Педагогика Кредит саны: 5 кредит «Қазақ филологиясы мен екінші шет тілдер» кафедрасының оқытушысы


Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы



бет5/8
Дата07.11.2022
өлшемі0.98 Mb.
#464190
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8
Педагогика (на каз.языке)

Тұтас педагогикалық үдерістің (ТПҮ) мәні және құрылымы

  • «Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.). Үдеріс ғылыми категория ретінде. Жүйенің топтары: «адам-табиғат», «адам-техника», «адам-адам» және т.б. «Педагог-оқушы» жүйесіндегі ТПҮ компоненттері мен құрылымының ерекшеліктері. Оқушы – педагогикалық үдерістің субъектісі. Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Тұтас педагогикалық үдеріс қызметтерінің өзара байланысы мен бірлігі. Педагогикалық үдерістің оқу және оқудан тыс саласының бірлігі жеке тұлғаны қалыптастырудың шарты.
  • Педагогикалық үдеріс дамушы жүйе. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші. Педагогикалық үдерістің қозғалыс тетіктері (құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер). Педагогикалық үдерістегі тұлғааралық қатынас. Педагогикалық үдерістің тәрбиелік механизмдері – педагогтар мен оқушылар арасындағы, топ ішіндегі қарым-қатынас жүйесі. Тұтас педагогкалық үдеріс теориясы туралы білім – мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі.
  • Заң - құбылыстар арасындағы қажетті, нақты бар, тұрақты, қайталанатын қатынастар. Табиғаттағы және қоғамдағы қазіргі заңдардың объективтік сипаты. Педагогикалық үдеріс қызметінің негізгі заңдары.Педагогикалық үдерістің негізгі заңдылықтары, оларға сипаттама.
  • Оқу-тәрбие үдерісінің қағидалары - оның заңдылықтарының нақты көрінуі. Қағидалардың мәні, оларға сипаттама. Мұғалімнің педагогикалық үдерісті басқарудағы, болжаудағы заңдылықтар мен қағидаларды есепке алуының маңызы.

Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі

  • Мақсат - ғылыми категория және тұлғаның идеалдық моделі. Тәрбиенің мақсаты - тұтас педагогикалық үдерістің жүйетүзуші факторы. Педагогикалық үдерістегі мақсаттардың иерархиясы.
  • Тәрбиенің мақсаты - нақты тарихи құбылыс. Педагогикалық ойлар тарихындағы тәрбие мақсаты туралы мәселелер. Тәрбиенің мақсаты – жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға ұғымын қалыптастыру. Тәрбие мақсатының жалпыадамзаттық құндылықтар, мәдениеттілік, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту идеясы, ұлттық құндылық бағдар, тәрбие үдерісін ізгілендіру және демократияландыру, құзыреттілік тұрғысы негізіндегі қазіргі анықтамалары.
  • Әлемдік және ұлттық мәдениет – тәрбие мақсатын анықтаудың әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жас ұрпақты өз бетімен өмір сүруге тәрбиелеу мен дайындау мақсатына, міндеттеріне әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет