АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ КАФЕДРАСЫ Алматы, 2023 «6B01307-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі көптілді білім берумен» мамандығы ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған дүниетану пәні бойынша тапсырмалар жүйесі (3-сынып бойынша) Ғылыми-жетекші: Найманова Д.М., п.ғ.м., аға оқытушы
Ержанқызы Балнұр
Жұмыстың мақсаты Дүниетану пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін құру
Зерттеу жұмысының міндеттері
Педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының метапәндік дағдыларын қалыптастыру проблемасының өзекті жағдайын зерттеу;
Метапәндік дағдыларды қалыптастыру факторлары мен шарттарын анықтау;
Бастауыш сынып оқушыларының метапәндік дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесін құрастыру.
Прaктикaлық маңыздылығы және ғылыми жаңалығы Дүниетану пәні бойынша метапәндік нәтижелерді қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жинағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, өз бетінше дайындықтағы оқушылардың ата-аналарына арналған. Бұл метапәндік дағдыларды, шығармашылық ойлауды дамытуға ықпал етеді.
Ғылыми жаңалығы:
Оқушылар метапәндік тапсырмаларды орындау барысында, белсенді, жан-жақты, топтық, жеке, жұптық жұмыс жасауға қалыптасады. Тек бір пән аясында шектеліп қалмайды;
Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеретін, сондай-ақ метапәндік нәтижелердің қалыптасуына ықпал ететін әлемді тану бойынша тапсырмалар жүйесі әзірленіп, сыналды.
Метапәндік құзіреттіліктерді дамытуға арналған тапсырмалар оқушылар үшін
тұлғалық дамуға қажетті құзіреттіліктерді қалыптастырумен қатар, оқу
сапасының артуы үшін де өте пайдалы екенін аңғаруға болады.