Мектепке дейінгі баланың ойын әрекетін ұйымдастыру. (Организация игровой деятельности детей дошкольного возраста. Psychological and pedagogical bases of a game)
Пререквизиттер: осы пәнді меңгеру үшін, келесі пәндер бойынша алынған білімге сүйенуіміз қажет: педагогика, педагогика тарихы, мектепке дейінгі психология, мектепке дейінгі педагогика, жас ерекшелік физиологиясы мен гигиенасы.
Постреквизиттер: осы пәнді оқыту барысында алынған теориялық, практикалық білімдері мектепке дейінгі мекемелердегі педагогикалық қызметтің негіздерін меңгеруге ықпалын тигізеді.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Пәннің мақсаты және міндеттері. Ойынның психологиялық негіздері. Ойынның педагогикалық мәні. Балалар ойынының жіктелуі Шығармашылық және ережелі ойындар. Мектепке дейінгі балалардың сюжеттік-рольдік ойындары. Мектепке дейінгі балалардың драмалау ойындар. Мектепке дейінгі балалардың құрылыс ойындары. Дидактикалық ойындар-оқыту құралы. Мектепке дейінгі балалардың қимыл-қозғалыс ойындар.
Курстың мақсаты: Студенттерге мектепке дейінгі балалардың ойын әрекетінің ерекшелігін, оның түрлері туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері:
-
ойынның теориялық негіздері туралы білім меңгеру;
-
ойынның әрекетінің психологиялық негіздерін үйрету;
-
ойынның педагогикалық мәнін қалыптастыру;
-
ойындағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын меңгерту;
-
мектепке дейінгі балалардың ойын әрекетінің жіктелуін үйрету;
-
ойынға басшылық жасау біліктілігін қалыптастыру;
-
ойын әрекетін ұйымдастыра білуге үйрету.
Әдебиеттер тізімі
1. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992.
2. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика Алматы.1982.
3. Балбөбек бағдарламасы-Алматы 2000.
4.М.Жұмабаев Педагогика Алматы,1994.
5. КозловаС.А., КуликоваТ.А. Дошкольная педагогика. - М.,2002.
Оқытудың тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Шыниева Р.Т., Ахметова Г.Т.
Мектепке дейінгі балаларының психологиялық-педагогикалық диагностикасы. (Психолого-педагогическая диагностика детей дошкольного возраста. Psychological and pedagogical diagnostics of preschool age children)
Пререквизиттер: Мектепке дейінгі балаларының физиологиясы және гигиенасы, жас ерекшелігі және педагогикалық психология.
Постреквизиттер: Мектепке дейінгі балаларының даму психологиясы, гылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі, педагогикалық шеберлік.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Болашақ тәрбиешінің мектепке дейінгі тұлғалық дамуының психологиялық себеп салдарын айқындаудың тиімді әдістері мен әдістемелерін меңгеруі қамтамасыз етіледі және бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қалыптасуының жағымды педагогикалық шарттарын ұйымдастырудың баламалы әдістемелері үйретіледі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын қалыптастырудағы әлемдік және отандық психологиялық және педагогикалық диагностикалау әдістерінің қолдану аялары анықталынады.
Әдебиеттер тізімі
1. Меңжанова А.Н. Мектеп жасына дейінгі педагогика Алматы 1992.
2. В.И.Ядышко, Ф.А.Сохина Мектепке дейінгі педагогика Алматы.1982.
3. Балбөбек бағдарламасы-Алматы 2000.
4. М.Жұмабаев Педагогика Алматы,1994.
Оқытудың тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Қурманбекова А., Жылқыбекова Г.
Рухани-адамгершілік тәрбие. (Духовно-нравстенное воспитание. Spiritual and Moral education)
Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндер бойынша алынған білімге сүйенуіміз қажет: Мектепке дейінгі педагогика, мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару, мектепке дейінгі психология.
Постреквизиттер: «Рухани-адамгершілік тәрбие» курсы «Тәрбие жұмысының әдістемесі», «Мектепке дейінгі педагогика» курсының «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару» бөлімінің логикалық жалғасы болып табылады және педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Қоғамның қазіргі даму кезеңінде жастарға рухани адамгершілік тәрбие берудің жағдайы. Рухани адамгершілік тәрбиенің ғылыми-педагогикалық негіздері. Тұлғаның қалыптасуында рухани – адамгершілік тәрбиенің алатын орны. Рухани– адамгершілік құндылықтарға сипаттама. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі. Қазақ ғұламалары және ағартушылардың шығармаларында рухани-адамгершілік тәрбие идеялары. Халық педагогикасы негізінде рухани–адамгершілік тәрбие беру. Рухани- адамгершілік тәрбиесінің имандылық категориясы. Әдептілік - рухани–адамгершілік негізі. Ауыз әдебиет шығармаларында рухани–адамгершілік тәрбие көріністері. Рухани–адамгершілік тәрбиелілік диагностикасы.
Курстың мақсаты: білімгерлердің рухани-адамгершілік тәрбиесінің теориясы, әдістемесі және технологиясы саласынан білімі мен біліктілігін кеңейту, әрі тереңдету. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің нақты тәрбие міндеттерін шығармашылықпен шеше білуге іскерліктерін қалыптастыру
міндеттерді шешеді:
1. Білімгерлерде жас ұрпақты тәрбиелеуде тәрбие үрдісінің өзекті проблемасы - рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.
2. Мектепке дейінгі балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктеріне сәйкес білімгерлердің педагогикалық іскерлігімен дағдыларын жүйелеу.
3. Білімгерлерде өз бетінше білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілігін тәрбиелеу.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты Астана 2004.
2. Концепция предшкольного образования –Алматы 1999
3. «Балбөбек» бағдарламасы –Алматы 1999.
4. Программа «Шаг за шагом» Ц.Р.Р. Джорджаунский университет 1994
5. Программа предшкольной подготовки 5-6 лет. Семипалатинск 1999.
6. Козлова С.А. Дошкольная педагогика М., 2000.
7. Р.С.Буре Воспитатель и детей М.2001.
Оқытудың тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Жылқыбекова Г.
Мектепке мотивациялық дайындығын қалыптастыру. (Формирование мотивационной готовности к школе. The formation of motivational readiness for school)
Пререквизиттері мен постреквизиттері: «Тәрбие жұмысының әдістемесі» курсы «Мектепке дейінгі педагогика» курсының «Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын ұйымдастыру және басқару» бөлімінің логикалық жалғасы болып табылады және педагогикалық тәжірибемен тығыз байланысты.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Мектепке дейінгі балалардың мотивациялық дайындығын қалыптастыру ерекшеліктері. Мектепке дейінгі баланың мотивациялық дайындығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын жоспарлау. 6 жасар балалармен жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. Балалар ұжымын ұйымдастыру әдістемесі. Мектепке дейінгі балалардың мотивациялық дайындығының әдістері және жұмыс формалары. Тәрбиешінің функциялары. Балабақшада тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасының мәні. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие жұмысы барысында танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру. Мектепке дейінгі балалармен түрті тудыру әдісі. Балабақшада ата-аналармен біріккен қызметтің жұмыс әдістемесі. Мектепке дейінгі баланың мотивациялық дайындығын жүзеге асыру әдістемесі. Баланың балабақшаға бейімделу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар. Балабақшада мотивациялық дайындығын ұйымдастыруда жаңа технологияны қолдану. Балалардың мектепке дайындығын деңгейін анықтау диагностикасы.
Курстың мақсаты: білімгерлерге баланың мектепке мотивациялық дайындығын қалыптастыру теориясы, әдістемесі және технологиясы саласынан білімі мен біліктілігін кеңейту, әрі тереңдету, нақты мотивациялық дайындығының мазмұның шығармашылықпен шеше білуге қалыптастырады.
Пәнді оқыту міндеттері:
1. Білімгерлерде бүгінгі балабақша тәрбиешісінің мектепке мотивациялық дайындығын қалыптастыру үрдісінің өзекті проблемасы туралы ғылыми түсінік қалыптастыру.
2. Мектепке дейінгі балалардың мотивациялық дайындығын қалыптастыру ерекшеліктеріне сәйкес білімгерлердің педагогикалық іскерлігімен дағдыларын жүйелеу.
3. Білімгерлерде өз бетінше білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілігін тәрбиелеу.
Әдебиеттер тізімі
1. Козлова С.А. Дошкольная педагогика М., 2000.
2. Р.С.Буре Воспитатель и детей М.2001.
3. С.Әбенбаев Сынып жетекшісі А.,2001.
4. Концепция предшкольного образования –Алматы 1999
5. «Балбөбек» бағдарламасы –Алматы 1999.
Оқытудың тілі: қазақ, орыс.
Бағдарлама жетекшісі: Шыниева Р., Ахметова Г.
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу. (Делопроизводство на государственном языке. Office work in state language)
Прекреквизиттер:Қазақ тілінің мектеп курсы.
Постреквизиттер: Курстан алған білім, іс жүргізу саласындағы сөздіктерді құжаттау және құжатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды нормативті құжаттарды, құжаттарды бір ізге келтіру және стандарттау , құрастыру және рәсімдік ережелерімен жұмыс істеуге үйретеді. Сауатты жазуға және құжаттау барысында ұйымдастыру, техникалық құралдарын қолдану технологиясын меңгеруге көмектеседі.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Аталған курс білімгерлердің құжаттарды сауатты рәсімдеуге және үлгілерді дұрыс толтыруға арналған. Құжаттардың жасалуын, олардың тіркелуін, жіктелуін, қозғалысын, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығымен, сөздік қолданыстарды меңгеру, әдеби тіл нормаларын жақсы меңгеру мақсатында берілген. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың, әкімшіліктердің басқару-реттеу, ұйымдастыру-рәсімдеу қызметінде пайдаланатын ресми қарым-қатынас тілін білуге негізделген.
Пәннің мақсаты: білімгерлерді ресми іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуге үйрету, іс қағаз үлгілерін күнделікті өмірде дұрыс, сауатты жазуға дағдыландыру, құжаттау және оның іске асуын дұрыс меңгерту.
Пәннің міндеттері: білімгерлер іс қағаздарын толтыруда өз ойларын сауатты, дұрыс жазуға, айтуға баулу, қазақ тілінің тілдік жүйесін лексикалық, граматикалық, орфографиялық, нормаларын жетік меңгеруге үйрету.
Лексика-граматикалық тапсырмалар беріп, ситуациялық тапсырмалармен ойын түрлерін беру арқылы оны практикада қолдануға үйрету.
Негізгі әдебиеттер:
-
Л. Дүйсенбекова Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы, 2001 ж.
-
А.Алдашева, Қ.Қадашева Ресми іс қағаздары. – Астана, 2000 ж.
-
В.Салагаев, Б.Шалабай Іс қағаздарын жүргізу. – Алматы, 2000 ж.
-
Т.Ташметова, С.Шормақова Ресми іс қағаздар үлгілерін мемлекеттік тілде оқыту. – Тараз, 2003 ж.
-
Қасымбеков, Әлімқұлов Екі тілде іс жүргізу. – Алматы, 1999 ж.
-
А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменова Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздары тілі, - Алматы, 2001 ж.
Қосымша әдебиеттер:
1. Д.Х.Ақанова ,А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова ,Қ.Қ. Кадашева Э.Д..Сүлейменова . Ресми –іскери қазақ тілі ( Грамматикалық түсініктеме) - Алматы, 2002 ж.
2. Д.Х.Ақанова, А.М.Алдашева, З.Қ.Ахметжанова, Қ.Қ. Кадашева Э.Д.Сүлейменова. Ресми – іскери қазақ тілі (Бірінші деңгей, екінші деңгей, үшінші денгей) -Алматы, 2002 ж.
3. В.И.Скала, Н.В.Скала, Б.В.Скала. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу - Алматы, 2006 ж.
Оқыту әдістері: Ойтүрткі, кластер, рефлексия , дәстүрлі әдістер т.б.
Білім беру тілі: қазақ тілі
Бағдарлама жетекшісі: Тәженова Г.., Шаханова Э.А., Сарсембаева А.А., Әнесова Б., Мұқашева А.М.
Мәдениеттану. (Культурология. Culturology)
Пререквизиттер: мектептегі Қазақстан тарихы, адам және қоғам, құқық негіздері.
Постреквизиттер: философия, әлеуметтану, саясаттану.
Бағдарламаның қысқаша мазмұны: Мәдениет ұғымының мәні мен маңызы. Мәдениет ұғымының дамуы, тарихы. Мәдениеттің түрлері. Мәдениет және өркениет. Архаилық мәдениет Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Антика дүниесінің мәдениеті. Батыс мәдениеті мен өркениетінің қалыптасуы мен дамуының басты кезеңдері. Ислам мәдениетінің әлемі.Қазақстан мәдениетінің тарихы. Номадизм мәдениеттің типі ретінде. Қазақ мәдениетінің бастаулары. Дәстүрлі қазақ мәдениеті. XVIII ғ. орта тұсы мен XX ғ. басындағы қазақ мәдениеті. Кеңестік Қазақстан мәдениеті. Ұлттық мәдениет: өркендеу және даму мәселелері.
Бұл пәннің тақырыптары теориялық материалдарды, адамзат баласының мәдени жетістіктерін игеруге, мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының әмбебаптық заңдылықтары мен негізгі түрлерін меңгеруге және әлемдік мәдениеттің інжу-маржанын өз беттерімен түсініп-білуге, кәсіби деңгейлерін одан әрі арттыруға ықпал етеді.
Мақсаты: Мәдениеттің ғылым ретіндегі негізгі проблемалары, теориясы, мәдениеттің қалыптасуы туралы жүйелі түрде білім беру.
Курстың міндеті:
1. Мәдениеттану пәні бойынша ғылыми әдебиеттермен, еректермен жұмыс жасау әдістемесін үйрету.
2. Мәдени сараптама, талдау жасау, түрлі ғылыми тұжырымдамаларды отандық және шет елдік мәдени жүйеде қарастыру.
3. Қоғамдағы түрлі мәдени өзгерістерге бейімделу және бағыт-бағдар алу баулу және үйрету.
Қолданылатын әдебиеттердің тізімі
Негізгі әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану. Оқулық. Қаржы-қаражат баспасы. Алматы-2002.
-
Төкенов Ө.С. Мәдениеттану. Оқулық. Алматы. 2004.
-
Тимошинов В.И. Культурология. А., 2002
-
Философиялық энциклопедия. Алматы. 2004.
-
Драч Г.В. Культурология. Ростов на Дону, 2000
-
Маркова А.Н. Культурология, М., 1999
Қосымша әдебиеттер:
-
Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Алматы: Жеті жарғы, 1998.
-
А.И.Шендрик. Теория культуры. М., 2002.
-
Абай Құнанбаев. Сочинения.-Алматы, 1995.
-
Алъ-Фараби. Философские трактаты. -Алматы, 1970.
-
Баласағұн Ж. Құтты білік, Алматы, 1986.
-
Хасенов Ә. Қазақстан мәдениеті мен өнерінің тарихы. Алматы, 1988.
-
Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы, 1991.
-
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпохи и цивилизации. -М., 1993.
-
Гуревич В.В. Памятники средневековой культуры. М., 1982
-
Нурланова К.Ш. Человек и мир. Казахская национальная идея. - Алматы, 1994.
-
Кравченко А. Словарь по культурологии. М., 2000.
-
История Казахстана. Народы и культуры. А., 2000-
-
Учебное пособие по истории Казахстана с древних времен до наших дней в
3-х томах.
Оқыту тілі: қазақ, орыс
Бағдарлама жетекшісі: п.ғ.к., доцент Таубаева С.Т.
2 КУРС
3 семестр- 18кредит
|
Цикл
|
код
|
Пән атауы
|
кр
|
цикл
|
код
|
Пән атауы
|
кр
|
Міндетті компонент - 16кредит
|
Таңдау компонент – 0 кредит
|
Жалпы білім беру пәндері
|
IYa(1)210
|
Шет тілі
|
3
|
|
|
|
|
Pol 2108
|
Саясаттану
|
2
|
|
|
|
|
OET 2109
|
Экономика теория негіздері
|
2
|
|
|
|
|
Базалық пәндер
|
DP 2205
|
Мектепке дейінгі педагогика
|
3
|
|
|
|
|
Кәсіптендіру пәндері
|
MRRP
VCh
1301
|
Тіл дамыту әдісте-месі және мәнерлеп оқу практикумы
|
2
|
|
|
|
|
TMPMDDV 2(3)302
|
Дүниетану теориясы мен әдістемесі
|
1
|
|
|
|
|
TMODDVIM 2(3)305
|
Қарапайым матема-тикалық түсініктер-ді қалыптастыру теориясы мен әдістемесі
|
1
|
|
|
|
|
TMID
2(3)208
|
Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі
|
2
|
|
|
|
|
Базалық пәндер
|
SAM214
|
Өзін-өзі тану
|
2
|
|
|
|
|
4 семестр- 17кредит
|
Міндетті компонент - 17кредит
|
Таңдау компонент - 0кредит
|
ЖБП
|
Fil 21023
|
Философия
|
3
|
|
|
|
|
ЖБП
|
Soc 2107
|
Әлеуметтану
|
2
|
|
|
|
|
Кәсіптендіру пәндері
|
DP 2205
|
Мектепке дейінгі педагогика
|
2
|
|
|
|
|
|
TMPMDDV 2(3)302
|
Дүниетану теориясы мен әдістемесі
|
2
|
|
|
|
|
TMODDVIM 2(3)305
|
Қарапайым матема-тикалық түсініктерді қалыптастыру теориясы мен әдістемесі
|
2
|
|
|
|
|
IP (OD)
2(3)304
|
Педагогиканың тарихы (жалпы және мектепке дейінгі)
|
1
|
|
|
|
|
TMFV
2(3)207
|
Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі
|
2
|
|
|
|
|
TMID
2(3)208
|
Бейнелеу өнерінің теориясы мен әдістемесі
|
3
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |