«педагог мәртебесі туралы» Қазақстан республикасы заңының ТҰжырымдама жобасы заң жобасының атауы – «Педагог мәртебесі»


Қарастырылып отырған мәселеге байланысты шетелдік тәжірибенің болуы



бет6/6
Дата03.01.2022
өлшемі43.29 Kb.
#451542
1   2   3   4   5   6
Педагог мәртебесі туралы

10. Қарастырылып отырған мәселеге байланысты шетелдік тәжірибенің болуы

Жақсы мұғалімдерді тарту және оларды ұстап қалу үшін саясатты ұйымдастырушылар олардың білімін жақсартуы, лайықты жалақы және мансаптық өсудің тартымды мүмкіндіктері түрінде жұмысқа ынталандыруды қамтамасыз етукерек. (ЮНЕСКО).

ЭЫжДҰ елдерінің сарапшыларының ұсынымдарына сәйкес Қазақстанға ЭЫжДҰ елдеріне тән, жұмыс жүктемесіне негізделген, мұғалімдер аптасына белгіленген сағат ішінде жұмыс істейтін (мысалы, 40 сағат), оның ішінде сабақ беретін, жұмыс жүктемесіне негізделген жүйеге өту қажет.

Мұғалімдер жұмысының мұндай тұжырымдамасы мұғалімдердің сабақтарға тиісті деңгейде дайындалуына, басқа да бірқатар міндеттерді орындаулары үшін уақыт қажет екенін түсінеді.

Бұл мұғалімдердің кәсібилігін жақсартуға, кәсіпке деген қызығушылықты арттыруға және жоғары педагогикалық жүктемесі бар мұғалімдер санын қысқартуға ықпал етуі мүмкін.

Білікті мамандарды тарту және олардың саладан кетуін қысқарту мақсатында бірқатар шараларды қарастыру керек: еңбек нарығының талаптарын және мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып, біліктілік талаптарын және кәсіби білімдерін қарастыру қажет; ЖОО-да/колледжде білім алған кезде мектептегі кәсіби практиканың сағаттарын көбейту, педагогтардың басқа мектептерде елдің ішінде, сондай-ақ, ЭЫжДҰ елдеріне ұқсас шетелдерде тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін қарастыру.

Әлемнің жетекші елдерінде кәсіби ортаны жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіледі (мансаптық өсу, біліктілікті үнемі арттыру)

Педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі көлемі, кезеңділігі, қамту, орталықтандыру деңгейі бойынша ерекшеленеді.

ЭЫжДҰ елдерінде біліктілікті арттыру курстарының ұзақтығы 8 сағаттан 160 сағатты құрайды.

Сингапур мен Нидерландыда мұғалімдер біліктілігін арттыруға жылына 100 және 166 сағат бөлулері керек (жұмыс уақытында мұғалімдерді ауыстырумен). Финляндия мен Сингапурда мұғалімдерді қайта даярлау жыл сайын жүргізіледі.

Оңтүстік Кореяда жұмыстан босатпай жылына 92% мұғалім біліктіліктен өтеді (көп жағдайда қашықтықтан оқыту үлгісінде немесе мектепішілік семинарлар мен курстар нысанында)

Егер Жапония мен Сингапурда мұғалімдерді қайта даярлау мемлекеттің бақылауында, ал Финляндияда педагог кадрлардың кәсіби дамуына жұмыс берушілер жауапты болса, Швецияда мемлекеттің қатысуынсыз, нарықтық қатынастар негізінде жүргізіледі.

Қазақстанда бес жылда бір рет мерзімдік - біліктілік арттыру жүйесі жүргізіледі, халықаралық тәжірибемен салыстырғанда мерзімі ең төмен болып есептеледі.

Педагогтың еңбек ақысын сақтай отырып, жұмыстан қол үзіп, оны ауыстыратын мұғалімге жалақы төлеп отырып, жұмыс уақытында, оның ішінде IT-технологияны (оның ішінде қашықтықтан оқыту) қолдана отырып, жұмыс беруші есебінен 3 жылдан кем емес мерзімде педагогтардың біліктілігін арттыру мерзімін өзгерту қажет. Осындай қашықтықтан оқыту курстары ЭЫжДҰ елдерінің 36-сының 21-інде бар. Кейбір елдерде жұмыстан қол үзбей тікелей мектептің базасында біліктілікті арттыру іске асырылады.

Кәсіби даму тұжырымдамасы курстарға, семинарлар мен конференцияларға қатысудан кең болуы тиіс. Тиімді кәсіби даму құрамына оқыту, тәжірибе мен пікірлерді қамту, жеткілікті уақыт пен кейінгі қолдау кіретін үнемі болуы қажет.Табысты бағдарламалар өз оқушыларымен пайдаланатын оқу іс-шараларынқарастырады.Бұл тұрғыда мектептер өткізетін кәсіби даму жөніндегі іс-шаралар өте маңызды.

Мұғалімдер мен мектеп басшыларының стандарттары сапа өлшемдерінен немесе оқытудың кәсіби тәжірибесінің индикаторларын қамтуы және мектеп басшылығымен педагогикалық білім беру бағдарламасын жасау кезінде, жұмыстың жекелеген нәтижелігін бағалау, лауазым құрылымдарын анықтауда және кәсіби даму бағдарламаларын жасау кезінде қолданылуы тиіс (ЭЫжДҰ, 2005).

ЭЫжДҰ 23 елінде және оның серіктестерінде білім берудің әрбір деңгейінде біліктілікті арттырудан өту міндетті болып табылады.ЭЫжДҰ 34 елінің 17-інде біліктілікті арттыру қызметте өсу үшін және 36 елдің 8-інде жалақының көтерілуі үшін қажет. ЭЫжДҰ-ның 14 елінде біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындарды толығымен мемлекет өтейді, ал 8 елде ол жартылай өтелінеді. Біліктілікті арттыру курсы жоғары оқу орындарында (36 елде), педагогикалық жоғары оқу орындарында немесе колледждерде (30 елді), мектептерде (31 елде) және жекеменшік компанияларында (30 елде) өткізу ұсынылады. Сондай-ақ, педагогикалық кадрлар (22 елде), мұғалімдер бірлестіктері (20 елде), жергілікті атқарушы органдар (18 елде) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру үшін курстарды өткізудің негізгі ұйымдастырушылары мемлекеттік мекемелер болып табылады. Мұндай қызметтерді инспекциялар 6 елде ұсынады.

Посткеңестік елдерінде педагог қызметкерлердің ерекше әлеуметтік мәртебесі заңнамада бекітілген арнайы (тек соларға арналған) заңнамаларда бекітілген әлеуметтік бағдарлы шаралармен көрсетіледі. Педагог кадрлардың тұрғын үймен қамтылуға, қызметтік тұрғын жай алуға, жер телімдерінің берілуіне, жеке тұрғын үй құрылысына пайызсыз несие алуға, жеңілдікпен несие алуларына, еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлікке шығуға, ұзақ уақытты еңбек демалысын алуға, тегін медициналық қызмет алуға, ауылды жерлерде жеңілдікпен коммуналдық қызметтерін төлеуге, контракті негізінде ұзақтығы үш айға созылатын мерзімде оқулықтар, әдістемелік жұмыстар әзірлеу үшін жалақысы сақталатын демалыстар алуға, мемлекеттік тапсырыс бойынша монографиялар шығаруға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен жеңілдікпен қамтылуға, санаторлық-курортық ем алуға, жеңілдікпен пансионаттарда және туристік базаларда демалуға құқықтары бар.


11. Заң жобасын іске асырумен байланысты болжанатын шығындар
Аталған заң жобасын қабылдау республикалық бюджетен қаражат талап етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет