Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Оқыту психологиясының негіздері. Оқу іс-әрекетінің мотивтері. Оқу және ұғыну процестерінің өзіндік сипаты



бет84/101
Дата07.02.2023
өлшемі290.91 Kb.
#469245
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101
Педагогика ылымында т жірибе жасау ерекше орын алады. Бас а ыл

Оқыту психологиясының негіздері. Оқу іс-әрекетінің мотивтері. Оқу және ұғыну процестерінің өзіндік сипаты.

Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский де назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
— оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
— оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
— оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
— оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Оқу іс-әрекетінің мотивтері.
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу іс-әрекетіне мотивациясын арттыру үшін оқуға қажеттілікті қалыптастыру керек. Бұл жөнінде Т.А. Ильина былай деп өз пікірін білдіреді: «Оқу үрдісін ұйымдастырудағы мұғалімнің күші мен жігерінің елеулі бөлігі балалардың оқуға деген ынтасы мен ұмтылысын оятуға, олардың танымдық белсенділігін туғызуға бағытталуы тиіс» [1].
Бұл кезеңде жаңа мотивтер (қажеттілік, қызғушылық, тілек) пайда болады, баланың иерархиалық, мотивациялық жүйесінде өзгерістер жүреді. Бұрынғыша негізгі мотивтерге «тікелей әрекетті мотивтер» жатады [2], ал болашаққа бағытталған мотивация баланың сол кездегі қызығушылықтарының жетегінде кетеді. Кіші балаларда парыз және жауапкершілікпен, міндетті түрде білім алу керектігімен байланысты жаңа әлеуметтік ұстанымдар мен мотивтер пайда болады. Жалпы бұйырумен салыстырғанда бірінші сыныптағылар жарыс жағдайында өзіне жұмыс істеу мотиві жоғары болатынын көрсетеді. Бірақ, үшінші сыныпта «қоғамдық мотив» («сынып үшін») индивидуалдылықпен салыстырғанда («өзі үшін») жоғары. Сонымен бірге егер үшінші сыныпта қоғамдық мотивтер ер және қыз балаларда бірдей деңгейде байқалса, төртінші сыныпта бұл мотивтер қыз балалардың бойында жоғары болатыны анықталды.
Оқу мотивациясы – балаларды жемісті танымдық әрекетке, білім мазмұнын белсенді меңгеруге итермелейтін әдістер, құралдар, үрдістерінің жалпы атауы. Жеке тұлғаның жағдайларын және қатынастарын өзгерту үрдісі ретінде мотивация тұлғаны іс-әрекетке итермелейтін себептер, нақты күштер түрінде түсінілетін мотивтерге негізделеді. Мотивтерді баланың іс-әрекет пәніне қатынасы, осы іс-әрекетке бағытталуы ретінде де түсінуге болады. Мотивтер қажеттіліктер мен қызығушылықтар, ұмтылыстар мен эмоциялар, ұстанымлар мен идеалдардың өзара байланысы ретінде көрінеді. Сондықтан мотивтер – шешімдер қабылдау мен таңдау, альтернативаларды талдау мен бағалау жүзеге асырылатын динамикалық жүйе түріндегі өте күрделі құрылым. Мотивтер әрқашанда кешен түрінде көрінеді және педагогикалық үрдісте біз тек бір ғана мотив түрімен жұмыс істемейміз. Мотивтерді мұғалімдер мен балалар әрқашанда саналы сезе бермейді.
Оқу және ұғыну процестерінің өзіндік сипаты.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал терең ойластырылады, дәлелденіледі және бекітіледі.
Ұғым, қарапайым және ғылыми ұғым болып екіге бөлінеді. Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп – білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі. Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесінде жинақталатын мәліметтер, қағидалар мен құбылыстар туралы білім, түсінік.
Ұғымныңқалыптасуы –өте күрделі процесс, ол – оқушылардан белгілі ойлау амалдарын қолдануды талап етеді. Ойлау – талдау /анализ/, синтез, дерексіздендіру /абстракция/, жалпылау сияқты операциялардан тұрады.
Оқушыларға ұғымды қалыптастыру үшін мұғалім оларды осындай ойлау операцияларын қолдауға үйретеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет