Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық



жүктеу 316.79 Kb.
бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі316.79 Kb.
  1   2   3


ҚР Білім және ғылым министрілігі

РМҚК «Ұлттық тестілеу орталығы»

директорының

2014 жылғы «27» қазандағы



№ 285-ОД бұйрығымен бекітілген

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық


  1. Жалпы ережелер




  1. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлердің аттестаттауының бірінші кезеңі – біліктілік тестілеу түрінде (бұдан әрі – тестілеу) өткізіледі.

  2. Педагог қызметкерлердің тестілеуін ұйымдастыру мен өткізуде ұйымдастырушылар мен қатысушылар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі м.а. 07.08.2013 жылғы №323 бұйрығымен бекітілген (ҚР Әділет министрлігінде 28.08.2013 жылы №8678 тіркелген) Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шартын (бұдан әрі – Ереже), осы технологиялық нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

  3. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі осы нұсқаулық төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:

  1. Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);

  2. ҰТО филиалдарының (бұдан әрі - филиал);

  3. Облыстық білім басқармаларының, Астана және Алматы қалалары, (қалалық) аудандық білім бөлімдерінің (бұдан әрі – ОББ, АББ, ҚББ);

  4. Аттестаттау комиссияларының;

  5. Білім беру ұйымдарының жауапты тұлғаларының;

  6. Мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлердің.

  1. Тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. «Педагог қызметкер» деректер базасын (бұдан әрі - ДБ) қалыптастыру;

  2. тестілеу өткізуге дайындық;

  3. тестілеу өткізу;

  4. тестілеу нәтижесін өңдеу;

  5. есеп дайындау.




  1. Тестілеуді ұйымдастыру және өткізу




  1. Тестілеуді өткізу мен ұйымдастыру жұмыстары ҚР БҒМ, ҰТО, филиалдардың, ОББ, АББ (ҚББ), білім беру ұйымдарының және аттестаттау комиссиясының бірігіп атқаратын қызметін қарастырады.

  2. ҚР БҒМ ҰТО-мен бірлесе отырып Ереже мен басқа да құқықтық құжаттарды жасайды және жетілдіреді.

  3. ҰТО дайындайды:

  • Ереженің 24 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу, педагогика және психология негіздері, пәндік білім негіздері бойынша тест тапсырмаларының базасын;

  • «Өтініштерді тіркеу», «Оператор», «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы, «Педагог қызметкер - тестілеу» Базасы, «Бас компьютер», «Тестіленуші» автоматтандырылған жұмыс орындары (бұдан әрі - АЖО) бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ).

АЖО «Өтініштерді тіркеу» - педагог қызметкерлердің ДБ қалыптастыратын, оларды тестілеу лектеріне бөлетін, тестілеу өту орнын, мерзімі мен уақытын белгілейтін БҚ. «Тіркеу журналын», «Бөлу журналын», тестілеуге рұқсаттамаларды шығарады. АББ (ҚББ) орнатылады.

АЖО «Оператор» - «Өтініштерді тіркеу» АЖО-ға көмекші БҚ, тестілеуге қатысушылардың мәліметтерін тіркейді. Өтініштерді қабылдау пунктіне (білім беру ұйымдары немесе АББ (ҚББ)) орнатылады;

АЖО «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы - өтініштерді қабылдау барысындағы деректерді жинақтайтын және беретін БҚ. ҰТО филиалында орнатылады;

АЖО «Педагог қызметкер - тестілеу» Базасы - тестілеу нәтижесін өңдейтін, тестілеу нәтижесінің протоколын шығаратын және статистикалық мәліметтерді қалыптастыратын БҚ. ҰТО филиалында орнатылады;

АЖО «Бас компьютер» - «Тестіленуші» АЖО-дан алынған тестілеу нәтижелерін жинақтайтын және деректерді «Педагог қызметкер базасы - тестілеу» АЖО-ға жіберетін БҚ. Білім беру ұйымының бір компьютеріне орнатылады;

АЖО «Тестіленуші» - тестілеу өткізетін және тестілеу нәтижелерін жіберуге арналған БҚ. Білім беру ұйымының тестілеу үшін қондырылған әрбір компьютерге орнатылады.



  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру

  1. ҰТО «Өтініштерді тіркеу», «Оператор», «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ларды телекоммуникациялық желі немесе электрондық тасымалдағышта филиалдарға жібереді;

  2. филиалда «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО орнатылады және «Өтініштерді тіркеу» АЖО-дан мәліметтерді алу үшін жұмыстар ұйымдастырылады;

  3. филиалдар «Өтініштерді тіркеу», «Оператор» АЖО-ды АББ (ҚББ)-ға орнату және тіркеу үшін жібереді;

  4. АББ (ҚББ)-да «Өтініштерді тіркеу» АЖО тіркеледі және филиалға қайта жіберілетін файл қалыптастырылады;

  5. филиал «Өтініштерді тіркеу» АЖО –ның тіркелгендегі жөніндегі файлды қабылдағаннан кейін АББ (ҚББ)-ға қайта жауап файлын жібереді;

  6. аттестаттау комиссиясы осы нұсқаулықтың 1 қосымшасына сәйкес тестілеуге қатысатын педагог қызметкерлерден өтініш қабылдауды ұйымдастырады;

  7. педагог қызметкерлердің өтінішіндегі мәліметтер «Өтініштерді тіркеу» АЖО-ға енгізіледі;

  8. тестіленушілер саны көп болған жағдайда өтініштер «Оператор» АЖО арқылы да қабылданады. «Оператор» АЖО –да тіркелген мәліметтер «Өтініштерді тіркеу» АЖО-ға жинақталады;

  9. АББ (ҚББ) ОБ басқармасымен келісе отырып анықтайды:

  • тестілеу өткізілетін орынды;

  • компьютерлік сынып қорын;

  • белгіленген мерзімдегі тестілеу кестесін.

АББ (ҚББ) жауапты тұлғасы бұл мәліметтерді «Өтініштерді тіркеу» АЖО-ға енгізеді;

  1. өтініштерді қабылдау барысында, осы нұсқаулықтың 2 қосымшасына сәйкес педагог қызметкерлерді тіркеу журналы шығарылады;

  2. «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сы арқылы педагог қызметкерлер тестілеу өткізілу орнына, мерзіміне және уақытына қарай бөлінеді, осы нұсқаулықтың 3,4,5 қосымшасына сәйкес бөлу журналдары мен педагог қызметкердің тестілеуге рұқсаттамасы шығарылады;

  3. АББ (ҚББ) рұқсаттамалар мен тіркеу журналын аттестаттау комиссиясына береді;

  4. педагог қызметкерлер өзінің мәліметтерін рұқсаттамадағы мәліметтермен тексереді және тіркеу журналына қол қояды;

  5. педагог қызметкерлердің мәліметтеріндегі өзгерістер «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сы арқылы жүзеге асырылады;

  6. тестіленушілердің соңғы мәліметтері «Өтініштерді тіркеу» АЖО-дан «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ға жіберіледі;

  7. филиал «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ғы статистикалық мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жібереді;

  8. «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ғы мәліметтерді қабылдағаннан кейін ҰТО «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастырады.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық

  1. ҰТО «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастырғаннан кейін «Педагог қызметкер – тестілеу» Базасы, «Бас компьютер», «Тестіленуші» АЖО бағдарламаларын филиалдарға жібереді;

  2. «Педагог қызметкер – тестілеу» Базасы АЖО филиалда орнатылады, «Бас компьютер», «Тестіленуші» АЖО-ларын филиал тестілеу өткізілетін орын ретінде белгіленген білім беру ұйымдарына жібереді;

  3. «Бас компьютер» АЖО локальді желі арқылы барлық «Тестіленуші» АЖО-ды тіркейді, егер локальді жүйе болмаса электрондық тасымалдағышта тіркеу файлы қалыптастырылып, ол арқылы компьютер сыныбының барлық компьютерлер тіркеледі;

  4. тіркеу аяқталғаннан кейін «Тестіленуші» АЖО Тестіленушілер тізімін қабылдайды. Локальді жүйе арқылы тіркеу мен Тестіленушілер тізімін қабылдауды бірге жүргізуге болады. Локальді жүйе болмаған жағдайда электрондық тасымалдағыш арқылы әрбір «Тестіленуші» АЖО–ға Тестіленушілер тізімі орнатылады;

  5. Тестіленушілер тізімі қабылданғаннан кейін «Бас компьютер» АЖО –дан тестіленушілердің Отырғызу парағы, осы нұсқалықтың 6 қосымшасына сәйкес шығарылады (Отырғызу парағын «Бас компьютер» АЖО орнатылғаннан кейін де шығаруға болады).

  1. Тестілеу өткізу:

  1. педагог қызметкерлер компьютерлік сыныпқа отырғызу парағы бойынша бір бірден кіргізіледі. Білім беру ұйымының жауапты тұлғасы аттестаттау комиссиясы мүшелерімен бірге педагог қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың, рұқсаттаманың негізінде сәйкестіктендіру жұмыстарын жүргізеді;

  2. білім беру ұйымының жауапты тұлғасы аттестаттау комиссиясының мүшесімен бірлесе отырып педагог қызметкерлердің сөмкелерін, кітаптарын, ұялы телефондарын және басқа артық заттарын арнайы бөлінген орынға қалдыруын қадағалайды. Педагог қызметкер компьютер сыныбының кез-келген бос тұрған компьютеріне отырады;

  3. тестіленуші отырғызу парағындағы «Тестіленуші» АЖО-ның номері» графасын қолмен толтырады және қолын қояды;

  4. педагог қызметкерлерді компьютерлік сыныпқа жіберу тестілеу басталды деп хабарланған сәттен кейін тоқтатылады. Педагог қызметкер тестілеу кезінде, осы нұсқаулықтың 11 тармағына сәйкес тәртіп ережесін сақтауы керек;

  5. «Тестіленуші» АЖО бойынша жұмыс осы нұсқаулықтың 12 тармағына сәйкес ұйымдастырылады;

  6. Ереженің 24 тармағына сәйкес, тестілеу үзіліссіз 120 минут бойына өтеді, математика, физика, химия пәндері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлерге 150 минут беріледі;

Егер тестілеу екі пән «ҚР заңнамаларын білу» және «Педагогика және психология негіздері» бойынша өткізілсе, тестілеуге берілген жалпы уақыт 80 минутты құрайды;

  1. тестілеу аяқталғаннан кейін жауапты тұлға әрбір педагог қызметкердің тестілеу нәтижесін «Тестіленуші» АЖО-дан локальді жүйе немесе электронды тасымалдағыш арқылы «Бас компьютер» АЖО-ға жинақтайды;

  2. «Бас компьютер» АЖО арқылы осы нұсқаулықтың 7 қосымшасына сәйкес жауап картасы басып шығарылады (педагог қызметкердің қалауы бойынша);

  3. тестілеу легі аяқталғаннан кейін білім беру ұйымының жауапты тұлғасы «Бас компьютер» АЖО-дағы мәліметтерді «Педагог қызметкер - тестілеу» Базасы АЖО-ға жібереді.

  1. Тестілеу нәтижесін өңдеу:

  1. филиалда «Бас компьютер» АЖО-дан тестілеу нәтижелері «Педагог қызметкер - тестілеу» Базасы АЖО-ға жинақталады және барлық мәліметтер ҰТО-ға жіберіледі;

  2. ҰТО облыс бойынша тестілеудің барлық лектерінің мәліметтері жинақталғаннан кейін дұрыс жауаптар кодын қалыптастырады және филиалға тестілеу нәтижесін өңдеу үшін жібереді;

  3. «Педагог қызметкер - тестілеу» Базасы АЖО арқылы тестілеу нәтижесі өңделеді және осы нұсқаулықтың 8 қосымшасына сәйкес педагог қызметкердің тестілеу нәтижесінің хаттамасы 3 данада (аттестаттау комиссиясы, АББ (ҚББ), филиал үшін) беріледі;

  4. облыстағы тестілеу лектерінің аяқталуын күтпей, тестілеу қорытындысын білгісі келетін педагог қызметкерлер үшін ҰТО сайт арқылы web-нәтиже қызметін пайдалануды ұсынады (web-нәтиже қызметінің талаптарын ҰТО АББ (ҚББ) арқылы алдын ала таратады);

  5. тестілеу хаттамасы филиал жетекшісінің қолымен және мөрімен расталады;

  6. әрбір лек аяқталғаннан кейін филиал ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы статистикалық мәліметтерді жолдайды;

  7. тестілеу толық аяқталғаннан кейінгі соңғы базаны немесе қортынды файлды филиал телекоммуникациялық байланыс арқылы ҰТО-ға жібереді.

  1. Есеп дайындау:

Тестілеудің барлық кезеңдері аяқталғаннан кейін есеп дайындалады.


  1. ҰТО функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу жөнінде филиалды оқытуды ұйымдастыру және өткізу;

  2. тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу кезеңінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүруге филиалдарды оқыту;

  3. «Педагог қызметкер - өтініштерді қабылдау» Базасы және «Өтініштерді тіркеу», «Оператор» АЖО-лары бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, орнату мен алып жүруді ұйымдастыру;

  4. «Педагог қызметкер» ДБ-сын қалыптастыру процесін қадағалау;

  5. телекоммуникациялық желі арқылы «Педагог қызметкер - өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-дан мәліметтерді жинақтау.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

      1. тест тапсырмаларының базасын жасау және өңдеу;

      2. тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу үшін нормативтік құжаттарды дайындау және жетілдіру;

      3. «Педагог қызметкер - тестілеу» Базасы, «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларын жасау және жіберу;

      4. тестілеу өткізуге қамтылған компьютерлік сыныптар қорының дайындығын қадағалау.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. филиалдарға тестілеу кодын жіберу;

  2. тестілеудің өтуін қадағалау және тестілеу процесін алып жүру;

  3. дұрыс жауаптар кодын қалыптастыру және телекоммуникациялық желі арқылы филиалдарға жіберу;

  4. тестілеудің WEB-нәтижесін ұйымдастыру және беру;

  5. тестілеу нәтижесі бойынша статистикалық деректерді жинау.

  1. Тестілеу өткізудің есебін дайындау.




  1. Филиал функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. АББ(ҚББ)-ны қажетті құжаттар мен «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО бағдарламаларымен қамтамасыз ету;

  2. АББ(ҚББ)-ның немесе өтініштерді қабылдау пунктінің жауапты тұлғаларын «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО-ларымен жұмыс істеуге үйрету;

  3. «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-сын құруды ұйымдастыру;

  4. «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ны алып жүру;

  5. «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО-ға ақпараттың енгізілуін қадағалау;

  6. АББ(ҚББ)-дан мәліметтер қабылдайды;

  7. қабылданған мәліметтерді «Педагог қызметкер – өтініштерді қабылдау» Базасы АЖО арқылы жинақтау;

  8. мәліметтерді ҰТО-ға телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. ҰТО-дан телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-дан «Педагог қызметкер – тестілеу» Базасы, «Тестіленуші», «Бас компьютер» АЖО-ларын алу;

  2. білім беру ұйымының жауапты тұлғасын «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларымен жұмыс істеуге үйрету;

  3. тестілеу өткізілетін орынның компьютерлік сынып қорының дайындығын тексеру;

  4. тестілеу өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды ұйымдастыру;

  5. тестілеу өткізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

  6. сұраған мәліметтерді телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-ға жіберу.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. тестілеу кодын алу және білім беру ұйымдарына жіберу;

  2. бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

  3. білім беру ұйымы бойынша жауапты тұлғадан тестілеу нәтижелерін электронды тасымалдағышта немесе телекоммуникациялық желі арқылы қабылдайды;

  4. педагог қызметкерлердің тест нәтижелерін өңдеу;

  5. педагог қызметкерлердің тестілеу нәтижесінің хаттамаларын басып шығару және тарату;

  6. тестілеу нәтижелері бойынша статистикалық деректерді телекоммуникациялық желі арқылы жіберуді ұйымдастыру.

  1. ҰТО-ға тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есебін телекоммуникациялық желі арқылы жіберу.




  1. АББ (ҚББ) функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. білім беру ұйымдарын қажет құжаттармен қамтамасыз ету;

  2. білім беру ұйымдары аттестаттау комиссияларынан педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуден өтуге өтініш қабылдауын ұйымдастыру;

  3. білім басқармасымен бірлесе отырып, тестілеу өтетін білім беру ұйымдарын анықтау;

  4. филиалда «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО-мен жұмыс істеуді үйрену;

  5. «Өтініштерді тіркеу» және «Оператор» АЖО бағдарламалық қамтамасыз етуді филиалдан алу және орнату;

  6. педагог қызметкерлердің өтініштерінен мәліметтерді «Оператор» немесе «Өтініштерді тіркеу» АЖО-на енгізу;

  7. тестілеу өткізілетін орны ретінде белгіленген білім беру ұйымдарының компьютерлік сыныптар қорын жинақтауын келісу және компьютерлік сыныптар қоры туралы мәліметті енгізу;

  8. білім басқармасымен келісе отырып, тестілеу өткізу кестесін жасау және бекіту (бекітілген кестеге сәйкес);

  9. тіркелген педагог қызметкерлерді лектерге бөлу;

  10. педагог қызметкерлердің тіркеу журналы мен рұқсаттамаларын басу;

  11. педагог қызметкерлердің тіркеу журналы мен рұқсаттамаларын білім беру ұйымдарының аттестаттау комиссияларына беруді ұйымдастыру;

  12. мәліметтерді филиалға жіберу.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. тестілеу өткізілетін білім беру ұйымдарының компьютерлік сыныптар қорының дайындығын бақылау;

  2. аттестаттау комиссиямен бірлесе отырып, педагог қызметкерлердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. тестілеу технологиясының сақталуын бақылау;

  2. филиалдан педагог қызметкерлердің тестілеу нәтижесінің хаттамасын алу.




  1. Аттестаттау комиссиясының функциясы




  1. «Педагог қызметкер» ДБ қалыптастыру кезеңі:

  1. педагог қызметкерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

  2. ағымдағы жылы мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлерден тестілеуден өтуге өтініш қабылдау;

  3. АББ(ҚББ)-ға педагог қызметкерлердің тестілеуден өтуге өтініштерін жеткізуді ұйымдастыру;

  4. АББ(ҚББ)-дан педагог қызметкерлерді тіркеу журналы мен рұқсаттамаларды алу;

  5. педагог қызметкерлерге рұқсаттамаларды беруді ұйымдастыру;

  6. педагог қызметкерлердің мәліметтерінде қате болған жағдайда түзету енгізуді ұйымдастыру;

  7. педагог қызметкерлерді тестілеудің өткізілетін орны, мерзімі мен уақыты туралы хабардар ету.

  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. педагог қызметкерлердің тестілеуге қатысуын қамтамасыз ету.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. педагог қызметкерлердің тестілеу нәтижесінің хаттамасын филиалдан алу;

  2. педагог қызметкерлерді тестілеу нәтижесі туралы хабардар ету.




  1. Білім беру ұйымы жауапты тұлғасының функциясы




  1. Тестілеу өткізуге дайындық кезеңі:

  1. филиалда «Тестіленуші» және «Бас компьютер» АЖО-лары бағдарламаларымен жұмыс істеуді үйрену;

  2. филиалдан тестілеу өткізу үшін орнатылатын бағдарламаларды және нұсқамалық құжаттарды алу;

  3. білім беру ұйымының компьютерлік қорының техникасының және локальді жүйе мен телекоммуникациялық байланыстың жұмысқа жарамдылығын тексеру;

  4. білім беру ұйымының бір компьютеріне «Бас компьютер» АЖО-ны орнату;

  5. компьютер сыныбының әрбір компьютеріне «Тестіленуші» АЖО-ны орнату.

  1. Тестілеу өткізу кезеңі:

  1. филиалдан тестілеу кодын алу;

  2. бағдарламалық қамтамасыз ету мен компьютерлердің жұмысқа қабілеттілігін тексеру;

  3. «Тестіленуші» АЖО-сы бағдарламасымен жұмыс істеу тәртібін түсіндіру;

  4. филиалмен бірлесе отырып бағдарламалық қамтамасыз етуді алып жүру;

  5. компьютерлік сыныпта тәртіп сақтау ережесінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

  6. қажет болған жағдайда «Бас компьютер» АЖО-дан педагог қызметкерлердің жеке жауап картасын басып шығару;

  7. тестілеу аяқталғаннан кейін деректерді электронды тасымалдағышта немесе электронды поштамен филиалға жіберу.




  1. Компьютерлік сынып қорын жоспарлау




  1. АББ (ҚББ) базасында тестілеу өткізілетін білім беру ұйымдарын анықтайды.

  2. АББ (ҚББ) білім беру ұйымының жауапты тұлғасымен бірлесе отырып, білім беру ұйымындағы компьютерлік сыныптардың жиынтығын анықтайды.

  3. Тестілеу өтетін білім беру ұйымдарын таңдау кезінде мынадай талаптарды ескеру керек:

  • компьютерлік сыныптар бір ғимараттың (корпус) ішінде болуы қажет;

  • сыныптағы орындардың саны 8 компьютерден кем болмауы керек;

  1. Тестілеу бірнеше білім беру ұйымының базасында өткізілуі мүмкін, бірақ олардың саны 7-ден артық болмауы керек. Білім беру ұйымдарының саны 7-ден артқан жағдайда ҰТО-мен келісіледі.

  2. АББ (ҚББ) компьютерлік сынып қоры туралы мәліметті «Өтініштерді тіркеу» АЖО-сына енгізеді.




  1. Тестілеудің техникалық қамтамасыз етілуі




  1. Тестілеу өткізу барысында білім беру ұйымдарының техникалық қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар:

  1. «Бас компьютер» және «Тестіленуші» АЖО-лары үшін Pentium – IV, HDD-20 Гб, ОЗУ 512 Мб, Windows XP,7,8, Office XP, USB 2.0 төмен емес сипаттағы компьютерлер, минутына 15-тен кем емес бет басып шығаратын, рұқсаты – 600 dpi лазерлік принтер, USB Flashe drive;

  2. «Бас компьютер» АЖО үшін Internet-ке 128 Кбит/сек кем емес жылдамдықпен шығу;

  3. Жұмысқа ыңғайлы болу үшін компьютерлік сыныптарды мүмкіндігінше локальдық есептеу желісімен жабдықтау қажет. Локальді есептеу желісі болмаған жағдайда ақпаратты тасымалдау сыртқы тасымалдағыштар (флэш) арқылы жүзеге асырылады.




  1. Рұқсаттамаларды рәсімдеу және беру




  1. Рұқсаттамаларды рәсімдеу АББ(ҚББ)-да жүргізіледі. Рұқсаттамаға АББ(ҚББ)-ның меңгерушісінің қолы қойылып, мөрі басылады.

  2. Рұқсаттама тіркеу журналымен бірге педагог қызметкерге беру үшін білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясына беріледі.

  3. Рұқсаттама педагог қызметкерге тіркеу журналына қол қойғаннан кейін беріледі. Рұқсаттама алғанда педагог қызметкерге тестілеу уақыты мен өткізілу орны хабарланады.

  4. Педагог қызметкер рұқсаттамадағы деректердің дұрыс толтырылғандығын тексереді. Рұқсаттамадағы мәліметтерден қате табылған жағдайда ол өзгеріс енгізуін талап ете алады.

  5. Аттестаттау комиссиясы рұқсаттамалардағы жіберілген қателіктерді өзгерту үшін АББ(ҚББ)-ға береді.

  6. АББ(ҚББ)-ның жауапты тұлғасы бағдарламадағы педагог қызметкердің мәліметіне өзгеріс енгізеді.

  7. Қателер жөнделгеннен кейін жаңа рұқсаттама қайта басылып, аттестаттау комиссиясына беріледі.




  1. Педагог қызметкердің тестілеу кезіндегі тәртіп сақтау ережесі




  • Тестілеу кезінде компьютерлік сыныптан шығуға тыйым салынады.

  • Бір компьютердегі орнынан екінші компьютер тұрған орынға ауысуға, сөйлесуге, көшіруге, шпаргалка, анықтамалық әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл ережелерді бұзған жағдайда педагог қызметкер тестілеуден шығарылады.

  • Педагог қызметкер тәртіп сақтайды және білім беру ұйымының жауапты тұлғасының түсіндірулерін мұқият тыңдайды.

  • Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог қызметкер өз жауаптарын жеке жауап картасымен салыстыра алады.



  1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет