Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес



бет77/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Демокрит ақиқатты тану жолындағы “сезімдік тану ақпарат беру қызметін ғана атқарады, тек ақыл-ой араласқанда ғана ол өз дәрежесіне көтеріледі” деп білді.

Пайымдаудың ақиқаттығы не жалғандығы туралы мәселе өмір тәжірибесінде шешіледі. Практика — ақиқаттың өлшеуіші, яғни ол дүние туралы біздің таным-білімдеріміздің ақиқаттығын дәлелдейді.

Ақиқатты таным-білім мен өмір шындығының сәйкестілігі ретінде түсіну (корреспонденциялық принцип) ерте заман өкілдерінен, мысалы, Аристотельден басталады да, Жаңа дәуір философиясында, Бэкон, Спиноза, Дидро, Гольбахтардың ілімдерінде одан әрі өз жалғасын табады. Платонның ұғынуында ақиқат — идеялардың өзгермейтін абсолюттік қасиеті болып табылады.

Ақиқат дінде құдаймен (хақ тағаламен) байланыстырылады. Бұл сөздің өзі де (арабша “һәққ” — шындық; әділдік; парыз; міндет); құдай мәнін білдіретін түбір сөзден туындаған (“һәқиқат”). Йасауи мазһабы (жолы) өзі “қал” және “хал” деп атаған екі ілімнің тұтастығын белгіледі. “Қал” ілімі тек сана-сезіммен танылатын Йасауи мазһабының теориялық білім жүйесін қамтыды. Бұл ілім бойынша адам жаратушы хақ тағаланың тұтастық ұғымындағы бір бөлшегі ретінде қарастырылады. Осы тұтастыққа жету, сіңу (фәнә), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленді. Адам хақтың бір бөлшегі ретінде рухани және өтпелі кезеңге тән нәпсілік қасиеттердің басын біріктіргендіктен, азапты сынақтан өтіп, абсолютті кемелдікке жетуі қажет. Сонда адам жан, тән азабын кешу арқылы нәпсілік қасиетін жеңіп, рухани пәктігін сақтап қалса ғана хақпен бірігіп (таухид), хақ дидарын көріп, ақиқат мәнін түсіне алады. Йасауи мазһабының “хал” ілімі хақ жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын қамтиды. Бұл ілімде хақ жолындағы 40 мақамның 10-ы — шариғатта, 10-ы — тарихатта, 10-ы — мағрифатта, 10-ы — ақиқатта деп белгіленіп, әр кезеңнің мағынасын құдайға деген махаббат арқылы сезінуге көңіл бөлінді. Хақ жолындағы адам белгіленген тәртіппен шариғат — жабарут, тарихат — малакут, мағрифат — лахут, хақиқат — насут шеңберін айналып өткенде хақпен рухани қатынас туады. Хақпен бірігуде адам өзінің адамдық қасиетін белгілейді, бұл лахут-насут арақатынасын теңестіруден көрінеді. Йасауи мектебі дәстүрінен тамыр алған нақшбандийа, иканийа, бекташийа секілді сопылық ағымдар да ақиқатты танып білуде хақпен бірігу (таухид) жолын ұстанды.

Неміс классик. философтары (Фихте, Гегель) Ақиқатты білімнің дамуы тұрғысынан қарастырды. Ал қазіргі батыс философтарының бір ағымы — экзистенциализм өкілдері ақиқатты даралықтың психологиялық ахуалы деп талқылайды.

Ақиқатты танып-білу процесі — тарихи, қарама-қайшылықты, шексіз процесс. Ақиқат тереңде жатады. Оны ұғынудың қиындығы да сонда. Қазақтың ғылым туралы “инемен құдық қазғандай” деген мақалы ақиқатқа жетудің мәнін де жақсы ашып береді.[6]

Біздің әрқайсысымызда үш тұлға бар:

Біріншісі – біздің физикалық тәнімізді саналы түрде сезінуіміз.

Екіншісі – басқа адамдардың біз туралы ойларынан қалыптасатын болмыс. Көптеген адамдар жалған бетперде арқылы өзінің білікті, көңіл қойып, сыйлауға тұрарлық адам екендігіне басқаларды да, өздерін де сендіруге тырысады .

Бұлардың екеуі де – нағыз және мәңгілік болып табылатын ішкі рухани нұрдың төңірегінде құрылған болмыс.

Үшіншісі – сүйіспеншіліктен жаратылған шынайы және нағыз Болмыс.

Біз қазір және әрқашанда сәулелі нұр болып табыламыз. Өзін-өзі жүзеге асыру (өмірден орнын табу) дегеніміз – осы сәуленің нұрына қосылу.

Жүректі айналып өткен барлық іс-әрекет шын мәнінде біздің шынайы Болмысымызды қабылдауға және көрсете білуге әсер ететін және кедергі жасайтын соқырлыққа жатады.

Барлығы қарапайым ақиқатты өзінен табуы керек, өзіңнен іздеуің керек, барлығы біртұтас, бөлінбейтін бүтін екенің түсінуің қажет. Тек бір-бірімізге қол созып, жақсылық пен әділеттілікті, мейірімділікпен, сүйіспеншілікті, бейбітшілік пен татулықты асқақтатуымыз керек.

Ақиқаттың мәні- іс жүзінде болған нәрсені немесе ойды шынайы жеткізу. Ақиқатқа жүгіну айтқан-істеген ,көрген немесе естіген нәрсені дәл жеткізу болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет