Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс дегеніміз не?



бет54/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

4.Музыка сабағындағы пәнаралық байланыс дегеніміз не?

Мектептердегі музыка сабағының басқа пәндермен тығыз байланысы

Жалпы музыка сабағының жан-жақты жүйелі түрде өтуі үшін музыканың басқа пәндермен тығыз байланысын жымдастыра сапалы етіп өткізу-әрбір музыка пәні мұғалімінің басты міндетінің бірі. Қазіргі кездегі оқытудың жаңа кезеңінде, жалпы білім берудің түбегейлі өзгеріп, өз ұлттық өнеріміздің өткені мен бүгінгі дамуын жас ұрпаққа толық беру мүмкіндігіне қол жеткізіп отырған жағдайда музыкалық білім беруді тиімді ұйымдастыру арқылы саналы да, өнерлі, жан-жақты білімді, өз халқының мол мұрасын қастерлеп, жалғастыратын, отанын сүйетін азамат тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижеге жетуге болатыны сөзсіз. Жоғарыда айтылып кеткендей, ол үшін мұғалімнің өзі жан-жақты білімді, ғылымның әр саласынан-психология, педагогика, тіл мен әдебиет, тарих, философия, әлеуметтану, медицина, көркем өнер мен бейнелеу, т.б. хабардар болуы керек. Сонымен қатар мұғалімнің ой-өрісі, түсінігі кең болуының арқасында осы аты аталған пәндердің сабақ тақыраптарына байланысты, музыкалық шығармаларды тыңдату, әндерді үйрету барысындағы байланысын тиімді қолдана біліп, оқушыларға жеткізе білу әдістерін жүзеге асыру керек.

         Музыкалық шығармаларға байланысты кіріспе әңгімелер немесе талдау кезіндегі қойылатын сұрақтарды нақты түсінікті етіп оқушыларға баяндай білу үшін мұғалімнің тіл байлығы, сөйлем құра білуі тіл пәнімен тікелей байланыста екендігін көреміз.

         Қойылған сұрақтарға оқушылардың толық жауап бере білуін талап ету арқылы, олардың тілдерін, сөйлеу мәдениетін дамытамыз. Үйретілетін әндердің сөздерін оқыту, дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстарды ережеге сай меңгертуге  үйретуде, (дикция мен жұмыста) орфографиялық ережелермен тығыз байланысын көрсетеді.

Қазақ ауыз әдебиетінің ежелгі авторлары, әдеби мұраны ұрпақтан-ұрпаққа ұластырушылар ақпа ақын-жыраулар мен жыршылар болған. Кішігірім лирикалық, шешендік, сықақ мәнді өлеңдерден бастап, эпикалық поэмалар мен дастандарға дейін ақындар қолма-қол шығарып, сол жырлармен өздері естіген мол мұраларды сан жылдар жадында сақтап, өңдеп, дамыта жырлап, сол өнерін қанаттас ақын-жыршыларға жеткізіп отырған. Бұл ақындар, жыршылар мен жыраулар шығармашылығындағы репертуар алмасу немесе мұра мен мұрагерлік болса, осы мұраларды жасөспірімдерге жалғастыру мақсатында терме, толғау, эпостық жырлармен таныстыру музыка сабақтарында жүзеге асырылады.Музыка сабағының ықпалы тартымды, қызғылықты болып жасөспірімдердің музыка әлеміне, оның терең де сырлы, сиқырлы түбіне бойлай түсу үшін көркем суреттің үлкен әсері бар.

Көркемсурет адамның көзбен көруі арқылы сезіміне әсер етеді, әр түрлі бояулары, оның мазмұны, адамды толғандырып түрлі ой салады. Өйткені, тарихты зерттеу кезінде, өткен тарихымызды біз тек сурет, мүсін арқылы ғана танып білеміз. Өткен тарихи өмірімізді археологиялық қазбалардан табылған мұрағаттардағы суреттерден, қолжазбалардан қарап болжау арқылы тарихшылардың сараптауы арқылы білеміз. Ал көркемсуреттің негізгі әсері музыкалық шығарманы насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болатындығы 

Музыкалық шығармалар әр түрлі тақырыпқа байланысты болатындығын әр адам жақсы түсінеді. Музыканы шығарушы сазгер өмірдегі әр түрлі құбылыстарға, көңіл-күйге, өзгеріске байланысты ән-күйлер әкеледі.Соның бірі-табиғатқа байланысты туындайтын музыкалық шығармалар. Сондай шығармалармен оқушыларды таныстыруда музыка сабағында дүниетану, табиғаттану пәнін кеңінен байланыстырамыз.

Музыка өнерінің барлық пәндермен, жалпы өмірдегі барлық салалармен байланыспайтыны жоқ деп айтуға болады. Музыканы шығаруға, күй, ән шығаруға алуан түрлі себептер, тақырыптар әсер етеді. Айналаны қоршаған табиғат құбылыстары, өмірдегі болатын тарихи жағдайлар, адамның көңіл-күйі, психологиясы, халықтың тағдыры, туған жерге, елге, Отанға деген сезім, ата-анаға, балаға, сүйген жарға, досқа, бауырға деген сүйіспеншіліктерден, тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тағы басқа сияқты адам өміріндегі кездесетін әр түрлі жағдайларға байланысты әр сазгер өзінше толғайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет