Негізгі:
-
История математики . М. 1970 г.,
-
А.С.Пчелко. Хрестоматия по методике началной арифметики. М. 1940 г.
-
Д.Д.Галанин . История методических идей по арифметике в Россий VІІІ в. Петроград. 1915
-
В.Е.Прудников. Русские педагогики – математики VIII-IX веков. М. 1956 г.
-
Б.М.Косанов. Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы. А. 1999
-
Ә.Сыдықов. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларымен ағартушылық қызметі. А. 1969
-
Актуальные проблемы методике обучения математике в началных классах. М.И.Морро. А.М.Пышкало. 1977
-
Л.В.Занков, Н.В.Кузнецова Из опыта обучения арифметике в первых классах. М. 1961
-
Педагогикалық ізденіс. (Құрастырған И.Н.Баженова). А. 1990
-
Т.Қ. Оспанов және т.б. Математика. Әдістемелік нұсқау . А. 1997
-
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. А. 1998
-
Начальное обучения математике в зарубежных школах. М. 1993
-
Х.Назаров, Қ. Останов. Математика тарихы. Ташкент. 1996
-
А. Көбесов “ Математика тарихы” А. 1970 ж
Қосымша -
Жәутіков О.А “Математиканың даму тарихы ” А, 1967 ж
-
Көбесов А “ Математика тарихя туралы әдістеме ” “ Білім және еңбек” журнал 1965 – 1967 ж
-
Колман Э. Я “ История математикы в древности” М. 1961
-
Рыбников К.А, “ История математики” М. 1974 г
Лекция мәтіні:
Біздің заманымызға дейінгі IV ғасырдың аяғында аты шулы грек қолбасшысы Александр Македонскийдің ( Ескендір Зұлхарнайынның) жаугершілік жорықтарының нәтижесінде Грецияны, Мысырды, Вавилонды, Персияны және басқа да бірсыпыра Таяу және Орта Шығыс елдерін қамтыған үлкен империя пайда болды. Зорлықпен құрылған бұл империяныңда өмірі ұзақ болмады, Ескендр өлгеннен кейін көп ұзамай – ақ ол ыдырап, бірнеше мемлекерке бөлініп кетті( Африкада Птоломей мемлекеті, Азияда селевкиттер мемлекеті т.б. ).
Александрия сол тұстағы асқан білімпаз және өнерлі, зиялы адамдар – тіл мамандары, тарихшылар, ақындар, географтар, математиктер, астрономдар және философтар толассыз келіп - кетіп жататын. Осылай тарихы жеті ғасырға созылған Александрия ғылыми мектебі қалыптасады.
Александрия мектебінде ғылым мен өнер мейлінше құрметтеліп, аса үлкен беделге ие болып тұрды. Мәселен, ежелгі грек поэзиясының алыбы, грек тәрбиешісі Гомердің шығармалары қайта –қайта тәптіштеліп зерттеліп, кейінгі авторлардың қоспаларынан тазартылып, кемелдендіріле түседі. Астрономдар дәл бақылаулар жүргізу арқылы аспан шырақтары қозғалысын түсіндіретін теориялар ұсынады ( Эпицикл және эксцентрлік модельдер). Математика дамытылып, жаңа сапаға көшеді.
Александриялық ұлы математиктердің көш бастаушысы, алғашқы қарлығашы Евклид еді. Ол біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда Александрияға шақырылып, онда математикадан сабақ береді.
Евклидтің өмірі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Ол туралы ел аузында не бары екі аңыз ғана сақталған: << Бірде Птоломей патшаның:<<геометрияны бейнетсіз, оп оңай түсінудің жолы барма>> деген сауалына Евклид: << геометрияда патшалар үшін айрықша жол жоқ>>, -деп жауап қайтарыпты.
Евклид математика, физика астрономия, музыка ғылымдары бойынша көптеген еңбектер жазған. Солардың ішінде атақты << Бастамалар>>, <<Берілгендер>>,<< Оптика >>, << Катоптрика>>, << Сектио канонис>>, << Фенемондер>> біздерге келіп жетті. Алайда ғылым тарихында Евклид ең әуелі <<Негіздер>> немесе << Бастамалар >>деп аталатын классикалық математикалық шығарманың авторы ретінде бағаланады.
8- Лекция
Архимед және математика
( 1 сағат )
Жоспары:
-
Архимедтің туылған жері
-
Архимедтің бізге жеткен негізгі еңбектері
-
Архимедтің математика мұралары
Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
1. История математики . М. 1970 г.,
-
А.С.Пчелко. Хрестоматия по методике началной арифметики. М. 1940 г.
-
Д.Д.Галанин . История методических идей по арифметике в Россий VІІІ в. Петроград. 1915
-
В.Е.Прудников. Русские педагогики – математики VIII-IX веков. М. 1956 г.
-
Б.М.Косанов. Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы. А. 1999
-
Ә.Сыдықов. Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларымен ағартушылық қызметі. А. 1969
-
Актуальные проблемы методике обучения математике в началных классах. М.И.Морро. А.М.Пышкало. 1977
-
Л.В.Занков, Н.В.Кузнецова Из опыта обучения арифметике в первых классах. М. 1961
-
Педагогикалық ізденіс. (Құрастырған И.Н.Баженова). А. 1990
-
Т.Қ. Оспанов және т.б. Математика. Әдістемелік нұсқау . А. 1997
-
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты. А. 1998
-
Начальное обучения математике в зарубежных школах. М. 1993
-
Х.Назаров, Қ. Останов. Математика тарихы. Ташкент. 1996
-
А. Көбесов “ Математика тарихы” А. 1970 ж
Қосымша -
Жәутіков О.А “Математиканың даму тарихы ” А, 1967 ж
-
Көбесов А “ Математика тарихя туралы әдістеме ” “ Білім және еңбек” журнал 1965 – 1967 ж
-
Колман Э. Я “ История математикы в древности” М. 1961
-
Рыбников К.А, “ История математики” М. 1974 г
Лекция мәтіні:
Архимед (б.з.д 287 –212 ж ) Сицилия аралының оңтүстік жағалауына орналасқан Сиракуз қаласында туған. Сондықтан да кейде оны сиракуздық Архимед деп те атайды. Әкесі Фидий астроном әрі математик болған. Архимедтің жастық шағы Александрияда өтті. Мұнда ол көрнекті математиктерден дәріс алды. Кейін Сиракузға қайтып келгеннен соң да ол математиктермен хат арқылы үздіксіз байланыс жасап тұрды. Архимедтің біраз еңбектері өз әріптестеріне жазған хат түрінде сақталған. Ол өмірінің соңғы кезін туған қаласын римдіктерден қорғауға жұмсады, оған белсене қатысады, күрделі техникалық құрылыстарға, соғыс қару –жарағын жасауға басшылық етеді. Жау жағының күші басым болғандықтан да сиракуздықтар оған төтеп бере алмады, осы соғыста Архимед өледі, кітапханасы мен аспап – құралдары талам таражға түседі.
Архимедтің бізге жеткен негізгі еңбектері: << Параболаны квадраттау>>, << Шар және цилиндр туралы>>, << Спиральдар туралы>>, << Коноидтар мен сфероидтар туралы>>,<< Жазық фигуралардың теңбе - теңдігі>>, << Әдіс >>, <<Дөңгелекті өлшеу>>, <<Жүзетін денелер туралы>>, << Псаммит немесе құм қиыршықтарын санау>> т.б.
Архимедтің математикалық мұралары 2000 жыл бойы ұмытылмайжаратылыстану ғылымдары мен техника талабына сай дамытып келді. Осының нәтижесінде Х VІІ ғасырда жоғары математиканың басты тараулары болып саналатын дифференциалдық және интегралдық есептеулер пайда болды. Жоғары математиканың іргетасын қалаушылардың бірі көрнекті математик және философ Лейбниц Архимедтің ұлылығын бір ауыз сөзбен былай бейнелейді: “ Архимедтің еңбектерін байыптап оқысаң, жаңа заманғы математиктердің ашқан жаңалықтарына таң қалуды қоясың”.
9- Лекция
Пергалық Аполлоний
( 1 сағат )
Жоспары:
-
Эллиндік математиканың данышпан өкілі
-
Геометрия саласындағы шығармалар
-
Эратосфен жеңістіктері
Достарыңызбен бөлісу: |