Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғылымдармен салыстырғанда, педагогикалық практикада бірнеше эксперименттік жұмыстарға бірдей жағдай жасау мүмкін емес


Қарым-қатынас, оның түрлері. Қарым-қатынасты зерттеу. Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы



бет88/142
Дата25.01.2022
өлшемі290.91 Kb.
#454803
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   142
Өзің өзі тану сабақтар

Қарым-қатынас, оның түрлері. Қарым-қатынасты зерттеу. Топтағы адамдардың өзара қарым-қатынасы.

Қарым ‒ қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір-бірін қабылдауы. . Бұл қарым-қатынас адамның сөйлеуді меңгеруінің арқасында іске асады. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтылыстары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені және білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады.Сөйлеу — тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым қатынас үрдісі.

Қарым-қатынастың түрлерi:


1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық).

Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.


2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.

3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.


4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.

6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.

Әлеуметтік психологтар біртұтас қарым – қатынас процесінің (Б.Д. Парыгин, Г. М. Андреева) үш бағытын немесе қызметін бөледі:
■комуникативті (ақпарат беру, алу және алмасу);
■интерактивті (өзара әрекеттесу);
■перцептивті (қабылдау, түсіну және өзара түсіністік).

Қарым – қатынастың пән саласының құрылымы қарым – қатынас терминінің келесідей белгілі мағыналарына байланысты:
■бірлестіру, ортақтық пен тұтастықты құру;
■хабарлама беру, вербалды және вербалды емес ақпаратпен алмасу;
■өзара түсіністікке ықпал ететін қарсы қозғалыс пен өзара сіңісу.
Қарым – қатынастың келесі аспектілері болады:
* Қарым – қатынастың мазмұны дегеніміз ол – адамның ішкі мотивациялық немесе эмоционалдық күйі туралы мәліметтер болу мүмкіндігі;
* Қарым – қатынастың мақсаты дегеніміз ол – адамда белгілі нәрсеге байланысты белсенділік түрінің пайда болуы;
* Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым – қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес. Кез – келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым – қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесу» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз өсуіне, кішкендайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым – қатынасқа түсу қай ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым – қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым – қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым – қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым – қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның щебері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спекталь көрсек те, лекция тындасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос – жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым – қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс – тіршілікте адамдар бір – бірімен тікелей, жүзбе – жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым – қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей «бетпе – бет», телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекше қуат бар десеңізші!Осындай қарым – қатынастыңмән – мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
Көптеген адамдар қарым – қатынас жасау – бұл тeк қана ақпаратты беру және қабылдау дeп есептейді. Дегенмен, ақпаратты беру үшін алдымен өзара әрекеттесу қажет. Демек, қарым – қатынастың алдымен қатынастармен байланысты. Бұдан басқа, қарым – қатынас – бұл үзіліссіз іс – әрекет: кез келген ақпаратты беру өзара әрекеттесуді және басқаларды белгілі бір идеяларды, пікірлерді, шешімдерді сендіру мүмкіндігін білдіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет