық міндеттері:

Басқраманың құрылымдық бөлімдерімен ұсынылған тауар, жұмыс және қызметтер тізіміне сәйкес мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу; Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын Ережелерге және мемлекеттік сатып алу саласына қатысты Қазақстан Республикасының басқада қолданыстағы заңнамаларына сәкес, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырумен байланысты Басқарма басшысының бұйрықтарына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу рәсімдерін орындау; мемлекеттік сатып алудың ресми веб-порталына реестрді енгізу; мемлекеттік сатып алу бойынша есептілікті құрастыру; бақылаудағы құжаттардың, хаттардың және өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуын бақылау; конкурстық құжаттарды әзірлеу және дайындау, уәкілетті өкілдің, конкурстық комиссия хатшысының функцияларын іске асыру, жеткізушілермен жұмыс істеу, конкурс өткузудің кесетесін уақытымен сақтау, жоғары тұрған ұйымдар үшін есептерді жүргізу, анықтамалар мен ақпараттар дайындау, Заңға сәйкес конкурс нәтижесінің хабарландыруын әзірлеу және уақытымен жариялауға жіберу. Хаттарды, азаматтардың өтініштерін және шағымдардын қарау.

Басқарма басшылығы мен бөлім басшысы анықтаған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.

Заң қызметі және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманының функционалдық міндеттері:

Хаттарға, шағымдарға, кінә қою, талап қою арызына жауап дайындау; басқарма басшылығының қарауына бөлімнің құзырына кіретін мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізу; басқарма қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер жөнінде заңды қорытынды беру, басқарманың мүддесін сотта қорғау. Бақылаудағы құжаттардың, хаттар мен өтініштердің уақытылы және сапалы орындалуын бақылау.

Басқарма басшылығы анықтаған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманының функционалдық міндеттері:

Басқарманың жеке және жинақ қаржылық жоспарына өзгерістер енгізу туралы өтінімдер мен анықтамалар дайындау; ағымды және депозитті есептерді ашу; азаматтық-құқықтық келісімдерді тіркеу және төлемдер есебін тіркеу, шарттарды тіркеу, трансферттерді аудару және қойылған тауарлар мен орындалған жұмыстарға көрсетілген қызметтерге төлемдерді тіркеу журналын жүргізу; қазынашылық мәліметтерін өндеу; қаржылық жоспарына сәйкес бюджетті орындау бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есепті құрастыру; белгіленген уақытта салық және статистикалық есепті ұсыну және құрастыру; еңбек ақы бойынша есептеуді іске асыру, есептілік тұлғалармен есеп жүргізу; мемориалдық ордерлерді дайындау; кассалық және нақты шығындар кітабына нақты шығындар есебін енгізу; кредиторлық және дебиторлық берешектер туралы есептерді және ақпараттарды ұсыну және құрастыру; активтердің, арзан тұратын және жылдам тозатын заттардың сақталуын және құндылық материалдарды сақтау және пайдалануды бақылау; түгендеуді жүргізу; трансферттердің түсуін бақылау, төмендегі бюджетке аударым жасау, есептілікті ұсыну және жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, әкімнің тапсрымаларын, облыс әкімінің және әкімдігінің актілерін, Басқарма басшысының бұйрықтарын және тапсырмаларын уақытымен және сапалы орындауды жүзеге асыру.



Ішкі бақылау мәселелері бойынша бас маманының функционалдық міндеттері:

Басқарма қызметінің бағыттары бойынша сапасын және оның жұмыс өнімділігін көтеру мақсатында ішкі бақылауды жүзеге асырады; басқармада және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарда басқару жүйесінің қызметін бағалайды және бірінші басшысына оны жақсарту бойынша ұсыныстар береді; Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады; басқарманың стратегиялық және операциялық жоспарлардың іске асыруына бақылауды жүзеге асырады, баға береді; басқармамен есепті және есептіліктің нақтылығына және дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаттарын қолдану барысында бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және болдырмау бойынша шараларды қолданады; бақылау объектілерге жіберілетін ұсыныстадың және бақылау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады, белгіленген мерзімде бақылау объектілерінен бақылау жүргізілуіне байланысты мәселелер жөнінде қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді алу; құпия, қызметтік, делдалдық, немесе басқа заңмен сақталатын құпия тәртібін сақтау есебімен бақылау шарасының мәселесіне қатысты бақылау объектілерінің құжаттарымен кедергісіз танысу; мемлекеттік органның басшысына жұмыстың барысын жоғарылату, қызметінің тура және соңғы нәтижесіне жету мақсатында мемлекеттік органда ішкі рәсімдердің, ережелердің жақсаруы бойынша ұсыныстар және бақылау нәтижелері туралы есептер; Басқарма басшысына көтермелеу және мотивациясы бойынша ұсыныс енгізу; басқарманың басшылығы анықтаған басқа да өкілеттікті жүзеге асыру.



Экономикалық талдау, бюджеттік жоспарлау және ақпарат бөлімінің бас маманының функционалдық міндеттері:

Аппаратты ұстау бойынша бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік өтінімдерді дайындау; басқарма бөлімдері ұсынған материалдар негізінде басқарманың бюджеттік бағдарламаларын құрастыру; басқарма бөлімдері ұсынған материалдар негізінде басқарманың бюджеттік өтінімдерін құрастыру; басқарманың бюджеттік бағдарламаларын бекіту бойынша облыс әкімдігі қаулысының жобасын дайындау; Бөлімге қатысты құзіреті бойынша басқарманың нормативтік-құқықтық актілерін дайындауды жүзеге асыру; Операциялық жоспарды құрастыру және дайындау кезінде басқарманың құрылымдық бөлімдерінен түскен ақпаратты жинау және қорытындылауды жүзеге асыру; Аймақтық дамыту жоспарын құрастыру және дайындау кезінде басқарманың құрылымдық бөлімдерінен түскен ақпаратты жинау және қорытындылауды жүзеге асыру;



Конкурс құжаттарын қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

- уәкілетті органмен белгіленген нысандағы өтініш;

- уәкілетті органмен белгіленген нысанда толтырылған анкета;

- бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;

- еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама;


- 3х4 үлгідегі 1 фотосурет;

- жеке куәлігінің көшірмесі;

- уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы құжаттарды тапсыру сәтінде күші бар сертификат.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберілгендігі туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де өтеді.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабаға салынған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде бере алады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде бере алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Құжаттардың түпнұсқасы бермеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.



Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердін (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
2014.29.03.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет