Бастауыш сынып математика курсында теңсіздік, қос теңсіздіктер ұғымдарын оқыту әдістемесі
Теңсіздік
a санының b санынан үлкен (кіші) екендігін көрсету үшін a>b (a
Мысалдар.
5>2, 3>0, 7<9, 100<150, -2>-3
Үлкен >, кіші < белгілерімен қатар үлкен не тең ≥ және кіші не тең ≤ деген белгілері қолданылады.
a ≥ b (a ≤ b) деген белгілеуі a санының b санынан үлкен (кіші) не оған тең болуын көрсетеді.
>, < , ≥ , ≤ белгілері теңсіздік белгілері деп аталады.
Өрнектің сол және оң жағы теңсіздік белгісімен байланысса онда бұндай өрнекті теңсіздік деп атаймыз.
Теңсіздіктердің қасиеттері:
1). a > b, c > d болса онда a+c > c+d.
Мысалы 7 > 5, 3 > 2 соңдықтан 7+3 > 5+2.
2). a ≥ b, c ≥ d болса онда a+c ≥ c+d.
3). a > b болсаонда –a < -c.
Мысалы 2>1, -2<-1.
4). a ≥ b болсаонда –a ≤ -c.
5). a > b болсын, k саныоңболсаонда k · a > k · b, k санытерісболсаонда k · a < k · b.
Мысалы 3 > 2, 4·3 > 4·2, -4·3 < -4·2.
6). a ≥ b болсын, k саныоңболсаонда k · a ≥ k · b, k санытерісболсаонда k · a ≤ k · b.
Келесісабақтардабелгісізібартеңсіздіктердішешужолдарынқарастырамыз. Мысалы 2x+1>3 типтітеңсіздіктерін.
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ
1.Бастауыш мектепте дүниетану пәнін оқып үйренудің міндеттері:
1) оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
2) оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;
3) оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
4) оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету;
5) оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесіне дағдыландыру;
6) пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру.
Жаратылыстану пәнін оқып үйренудің міндеттері:
- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру; жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
- қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру, БАҚ, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктерін қалыптастыру;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- табиғат заңдарын тану және жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін өркениеттің дамуы мен өмір сапасын жақсарту үшін пайдалану мүмкіндігіне сенімділікті тәрбиелеу;
- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |