Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады


Психикалық құбылыстарды классификациялау. Психикалық процестер, психикалық қалып, психикалық қасиеттер



бет55/101
Дата26.09.2023
өлшемі0.84 Mb.
#478627
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101
Педагогика ғылымында тәжірибе жасау ерекше орын алады. Басқа ғыл-emirsaba.org

Психикалық құбылыстарды классификациялау. Психикалық процестер, психикалық қалып, психикалық қасиеттер.

– психикалық құбылыстардың тууын, дамуын және қалыптасуын зерттейтін ғылым. Психикалық құбылыстарды үлкен үш түрге жікеуге болады: 1. Психикалық процестер; 2. Психикалық қасиеттер; 3. Психикалық қалып (сана). Осы психикалық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланысып, адамның өмірінде, оның іс-әрекетінде диалектикалық бірлікте жүріп жатады. Психология-ерте заманнан бері дамып келе жатқан пән. Психология мәселелерін жүйелі түрде шешіп, грек елінің атақты философы Аристотель бірінші рет “Жан туралы” ғылыми еңбегінде жазған (б.э.д. 384-322ж). Психология грек сөзі: (псюхэ-жан, логос-ілім). Дәлме-дәл мағынасы жан тралы ілім деген мағынаны білдіреді. Ғылым мұндай жалған елестердің қате екендігін дәлелдеді. Психикалық құбылыстардың материялық процестерден туатынын, оның барлық салалары да нерв системасына байланысты екенін ғылым іспен көрсетті.


Психикалық процесстер Егер адам өзінің не істеп жатқанына зейінін аудармаса, бірде-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біз бір затқа қарасақ, оны байқамауымыз немесе нашар көруіміз мүмкін. Өз ойына терең шомған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөзін естісе де, мән мағынасын түсінбейді, әрі бір жерінің ауырып отырғанын да сезінбеуі мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңіл аударса, оның егжей-тегжейіне дейін бәрін білед және ісі жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түйсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз.
Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес; 2)Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. 3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану)т.б. компоненттерЗейін – сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектінің таңдап алуды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады.
Ойлау заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс.
Ойлау таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлдеп айтқанда, ойлау адам баласына ғана тән меншікті психикалық процессСыртта ауа райының қандай екенін білу үшін мен үйден шығып, тікелей бетімнің, қолымның терісі арқылы, бүкіл денеммен бүгін салқын немесе жылы екенін сезе аламын. Бұл айналадағы шындықты түйсікпен қабылдаулар арқылы тікелей танудың жолы. Бірақ бізге ауа райы туралы мәселені далаға шықпай-ақ шешуге болады. Терезенің сырт жағында ілінген термометрге қарап-ақ, біз сыртта едәуір салқын не жылы екенін дұрыс шешеміз. Білудің мұндай жолын жанама түрде тану деп атайды, өйткені мұнда білім тікелей алынбайды, жанама түрде бірқатар құбылыстарды байқау арқылы ағаш бұтақтарының желден қозғалуы және бұл құбылыстар мен ауа райының арасындағы байланысты түсіну арқылы алынады.
Адамға тікелей әсер ететін заттардың не құбылыстардың сезгіш анализаторларында тұтастай бейнелену қасиетін қабылдау дейді. Мысалы, ертемен тұрып, тоғайға барып серуендеп жүрсең, тамылжыған табиғаттың әсемдігінен есте қаларлық ләззат аласың. Осыдан алған әсерлер – қабылдаудың нәтижесі. Бұл процеске көру, есту, иіскеу, температуралық анализаторлар түгел қатысады.Адам дүние бейнесін қабылдағанда заттардың қасиеттері мен сипаттарын бөліп алмай, түсі, түрі, иісі, дәмі, дыбысы сияқты сипаттарын біріктіре отырып тұтас қабылдайды.Осыдан шығатын қорытынды: қабылдау – түйсіктердің жиынтығы. Бірақ мұндай бірлестік олардың арасындағы өзіндік қасиет, айырмашылықты жоя алмайды. Психикалық қалып-тек өкілінің іс-әрекеті мазмұны және жағдайларына, сол әрекетке болған тұлғалық қатынастарына орайласқан уақытша көрініс беретін ерекшелігі.Психикалық қалыптар ситуативті және тұлғалық болып бөлінеді.Ситуативті қалып- оқиға туындаған жағдайларға тәуелді болған психикалық іс-әрекеттің уақытша өту ерекшелігімен сипатталады. Олар тұлғаның жалпы әрекет-қылықтық белсенділігін анықтаушы жалпы қызметтік және іс-әрекетпен мінез-құлықтың күрделі жағдайларындағы психикалық күйзелісті, сонымен қатар дау-дамайлы, жанжалды психикалық қалыптарға бөлінеді.Тұлғаның тұрақты психикалық қалыптары келесідей: ұтымды және күйзелісті қалыптар, аралық қалыптар (психопатия, невроздар, ақыл-ес кемістігі); бұзылысқа түскен сананың психикалық қалпы.Жалпыланған негізгі психикалық қалып-бұл ой, сана сергектігі.Сергектік қалып- бұл сананың жарқын да айқын ұтымды қалыпы адамның саналы іс-әрекетке қабілеттілігі.Психикалық қасиеттер– бұл адамдардың бір- бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет