Вестник Актюбинского регионального университета им. К. Жубанова, №1 (71), март, 2023
Педагогика и психология
156
Қорытынды
Білім беру сапасы мен функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру үшін
мемлекеттің, әдіскерлер мен мұғалімдердің бірлескен күш-жігері
арқылы оқушыларға
заманауи білім беру ортасын қалыптастыру қажет. Алынған білімді тәжірибеде қолдануға
мүмкіндік беретін жобалау тапсырмаларын орындау үшін практикалық базаның болуы
қажет.
Білім сапасын арттыруда маңызды және негізгі
рөл тек пәндік ғана емес, сонымен
қатар метапәндік білімге және балалардың функционалдық сауаттылығын кезең-кезеңімен
қалыптастыруға қабілетті әдістемелік жүйеге ие мұғалімге тиесілі. Бұл ретте мұғалімдердің
біліктілігін арттыру маңызды рөл атқарады. Өйткені, олар
ғана оқушылардың деңгейін
анықтайды, функционалдық сауаттылық деңгейлерін дәйекті қалыптастырудың оқу
траекториясын құрады.
Бұл міндеттерді орындау үшін мұғалім функционалдық сауаттылықтың негізгі
ұғымдарын және оларды қалыптастыру
технологияларын меңгеруі, теориялық білімді
практикада қолдануға бағытталған оқу тапсырмаларын таңдап, дамыта білуі қажет.
Функционалдық сауаттылық жақсы дамыған елдерде
функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру саласында мұғалімнің оқу-әдістемелік ресурстарын кеңейтуге көмектесетін,
әдістемелік жұмысты қалай қайта құру керектігін талдайтын мамандар бар.
Болашақ мамандардың жеке және кәсіби мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік
беретін функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың құрамдас бөлігі ретінде
жаратылыстану пәндерін дамытуға бағытталған барынша
көп тапсырмаларды әзірлеп,
тәжірибеге енгізу.
Білім берудегі теңдікті қамтамасыз ету үшін алдын алу шараларын қабылдауға
бағыттау қажет. Бұл барлық оқушылардың жоғары нәтижеге жетуіне ықпал етеді.
Инклюзивтілік пен әділдік арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізілсе, білім беру жүйесі
табысты болады. Осыған байланысты білім беруде жоғары
нәтижелер мен теңдікке қол
жеткізудегі басқа елдердің тәжірибесі назар аударуға және мұқият зерделеуге лайық.
Осы шарттарды сақтай отырып, PISA халықаралық зерттеулерімен анықталған
оқушыларды оқытудың негізгі проблемаларын жоюға
және біздің мамандардың
халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: