Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


Топ туралы түсінік, түрлері. Ұжым анықтамасы, белгілері мен шарттары



бет58/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

Топ туралы түсінік, түрлері. Ұжым анықтамасы, белгілері мен шарттары.

Топ — әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы; бұл нышандар атқаратын қызметтерінің сипаты, әлеуметтік не таптық қатыстылығы, даму деңгейі және т.б. болуы мүмкін. Топты адамдардың санына байланысты саралау: үлкен, шағын, кіші топтар (диада, триада) деп бөлу кең тараған. Әлеуметтік статусы бойынша ресми және бейресми, өзара байланысының тікелей не аралық болуына қарай нақты және шартты, даму деңгейіне қарай даму деңгейі төмен (ассоциациялар, корпорациялар, диффузиялық топтар) және даму деңгейі жоғары топтар (ұжымдар), мәнділігі жөнінен референтті және мүшелік топтар болады. Топтардың шамасы, құрылымы мен құрамы өздері сол үшін топтасқан іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттеріне қарай анықталады.


Ұжым [ лат. цоллектівұс - жинақ ] – ортақ қоғамдық мақсаттар мен міндеттер біріктірген адамдар тобы. Мұндай топқа жоғары деңгейде дамыған бірлескен қызмет барысында қол жеткізіледі.
2.(нам.цоллецтівұс - жинақтаушы деген сөзінен) - бір-біріне әсер ететін, өзара әлеуметтік негізделген мақсаттармен, мүдделермен, өзін ұстаудың нормалары мен талаптарының қажеттілігімен, бірге атқарылатын қызметпен, қызмет құралдарының ортактығымен, басшылық білдіретін еріктің ортақ болуымен біріккен адамдар тобы.
Ұжымның негізгі белгілері - қоғамның маңызды мақсаттардың болуы, олардың кезекпен дамуы, оқушылардың жүйелі түрде әртүрлі әлеуметтік істерге араластыру және бірлескен қызметтерді ұйымдастыру.
Ұжымның дамуына ең үлкен маңызы бар нәрселер қалыпты дәстүр мен бір-біріне көмек көрсету атмосферасының болуы, сенімділік пен талап, сын және өзін - өзі сынаудың дамуы, саналы дисцеплинаның болуы.
Қарым-қатынас «топ», «ұжым» деген ұғымдармен тікелей байланысып жатады. Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс. Мұндайда адам ылғи да топпен бірге өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың сан алуан түрлері бар. Мәселен, мұның бірі – нақты (реалды) топтар. Бұл – ортақ мақсат көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір-бірімен қоян-қолтық араласып, іс-әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен, шағын, ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі «шағын топ» деп аталады. Осындай топтың барлық мүшесінің күш-жігері бір мақсатқа (оқу, еңбек т.б.) бағытталады. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі, топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан құрылып, өрісі 30-40 адамнан аспауы тиіс.
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш кораблінің экипажы, поляр станциясында қыстаушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әр түрлі іс-шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйірмесінің мүшесі, не жетекшісі, т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез-келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оның бір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді, байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы (ресми), формасыз (бейресми) болып бөлініске түседі.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әр түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсізбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, оның табысты болуына залалын тигізеді.
Формасыз (бейресми) топ – бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттарды, тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, отау тігу, дос жарандық қатынаста болу – осындай топтың мысалдары. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу ерекше байқалады. Егер мұндай қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды.
Әр түрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше. Бұл – әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан астам топқа қатарынан енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекше тәнті болып, соны ғана қастерлеп, қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі – ұжым (коллектив) деп аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің бір-бірімен ұштасып, «бір жеңнен қол», «бір жағадан бас» шығаратындай халге жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда «ырың-жырыңның» орын алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу – ұжымның басты белгісі. Кез-келген топтың көп жағдайда ұжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай топта келеңсіз жағдайлардың орын тебуінен туындайды.
Әр адам топта қандай болмасын белгілі бір рөл атқарады. Бірақ оның бұл рөлі тұрақты болмайды. Мәселен, сен бір кез сынып старостасы болдың дейік, біраз уақыттан кейін сен енді санитар міндетін атқаруың мүмкін. Осы ұжымның қатардағы мүшесі болатының тағы өз алдына. Кісінің атқаратын ісі неғұрлым көп болса, соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның ұжымға ықпалы тиімдірек болады.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді. Орамды ақыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік осының бәрі ұжым игілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңіп, беделі де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара-бара беделінен айырылатын болады.
Зерттеу нәтижесіне қарағанда, мектеп сыныптарындағы адамның ішінен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. Мұның себебіне келсек: біріншіден, олардың топ мүшелерімен қатынас жасай білу қасиетінің жоғарылығында, яғни басқаның «жүрегіне жол таба» біліп, қашанда көпшілікке жақын, белгілі болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады. Сөйтіп, адамның топ ішінде белгілі болуы оның басқалардың жағдайын түсіне білуі негізінде қалыптасады екен. Екіншіден, ондай адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін басқалардан аямай, олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін, яғни дене күші факторларын ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие, жұдырық жұмсай білетін құрбыларын құрметтейді.
Топ мүшелерінің көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден гөрі жиі байланысқа түсетін, яғни мүддесі бір, әңгімелері жарасқан ортақ істі құлшына орындайтын жолдастық, достық қатынастағы адамдарда болады.
Енді бір жағдайда топтағы адамдардың ішінде ешкіммен қасыйымды нәрсенің өзі де қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді. Топ мүшелері арасындағы көзқараспен сенім бірлігі, мүдделермен мінез бітістерінің қарама-қайшылығы да үйлесімсіздікке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық, не беймаза, тәкаппар, не өркөкірек болса, топтағы адамдармен дұрыс сыйыса алмайды. Халқымыз «қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ» деп осындайларды айтқан. Әсіресе, топ жетекшісі не оның жекелеген мінез бітістері қолайсыз болып келсе, ондайда жағдай тіптен қиын.
Топтағы «моральдық психологиялық ахуал» (кейде мұны «әлеуметтік-психологиялық ахуал» деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдің орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл-күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Білек сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіп атқарылады. Мұндайда еңсені басар ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет